Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 18:08, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуын, оның экономикадағы ролін анықтау болып табылады. Ол қазіргі күннің ең басты мәселелері болып саналады, өйткені дамыған нарықтық экономикада мемлекеттік бағалы қағаздар және оның нарығы мемлекет пен ұйымдарға қажетті бос ақшалай қаражаттарын мобилизациялауда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
- Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы теориялық және заңнамалық негіздерін қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәнін, функцияларын айқындау;
- Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттарын қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- Жеке тұлғалар үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағазды бағалау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағын айқындау.
І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуының теориялық және заңнамалық негіздері
1.1Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдаланудағы және
қалыптастырудағы мәселелері...................................................................................5
1.2Мемлекеттік бағалы қағаздар түсінігі, ролі және оның функциялары………………………………………………………………………....9
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі.......................................................11
2. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
2.1Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары..........................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау............................................................................................................18
3. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағы...................................................................................................................22
ІІІ.Қорытынды.........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы мен
дамуының теориялық және
1.1Қазақстандағы мемлекеттік
бағалы қағаздарды
қалыптастырудағы мәселелері...
1.2Мемлекеттік бағалы қағаздар
түсінігі, ролі және оның функциялары…………………………………………………
1.3 Мемлекеттік бағалы
қағаздардың жіктелуі..........
2. Қазақстанда
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының қалыптасуы және
2.1Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
шығарудың, орналастырудың, айналысқа
қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің
жалпы шарттары......................
2.2 Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының дамуын талдау.......
3. Қазақстандағы
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының
даму болашағы......................
ІІІ.Қорытынды.................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының әлемдегі қаржылық нарықтардың маңызды тетігі болып табылатындығында. Халықтан және корпорациялардан тартылатын күрделі жұмсалым ретіндегі мемлекеттік бағалы қағаздар өтімді және сенімдірек болып саналады. Соған орай, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік бюджетті қаржыландыруда, қаржылық жүйенің өтімділігін қолдауда, экономикалық белсенділікті реттеуде маңызды роль ойнайды.
Елдің экономикасының дамуындағы мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру процесін ұйымдастыру, жүзеге асып келе жатқан қаржылық-несиелік жүйені қалыптастыру мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құруды талап етеді. Қазіргі кезде экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуінің қорытындыларынан мемлекеттік бюджетті қалыптастыру; тиімді ақша-несиелік саясатты қамтамасыз ету; экономиканың барлық салаларының белсенді жұмыс істеуін қолдау тәуелді болып табылады.
Біздің елде пайда болған орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі мемлекеттік қарыздық міндеттемелер нарығының көбінесе болмауымен байланысты. Ал қаржылық дағдарыстан шығу кезеңінде мемлекеттік бағалы қағаздар жеке қаражаттарды тарту жолымен, бюджеттік тапшылықты жабу инфляциялық емес бағыттардың бірі болып табылады және де үлкен көлемді үкіметтік жобалардың маңызды көзі болуы мүмкін. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарықтарының қалыптасуы, ұлттық қаржылық жүйенің икемділігінің өсуі мен көтерілуіне бейімделеді, сонымен қатар жеке және мемлекеттік сектордың нарық дабылдарына көбірек әсерін тигізуге мүмкіндік береді.
Экономиканың дамуы Қазақстандағы қаржылық дағдарысты жеңу, жаңа өнеркәсіптік өрлеу және бағалы қағаздар дамуының ең басты көзі болып табылуы мүмкін, ол бюджеттік тапшылықты жабуға, меншікті қайта бөлуге, алып-сатарлық пайданы алуға және де экономиканың әр түрлі саласына инвестицияны ынталандыруға арналған. Сонымен, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы бір жағынан – экономиканың барлық жай-күйінің белгілі бір көрсеткіші, екінші жағынан – ең осал жерінің бірі, оның әсері қайта құрылған нарықтық жағдайларды жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуын, оның экономикадағы ролін анықтау болып табылады. Ол қазіргі күннің ең басты мәселелері болып саналады, өйткені дамыған нарықтық экономикада мемлекеттік бағалы қағаздар және оның нарығы мемлекет пен ұйымдарға қажетті бос ақшалай қаражаттарын мобилизациялауда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
- Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәнін, функцияларын айқындау;
- Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттарын қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- Жеке тұлғалар үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағазды бағалау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағын айқындау.
1.1 Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдаланудағы және қалыптастырудағы мәселелері
Мемлекеттік бағалы қағаздар – ол үкіметтің қарыз міндеттемесі. Ол – қарызды бағалы қағаз, оның эмитенті мемлекет. Өзінің экономикалық мәні жөнінен мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы қарызды бағалы қағаздар болғанымен іс-жүзінде оларды бір-бірінен ажырататын әрбіреуінің өз атауы болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бағалы қағаздардың бұл түрі мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі құрылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсаты:
- айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі-бір күнтізбектік
датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;
- тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету
және с.с. мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
- айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын,
экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағзадар қор нарығында айналысқа түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы қалпына қайтымды және қайтымсыз бағалы қағаздар болып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез-келген бөлімінде жүргізілетін қағаздар. Олар – қазынашылық вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30 жылға дейінгі). Қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын-ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.
Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі. Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар не купонсыз, не баланстағы кері қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.
Қайтымды бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әр түрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.
Қайтымсыз қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар. Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынының орны толтырылады. Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды.
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырып өтелік. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды не орталықтанған бөлу бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.
Егеменді
Қазақстанның нарықтық
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 10 жылдан аса өмір сүріп келеді. Оның бірінші элементтері 1991 жылы пайда бола бастады, КСРО-ның заңнама базасына сәйкес акционерлік қоғамдар, қор биржалары құрыла бастады.
90-шы
жылдардың басындағы бағалы
1992 жылы
бағалы қағаздар нарығында
1994 жылдың
аяғында бұндай
Мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының
1994 жылдың
20 наурызында Қазақстан