Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 18:08, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуын, оның экономикадағы ролін анықтау болып табылады. Ол қазіргі күннің ең басты мәселелері болып саналады, өйткені дамыған нарықтық экономикада мемлекеттік бағалы қағаздар және оның нарығы мемлекет пен ұйымдарға қажетті бос ақшалай қаражаттарын мобилизациялауда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
- Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы теориялық және заңнамалық негіздерін қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәнін, функцияларын айқындау;
- Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттарын қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- Жеке тұлғалар үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағазды бағалау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағын айқындау.
І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуының теориялық және заңнамалық негіздері
1.1Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдаланудағы және
қалыптастырудағы мәселелері...................................................................................5
1.2Мемлекеттік бағалы қағаздар түсінігі, ролі және оның функциялары………………………………………………………………………....9
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі.......................................................11
2. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
2.1Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары..........................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау............................................................................................................18
3. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағы...................................................................................................................22
ІІІ.Қорытынды.........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
Орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi тиiстi айналысқа қосу жылы жылына екi рет эмитент белгiлеген күндерi жүзеге асырылады.
Орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық актiлерде белгiленген шектеулердi қоспағанда, орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.
Үшінші қазынашылық міндеттемелердің түрі – ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер.
Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттеменiң атаулы құны – 1000 теңге. «Мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме» атауы мемлекеттiк тiлде «Мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме» (МЕУКАМ) деп аталады. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзiмiмен шығарылады.
Ұзақ мерзiмдi
қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру
және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге
асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзiмi
iшiнде орналастыру кезiнде анықталған
купон деп аталатын сыйақы төленедi.
Ұзақ мерзiмдi қазынашылық
мiндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге
арналған есеп айырысу базасы – есеп айырысу
айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Ұзақ мерзiмдi қазынашылық
мiндеттемелер бойынша купон
Ұзақ
мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң
иелерi заңнамалық актiлерде
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау
Соңғы бірнеше жылдардың сандық көрсеткіштері негізінде Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму деңгейіне қысқаша талдау жүргізейік. Кез келген нарық, біріншіден, айналымдағы тауарымен сипатталады. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы жағдайында мемлекетпен шығарылған, қарыздық бағалы қағаздар болып табылады. Кестеде көрсетілгендей, 2006-2009 жылдар аралығында ҚР-ның ұйымдастырылған МБҚ-дар нарығында айналымда жүрген қаржылық құралдардың ассортиментін қарастырайық.
2-кесте – 2006-2009 жылдар кезең аралығындағы айналымда жүрген МБҚ
МБҚ-дың атауы |
Эмитент |
Айналым мерзімі |
1 |
2 |
3 |
Ұлттық банктің ноталары |
ҚР Ұлттық банкі |
7 күннен 1 жылға дейін |
МЕККАМ: мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
3, 6, 9, 12 ай |
МЕОКАМ: мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
1 жылдан 10 жылға дейін |
1 |
2 |
3 |
МЕУКАМ: мемлекеттің ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
5 жылдан жоғары |
МЕИКАМ: мемлекеттің индекстелген қазынашылық міндеттемелер |
ҚР Қаржы министрлігі |
3 ай және одан көп |
МУИКАМ: мемлекеттің ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
5 жылдан жоғары |
МЕУЖКАМ: мемлекеттің ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
5 жылдан жоғары |
МАОКАМ: мемлекеттің арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері |
ҚР Қаржы министрлігі |
2, 3 жыл |
Муниципалды бағалы қағаздар |
Облыстық әкімшіліктер |
1, 3 жыл |
Келтірілген кестеде көрінгендей , соңғы жылдары айналымда жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың ассортименті бағалы қағаздардың 3 негізгі категорияларынан құрылған:
ҰБ-тің бағалы қағаздарының эмиссиялары дәстүрдегідей, еркін айналыстағы ақшалай қаражаттардың көлемін белгіленген деңгейде реттеуге мүмкіндік беретін, мемлекеттің ақша-несиелік саясатын жүргізетін құралдардың бірі ретінде қолданылады. Бұндай қағаздар ұзақ мерзімді инвестициялардың құралдары ретінде ешқашан болған емес, олардың айналымы қысқа мерзіммен белгіленген.
Көп жағдайда Қаржы министрлігінің , МБҚ-дың негізгі бағытталуына жауап берген: мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру үшін экономикалық процестің субъектілерінің бос қаражаттарын тарту. Кестеде көрінгендей, Қаржы министрлігі жеткілікті деңгейде айналым мерзімдері бойынша инвесторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, өзінің ұсыныстарын диверсификациялады.
Муниципальдық бағалы қағаздарға келетін болсақ, олар алғашқысында даму бағдарламалары мен өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыра алатын көздердің бірі болып қарастырылған. Бірақ, 2004 жылдан бастап елдің бюджеттік құрылғысы кейбір өзгертулерді бастан кешірді, және жергілікті атқарушы органдар меншікті қарыздық бағалы қағаздарын эмиссиялайтын құқығынан айырылды.
Сол себептен қарастырылып отырған кезең мемлекеттік бағалы қағаздардың муниципальды нарығының өмір сүріп келе жатқан кезеңін ғана қамтиды.
Көрсетілген категориялардағы барлық шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жиынтығы ішкі мемлекеттік қарызды қалыптастырды, қарастырылып отырған кезеңнің құрылым динамикасы кестеде көрсетілген.
3-кесте – 2007-2010 жылдар кезең аралығындағы айналымда жүрген МБҚ көлемі
МБҚ-дың атауы |
2007 жылдың желтоқсан айындағы айналымның көлемі, млн. теңге |
2008 жылдың желтоқсан айындағы айналымның көлемі, млн. теңге |
2009 жылдың желтоқсан айындағы айналымның көлемі, млн. теңге |
2010 жылдың желтоқсан айындағы айналымның көлемі, млн. теңге |
Ұлттық банктің ноталары |
533 103 |
228 937 |
312 272 |
473 292 |
Муниципальды бағалы қағаздар |
4 693 |
3 393 |
- |
- |
МЕККАМ |
- |
55 747 |
174 055 |
146 371 |
МЕИКАМ |
215 |
215 |
- |
- |
МУИКАМ |
- |
24 504 |
52 909 |
52 909 |
МЕОКАМ |
244 044 |
242 162 |
283 775 |
437 047 |
МЕУКАМ |
41 834 |
50 259 |
84 018 |
273 573 |
МЕУЖКАМ |
92 113 |
138 209 |
221 309 |
368 752 |
МАОКАМ |
- |
- |
- |
9 582 |
Барлығы, ҚМ-нің бағалы қағаздары |
378 206 |
511 095 |
816 066 |
1 288 235 |
Барлығы, МБҚ |
916 002 |
743 424 |
1 128 338 |
1 761 527 |
2007 жылы мемлекет ішкі қарыз алуда өткір қажеттілікті бастан кешірмеді: қолайлы экономикалық конъюнктура бюджеттің дұрыс орындалуы мен оған түскен түсімдерін жеткілікті қамтамасыз етті. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы Қаржы министрлігінің белсенділігі бір келкі болды. Үкіметтің ішкі қарыздарының негізін орта мерзімді міндеттемелер МЕОКАМ мен ұзақ мерзімді МЕУКАМ/МЕУЖКАМ алды, олардың негізгі ұстаушылары институционалды инвесторлар болды.
Дұрыс айтқанда, қарыз тек қана қарыз алу қажеттілігімен келісілген емес, сонымен қатар Үкімет мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының өсуін қолдап және ЖЗҚ инвестициялауға қажет еткен қаржылық құралдармен оны толтыруға ұмтылды. Нәтижесінде, елдің басты атқарушы органының ішкі қарызға қатысуы шамамен 41%-ды құрады.
Үлкен бөлігі ҰБ-қа келді, ол, ҚМ-не қарағанда, МБҚ нарығында өзінің қысқа мерзімді ноталарын орналастыруда және орналастырылғанға дейінгі шығарылымдарымен белсенді көрінді. Бұндай белсенділіктің басты себебі болып қолда бар ақшаның артықшылығын «стерильдеу» қажеттілігі болды, оның елге елеулі құйылуы қазақстандық компаниялармен экспортталатын энергия тасымалдар мен шикізатқа деген жоғарғы сұраныспен байланысты.
2007 жылы муниципалды бағалы қағаздар нарығы бұрынғыдай болған жоқ: бұрын шығарылған облигациялар өтелгенге дейін инвесторлармен ұсталынып отырды, олармен ешқандай сауда жүргізілмеді, ал жаңа орналастырулар елдің заңнамасымен де алдын ала қарастырылмады. Нәтижесінде, жылдың аяғында бұл сектордың капитализациясы 5 млрд.теңгеден төмендеді.
Мұндай нәрселердің хал-ахуалы 2008 жылдың ортасына дейін өз күшінде қалды және өтімділіктің әлемдік дағдарысы тамызда өзін-өзі таныта бастады. Қысқа мерзімде МБҚ нарығының эмитенттерінің саясаты түбегейлі өзгертулерді өткерді, ол ҚМ-гі мен ҰБ-тің бағалы қағаздарының көлемінің динамикасында анық көрсетілген. Нарықтың қатысушыларына өтімділіктің қатты қажет екендігін жете түсінген Ұлттық банк, тез арада қайталама нарықта өзінің қысқа мерзімді ноталарын сатып ала бастады. Бұл шара ҰБ-тің ноталарының негізгі ұстаушылары болып табылатын, ЕДБ-дің қолма-қол ақшаларымен жағдайын аздап жеңілдетті. Кестеде көрсетілгендей, жылдың аяғында осы категория бойынша айналымда жүрген бағалы қағаздардың көлемі 2 есеге дейін қысқарды.
Осы уақытқа дейін қарыздық қаражаттарға қажеттілігі тумаған, Қаржы министрлігі, өзінің орныққан орнын өзгертуге және бюджеттегі тапшылықты жабу үшін облигациялардың белсенді шығарылымына оралуға мәжбүр болды. Жылдың аяғында үкіметтік қарыздың көлемі триллион теңгенің жартысынан асты. Кестеде көрсетілгендей, шамамен оның өсімінде айналым мерзімдері ұзақ және қысқа қағаздар теңдей рөл ойнады. Нәтижесінде, бағалы қағаздар түріндегі барлық мемлекеттік қарыз алулардың үштен екісі үкіметтік міндеттемелер болып шықты.
МБҚ нарығындағы маңызды белсенділік келесі 2009 жылы да байқалды. Қор нарығының даму сипаты әлемдік экономиканың жалпы тұрақсыз жағдайымен және осы жылдың шілде айында басталып кеткен өтімділіктің әлемдік қаржылық дағдарысының екінші толқынымен анықталды.
Сірә, инвесторлардың тиісті үрейлі күйлерін және корпоративті эмитенттердің жағынан төлемдер бойынша дефолттардың хабарлануы, акциялар бағамының қарқынды төмендеу жағдайының көрінісіне қарағанда, мемлекетпен шығарылған бағалы қағаздар нарығы тұрақтылықтың және алдын ала болжанған құрлығы болып көрінді.
Инвесторлар үшін «қашу ретінде» басталған негізгі соңғы пунктердің бірі болып Қаржы министрлігінің облигациялары болды, олар 2009 жылы республикалық бюджеттегі өсіп келе жатқан тапшылықты қаржыландыруда қажеттілік танытып, эмиссия көлемін едәуір көбейтті. Инвесторлар Қаржы министрлігімен орналастырылған қағаздарды дайындықпен сатып алып жатты, ол МБҚ-дың бастапқы нарығының көлемінің қарқынды өсімін үш есеге дейін қамтамасыз етті. Жылдың қорытындысы бойынша МБҚ ретінде шығарылған, мемлекеттің ішкі қарызының суммалық көлемінде Қаржы министрлігінің облигацияларының үлесі басым болды.
Муниципалды бағалы қағаздардың капитализацисы 2009 жылы нольге жетті. Бұл сектордың соңғы бағалы қағаздары 2003 жылы шығарылған, Атырау облысы әкімшілігінің 5 жылдық купондық облигациялары болды. Бұл эмиссияның бүкіл көлемі 2008 жылдың мамыр айында өтелді. Себебі, бұл категориялы бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы заңмен тиым салынған болатын, муниципалды бағалы қағаздар нарығы сол уақытан бастап жүзеге асыруын тоқтатты.
2010 жыл Қазақстан Республикасының жалпы экономикасы үшін және жеке бағалы қағаздары үшін оңай болған жоқ. Оның конъюнктурасына әсер тигізген маңызды факторлар болып, мыналар танылды.
- ЕДБ мен экономиканың әр түрлі секторларын қолдау бойынша мемлекеттік дағдарысқа қарсы шаралары;
- Қазақстандық компаниялардың қаржылық жағдайының төмендеуі көрінісіде олардың міндеттемелері бойынша дефолттардың өсу мөлшері.
Жылдың қорытындылары бойынша, «Қазақстан қор биржасының» тарихында алдыңғы жылмен салыстырғанда бірінші рет биржалық саудалардың суммалық қысқаруы болды.
Маңызды болған факт, ол нарықтың жалпы тоқырау көрінісінде МБҚ-дың сату-сатып алулары бұрынғыша едәуір өсімді көрсетті, тынышсыз нарықтық ортада инвесторлар үшін «тұрақтылық алқабы» болып қала берді.