Мемлекеттік бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 18:08, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуын, оның экономикадағы ролін анықтау болып табылады. Ол қазіргі күннің ең басты мәселелері болып саналады, өйткені дамыған нарықтық экономикада мемлекеттік бағалы қағаздар және оның нарығы мемлекет пен ұйымдарға қажетті бос ақшалай қаражаттарын мобилизациялауда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
- Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы теориялық және заңнамалық негіздерін қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәнін, функцияларын айқындау;
- Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттарын қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- Жеке тұлғалар үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағазды бағалау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағын айқындау.

Содержание

І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуының теориялық және заңнамалық негіздері
1.1Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдаланудағы және
қалыптастырудағы мәселелері...................................................................................5
1.2Мемлекеттік бағалы қағаздар түсінігі, ролі және оның функциялары………………………………………………………………………....9
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі.......................................................11
2. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы
2.1Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары..........................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау............................................................................................................18
3. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағы...................................................................................................................22

ІІІ.Қорытынды.........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

Работа состоит из  1 файл

Акнур Готовый курсовой - копия.docx

— 68.96 Кб (Скачать документ)

        2010 жылдың қорытындылары бойынша МБҚ-ды орналастыру көлемі алдыңғы 2009 жылдан жылға ұқсас көрсеткіштерін 50%-ға асырды. МБҚ-дың қайталама нарығында сату-сатып алу секторында да едәуір өсім байқалды, оның бір жылдағы айналымы 1,5 есеге артты.

        Жылдың инвестициялары ішінен жаңа категориялы мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымын айтуға болады, ол айналым мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейінгі жеке тұлғалар үшін арналған орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МАОКАМ). Бұл категориялы МБҚ-ға жазылым 2010 жылдың қазан-қараша айларында «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы өткізілді.

 

      3. Қазақстандағы мемлекеттік бағалы  қағаздар нарығының даму  

                                                     болашағы 

 

        Мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы біртіндеп  құрыла бастады. Біріншіден, бағалы  қағаздар нарығында айналымда  жүргендердің көлемі көбейді.  Бұл бастапқы және қайталама  нарыққа да қатысты. 

        Жақсы  қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығын біршама  аз уақыт ішінде құру елдің  экономикасы үшін плюс болып  табылады, соған қарамастан бұл  нарықтың қарама-қайшылықтары бар,  оның ары толық жетілдіру жолымен  жойылуы керек. Біріншіден, бұл  нарық барлық бос нарықтық  ресурстардың көп бөлігін шоғырландырады, олар экономиканың нақты секторына  инвестициялық салымдардан алаңдатады. Сондықтан, мемлекеттік бағалы  қағаздардың эмиссиясы инвестициялық  перспективаларға кесірін тигізбейтін  шектерде қалуы үшін, бақылау  сақталуы керек. Екіншіден мемлекеттік  қарыздық міндеттемелердің шығарылымын  үнемі өсіру мемлекеттік қарыздың  қызмет етуі бойынша шығыстарының  өсуіне әкеледі, сонымен қатар  мемлекет пен ұйым арасындағы  қаржылық ресурстар ағымының  арақатынасын бұзады.

          Мемлекеттік бағалы қағаздар  нарығының жүзеге асырудағы қарама-қайшылықтары  қаржылық нарықтың осы сегментін  ары қарай толық жетілдіру  жолымен жеңуі мүмкін.

          Біздің көзқарасымыз бойынша,  мемлекеттік бағалы қағаздардың  ішкі нарығының ары қарай дамуындағы  басты бағыттары мыналар болуы  мүмкін:

     -  МБҚ-дың  табыстылығының төмендеуі;

     -  ішкі қарызды  ұзақ мерзімді қарыз алулардың  пайдасын қайта құрылымдау;

     -  МБҚ-ды  ұстаушылардың өрісін кеңейту;

     -  жергілікті  басқарушы органдардың МБҚ-дар  секторын дамыту.

         Қаржы нарығынң дамуының басты шарты мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығының төмендеуі болып табылады, өйткені жоғары табыстылық мемлекеттік қарыздың қызмет ету құнының өсуіне ғана әкеп қоймай, сонымен қатар қарыздық ресурстарға деген бағалардың жалпы деңгейін көтереді.

        Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан қор нарығында объективті сипатқа ие бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, қор нарығы инфрақұрылымы дамуының төмен деңгейі, Қазақстан қор нарығының бәсекеге қабілеттілілігінің төмендігі, орталық депозитарийдің капиталдануы мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі, клиринг палатасының болмауы, отандық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдарға рейтинг бағаларын беру жүйесінің дамуының әлсіз болуы.

        Екіншіден, қазақстандық қор нарығында эмитенттер мен инвесторлардың шоғырлануының төмендігі, корпоративтік инвесторлар үшін инвестициялау талаптарының жоғарылығы, тәуекелдерді хеджирлеу мүмкіндіктерінің әлсіздігі, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың қисық сызығының жоқтығы, дербес айналымдағы акциялар үлесінің төмендігі, инвесторларды қорғаудың нашар болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасының бағалы металдармен жасалатын операцияларға салық салу бөлігінің кейбір ережелерінің әлемдік тәжірибеге сәйкес келмеуі.

         Үшіншіден, ұсынылатын қаржы құралдары ауқымының аздығы. Бүгінгі таңда акциялар мен облигациялар негізгі қаржы құралдары болып отыр. Туынды қаржы құралдары, ислам банкингі, қысқа сатылымдар әлеуетін пайдалану төмен.

        Төртіншіден, жеке инвесторлардың бағалы қағаздар нарығында қатысу үлесігің аздығы. Халықтың бағалы қағаздар нарығына сенімінің, халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығының төмендігі жинақтарды қор нарығына инвестициялаудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік бермеуде. Интернет-трейдингтің жеткілікті деңгейде дамымауы бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвесторлар үлесінің артуын шектеп отыр.

        Жеке тұлғаларға үшін арналған мемлекеттік бағалы қағаздардың тартымдылығын арттыруда қиындықтар болды. Себебі біріншіден, оған мемлекет кепілдік бере алмайды. Екіншіден, бізде мемлекет кепілдігін бекітетін «Миноритарийлар туралы» Заң қабылданбаған. Осындай заң бойынша Еуропа және тағы басқа дамыған елдерде салымшылар, инвесторлар және акционерлер алдындағы мемлекеттің міндеттемесі белгіленеді. Яғни аталған тұлғалардың корпоративтік құқығы сол заңмен қорғалады. Ал біздің халық ол жағынан қорғаусыз. Үшіншіден, бізде жекеменшік құқығы дұрыс белгіленбеген.

        Мәселен, барлық дамыған елдерде жылжитын және жылжымайтын мүлікті сот тіркейді. Барлық нәрсе соттың үкімімен шешіледі.  Ал бізде акцияны, құнды қағаздарды – құнды қағаздар депозитариясы, жылжымайтын мүлікті – БТИ, автокөліктерді – МАЙ тіркейді. Яғни бізде жекеменшік құқығын айқындайтын процесс тастүйін жасалмаған. Сол себепті жекеменшік мәселесіне келгенде біздің жұрт қағаз жинап, қарбаласып кетеді. Міне, әу баста осындай заңнамалық іргетасы дұрыс қаланбағандықтан, құнды қағаздар нарығы да дұрыс жұмыс істей алмай жатыр. Қор нарығының жұмысы да соның салдарынан кібіртіктеп тұр. Егер ондағы салымшылар мен «ойыншылардың» құқығы нақты және айқын заңмен жазылып, қорғалатын болса, мұндай жағдай орын алмас еді. Сондықтан мемлекеттік құнды қағаздарды өткіземіз деп ойласақ, жоғарыда аталған мәселелерді алдымен шешіп алу керек.

          Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту.

          Шығарылымдар стратегиясы жəне МБҚ борышын басқару.

         Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру жəне пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сəйкес үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты үкіметтік борыштың 50-70 пайыздық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.

         Бұл ретте, қаржы нарығын дамыту үшін бюджеттің қалыптасатын нақты атқарылуына қарамастан, МБҚ-ны бастапқыда жоспарланған көлем мен кесте бойынша тұрақты деңгейде шығару жүзеге асырылатын болады.

         МБҚ бойынша қисық кірістілікті құру жөнінде қойылған міндетті іске асыру мақсатында бағалы қағаздар нарығында МБҚ жасанды сұранысты азайту жөніндегі іс-шаралар көздеу ұйғарылады. Бұдан басқа, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың да, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоса алғанда өзге нарық қатысушыларының да МБҚ сатып алуы жөніндегі міндеттерді алып тастаған жөн. Бұл ретте көрсетілген талаптарды алып тастау нарықта баламалы қаржы құралдарының пайда болуына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс.

         Мемлекеттік қаржыландыру стратегиясын анықтауға байланысты нарық отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуды қолдау үшін елеулі тірек болып табылады. Мұндай стратегия жаңарған нарық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтиды, бұл қол жетімділік пен айқындылық қағидаттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін міндеттемелерді тарту жəне қаржы нарығында қаражатты тарту жолымен басым инфрақұрылымдарды дамытуға белсенді инвестициялау.

         Мемлекет қол жетімділік пен айқындылық қағидаттары шеңберінде борыштың құрылымы, инвестициялық жобаларға қажетті қаржыландыру жəне нарық қатысушылар мен тұтастай алғанда қоғам үшін борышты басқару стратегиялары туралы ақпараттың жоғары сапасын жетілдіретін жəне қамтамасыз ететін болады.

         Орта мерзімді кезеңде қаржы секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ететін төрт іргелі салаға ерекше көңіл бөлетін болады, олар мыналар:

     - инфрақұрылымның ақпараттық айқындылығы;

     - қаржы ұйымдарының беріктігі мен сенімділігі;

    - зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін əртараптандыру жəне пайыздық мөлшерлемелерді ырықтандыру;

    - заңнамалық базаны жетілдіру.

          Бұдан басқа, айналыс мерзімі неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылатын болады; сондай-ақ зейнетақы қорлары мен қор нарығына басқа қатысушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін борыштық құралдар нарығында баламалы құралдарды, əсіресе, инфрақұрылымдық облигацияларды дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

         Тиісті бэнчмарканы белгілеу жəне МБҚ нарығында нақты қисық кірістілікті құру. Айналыс мерзімі неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл ретте, қисық кірістілікті құру үшін айналыс мерзімі бар ай жəне одан асатын МБҚ шығаруды жүзеге асыру ұйғарылады.

          МБҚ шығару мақсаты:

    -   республикалық бюджет тапшылығын инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа  қосымша ақша шығармай-ақ);

    -   мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй

    -   құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б);

    -   экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және

инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.);

     - бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді

және жоғары өтімді жинақталуы ұсынылады (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Қорытынды

 

           Мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуы базалық факторлар жүйесінің тепе-теңдік жағдайын сақтайтын көріністе іске асырылады және оң тенденциялармен сипатталады, олардың санында тұрақты айырбас бағамының динамикасы мен төмен инфляция деңгейі.

          Қазір мәлім болғандай: экономиканың нақты секторын қарқынды дамытпай Қазақстанның болашағы бұлыңғыр. Экономиканы инвестициясыз көтеру мүмкін емес. Инвестициялық сұраныстың белсенділігі, экономиканы құрылымдық қайта құру, оның радикалды техникалық жаңаруы, тиімді технологиялық институттардың құрылуы, ішкі нарықты қорғау, экспортты қолдау – бұның бәрі жүргізілетін реформаларға негіз болып қызмет етуі мүмкін.

         Сонымен, мемлекет, бағалы қағаздарды келесілерге қаражат тарту мақсатымен шығарады:

     -   ағымдағы бюджеттік тапшылықты қаржыландыру;

     -   бұрын орналастырылған қарыздарды жабуға;

     -  мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету;

     -   салықтық төлемдердің түсімін әркелкі тегістеу;

     -   өтімді резервті активтермен коммерциялық банктерді қамтамасыз ету;

    - жергілікті билік органдарымен жүзеге асырылған мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;

    -    әлеуметті маңызды мекемелер мен ұйымдарды қолдау.

          Бюджеттік тапшылықты жабу  бағыттарының  бірі мемлекеттік бағалы қағаздарды  сату жолымен жеке қаражаттарды  тарту болып табылады. Бірақ айта кету керек, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы ақша эмиссиясынан тартылған табыстар мен орталық банктен қарызға алған қаражаттар тәжірибесімен бюджеттік тапшылықты қаржыландыруды салыстырғанда көбінесе мақсатқа сай әдіс болып табылады. Шынымен де, орталық банктің несиелік ресурстарын пайдалану несие нарығын реттеу мүмкіндіктерін тежейді, сондықтан көбінесе нарықтық экономикасы бар барлық елдерде үкіметтің осы ресурстарға деген мүмкіндіктеріне шектеу орнатылған. Ақша эмиссиясы арқылы бюджет тапшылығын жабу – инфляциямен байланысты ақша айналымының бұзылуы, төлем құралдарымен қамтамасыз етілмеген нақты активтер айналысына түсуіне алып келеді.

           Сонымен қатар, қарыздық құралдарды  шығару қажеттілігі ағымдағы  жылда бюджетте тапшылық болмаса  да үкіметтің бұрын шығарған  қарыздарын өтеу қажеттіліктерімен  байланысты пайда болуы мүмкін. Берілген себептердің болуына  қарамастан бір бюджеттік жыл  ішінде мемлекеттік шығыс пен  табыс арасында салыстырмалы  қысқа құлдыраулар пайда болды.

           Бағалы қағаздарда ақшаны сақтаудың  артықшылығын қарастырсақ, өзінің  жинаған ақшасын екінші деңгейдегі  банктерде немесе бағалы қағаздарда  сақтау әр салушының жеке шешімі  болып табылады. Арнайы мемлекеттік  бағалы қағаздарды шығарудың  мақсаты - жеке тұлғаларға өз  жинақтарын банктік депозиттерді  толықтыруға мүмкіндік беретін  сенімді қаржы құралына инвестициялау  мүмкіндігін беру. Бұл жерде банктік  депозиттердің орнын басу емес  оларды толықтыру екендігіне  ерекше назар аудару керектігін  атап өту қажет. Бұл ретте  Қаржы министрлігі жаңа құралдың  жоғары табыстылығына емес валюта  тәуекелдерінің төмендеуіне және  жоғары өтімділігіне сенім артады. Арнайы мемлекеттік бағалы қағаздар  бойынша шетелдік валютада купондық  ставкалар екінші деңгейдегі  банк салымдарының купондық ставкаларынан  сәл төмен болады. Сонымен, арнайы  бағалы қағаздар бойынша купондық  ставканың неғұрлым төмен деңгейі  осы қаржы құралының өтімділігінің  (сенімділігінің) неғұрлым жоғары  деңгейімен толықтырылады. Яғни, тәуекел неғұрлым жоғары болса,  табыстылық та жоғары болады  және керісінше, тәуекел неғұрлым  төмен болса, табыстылық та  төмен болады.

          Мемлекеттік бағалы қағаздарды  талдай келе, биылғы жылғы мемлекеттік  бағалы қағаздар бойынша өтелетін  қарыздардың есебімен тапшылық  алдыңғы жылмен салыстырғанда  35%-ға өседі  және 1 трлн. теңге  шамасын құрайды.

Информация о работе Мемлекеттік бағалы қағаздар