Қор биржасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Работа состоит из  1 файл

ҚР Қор биржасы.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Тағы бір ерекшелігі – биржаның барлық мүшелері ондағы өздерінің орындарын сатып алады. Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша басты айқындаушы жайт болып табылмайды.  Оның әр мүшесі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.

Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер (биржалық маклерлер) құрайды, олар – бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы мәмілелерді жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйақы алады (белгіленген пайызға сәйкес комиссиялық сыйақы, немесе куртаж). Биржашылардың комиссиялық сыйақыларының мөлшерлемесі мәміленің көлеміне қарай құралады.

Брокерлер бағалы қағаздармен делдалдық мәмілелерді жасай отырып, клиенттердің тапсырмасы бойынша әрі солардың есебінен әрекет етеді. Кейбір жағдайларда олар мәмілелерді өз есебінен жасауы мүмкін. Қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін банктермен тығыз байланысы бар ірі брокерлік фирмалар жүзеге асырады.

Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар – бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді.  Дилерлер мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады.  Дилерлердің пайдасы сатушының бағамы мен сатып алушының бағамының арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде қалыптасады. Делдалдық операциялармен дилерлер айналыспайды.

Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:

•  биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару;

•  басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану;

• биржаның мүлкін, ақпаратын және көрсететін барлық қызметін пайдалану;

•  биржа залында өз атынан және өз есебінен (дилер қызметін орындау), сондай-ақ клиент атынан және клиент есебінен (брокер қызметін орындау) сауда жүргізу;

•  биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу.

Биржа мүшелерінің міндеттері:

     биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік қүжаттарын орындау;

                     жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпте жарна төлеу;

                     биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге атсалысу [2, 201б.].

Бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен айналысатын биржашылар «аюлар» мен «бұқалар» болып бөлінеді. Түсіруге ойнайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өздерінде әлі жоқ бағалы қағаздарды мәміле жасау кезінде бекітілген баға бойынша мерзімге сатады да, мәміленің мерзімі аяқталардан сәл бұрынырақ бағалы қағаздарды төменірек бағам бойынша сатып аламыз да, мерзімді мәміленің шартында белгіленген жоғарырақ бағаға сатамыз деп үміттенеді. Көтеруге ойнайтын биржашылар («бұқалар»), керісінше, бағамның жоғарылайтынын күтіп, бағалы қағаздарды мерзімге сатып алады да, соңынан оларды олжалы сатамыз деп үміттенеді.

Қор биржасы заңды тұлға болып табылады, сондықтан өзінің құрылымы мен жұмысының мәселелерінде ол түгелдей дербес әрекет етеді. Әр биржада дерлік нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді. Ең маңызды құжаттардың бірі биржалық сауданың ережелері болып табылады.

Қор биржасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Оның қызметі өзін-өзі ақтау қағидасына негізделеді. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес. Биржаның ұйымдық құрылымы қойылған міндеттерді орындауға және биржалық сауданы ұйымдастыруға шығынды аз шығаруға мүмкіндік туғызуға мүдделі болуы тиіс [2, 201б.].

Қор биржаларының ұйымдық құрылымы және оның басқару органдары бүкіл елдерде шамамен бірдей. Ол 1-суретпен өрнектелген [3, 114б.].

1-сурет. Биржаның ұйымдық құрылымы

Биржаның жоғары басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы. Оның негізгі қызметі:

                   пайданы бөлу;

                   төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау және оларды қызметінен түсіру;

                   жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу;

                   биржа ісінің бағдарламасын бекіту;

                   жылдық есебін қарау және оны бекіту туралы шешімдер қабылдау.

Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма-қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Оның құрамына биржа президенті мен тексеру комиссиясының төрағасы кеңесші дауыс құқығымен кіреді.

Қор биржасының ағымдағы қызметін қолма-қол басқарушы орган – басқарма. Оның құрамына президент, вице-президенттер және қосалқы қызметкерлер кіреді. Биржалық кеңес бекіткен президент қор биржасының міндеттерінің орындалуына жеке жауапты, сондай-ақ ол биржаның құрылымдық бөлімдерінің қызметіне де жауап береді. Қаржылық-шаруашылық қызметке ішкі бақылауды тексеру комиссиясы жүргізеді. Ол комиссияның төрағасы және оның екі орынбасарынан тұрады. Комиссия құрылымдық бөлімшелердің экономикалық жағдайларын тұтас тексеріп, одан кейін биржаның жылдық есебі және баланстары бойынша қорытынды жазады.

Биржаның келесі атқарушы органы – арбитраждық комиссия. Ол мәмілеге қатысушылар арасындағы шаруашылық мәселелердің құқықтық тұрғыдан дәл шешілуін тексереді. Егер брокерлік фирма төлем немесе құжат жеткізу мерзімдерін орындамаса, арбитраждық комиссия айыппұл төлеу, ресми ескерту, кінәлілерді биржа мүшелігінен шығару тәрізді жаза қолданады.

Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл бөлім сенімсіздеу эмитенттердің қаржы активтерін қор биржасына түсірмеу мақсатында бағалы қағаздарды мұқият талдау негізінде қатаң сараптау және іріктеу жүргізеді. Сөйтіп, листинг инвесторлардың мүддесін қорғауды және биржа айналысындағы бағалы қағаздарға олардың сенімін арттыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарды 20 мыңнан астам әртүрлі фирмалар мен компаниялар шығарады, алайда олардың тек оннан бір бөлігінің ғана бағалы қағаздарын биржада саудаға түсіруге рұқсаты бар [5, 119б.].

Қор биржасындағы саудаға бағалы қағаздарды іліктіру механизмімен қатар оларды биржадан алу механизмі, яғни делистинг те бар. Делистинг акцияның құнсыздануы жағдайында, компанияның дағдарысқа ұшырауы, капиталының азаюы, есепті жыл ішінде шығындарының көбеюі, биржаның алдындағы кез-келген міндеттемесін орындамауы және т.с. себептер әсерінен жүргізіледі. Делистингтің уақытша және тұрақты түрі болады. Уақытша делистинг кезінде бағалы қағаздар туындаған проблемаларды толық шешу үшін листинг алдындағы саудаға түсіріледі.

Компания делистинг кезіндегі шарттарды орындағасын биржа басқармасының шешімімен бағалы қағаздар ресми тізімге енгізіледі.

Сауда және брокерлер бөлімі биржа залында сауда жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасап, барлық істерді реттейді. Сауда менеджері мен оның көмекшісі саудаға қатысушылардың қызметін бақылайды.

Клиринг бөлімі мәміле бекітілген соң қор мәмілесіне қатысушылар (брокерлер) арасындагы қолма-қол ақшасыз формадағы есеп айырысу операцияларымен шұғылданады. Бағалы қағаздардың әрбір типі бойынша есеп айырысудың арнайы кестесі құрылып, сонымен қоса сатушы мен сатып алушы арасында тікелей есептесу және қаржы активтерін жаңа иесіне жеткізіп беру ұйымдастырылады.

Ақпараттық-талдау бөлімі орталықтанған ақпаратпен қамтамасыз етумен және бағамдық бақылаумен шұғылданады. Сондай-ақ биржалық бюллетеньді, анықтамалықтарды, есептерді, жарнамалық проспектілерді талдап, олар бойынша кеңес береді. Бағалы қағаздар бағамы және жасалған мәмілелер көлемі туралы ақпараттарды көпшілікке таратып отырады.

Әкімшілік-қаржылық бөлімі қор биржасының бүкіл бөлімдерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде ұйымдық-қосалқы жұмыс жүргізеді. Биржа қызметі әртүрлі экономикалық, саяси, қаржылық, әлеуметтік, ұлттық және халықаралық жағдайларға сезімтал келеді. Себебі, капиталдың құйылуы немесе қайтуы және бағалы қағаздарды иеленуге қызығушылық та осыларға байланысты болады.

Қауіпсіздік қызмет бөлімі биржаға кіріп-шығу режимінің орындалуын қадағалайды, биржаның мүліктерінің сақталуын және ішкі тәртіп болуын қамтамасыз етеді.

Биржаның қызметі биржадан «орын» сатып алған оның қатысушыларының жарналарының, биржада өздерінің бағалы қағаздарын бағалайтын кәсіпорындардың жыл сайынғы жарналарының, биржалық операциялардан жиналатын алымдардың және биржаның қатысушылары мен клиенттер төлейтін басқа да төлемдердің (мысалы, анықтама беру, биржалық мәмілелерді тіркеу, биржаның бөлімшелерінің кеңестемелік, делдалдық, ақпараттық, заңгерлік және басқа қызмет түрлерін көрсеткені үшін төлейтін ақы) есебінен қаржыландырылады.

Биржадағы сауда-саттықты реттеудің жоғарыда аталған барлық тетіктеріне қарап, ол ұйымдастырылған нарық деп атала бастады.

Биржадағы сауда-саттық қатаң белгіленген уақытта және күндерде өтетінін айта кету керек. Қазіргі кезде сауда-саттыққа қатысу үшін бұрынғыдай биржаның сауда залының өзінде болу тіпті де міндетті емес. Бүкіл дерлік биржалық сауданы брокерлер электрондық түрде өздерінің кеңселерінен жүргізеді. Бұл орайда қор биржасының құрылымының өзі және оның функциялары түбірлі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Бұл сол бұрынғыдай ұйымдастырылған, дәйекті түрде жұмыс істейтін нарық, онда бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады, сондай-ақ осындай сауда үшін жағдайлар жасалады. Айта кетелік, биржа өзінің қатысушылары үшін жасайтын басты жағдайлардың бірі - онда жасалған барлық мәмілелердің кепілді түрде орындалуы болып табылады, мәмілелер есеп айырысу палатасы мен депозитарийдың қатысуымен орындалады, олар өздерінің шоттарында ақша мен бағалы қағаздар туралы электрондық жазбаларды сақтайды.

Қор биржасы онда жасалған барлық мәмілелерді тіркеп отырады және олардың орындалуын қадағалайды. Осы тәсіл бойынша дүниежүзілік биржалардың көпшілігі, соның ішінде Нью-Йорк биржасы, сондай-ақ ең жақсысы, Қазақстан қор биржасы жұмыс істейді.

Қорыта келгенде, қор биржасы дегеніміз – бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталықтандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. Сонымен қатар, ол қаржы нарығын реттеушілердің бірі. Биржаның негізгі ролі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан, капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан, мемлекет пен түрлі экономикалық субъектілерге несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының заңды тұлға болуының бірден бір ерекшілігі – қор биржасының құрылымы мен жұмысы мәселерінде оның түгелдей дербес болуы. Әр биржада дерлік нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі

 

2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы

 

Жалпы алғанда, қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.

Енді осы бағалы қағаздар нарығы мен қор биржасының даму үрдісі және осы даму жолында қабылдаған заңнамаларға толығымен тоқталсақ.  

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі.

Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті

[2, 114б.].

1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан, XVIII-XІX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және сауда қатынастары орыстың саудалық-құқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған зандар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және қор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі, делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

Информация о работе Қор биржасы