Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін құру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке де облигация сатып, ақша тарту халыққа да облигацияны сатып алып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен, КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылгы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы үғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кеңесінің «Экономикалық реформа жүргізу кезінде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жүмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі [2, 116б.].
Содан кейiн елiмiзде алғашқы акционерлiк қоғам КТК (Коммерцеский телевизионный канал) тiркелдi. Ол өз қызметiн және басқарылуын акция үлесi арқылы iске асырып отырды. Осы жылы елiмiзде бағалы қағаздар рыногында алғашқы маманданған – брокерлер мен дилерлер ұйымы құрылды. Сондай-ақ Алматыда қор биржасы құрылып, өзiнiң бағалы қағаздармен алғашқы саудаларын жүргiзе бастады.
1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің «Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.
Бұл жарлық 1991 жылғы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды.
1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының президентi “Бағалы қағаздардың ұлттық комиссиясы” туралы Жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес елiмiзде бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚЖҰК) құрылды.
Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің – брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазакстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыққа сәйкес бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының құқықтық инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымы мен тәртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа заңдар қабылданды. Олар:
2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;
2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;
2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;
2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы»;
2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;
2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы».
Бүгінгі таңда еліміздегі қор биржасы қызметін KASE АҚ атқарады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993 жылғы 17 қарашада «Қазақ банкаралық валюта биржасы» деген атпен құрылды. KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 61 акционері бар (01.11.10 жылғы дерек бойынша) – «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар.
KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Ол қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі); Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (соның ішінде қазақстандық халықаралық облигациялар); ХҚҰ облигациялары және шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар; вексельдер; акциялар; корпоративтік облигациялар және т.б.
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды қаржылық құралдар саудасын жүргізу мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан алуан әрі сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға тиіс [6].
Қазақстан Республикасы қор нарығының бейнесі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет – Қазақстан қор нарығы [6]
Қор нарығы нарықтық шаруашылықтың ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар және әр түрлі компаниялар, және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады. Ал елімізде қордаланған жинақтар - зор инвестициялық потенциалға ие. Экономикамыздың қарқынды дамуы еліміздің ТМД ішіндегі инвестициялық әлеуеті ең мықты мемлекетке айналуына алып келді. Мысалы, қаржы нарығының институционалды құрылымдары болып саналатын екінші деңгейлі банктердің активтері осы жылдың басында 69,9 млрд. АҚШ долларына, зейнетақы қорларының қаражаттары 7,2 млрд. АҚШ долларына, сақтандыру компанияларының және инвестициялық қорлардың әлеуеті сәйкесінше 1,1 және 0,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл үлкен қомақты қаражат. Ендігі кезеңде біздің алдымызда осы қаражаттарды Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында тиімді жұмыс істету мұраты тұр.
Қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінеді. Осы ұйымдасқан түрі биржа арқылы жұмыс жасайды. Бұл жерде артық қаражат түріндегі ресурсы бар экономиканың бір саласынан, осы қаражатқа зәру салаға капитал ағымы ұйымдасқан, ережелері алдын-ала белгіленген тәртіппен жүреді. Сонымен қатар, заң жағынан қорғалуды айтсақ та болады. Себебі бұл нарық мемлекет тарапынан жіті бақылауға алынып, түрлі заңдармен реттеледі.
Осы ретте биржа операцияларына қатысушылар ретінде теқ қана жоғарыда аталған институционалды инвесторлар ғана емес, сонымен қатар кез-келген жеке тұлға да қатыса алатының айту қажет. Мысалы, үстіміздегі жылдың 1 кварталы бойынша Қазақстан қор биржасының акциялар нарығындағы жеке тұлғалардың көлем (яғни айналым) бойынша үлесі 25,7 пайызға тең болды. Бұл дегеніміз 320 млн. АҚШ долларына тең. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша акция нарығындағы айналым үлесі 16,9 пайызға тең болатын. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 2,46 пайызға, 2004 жылы 12,84 %, 2005 жылы 15,06 пайызға тең болды. Сонымен, жеке тұлғалардың қор нарығына қатысу салмағы жылдан жылға артып келе жатқанын байқаймыз.
Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына заңмен реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағазадар нарығына шығу.
Бірінші тәсілге келсек, брокер – табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісінен табыс табатын, қаржы нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық инструменттермен алып - сатарлықпен айналысады. Бірақ-та, бағалы қағаздың иесі ол емес, Сіз болып табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.
Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы - бұл бос жатқан қаражатыңызды жарналық инвестициялық қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда 86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық инвестициялық қор жұмыс жасайды. Жарналақ инвестициялық қор - қор нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың (пайшылардың) бірлескен құралдары болып табылады. Сіздің қолыңызға қордағы үлесіңізге құқықты куәландыратын атаулы бағалы қағаз – пайды береді. Бұл инвестициялық қор өз кезегінде, нарықты айналыста жүрген және жан-жағынан ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың белгілі бір бөлігін құяды. Бұл тәсілдің тиімділігі – жарналық инвестициялық қорда шот ашу барысында келісім – шартқа қол қою арқылы сіз алдын-ала қандай табыс түсетінін білесіз. Қандай да бір жағдай болсын, жарналық инвестициялық қор келісім-шартта көрсетілген табыс көлемін төлеуге міндеттеледі [15].
Начало формы
Конец формы
2.2. Қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау
Барлық биржалық операцияларды екі типке бөлуге болады: кассалық мәміле және мерзімдік мәміле.
Кассалық мәміле (spot) - бұл сатушының қолында бар бағалы қағаздарға жасалуымен сипатталады. Кассалық мәміле бойынша есептесу сатушы бағалы қағаздарды сатып алушыға әкелген күннен, 2-3 күн өткеннен кейін жүзеге асады. Мысалы, ФРГ-да бұл мерзім биржалық 2 күннен артық болмайды, ал АҚШ, Англияда - күнтізбектің 5 күні.
Мерзімдік мәміленің негізгі сипаттамасы - бұл сатушы мен сатып алушының міндеттері болашақта белгілі бір мезетте орындалуы, жүзеге асуы керек, мысалы, мәміле бірінші қыркүйекте жасалса, ол бірінші желтоқсанда орындалуы керек. Мәмілеге отырған кезде сатушыда сатылатын қор игіліктері болмауы не сатып алушыда төлейтін ақшасы болмауы мүмкін.