Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
2-кесте. 2009 жылғы KASE-нiң операциялар айналымы құрылымы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 2008 жылы 126,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастырды, бұл көрсеткiш 2009 жылмен салыстырғанда 20,1%-ға артық. Жалпы орналастыру көлемiндегi қысқа мерзiмдi қағаздар 40,4%, орта мерзiмдi қағаздар 59,6 %-ды құрады. Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеудi қоса алғанда 2008 жылы 71,7 млрд. теңге болды. Қазақстанда Қаржы министрлiгiнiң айналыстағы бағалы қағаздарының көлемi 2007 жылғы желтоқсанның соңында 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 229,5 млрд. теңгеге дейiн 41,1%-ға ұлғайды.
Сонымен 2009 жылдың 9 айындағы мәліметтері бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) нарықтың барлық секторлары бойынша 102 711,6 млн долларға тен мәмілелер жасалды. Аталған мерзімнің өткен 2008 жылмен салыстырғанда операциялар көлемі 69,6% доллар бойынша және 59,7% теңге бойынша өсті. Бүгінде бағалы қағаздар рыногында 62 брокер-дилер, 18 тіркеуші, 11 кастадион банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым және инвестициялық портфельді басқаратын 21 ұйым жұмыс істеп отыр.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі бағалы қағаздары KASE сауда-саттығына жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат 3-кестеде мынадай түрде көрінеді.
| шығарылым саны | эмитенттер саны |
Акциялар секторы: | 99 | 74 |
Борыштық бағалы қағаздар секторы: | 302 | 92 |
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторы: | 1 | 1 |
Депозитарлық қолхаттар секторы: | 0 | 0 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары секторы: | 1 | 1 |
Мемлекеттік бағалы қағаздар секторы: | 104 | 2 |
Туынды бағалы қағаздар секторы: | 0 | 0 |
Баламалы алаң | 0 | 0 |
Жиынтығы: | 507 | 130 |
3-кесте. KASE сауда-саттығына жіберілген бағалы қағаздар
KASE айналымын жіберілген бағалы қағаздардың негізгі үлес салмағы борыштық бағалы қағаздарға - 59,57% (302 шығарылым) келеді. Акциялар мен мемлекеттік бағалы қағаздар секторы бойынша тиісінше - 19,53% (99 шығарылым) жəне 20,51% (104 шығарылым). Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,2% (1 шығарылым) құрайды.
KASE жалпы капиталдандыру ЖІӨ-ден 48,79% немесе 7 755 722 млн. теңгені құрады. 2008 жылғы 1 сəуірдегі жағдай бойынша осындай көрсеткіш 5 698 162 млн. теңгені немесе ЖІӨ-ден 35,84% құрады. Осылайша, қор нарығын капиталдандырудың көбеюі абсолюттік көріністегі, сондай ЖІӨ-ге қатысты қор нарығын капиталдандыру көрсеткішінің көбеюі байқалады.
KASE-да мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мəмілелер көлемі 4-кестеде көрсетілген
KASE-да мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мəмілелер көлемі | |||||
| 2008 жылғы 2-тоқсанда | 2008 жылғы 3-тоқсанда | 2009 жылғы 4-тоқсанда | 2009 жылғы 1-тоқсанда | 2009 жылғы 2-тоқсанда |
Мəмілелер көлемі, оның ішінде: | 4 024 371 | 6 612 484 | 7 744 093 | 5 880 912 | 4 403 865 |
бастапқы орналас-тырулар | 96 253 | 125 916 | 147 380 | 100 251 | 164 460 |
репо мəмілелері | 3 840 580 | 6 373 982 | 7 414 364 | 5 698 168 | 4 072 546 |
Ескерту: кесте мәліметтері http://www.kase.kz сайтынан алынған |
4-кесте. KASE-да мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мəмілелер көлемі (млн. теңге)
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2009 жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған мəмілелердің көлемі 24,0%-ға азайды.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында ұйымдасқан нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалған биржалық мəмілелер көлемі 25,1%-ға азайды. Бастапқы орналастырулар көлемі 64,0%-ға өсті. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мəмілелердің жалпы көлеміндегі "репо" мəмілесінің үлесі 28,5%-ға азайды.
Ал Қазақстан Қор Биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары 5-кестеде көрсетілген.
Ескерту: www.nationalbank.kz сайтынан 2010 жылдың қазан айындағы көрсеткіштері.
«Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы 2009 жылғы қызметінің қорытындысы және 2010 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытта-рымен бүгін Алматыда өткен баспасөз орталығында бөлісті. Әлемнің қаржылық нарығына, оның ішінде Қазақстанның биржалық нарығына әсерін тигізген былтырғы жыл күрделі және алуан түрлі жаңалықтарға толы болды. Отандық қаржылық нарықтың өсу қарқыны мен коньюктурасына ықпалын тигізген салмақты факторларды қор биржасы атап өтті. Ол ұлттық валютаның девальвациялануы, екінші деңгейлі банктерді қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы мемлекеттік шаралар, сондай-ақ дефолттар санының өсуі және әлемдік шикізат нарығында қазақстандық экспортерлердің өніміне айтарлықтай жоғары бағаның оң әсер етуі. Осыған қарамастан, өткен жылдың алғашқы жартысында репо операциялары нарығының қызмет етуі ережелері қарастырылып, нәтижесінде дефолттар саны қысқарды. 2009 жылғы айтулы жаңалықтың бірі - Листингтік ереженің енгізілуін атауға болады. Бұл құжаттың аясында тұңғыш рет реитингтік агенттіктердің бағалау жүйесі дайындалып, қолданысқа енді. Сондай-ақ, еуроға қатысты валюталық своп операциялары іске қосылды. Ал, 2010 жылы не істелінбек? Идель Сабитов, Қазақстан қор биржасы акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті: «2010 жылы Қазақстан қор биржасы өзінің қызметтерін әлемдік стандартқа сай келетіндей етіп жетілдіруді, сондай-ақ басым бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жоспарда жаңа қаржылық құралдарды енгізу және айналымға енгізілген барлық құралдардың өтімділігін арттыру, қазақстандық және шетелдік инвесторларды тартуға жағдай жасау жөніндегі жұмыстар, эмитенттерді тарту, есептесу жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ, ақпараттық технологияларды дамыту сынды мәселелер алдағы уақытта атқарылатын болады. Бұл жерде басты назар нарықты жеделдетіп дамытуға бөлінеді». Қор биржасының осы айдағы индекстері 4-суретте көрсетілген.
Ескерту: www.kase.kz сайтынан 2010 жылдың қараша айындағы көрсеткіштері.
Атап айтқанда, бұл көрсеткіштер 12 қараша бойынша KASE индексі 1,49 % ға 1 647,21 дейін төмендеді, 15 қараша бойынша KASE индексі 0,03 % ға 1 647,73дейін көтерілді, 17 қараша бойынша KASE индексі 1,33 % ға 1 625,29 дейін төмендеді, 23 қараша бойынша KASE индексі 1,00 % ға 1 638,08 дейін төмендеді, 25 қараша бойынша KASE индексі 0,39 % ға 1 634,67 дейін көтерілді.
Қорыта келе, қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.
Барлық биржалық операцияларды екі типке бөлуге болады: кассалық мәміле және мерзімдік мәміле.
Кассалық мәміле (spot) - бұл сатушының қолында бар бағалы қағаздарға жасалуымен сипатталады. Кассалық мәміле бойынша есептесу сатушы бағалы қағаздарды сатып алушыға әкелген күннен, 2-3 күн өткеннен кейін жүзеге асады. Мысалы, ФРГ-да бұл мерзім биржалық 2 күннен артық болмайды, ал АҚШ, Англияда - күнтізбектің 5 күні.
Мерзімдік мәміленің негізгі сипаттамасы - бұл сатушы мен сатып алушының міндеттері болашақта белгілі бір мезетте орындалуы, жүзеге асуы керек, мысалы, мәміле бірінші қыркүйекте жасалса, ол бірінші желтоқсанда орындалуы керек. Мәмілеге отырған кезде сатушыда сатылатын қор игіліктері болмауы не сатып алушыда төлейтін ақшасы болмауы мүмкін.
3 бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан қор биржалары өзінің дамуы жөнінен әлемнің ірі қор биржаларынан әлі де болса қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы) [9, 5б.].
Қазақстанның бүгінгі таңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін көрсетеді. Инвестициялық салымдардың тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады және де біз үнемі соған ұмтылуымыз қажет.
Бүгінгі Қазақстандағы қор нарығы артық ақша ресурстарын тарту функциясын атқармайды десе де болады. Қазақстан қор нарығы нашар дамыған, өтімділігі төмен, сондай-ақ белсенді трейдерлер де аз. Халық көбінесе оның жұмысы жайлы көп біле бермейді.
Көптеген қазақстандық брокерлер нарыққа енудің минималды сомасын орнатпайды, мұнда кез келген қаражат сомасы бар клиентті құшақ жая қарсы алады, тек брокерлік қызметті төлеуге қаражаты жетсе болды.
Қазақстан қор нарығының негізігі кемшілігі - өтімділіктің
Қор нарығының жалпы проблемасына келер болсақ, бизнес онсыз да жақсы дамуда. Күні бүгінге дейін елімізде халық жинақтарын тартатын және қаражаттарды инвестициялау үшін қызықты құралдары бар алаң жоқ.
Қазіргі таңда қор нарығы эмитенттерді, жаңа енгізулерді және өтімділікті қажет етеді. Қор нарығын ынталандырушы болып мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру табылады. Мемлекеттік компаниялар үшін ол өте тиімді, биржаға енудің қиындығымен қатар, бұл оларға қаражат тартудың жаңа көздерін табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар нарыққа жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу – тар нарықты жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар өңдеу саласынан болса.
Өкінішке орай, қазіргі таңда қор нарығына тартылған жаңа компаниялардың тартымдылығын бағалау мүмкін емес болып отыр. Себебі, көптеген жекеменшік компаниялар жиі жағдайда өздерінің қаржылық есептерін жарияламайды. Бірақ өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар Қазақстанда үнемі қызығушылық тудырды.
Қор талдаушыларының ойынша, компаниялардың қор биржасына шығуына басты кедергі болып олардың акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіруі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажет. Көп уақыт қаржылық кеңесшілерді таңдау жөнінде тендерлерді ұйымдастыру мен өткізу үшін кетеді. Кәсіби мамандардың айтуынша, компанияны қор нарығына шығару үшін орта есеппен 3 айдан 9-11 айға дейін қажет. Соның өзінде компанияда сәйкес аудит бөлімі және олардың алғашқы нарыққа орналастыруға дайындығы болуы шарт.
Халықты қор нарығына тарту үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Батыс елдерінде халықтың көпшілігі үлкен қызығушылықпен «қор нарығы» атты ойынды ойнайды. Ол банк депозиттеріне қарағанда тәуекел деңгейі жоғары болып келгенімен, сәйкесінше, оның табыстылығы да жоғары болып келеді. Айта кететін жайт ойынға деген қызығушылық, қор нарығы дамуына тура пропорционалды.