Қор биржасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Работа состоит из  1 файл

ҚР Қор биржасы.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Мерзімдік мәмілені "фьючерстік" (futures) мәміле деп атайды. Әдетте фьючерстік мәмілеге отырған кезде бағалы қағаздар көлемі ғана емес, курсы да фиксирленеді, бірақ кейде бағалы қағаздар курсы мәміле жасалатын күннің котировкасы негізінде қойылады. Фьючерстік мәміленің орындалу уақытына келетін болсақ, бағалы қағаздар мәміледе көрсетілген күні берілуі мүмкін не сатушының келісімі бойынша көрсетілген мерзімге дейін біртіндеп берілуі де мүмкін. Фьючерстік мәміленің қатысушылары кепілдік жарналарын (маржаны) салады, олар мәміленің қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етеді және келісім қатысушыларының мәміле орындалмау жағдайында жоғалтуларын орнына келтіру үшін керек. Егер жақтардың бірі мәмілені бұзса, онда екінші жақ салынған салымдардан анықталған компенсация алады. Кепілдік жарналарының мөлшері биржамен қойылады және конъюктураға тәуелді - нарық тұрақсыз болса, онда салым көп және керісінше. Әдетте кепілдік жарналарының мөлшері бағалы қағаздар құнының курсының 5-20% арасында тербеледі (келісімнің сомасынан).

Фьючерстік мәмілелердің көбі қайта сатып алу шартымен жасалады. Бұл жағдайда бағалы қағаздар қозғалысы болмайды, ал қатысушының біріне бағаның айырмасы ғана төленеді.

Мысалы, "Айдана" компаниясының бір акциясы 60 долл. 100 акциясына сатып алу-сату мәмілесі жасалады. Мәміленің орындалу мезетінде бір акцияның бағасы 65 долл. болды. Ал келісім кері сатып алу шартымен жасалғандықтан, сатушы сатып алушыға 500 долл. (5*100) мөлшерінде баға айырмасын төлейді. Сатып алушыға кепілдік жарнасы қайтарылады, ал айырма сатушының кепілдік жарнасы есебінен беріледі.

Егер мәміле орындалу уақытында бір акцияның бағасы 55 долл. болса, онда сатып алушы келісімнен бас тартуы мүмкін және сатушыға 500 долл. (5 долл. бір акцияға) төлейді. Бұл жағдайда сатушыға оның кепілдік жарнасы қайтарылады, ал айырма сатып алушының кепілдік жарнасы есебінен беріледі.

Опционмен жасалған фьючерстік мәміле.

Опционмен жасалған фьючерстік мәміле сатып алушы (сатушы) сатушыға (сатып алушы) белгілі бір ақша сомасын төлейді де белгілі уақыт периодында белгілі бір бағалы қағаздар мөлшерін орнатылған баға бойынша сатып алу құқығына ие болады. Басқа сөзбен, қатысушылардың бірі сатып алуға опцион ("call" опционы) не сатуға опционға ("put" опционы) ие болады. Опцион ұстаушы өз құқығымен қолдануы бағалы қағаздар курсының өзгеруіне байланысты. Мысалы, "Айдана" компаниясының бір акциясы 60 долл. 100 акциясын сатып алу опционын иемденді. Опционның қолдану мерзімі - үш ай. Опционды сатып алушы әр акцияға 3 долл. сыйақы төледі. Опционды қолдану мерзімінде әр акцияның бағасы 65 долл. дейін көтерілді. Опционды ұстаушы өз құқығын қолданып 100 акцияны 60 долл. сатып алады. Ол сол уақытта акцияларды сатып, әр акцияға 65 долл. ала алады. Осылай оның ұтысы әр акцияға 2 долл. болады (65-3-60) немесе барлық мәміледен 200 долл.

Егер опционды қолдану мерзімінде акциның бағасы 60 долл. жоғарламаса, онда опционды ұстаушы сатып алудан бас тартады, 300 долл. жоғалтады.

Егер опционды сатушы иемденсе, онда ол бағалы қағаздардың биржалық курсы бағадан төмендегенде өз құқығын қолданады.

Сатып алуға опционды сатып алушы бағалы қағаздар курсының өсуін көздейді, ал сол уақытта сату опционының ұстаушысы бағалы қағаздар курсының төмендеуін көздейді. Әрбір қатысушы өзінің көзқарастарына, ойларын ұстана отырып үлкен пайдаға жетуді көздейді, әрине, бірақ мәміле қатысушыларының тек біреуі ғана ұтады.

Стеллажды мәміле

Мәміледе кім сатушы, кім сатып алушы екендігі анықталмаса, онда мұндай мәміле стеллажды деп аталады. Мәміле қатысушысының бірі екіншісіне белгілі бір ақша сыйақысын төлегеннен кейін опционды иемденеді, бұл опционның қолдану мерзіміне байланысты өз қалауынша бағалы қағаздардың белгілі мөлшерін сатуға не сатып алуға құқық береді. Мысалы, мәміле қатысушыларының бірі "Бета" компаниясының әрбір акциясы 80 долл. сатып алу құқығы опционын иемденді не әрбір акцияны 60 долл. сату опционын иемденді. Берілген опционның бағасы акцияға 20 долл.

Опционды иемденген кезде опцион ұстаушысы "Бета" компаниясының акция бағаларының өзгерісін қадағалайды. 60 долл. және 80 долл. Бұл, былайша айтқанда, "стеллажды нүктелер". Егер "Бета" акция курсы осы нүктелер арасында болса, онда сатып алушы әрбір акцияға 20 долл. мөлшеріндегі шығынға ұшырайды. Мысалы, осы мезетте акция курсы әр акцияға 70 долл., опционды ұстаушы әр акцияны 80 долл. сатып алуға құқығы бар. Демек, опционды ұстаушы акцияны сатып алмайды. Бірақ опционды ұстаушы акцияны 60 долл. сатуға да құқығы бар, яғни нарықтық курстан төмен бағамен.

Егер "Бета" компаниясының акция курсы 60 долл. төмендесе, не 80 долл. өссе, онда опцион ұстаушы өз құқығын қолданып акцияны не сатады, не сатып алады. Егер акцияның нарықтық курсы 40 долл. болса, онда опцион ұстаушысы келісімнің екінші қатысушысына акцияны 60 долл. сатып, өзінің опционды сатып алу шығындарын жабады. Егер акция курсы 30 долл. дейін түсіп кетсе, онда опцион ұстаушысы әр акцияға 10 долл. таза пайда алады. Нарықтық курстың 80 долл. өскен уақытта опцион ұстаушысы акцияны келісімнің екінші қатысушысынан сатып алу құқығын қолданады. Егер баға әр акцияға 100 долл. дейін жетсе, онда опционды сатып алушы опционды сатып алуға кеткен шығындарын жабады. Ал баға 100 долл. жоғары ессе, онда опцион ұстаушысы таза пайданы иемденеді.

3- суретте қор биржасындағы операциялар көрсетілген.

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

3-сурет. Биржа операциясының түрлерi [2, 230б.]

 

Көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.              

            Пролонгациялық мәміле – бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің түрі немесе бағалы қағаздардың нарқының өзгеруіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.

Репорт – мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатылады; осы екі бағаның айырмасы репорт деп аталады.

Депорт – оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән            [2, 230б.].

Қор биржасы акционерлiк қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетiп отыратын анықтаушы тәрiздi. Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) – акционерлiк қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған мемлекеттерде акция курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Мұндай мағлұматтар  акционерлердiң өз қолындағы акциялардың бағасын қазiргi таңдағы курсымен салыстырып қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi [2, 233б.].

Қазiргi кезеңде әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу.

Қазақстанның бюджетi қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиiмдiрек әдiсiне – iшкi инвесторлардың мемлекеттiк БҚ-ры (МБҚ) шығару және олардың арасына жайғастыру арқылы бос қаражатын тарту. Мұнда, бiрiншiден, айналымда ақша массасы көлемi ұлғаймалы, екiншiден, инвесторлардың бос ақша қаражаттары байланысады да экономикада елiмiздiң ақша жүйесiнде инфляциялық процестер туындамайды.

Қазақстанның қор биржасы KASE бүгiнде қаржы нарығында өзiнiң дамуын жалғастыруда. Соңғы жылдары оның даму көрсеткiшi бойынша  өте тез қарқында дамып келеді. Оны статистикалық мәліметтерден анық көруге болады.

Қазiргi уақытта KASE-де қорға қатысушы тұлғалар 80-нен астам, бұл 2006 жыл басындағы 4 қатысушыға қарағанда әрине көп. Олар: Ұлттық Банк, екiншi деңгейдегi банктер, брокерлiк-дилерлiк компаниялар, зейнетақы қорлары, активтердi басқару компаниялары жатады [7].

2009 жылы Қазақстан қор биржасының KASE–де экономиканың барлық секторларындағы операциялар жиынтығы 58,8 млрд. долларды құрады немесе бұл 7,9 трлн. теңгеге жеттi. Бұл дегенiмiз Қазақстан ЖIӨ-нен 205% асып кеттi. Оның бiрден-бiр себебi елiмiздегi рыноктың капиталдану дәрежесiнiң жоғары  екендiгiн көрсетедi. Әрине бұл ұлттық экономика дамуына өз тиiмдiлiгiн алып келедi. Бұл шаманы 2008 жылмен салыстырсақ  KASE–дегi бағалы қағаздармен операциялар көлемi 74,1%-ға өскен. Бұл шама елiмiз қор биржасының тарихындағы ең iрi операциялар көлемi болып табылады. 

2009 жылдың алғашқы 4 айында бағалы қағаздардың екінші қайталама рыногында сату-сатып алу операциялары көлемі Қазақстан қор биржасында 214,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,7%-ға артты. Ал 2009 жылдың жалпы қорытындылары бойынша бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы операциялар көлемі 753,1 млрд. теңгені құраған еді.

2009 жылы  KASE–де МБҚ сату-сатып алуға байланысты 47,9 млрд. теңгені құрайтын 232 мәміле жасалды. Бұл жалпы биржа айналымының 5,1% құрайды. Жалпы қор айналымының көлемі 2009 жылы сәуір айында 74,1%-ға төмендеді, оның басты себептері инфляцияның қарқыны өсуіне байланысты сұраныстың азаюы болып отыр.

1-кестеде 2009 жылдың қазанындағы KASE – да  мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сататын ең негізгі ондық компаниялар көрсетілген.

БҚ коды    

Компания

Келісім көлемі мың долл.

Келісім көлемі млн. долл.

 

Келісім саны

Нарық үлесі %

Бағаның өзгерісі %

ТМ LM

«Темірлизинг»АҚ

34 218,00

4 579,60

13

7,54

-

CCBN    «Банк Центр Кредит» АҚ

32 926,80

4 414,00

37

7,25

0

HSBKp1

«Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі»

 

 

32 049,40

 

 

4 285,80

 

 

5

 

 

7,06

 

 

2,44

KZCR

«ТНК Казхром» АҚ

 

19 827,20

 

2 656,90

 

5

 

4,37

 

0

ASFib7

«Астана – Финанс» АҚ

 

16 339,00

 

2 189,30

 

43

 

3,6

 

-3,65

TEBNp

«Темірбанк» АҚ

16 187,10

2 163,70

34

3,57

-1,61

ALKSb  «АЛМАТЫ КУС» АҚ

 

16 125,50

 

2 154,20

 

15

 

3,55

 

-2,07

BTAib8   «БТА Ипотека» АҚ

14 9801,20

2 004,60

7

3,3

13

KZTC      «KazTransCom» АҚ

 

12 904,10

 

1 728,90

 

4

 

2,84

-

KKAGb

«Қазақстанқағазы» АҚ

 

11 984,80

 

1 604,50

 

8

 

2,64

 

0,17

Барлығы

207 542,10

27 781,50

171

45,72

 

Ескерту: кесте мәліметтері http://www.kase.kz сайтынан алынған

1-кесте. 2009 жылдың қазанындағы KASE – да  мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сататын ең негізгі ондық компаниялар

2009 жылы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында KASE–де мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен 531 операция жүргiзiлдi. Оның жалпы көлемi 20,2 млрд. теңгенi құрады немесе 158,6 млн доллар шамасында. Оның құрамы барлық операциялардың 1% құрады. Мұндағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, яғни акциялармен операцияларда басты компанияларға  АО «Народный сберегательный банк Казахстан», АО «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат» және АО «Казахтелеком» компанияларын айтсақ болады.

2-кестеде  2009 жылғы KASE-нiң операциялар айналымы құрылымы сипатталған.

KASE рынок секторы

 

2010 жыл

Қаңтар-қыркүйек

2009 жыл

Қаңтар-қыркүйек

2010 жылдың 2009 жылмен салыстырғандағы трендi               млн.$                   %

Шетел валюталары

21216,4

8398,0

+12818,3

152,6

20,7%

13,9%

 

 

Жедел келiсiм шарттар

0

0

0

0

0%

0%

 

 

Мемлекеттiк бағалы қағаздар

3666,1

3776,8

-110,7

-2,9

3,6%

6,2%

 

 

Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар

3470,8

1825,2

+1710,3

185,5

3,4%

2,9%

 

 

Репо (МБҚ, МЕБҚ) барлығы

74348,2

46601,8

+27746,3

+59,5

72,4%

77,0%

 

 

Облигациялар

0

0,017

-0,02

х

0%

0%

 

 

Векселдер

0

0,096

0

0

0

0,0003%

 

 

Барлығы

102 711,6

60 551,7

+42,159,9

+69,9

100%

100%

 

 

Ескерту: кесте мәліметтері РЦБК №19, 2008 г. алынған 12-23 беттер

Информация о работе Қор биржасы