Қор биржасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Работа состоит из  1 файл

ҚР Қор биржасы.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипатауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегмені. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел  инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалы мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағын үшін ресурстарды жинақтау сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискалдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б.ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор. 

Бүгінгі таңда кез келген нарықтық экономиканың, соның ішінде қазақстандықтың да, қор биржаларынсыз және бағалы қағаздарсыз өмір сүруі болмайды. Олар нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұрушы негізгі құралдардың бірі.

Қазақстандағы қор биржаларының активті жұмыс істеуі қажеттілік, олсыз инвестициялық белсенділіктің тірілуіне мүмкіндік жоқ. Қор нарығын бағалы қағаздарды шығару және айналдыру қатысушыларының экономикалық қатынастарының бірігуі деп айтуға болады.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қарастырғанда, мұнда әлі де орнын жоймаған көптеген олқылықтармен қатар біраз жетістіктердің барына да көз жеткіздік. Бұл тұрғыдан алып қарағанда мұнда әлі де болса көп жұмыстар атқарылып, заңдар мен бағдарламалар қабылдануда.

Қазақстан қор биржасының қазіргі таңда көптеген кемшіліктері болса да, барлық мәселелер дұрыс шешімін тапса, біздің биржа әлемнің дамыған қор биржалары арасына қосылады деген сенім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                  Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Оқулық. – Алматы:  «Экономика», 2006ж. – 480 бет.

2.                  Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2007ж. – 374 бет.

3.                  Биржевое дело: Учебник/ Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. – М.: Финансы и статистика, 2001ж. – 304 б.

4.                  http://fingramota.kz сайты

5.                  Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок. – Москва: 1994. – 260 б.

6.                  http://www.rfca.kz сайты

7.                  http://www.kase.kz сайты

8.                  РЦБК №19, 2008 ж.

9.                  Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Планирование организационного построения компаний // Финансы и Кредит. 2000ж. № 3.

10.       Рынок ценных бумаг № 18 (249) 2003ж.

11.       Рынок ценных бумаг. Учебник/ Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. – 2 изд. Перераб и доп – М.: Финансы и статистика, 2004ж – 448 б.

12.        http://kk.wikipedia.org сайты

13.             «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары» баспасөз-релиз

14.             www.nationalbank.kz сайты

15.             www.almaty.kz сайтындағы Мәтиев Сәбиттің «Қор нарығының артықшылықтары» мақаласы

16.             «Макроэкономика», Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. Оқулық. -  Алматы: « Экономика», 2003ж.

17.             Елдосқызы Жанар«Аралар елінен хат Һәм Қазақстан қор биржасы хақында». // «Ана тілі» газеті, 2009ж, 19 ақпан

18.                

 

 

 

 

 



Информация о работе Қор биржасы