Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 16:12, курсовая работа
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:
• қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Халықты даярлау және қаржылық сауатсыздықты жою шараларымен кәсіби қатысушылар, яғни, брокерлік компаниялар шұғылдануы тиіс. Өйткені олар болашақта жеке тұлғаларды өздерінің клиенттері етуге мүмкіндіктері бар. Бірақ ешбір брокерлік компания мемлекет ауқымында мұндай шараларды жүзеге асыра алмайды. Сондықтан бұл шараларға мемлекет те міндетті түрде араласу керек.
Бүгінгі таңда қазақстандық биржаларды ұлғайту, биржа арқылы өтетін барлық операциялар клиенттер үшін тәуекелсіз болатындай жүйені ұйымдастыру мәселесі алда тұр. Өйткені бағалы қағаздар нарығының болашақтағы дамуы негізінен біздің елімізде қор биржаларының даму дәрежесіне тәуелді. Ол үшін алдыңғы қатарлы мәселелерді шешу қажет.
Дәл қазіргі таңда Қазақстан инвестициялық деңгейі жоғары емес елдер қатарында тұр. Сондықтан мемлекетіміздің басты мақсаты экономиканың даму қарқынын үдету, сол арқылы бағалы қағаздарға бөлінетін салымдар көлемін ұлғайту.
Сонымен қатар қор биржасының инфрақұрылымын дамыту: қор биржаларын және биржадан тыс ұйымдық жүйелерді жандандыру.
Қор биржасындағы қызметтің табыстылығы көбінесе қаржылық ақпарат таратудың жеделдігіне байланысты, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қор биржасында эмитенттер және олардың бағалы қағаздары жайлы ақпарат толық емес. Юджин Фаманың классикалық анықтамасына сүйенетін болсақ, «тиімді қор нарығы – ақпаратты өңдеуде болашағы зор нарық», ал Қазақстан қор нарығының ақпаратты тиімділігі АҚШ қор биржаларымен салыстырғанда бірнеше есе төмен [10, 3б.].
Болашақта қор биржасын ұйымдастыру деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекеттердің қор биржаларымен байланыс аясын кеңейту қажет.
Тек осы жоғарыда аталған мәселелерді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі қор нарығы тәрізді өзінің негізгі қызметін – қаржы саласынан өнеркәсіп саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.
Қазақстандық қор нарығының даму мәселесін қарастыра отырып, оның екі құраушы бөлігін қарастыру қажет, олар – биржалар саясаты және бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекетттік басқару органдарының саясаты.
Биржалар саясаты. Жалпы Қазақстан Республикасында қор биржаларының дамуы олардың нарығы тұсынан алып қарағанда екі бағытта болды. Алдымен ол – қор биржасын құру, ал екіншіден әр түрлі қаржылық құралдар мен валюталар нарығын қалыптастыратын, сонымен қатар қатысушыларға толық қызметтер жиынтығын – сауданы ұйымдастырудан, есеп айырысуға дейінгі қызметтер көрсететін әмбебап институттарды құру.
Алғашқысының мысалы ретінде - «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ , ал екіншісіне «Қазақстан қор биржасы» АҚ жатқызуға болады.
Технологиялық қырына келетін болсақ, бұл жағынан алғанда Қазақстан Республикасында ерекше бірлік байқалады – барлық биржалар және сауда жүйелері залдық аукциондық дауыс беру механизмінің орнына электронды сауда жүйелерін пайдаланады. Аймақтық қамту тұрғысынан алып қарағанда, сауданы ұйымдастырудың электронды технологиялары арқасында Қазақстан Республикасындағы барлық жетекші алаңдар өз аймақтарымен ғана шектелмейді, олар басқа аймақтармен ойдағыдай байланыс орнатуға тырысады.
Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саясаты. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы әлемдік беталыстан қалуда. Мысал ретінде қазақстандық реттеушілердің коммерциялық емес серіктестіктерге ерекше көңіл бөлуін айтуға болады, мысалы қор биржасы, клирингтік орталық, депозитарийлердің кейбір түрлері тек қана осы ұйымдық-құқықтық форманың шеңберінде ғана қалыптаса алады. Бағалы қағаздар нарығында түрлі кәсіптік қызметтерді қиыстыруға шектеулер сақталуда. Реттеушілермен кәсіби қатысушылардың талабы ескерілмеуі жиі байқалады.
Қазақстан қор нарығыны дамуының негізгі тенденциялары.
Бағалы қағаздар нарығы әлемнің экономикасы дамыған елдерінде қызмет атқарады және олар жиі өздері пайда болған мемлекет шеңберінен шығып кетеді.
Нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттердің осы заманғы бағалы қағаздар нарығының даму тенденциялары болып келесілері табылады:
1. капиталды шоғырландыру және орталықтандыру – аспектіде көрініс табады: кәсіби делдалдар ұйымдарын ұлғайту және олардың санын қысқарту, бағалы қағаздар нарығы қоғам капиталын көптеп тартуда;
2. нарықты жаһандандыру – ұлттық капитал мемлекет шекарасын асып, әлемдік бағалы қағаздар нарығы қалыптасады, капитал қозғалысы жолындағы кедергілер алынып тасталады;
3. ұйымдастыру деңгейін көтеру мен мемлекеттік бақылауды күшейту;
4. бағалы қағаздар нарығын компьютерлеу – сауда жасау тәсілдері мен нарыққа қызмет көрсетуде көптеген жаңалықтар енгізуге септігін тигізді;
5. нарыққа жаңалық енгізу – жаңа құралдар, бағалы қағаздарды саудалау жүйесі, нарық инфрақұрылымы;
6. секьютирлеу – ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формаларынан бағалы қағаздар формасына өтуі;
7. капитал нарығының басқа түрлеріне ену [11, 280б.].
Биржалық нарық сапаның ең жоғарғы деңгейі не кепілдік береді.
Бағалы қағаздар биржалық тауар болу үшін, олар ену процедурасын, яғни, листингтен өтеді. Егер бағалы қағаздар листингтен өтсе, оларға деген сенімділік артады, ол өз кезегінде көптеген артықшылықтар әкеледі. Мысалы, биржа тізіміне енген компаниялар инвестиция саласында қызығушылығы бар тұлғалар арсында атаққа ие болады.
Қазіргі таңда биржаны дамытуда атқарылып жатқан іс те аз емес. Әрине кемшіліксіз болмас, бірақ соңғы бірнеше жылдар ішінде біздің қор нарығымыз алға қарай үлкен қадам басты. Бұл салада да айтарлықтай жобалар іске қосылды, сәйкес заңдар қабылданды. Енді соларға кішкене тоқталсақ. Әрине, қор нарығы жайлы сөз қозғалғандағы негізгі жетістіктеріміздің бірі ол – Алматы өңірлік қаржы орталығы акционерлік қоғамының (АӨҚО АҚ) құрылуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған бұл акционерлік қоғам өз қызметі барысында қор нарығының дамуына айтарлықтай үлес қосты.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.
Негізгі міндеттеріне келсек, олар келесідей:
халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;
қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;
қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.
жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;
ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу және т.б.
Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді [12].
АӨҚО жұмысын атқару кезінде көптеген даму бағдарламалары жүзеге асырылды, соның негізгісі болып «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» саналады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес əзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан əрі дамыту, оны ашық жəне тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау жəне адал бəсекелестiктi қамтамасыз ету болды [12].
Бағдарламаның іс-əрекеті кезіңде бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар рыногының кəсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциалдық нормативтері белгіленді.
Бағдарламаны қолдану кезеңде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қызметін жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралары жүзеге асырылды. Сонымен заңнамаға енгізілген түзетулермен биржаны коммерциялау көзделді, сондай-ақ биржаның акцияларын сатып алу құқығы бар тұлғалардың тізбесі кеңейтілді.
2007 жылғы 1 қазаңнан бастап KASE жаңа индекс – KASE акциялар рыногының индексін енгізді. Индекс өкілдік тізіміне олардың эмитенттерінің жəне еркін айналыстағы (free float) акциялар үлесін капиталдандыру деңгейін есептеген кезде енгізілген акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді.
Қазақстан рыногын өтімді бағалы қағаздармен толтыру мақсатында жоғары халықаралық рейтингі бар компаниялардың бағалы қағаздар эмиссиялары проспектілерінің ықшамдалған тіркеу тəртібі енгізілді.
Бағалы қағаздар рыногында лицензиялау жүйесін жетілдіру жəне бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды аттестациялау шеңберінде уəкілетті орган бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін 8 мамандарды даярлау бойынша қызметін жүзеге асыруға рұқсатын беру рəсімін жоюды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының қатысушылар рыногында қызметті ырықтандыруға бағытталған бір қатар талаптарын көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Бұдан басқа KASE мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі адал бəсекелестікте негізделген сауда-саттықта қатысу принциптері мен ережелері белгіленетін, тыйым салынған іс-əрекеттер жəне оларды жасауға жауапкершілігі айтылатын қор биржасының барлық мүшелері сақтайтын KASE мүшелерінің Этика кодексі бекітілді.
Сонымен қатар, 2005-2007 жылдар ішінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудің толық жүйесі құрылды, қажетті құқықтық, институционалды жəне техникалық инфрақұрылым қа-лыптасты. Қазіргі уақытта елдің қор рыногы экономиканың барлық секторларымен өзара байланысты. Бағдарламаны іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандыруға, оның өтім-ділігін арттыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар секторын сапалы жəне санды дамытуға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан қор нарығындағы айтарлықтай жетістіктердің бірі ол KASE және АӨҚО-ның бірігуі.
2006-2008 жылдары Қазақстанда екі биржа алаңы: негізгі (KASE) және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) арнайы сауда алаңы (АСА) жұмыс істеген, оның үстіне соңғысы қол жетімділігімен ерекше-ленетін. 2008 жылы, әрқайсысының артықшылықтарын қоса отырып, осы екі алаңды біріктіру шешімі қабылданды. Алаңдарды біріктіру барысы бірнеше сатыдан тұрды: екі алаңға ортақ біртұтас жаңа листингтік талаптарын орнату, екі алаңның да жарнамалық жіктелімін тізімдеу және екі тізімді біріктіру.
Бұл ретте АӨҚО қатысушылары үшін қарастырылған салықтық жеңілдіктер тұтас нарыққа таралатын болды. Бірлескен жаңа алаңға арнап эмитенттердің, биржалар мен қаржы кеңесшілерінің құқықтары мен міндеттеріне, листингтік процедуралар мен жинақтарына, ақпаратты ашуға, сауда және т.б. регламент белгілейтін біртұтас ережелер жасап шығарылды [4].
Жалпы алғанда мұндай жобаны іске қосқаннан кейін, мемлекеттің қор нарығы үшін негізгі жауапкершіліктің барлығы мемлекетке жүктеледі. Қазақстан қор нарығы бірден әлемнің дамыған қор нарықтары қатарына енеді деп пайымдау дұрыс емес, бірақ ол мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерін өтей алатыны және де мемлекетке инвестиция тартудың негізгі құралы болары сөзсіз.
Қорытынды
Осы курстық жұмыс барысында мен қор биржасы тақырыбын қарастырып, ол жайлы мейлінше көп мағлұмат беруге тырыстым. Сонымен қатар нарықтық экономикаға өту тұсында Қазақстан қор биржасын қалыптастыру және қор биржасы қызметін ұйымдастыруға байланысты туындаған мәселелерді қарастырдым.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаты – кәсіпорындардың дамуына қажетті ақша қаражаттарын тарту үшін нарықты саудалық қор құндылықтарымен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін әрқайсысы жеке функциялар атқаратын бағалы қағаз түрлері қолданылады. Осы құнды қағаздардың бір бөлігі өздерінің кезекті иелеріне жету үшін қор биржаларынан өтеді.
Қор биржаларының пайда болуы акционерлік фирмалардың дамуына жағдай жасау қажеттілігінен туындады. Уақыт өте келе биржаның өзі де ақша жасау, айта кететін жайт қомақты ақша, алаңына айналуда. Қор биржасы экономикалық пропорциялардың реттеушісі рөлін атқара бастады. Ол ең нақты аспап тәрізді, адам қызметінің кез келген саласындағы ауытқуларға акция бағамына ауытқулар арқылы жауап қайтарады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қайта құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, өор биржаласын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын өалыптастыру қажет.