Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 12:38, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: жалпы салықтармен, оның түрлерімен
Қазақстан Республикасының салық жүйесімен, оның өзекті мәселелерімен таныстыру, бұл мәселелерді шешу туралы ақпараттар беру, салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы әр түрлі мағұлматтар беру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
− Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері;
− Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері;
− Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Кіріспе................................................................................................................3
1. Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері
1.1. Салық жүйесінің мәні және экономикалық манызы.................................5
1.2. Салық элементтері............. ………………………………………………..9
2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы....................18
2.2 Қазіргі кездегі салық жүйесінің дамуы…………….….............................19
2.3 Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне
талдау............................................................................................................20
3. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің кемшіліктері және
оны шешу мәселелері..................................................................................23
3.2 Салық жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары……………........…28
3.3 Қазақстанның салық жүйесін болашақта жетілдіру мақсаттары…........30
Қорытынды……………………………………………………………….........33
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………….............................35
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін қүқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.
Қазақстан Республикасыңдағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:
1.Салықтар:
2. Алымдар.
1.Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
6.Теңіз, өзен кемелері
мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
3. Төлемақылар:
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы "Қазақстан Республикасының бюджет кодексі" мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы занда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы оргаңдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық" және "салық салу" үғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда — бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде — экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.\3, 211-217 б.б.\
1.2. Салық элементтері
Салық элементтері — салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.
Салықтың бірнеше элементтері бар:
1.Салық субъектісі.
Салық субъектісі - заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. \ 2, 22-37 б.б.\
Салықты төлеушілер:
Салық төлеуші — салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлга - жеке тұлға және занды тұлға болып бөлінеді.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам.
Салық тасымалдаушылар - іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Заңды тұлға — Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық қүқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым (шетелдік занды тұлға) немесе кәсіпорын. Шет мемлекеттің зандарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым.
Занды түлғаның өз балансы, елтаңбасы, мөрі және банкіде есеп айырысу шот есебі болады.
Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады.
2.Салық объектісі.
Салық объектісі - салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мүра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.
Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.
Тауар — қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып табылады.
Мұра — қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерде мұраға салық салынады.
Жер — белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады.
3.Салық көзі.
Салық көзі - салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бүл - жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.
Салық көзі - салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.
Салықтың займдық қаржылар көзі тек мәселенің қысқа мерзімде шешілуін көрсетеді.
Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде - үлттық табыс қатысады.
Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:
Табыс - ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.
Салық төлеушілердің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар:
• сыйақы, ұлыстар, роялти;
• жалақы, зейнетақы, стипендия,
сақтандыру төлемдері (бұларға табыс
салығында толығырақ
Қор — мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке түлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдың құндылықтар.
Жинақ — кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай қаражаттар.
Айналым қаражаттары — өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Қарыз қаражаттары — бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға) меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.
Рента - алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде — меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.;
Жалақы—біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
4. Салық мөлшері.
Салық мөлшері — салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік больш бөлінеді.
Салықтың шекті мөлшері — табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.
Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарга, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).
Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады. Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері қолданылады.
Ал, нөлдік салық мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады (мысалы, қосылған құн салығында нөлдік ставка бойынша салық төлеушілер бар, бұл мәселеге кейін толығырақ тоқталамыз).
5. Салық жеңілдіктері - төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске
қатысу және басқа да факторларды ескеріп
заңмен қарастырылған
жалпы ережеден шығару
Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша топтауға болады:
1.Салық субьектілері бойынша жеңілдіктер.
Салық төлеушілердің өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке түлғалардың мүлік салығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде салық төлеуден босатылады.
Бұл жерде салық салу обьектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік құралдары салығында мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық төлеуден босатылған.
3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, жеке табыс салығы бойынша салық базасына мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыс қосылмайды.
4. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер.
Корпорациялық табыс
салығында салық төлеушілер негізінен
30 пайыздық ставка бойынша салық төлесе,
негізгі өндіріс құралы
жер болып табылатын салық төлеушілер
10 пайыздық ставка
бойынша салық төлейді.
5.Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі —күнтізбелік ай болса, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды түлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады.
6.Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі оңайлатылған декларация
негізінде салық төлейді.
Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе патент негізінде төлейді.
Қазіргі кезде кең тараған салық жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:
Алып тастау — салық салудың жекелеген обьектілері салық салудан алынып тасталады.
Жеңілдіктер — салық базасын қысқарту.
Босату — салық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер.
Салық жеңілдіктерінің мазмұнын былайша баяндауға болады: