Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 12:38, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: жалпы салықтармен, оның түрлерімен
Қазақстан Республикасының салық жүйесімен, оның өзекті мәселелерімен таныстыру, бұл мәселелерді шешу туралы ақпараттар беру, салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы әр түрлі мағұлматтар беру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
− Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері;
− Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері;
− Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Кіріспе................................................................................................................3
1. Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері
1.1. Салық жүйесінің мәні және экономикалық манызы.................................5
1.2. Салық элементтері............. ………………………………………………..9
2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы....................18
2.2 Қазіргі кездегі салық жүйесінің дамуы…………….….............................19
2.3 Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне
талдау............................................................................................................20
3. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің кемшіліктері және
оны шешу мәселелері..................................................................................23
3.2 Салық жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары……………........…28
3.3 Қазақстанның салық жүйесін болашақта жетілдіру мақсаттары…........30
Қорытынды……………………………………………………………….........33
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………….............................35
2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы
1995 жылдың
сәуірінен бастап Қазақстан
Бұл заңда салық жүйесін құрудың мынадай негізгі принциптері жүзеге асырылған:
- салық салуда,
сонымен қатар салық
- әр түрлі билік деңгейлері
арасында салықтық төлемдерді алу мен
бекіту
бойынша құқықтарды айқын бөлу;
- салықтық құқық нормаларына жатпайтын, бірақ салық салуға қатысты бар заңдылық- нормативтік актілерге қарағанда салық заңнамасына артықшылықтар беру;
- салық салудың бірреттілігі. Яғни, белгілі бір обьект тек бір салық түрін салық заңнамасымен белгіленген уақытта төлеуі керек.
Қазақстан территориясында Қазақстан Республикасының салық жүйесін құрайтын салықтар, алымдар және баж салығы алынады. Заң бұл төлемдерді ерекшелемейді, себебі олардың барлығына міндеттілік пен эквиваленттілік емес қасиет тән, сол себепті бұл төлемдердің барлығын салықтар деп есептеуге болады. Тәжірибеде бұл - салықтарды бюджет жүйесінің деңгейлеріне бөлуге қарамастан, салық салудың жекелеген сұрақтары бойынша мәселелерді билік органдары өз құзіреті шегінде ғана жүзеге асыра алады. Мәселен, жергілікті билік органдарына салықтың кей түрлерін қолдану құқығын беру ол органдардың салықты төлеу және аудару тәртібін өзгерте алады дегенді білдірмейді. 1995 жылдан бергі қолданылып келген салық жүйесінде көп кемшіліктер кездесетіндіктен, 2002 жылдың қаңтар айынан бастап, жаңа салық кодексі өз күшіне еңді.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі мынадай маңызды тапсырмаларды шешуге арналған:
2.2 Қазіргі кездегі салық жүйесінің дамуы
2004 жыл бюджеттің сапалы орындалуымен өтті. Бюджеттің табыс бөлігінің нығайуы жөнінде жұмыстар жүргізіліп, салық органының бақылау -эканомикалық қызметінің көрсеткіштері жақсарылды. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2004 жылы 1286914 миллион теңгені құрады. Жылдық жоспар 104,5 пайызға орындалды. Жергілікті бюджеттердің табыстары 391727,8 миллион теңге, жылдық жоспар 102,2 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджеттің табыс түсімдері негізінен корпоративтік табыс салығы (382814,3 миллион теңге) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері ( 335960,6 миллион теңге), импортқа қосылған қүн салығы ( 7095миллион теңге) есебімен өсті.
Мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша келесіден табыстар түспей қалды: заңды тұлғалардың мүлкіне салық мемлекеттік баж бен консулдық алым, орманды пайдалану мен суға төлемдер. \7, 90 б.\
Қосылған құн салығы, алкаголь өнімдеріне акциз, консулдық алым, мемлекеттік паркет акциясынан девиденттері бойынша ставкалардың азаюына байланысты түсімдер азайды.
01.01.04 жылдың жағдайы бойынша мемлекеттік табыстар бойынша бюджетке берешек 53419,2 миллион теңге. 2004 жылдың 12 айы бойынша берешек 10443,3 миллион теңгеге азайып, 01.01.05. жылы 42946,8 миллион теңгені құрады. Берешек бойынша негізгі азаю қосылған құн салығы (5036 миллион теңге), әлеуметтік салық (2103 миллион теңге), корпоративтік табыс салығы (927 миллион теңге), роялти (907 миллион теңге), төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы (592 миллион теңге) бойынша байқалды. Берешек бойынша негізгі өсім жер учаскілерін пайдалануға төлем ( 45 миллион теңге), жеке тұлғалардың мүлкіне салық (30 миллион теңге), бір жолғы талон негізінде әрекетін асыратын жеке тұлғалардың табыс салығын ( 19 миллион теңге) есебімен болды.
Міндетті зейнет ақы салымдары бойынша береше 01.01.05. жағдайы бойынша жыл басынан 4843 миллон теңгеге төмендеп, 9934 миллион теңгені құрады.
Мемлекеттік табыстар бойынша бюджет жоспарының толық орындалуына қарамастан жергілікті бюджеттің жекелеген облыстары бойынша жоспардың толық орындалмағаны байқалады. Мәселен, Ақтөбе облысының жергілікті бюджет жоспары 96,7, Атырау облысында 93,2 пайызға орындалды. Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар мен төлемдер түрлері бойынша байқалады: Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік пен паспорттарды беру бойынша мемлекеттік баж және басқада салықтық емес түсімдер. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының толық орындалмауы келесі салықтар, төлемдер түрлері бойынша байқалады: жеке табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлкіне салық, қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлем ақы кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем ақы және басқа да салықтық емес түсімдер.
Диаграмма А
көрсетіп отырғандай республика
бойынша жалпы түсімдердің ең үлкен үлес салмағы Алматы
қаласы - 19%, Атырау облысы -19% және Астана
қаласына - 10 пайыз тиеді. Республика
бойынша жалпы түсімдердің өсуіне қарамастан
аймақ ішінде түсімдердің азаюы байқалды
Батыс Қазақстан облысында түсімдер 1537,0 миллион теңгеге азайды. Бұл
азаю корпаративтік табыс салығының, жеке
табыс салығының, әлеуметтік салық және
қосылған құн салығы түсімдерінің төмендеу
есебінен болды. Маңғыстау облысында түсімдер
4243,0 миллион теңгеге азайды. Бұл төмендеу
корпоративтік табыс салығы жеке табыс
салығы қосылған құн салығы ішкі мұнайға
акциз және бонустардың бюджетке толық
түспеуінен қалыптасты.
01.01.05 жылдың жағдайы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары 105601,4 миллион теңгені құрады. Бұл 2003
жылмен салыстырғанда 22092,2 миллион теңге немесе 26,5 пайызға артық. 08.11.05 жылдың жағдайы бойынша корпаративтік табыс салығын 15024 теңге жеке табыс салығы 11873 теңге, әлеуметтік салық 25853 теңге, көлік құралдары бойынша салық 4370 теңге, қосылған қүн салығы 78235 теңге төленді. Міндетті зейнет ақы көлемдері 8360 теңгені құрады. Бюджетке салық берешегі 24258 теңгені құрады.
2.3 Салық қызметі органдарының бақылау - эканомикалық қызметіне талдау
2004 жылдың IV тоқсанымен 2005 жылдың I тоқсанында қосылған құн салығы бойынша өткізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде келесілер анықталады:
2004 жылдың IV тоқсаны мен 2005 жылдың I тоқсанында салық есептелігінде қателер жіберген 184336 салық төлеуші анықталды. 2005 жылдың 17 - шілдесі мен 1 - тамыз аралығында салық есептілігінде қателерді түзету мақсатында қосымша 36275 салық есептілігінің түрлері ұсынылды. Оның есебінен бюджет 490,3 миллион теңгеге ұлғайды. Бекітілген уақытты бұзушылықты жоймаған салық төлеушілер туралы материалдар салық тексерулерін жүргізу үшін аудит бөліміне берілді.
2005 жылдың бірінші жарты жылдығында 3464 салық
тексерістері
жүргізіліп бюджетке 9264 миллион
теңге қосымша есептелінді.
Салық тексерістерін
жүргізу барысында салық
1. салық есептілігі
формаларында сатуда
«Жұлдыз» ЖШС - де жүргізілген салықтық тексеріс барысында тауарларды сатудан табыс анықталынды. Салық төлеушімен тұрмыстық техниканы мүлікті жалға беруден алынған 102563615 теңге сомасындағы табыс көрсетілмеген. Бұл бұзушылық камералды бақылау нәтижесінде анықталған және қаржы тексерістерімен куәләндырылған. Камералды бақылаудың нәтижесінде қосылған құн салығы бойынша келесілер анықталған, кәсіпорын мәліметтерімен қосылған құн салығы ТОО «Азия» -2312,7 мың теңге, «Ирбис» ЖШС - і 2200,4 мың теңге, «Құрылыс» ЖШС -і 4620,3 мың теңге сомасына азайтылған.
01.01.05. жылдың
жағдайы бойынша салық қызметі
органдарының жүргізген тексері
01.01.05 жылы берешектің өсуі 01.01.04. жылмен салыстырғанда Ақмола облысынна жіберілді 11%. Алматы облысы бойынша берешек 464,3 миллион теңгеге төмендеді, оның ішінде бакроттық процедураны қолдану есебінен 157,4 миллион теңге, корпоративтік табыс салығы бойынша жылдық декларацияны ұсыну 9 миллион теңге (1,9п) есебінен.
Астана қаласының салық комитетінде 13838 жеке кәсіпкерлер 90 нотариустар мен адвокаттар есепте тұр. 9398 төлеуші салықты төлеуге тартылды, оның ішінде 9308 жеке кәсіпкерлер қыркүйек айларында тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 298 адамды құрады. Оның ішінде 218 - жеңілдетілген декларация 72 - потент бойынша, жалпы бекітілген тәртіп бойынша - 4, бір реттік талон бойынша - 2. Арнаулы салық режимінен потентке - 11, бір реттік талон -4, жалпы бекітілген тәртіппен потентке - І.Патент бойынша жүмыс істейтін 21 жеке кәсіпкер есептен алынады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс салығының жоспар – болжамы бойынша жыл басынан 133%-ға орындалады. 198462 мың теңге түсті, алдыңғы жылы бұл төлем 127197 мың теңгені құрады. Алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда, биыл түсімдер 15618/9 теңгеге өсті.
31.10.2005 жылдың жағдайы бойынша , төлем көзінен алынбайтын табыс салығы бойынша берешек 44953 мың теңге, 30.09.2005 жылдың жағдайымен салыстырғанда берешек 2649 мың теңгеге ұлғайады. Келесі жеке кәсіпкерлер
бойынша банкроттық процедуралар жүргізілді: Рамазанов М.З. 2554,1 мың теңге,
Уватаев. Д.К. - 7231,5 мың теңге, Иваниди В.Г. - 1452,0 мың теңге. Төлем көзінен алынбайтын табыс салығы бойынша ең ірі берешек келесі жеке кәсіпкерлерде : Дүйсебаев У. 149,6 мың теңге, Омарова С.Ж. 193,1 мың теңге,
Шевелева М.В. 614,0 мың теңге, Иваниди В.Г. - 2035,5 мың теңге, Абдулхакимов
Р.Д. 1693,3 мың теңге. 30.09.2005 жылдың берешегі - 42304 мың теңге 31.10.2005 жылдың берешегімен- 44953 мың теңге салыстырғанда 2649 мың теңгеге ұлғайды, бұл салық төлеушілердің ағымдық берешекті төлеу жұмыстары салдарынан 2005 жылдың III тоқсанының салықтарын уақтылы төлемеуінен болады.
Осы бөлімді түйіндей келе, Қазақстан Республикасында 1995 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы өз күшіне енеді.
Жалпы, салық төлемдерінің орындалуына байланысты 2004 жыл бюджеттің сапалы орындалуымен өтті. Бюджеттің табыс бөлігінің нығаюы жөнінде жұмыстар жүргізіліп, салық органының бақылау - эканомикалық қызметінің көрсеткіштері жақсартылды.
Ал 2005 жылы мемлекеттік табыстар бойынша бюджет жоспарының толық орындалуына қарамастан жергілікті бюджеттің жекелеген облыстары бойынша жоспардың толық орындалмағаны байқалады.\7, 90 б.\
III. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің кемшіліктері және оны шешу мәселелері.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймады, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі керек: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындармен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.