Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 12:38, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: жалпы салықтармен, оның түрлерімен
Қазақстан Республикасының салық жүйесімен, оның өзекті мәселелерімен таныстыру, бұл мәселелерді шешу туралы ақпараттар беру, салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы әр түрлі мағұлматтар беру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
− Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері;
− Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері;
− Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдарын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1. Салық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңызы және элементтері
1.1. Салық жүйесінің мәні және экономикалық манызы.................................5
1.2. Салық элементтері............. ………………………………………………..9

2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы....................18
2.2 Қазіргі кездегі салық жүйесінің дамуы…………….….............................19
2.3 Салық қызметі органдарының бақылау – экономикалық қызметіне
талдау............................................................................................................20
3. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің кемшіліктері және
оны шешу мәселелері..................................................................................23
3.2 Салық жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары……………........…28
3.3 Қазақстанның салық жүйесін болашақта жетілдіру мақсаттары…........30
Қорытынды……………………………………………………………….........33
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………….............................35

Работа состоит из  1 файл

салык Курсовая.doc

— 294.00 Кб (Скачать документ)
  • халықтың әлеуметтік қорғалмаған деңгейінің қажеттіліктерін   қаржыландыру;
  • фундаменталды ғылыми зерттеулердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету (экологияның қиындықтары, антиэпидемиологиялық және басқа да   зерттеулер);
  • мемлекеттің қорғаныс пен басқару жүйелерін қаржыландыру;

Салық жүйесін  жетілдіруде келесі шарттар орындалу қажет:

- тиімсіз кәсіпорындарға әртүрлі қаржылық құйылымдарды алу есебінен мемлекет шығыстарын оптималды, қоғамға қажетті деңгейге дейін қысқарту;

- эканомикалық    базистің   дамуын   ынталандыратын,    салық   жүйесінің құрылуы.    Ал    бұл    бәсекелі    тауарлар    мен    қызметтерді    өндіруші кәсіпорындар үшін салық ауыртпалығының азаюы; 

- түрлі әдістермен (ғылыми негізделген: несиелендіру, баға құру, валюталық қаржыландыру т.б.);

Сонымен , салық  жүйесінің жетілуі қоғамдық дамудың  тұрақты саяси шарттары мен мықты эканомикалық базистың құрылуымен тыгыз байланысты. Осы бөлімді түйіндей келе, Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі керек: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру жэне кәсіпорындар мен жеке түлғаларға салынатьга салықтардың ауыртпалығын реттестіру. Осы кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрлігінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында салықтан жалтарылу көп кездеседі, оны түзеу үшін Қазақстанда эканомикалық жэне әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге керек.

 

 

3.3 Қазақстанның салық жүйесін болашақта  жетілдіру мақсаттары.

 

Елдің ірі  кәсіпорындары қызметінің мониторингі  Үкіметтің жақын жылдарға арналған іс - қимыл жоспарларындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Кейбір Редомстволардың ірі салық төлеушілер мониторингін іске қосуды бірнеше рет қолға алғаны, бірақ одан ештеңе шықпағаны туралы депутаттардың сын - пікірлерін Парламенттен талай рет естілген болатын. Егер ірі кәсіпорындардың ел эканомикасындағы ролі туралы айтатын болсақ, онда мониторинг листингіне енетін 98 кәсіпорыннан түскен салықтар мен төлемдер 2002 жылы 111 млрд. Теңге немесе бюджеттің барлық салық және салықтық емес түсімдерінің 33,7% болды. Осы кәсіпорындардың республикадағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы үлесі 92 %-ды құрады.

Ал 2003 жылдың бірінші тоқсанында ірі кәсіпорындардан  салық және салықтық емес түсімдердің көлемі жалпы республикалық көрсеткіште небәрі 23,9 % болды. Көріп отырғанымыздай, аса ірі кәсіпорындардан салық және салықтық емес түсімдердің даму деңгейі бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне қарағанда, оншалықты көп емес. Қазіргі жағдайда ол бюджеттің керіс бөлігін орындау жөнінде тұрақтылықты бұзу ролін атқарады. Біздіңше аса ірі кәсіпорындардың ағымдағы қаржы - шаруашылық қызметінде өндіріс тиімділігін және салық салу базасын арттыру үшін көп резервтер бар. Бүл резервтерді аса ірі кәсіпорындармен бірлескен жұмыс шеңберінде ашатын боламыз. Соңгы екі жыл ішінде көрсеткіш төмендеп келе жатқаны байқалады. Егер салық салуға дейінгі жиынтық кіріс 1997 жылдың бірінші тоқсанында 32479 миллион теңге болса, ол үшінші тоқсан да 4045 миллион теңге болды.Бұл жағдай 2002 жылы да жалғасты. Бұл көрсеткіш 2002 жылдың бірінші тоқсанында 3313 миллион теңге, екінші тоқсанда - 4122 миллион теңге деңгейіне дейін түсіп кетті. 

Салық салу базасының төмендеуіне  материалдық шығындардың өнеркәсіп  өндірісінің жалпы көлеміне қатынасын алатын болсақ, шығындар үлесінің 2001 жылдың екінші тоқсанындағы 44,3 % деңгейден сол жылдың төртінші тоқсанындағы 55,5 %-ға дейін өсу жағдайын байқаймыз. Бұл жағдай 2002 жылы да байқалады, сол жылы материалдық шығындардың үлес салмағы 50 - дан асты.

Егер материалдық  шығындар үлесінің өсуіне қандай себептер әсер ететіні туралы айтатын болсақ, бұл жерде материалдық - техникалық ресурстарды сатып алу бағаларын арттыру, ең маңызды себеп болмақ.

1997 жылдың  желтоқсанынан бастап материалдық  - техникалық ресурстарды сатып алу бағалары индексінің өсу қарқыны өнеркәсіп өндірушілерін сондай сату бағаларына елеулі артқан. Егер 2001 жылдың қыркүйегінде өсу қарқынының айырмашылығы 2,5 % болса, сол жылдың желтоқсанында 9%, 2002 жылдың наурызында - 12%, маусымында - 14,9 % , қыркүйегінде - 10,6%, желтоқсанында -10,2%.

Өнімді сату бағасының даму үрдісіне жер ету  мұнайдың, түсті металдардың әлемдік рыноктағы коньюнктуралық өлшемдерін көрсетеді. Біз сондай - ақ көліктің құрамдас бөлігі, сақтандыру және делдалдық қызметтің бір бөлігі есепке алынуы керек екенін білеміз. Бірақ ол Қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындардың сату бағаларының әлемдік рыноктағы бағалардан ауытқуы 16 -20% деңгейде болады дегенді білдірмейді. Мұндай жағдайлармен мемлекеттік кіріс министрлігі келісе алмайды өйткені, осыны бәрі кәсіпорындардың қарамағында қалатын кірістерге есептелетін заңды тұлғалардан табыс салығының түсуін азайтуға әкеледі. Біздің кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің бұл көрсеткіш де соңғы екі жыл ішінде азаюға бет алды. Бұл даму үрдісінде аса ірі кәсіпорындардың ролі орасан.

Салық органдары да, салық  төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін  қалыптастыру үшін ел эканомикасындағы өзінің ролін түсінуі керек. Мемлекеттік кіріс министрлігі кәсіпорындардың мәселесіне жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай - ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.

Үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде 98 аса ірі кәсіпорындардың қаржы жөніндегі басшыларымен болған семинарлардың негізгі тақырыбы салықтық, бухгалтерлік, статистикалық есеп нысандарын жетілдіру болады. Тұтас алғанда, барлық нысандарды жетілдіру мен стандарттау қажет. Министрлік барлық ұсыныстарды тыңдауға    дайын    және    осы    бағыттар    бойынша    әдістемелік    кеңестер

ұйымдастырылады. Дамыған елдерде барлық ісі кәсіпорындар өздерінің құнды қағаздар рыногындағы баға белгілеуін бақылайтын ашық акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді. ААҚ акциялары бағамының кез - келген теріс ауытқуы оның несиелік әлеуметіне теріс ықпал етіп, менеджмент сапасын күмэнді етеді. Ал біздің елімізде сондай норманы енгізе отырып, ең басты нәрсені істемедік, құнды қағаздар рыногын дамытпадық. Елдің көптеген ірі кәсіпорындары іс жүзінде ашық акционерлік қоғам бола алмайды. Соның салдарынан бағаны есептен шығару, амортизациялық қаражаттарды қалыптастыру, технологиялық қажеттіліктер үшін сатып алынатын материалдық ресурстардың бағасын арттыру жөнінде еркіндік беру кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдеспейді.

Республиканың көптеген кәсіпорындарын тиімділікті арттыру үшін еркін айырбас бағамы режимінде жүргізілетін жаңа бағамдық саясат жақсы эканомикалық негіз болып табылады. Бұл жағынан алғанда Үкімет пен Ұлттық банк экспорттаушылардың проблемаларын түсініп, экспорттаушылар қызметінің тиімділігін ынталандыратын еркін айырбас бағамына өтуді қамтамасыз ете отырып олардан салық түсімдерінің тиісті өсуін күтеді.

Аса салық төлеушілерге, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетін эканомикалық тиімділік айтарлықтай болары анық. Сөйтіп, еліміздің салық төлеушілері мен салық органдары өзара байланыстығы эканомикалық тетік екенін айтуға болады. Сондықтан Мемлекеттік кіріс министрлігі өз жұмысын салық және салықтық емес төлемдерді бюджетке жинау жөніндегі жоспардың орындалуын бір мезетте қамтамасыз ете отырып, шаруашылық жүргізуші субьектілердің ағымдағы қызметінде тепе - теңдікті бұзбайтындай етіп үйлестіретік жәәе ұйымдастыратын болады. Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болсақ, табысы өте төменгі дәрежедегі азаматтарымызға едэуір көмек жасаған болар едік.                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі: «қалыптасу және даму кезеңдері» тақырыбында ҚР-ң міндетті төлемдерінің бірі салықтар туралы айтылады. Сол арқылы салық жүйесі туралы да білуге болады. Жалпы «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Салық түрлері, олардың нысандары мен әдістері, салық службасы органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Қазіргі уақыттағы салық  жүйесінің ерекшеліктері мен  артықшылықтары өте мол. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі туралы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Сонымен, салық салу субьектілері Қазақстан Республикасының бюджетінде анықталған мерзімде және көрсетілген мөлшерде салықтық төлемдерді енгізуге міндетті. Бірақ біздің мемлекетте, мемлекеттік құрылыс пен салық жүйесінің реформалау этапында және осы міндеттердің орындалуы әлі де жағдайды жақсартуды қажет етеді. Салықты төлеуден жалтару заңды және заңды емес әдістермен жүзеге асырылады, сондықтан салық жүйесін реформалау жүргізілді және Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі енгізілді. Салықтық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін заңдық базаны жетілдіруде біздің жағдайға сәйкес келетін шетелдік озық тәжірибелер қолдануда. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да төлемдер жинау ұлғайып қана қойған жоқ, олардың түсімінің құрылымы өзгерді. Қазір көліктен және телекоммуникациядан, агрокешеннен, шағын бизнестен және т.б. түсетін түсімдердің үлесі барған сайын артып келеді. Шағын бизнес болса салықтық жүктемесінің елеулі азайғандығына қарамастан, мемлекет қазынасының 35 пайызға өсуін қамтамасыз етті және мүнай секторына қарағанда әлдеқайда тезірек дамып келеді. Біздің елдің эканомикасы барлық бағытта серпінді түрде дамып келеді жэне қолға алынған құрылымдық реформалар да өз жемісін бере бастады.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жолдауына тоқталатын болсақ, онда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі - жалақыға салынатын салықты

 

төмендету. Бұл ретте біз салық салу жүйесін түбегейлі жақсартамыз - жеке табыс салығының ставкасын жұмсарту арқылы оны неғұрлым ырықтандырамыз.         Елбасының тағы бір маңызды тапсырмасы - қосылған құн салығы ставкасын төмендету. Ол кәсіпорын үшін салық жүктемесі деңгейін төмендетуге орасан мүмкіндік береді.

Арнайы салық режимдерін қолданудың аясын кеңейту мүмкіндігін  қарастыру да - Елбасының Үкімет алдына қойған аса жауапты тапсырмаларының бірі. Қазіргі уақытта арнайы жеңілдетілген салық режимі аграрлық секторда қолданылып келеді. Ал қазір өзінің өндірген тауарларын жоғары қосылған қүнмен сататын ұйымдар үшін, яғни құнының негізгі үлесі жүктемесін жалақы, амортизациялық аударымдар, сондай - ақ таза кіріс құрайтын өнімдерді сататын ұйымдар үшін жеке салық режимін белгілеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, салық жүйесінің  көптеген мәселелері туралы айтылған. Салықтардың мәселесі еліміздегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Бірақта бұл мәселелерді алдын алу шаралары жүргізіліп, оны болашақта ары қарай жандандыру істері жүргізілуде . Басты мәселелерді атап кететін болсақ, олар - салық салынатын базаның кемуі, экспорттаушы емес эканомиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде. Сонымен бірге, ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне эр түрлі себептер мен субьективті жағдайлар әсер етуі мүмкін, пайда нормасын қайта - қайта қарастырып отыру қажет. Осыларға ұқсас тағы да басқа мәселелер көп. Осы аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет, шикізатты экспортаушыларға қолданылып кеткен үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогресивті табыс салығын қолданған дұрыс болар еді. Сонымен қатар, осындай эр түрлі мәселелерді шешу жолдары көбейіп келе жатыр. Тиісті коэффициент бойынша мүлікке салық түрінде заңды тұлғалардан алатын барлық кірістерді көбейтетін болса, заңды тұлғалардың барлық салынатын мүлкі доллармен есептелгенде өте төмен болады. Бұл да еліміздегі өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты салық жүйесін жандандыру жолы жүргізіліп жатыр.

 

 Осы салық жүйесі туралы тақырыпты қарастыра отырып, көптеген керекті мағұлматтар  алып,   еліміздің  эканомикасымен  танысуға  болады,   Қазақстан

өлемдерін орындалуын жақсарту көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Н.Назарбаев. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы «Білім», 1998 ж., 92 бет.

Умбетаев  «Салық және салық салу», 22 бет

 Ілиясов  Қ. Қ. «Қаржы»  Алматы, 211 бет.

Кәкімжанов З. «Салық жүргізудің мақсаты» Алматы 2005ж., 263 бет.

Әкімбеков С. « Экономикалық теория» «ИздатМаркет», Алматы, 2004ж., 266 бет.

А.А.Аралбаев. Журнал: «Салық жүйесі», 2005ж. 60 бет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы» ереже.

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ғ.С.Сапарғалиев. Алматы «Жеті Жарғы» 1999ж. Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы, 34 бет.

Қазақстан Республикасының  Салық Кодексі. Алматы 2003 жыл.

 Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы  «Жеті жарғы» 2005ж.

 

 

Информация о работе Салық жүйесі