Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)
 

     «Өзгелері»  функционалдық тобы «Кәсіби мемлекет»  басымдығына жатқызылған, өйткені осы топтың шеңберіндегі шығындар әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың арасында бөлінеді және олардың қызметін басқа топтарда ескерілмеген бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналған, бұл түпкі қорытындысында биліктің атқарушы органдары қызметінің кәсіпқойлығына әсер етеді.

     «Борышқа  қызмет көрсету» және «Трансферттер» функционалдық топтары «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі  жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген  экономикалық өсу» басымдығына жатқызылған, өйткені осы топтардың шеңберіндегі шығындар бірінші кезекте ел ішіндегі ресурстардың әділ бөлінуін және мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.

     Осындай бөлуге сәйкес «Қазақстан-2030» стратегиясының басымдықтары бойынша республикалық бюджеттің шығыстарының көлемі кестеде ұсынылған. 

     Қазақстан Республикасы республикалық  бюджеті шығыстарының «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтары бойынша шығыстарының көлемі, млрд теңге 

  2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Кәсіби  мемлекет 148,7 183,8 281,7 405,2
Ұлттық  қауіпсіздік 197,6 245,1 347,6 377,2
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты 499,6 670,1 845,1 1 081,7
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу 241,0 267,0 325,3 629,4
Энергетикалық ресурстар 24,1 29,7 37,8 53,1
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс 90,9 124,5 161,4 236,1
 

     Орта мерзімді кезеңде  жүргізіліп жатқан мемлекеттік шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімді емес шығыстарды қысқарту есебінен оларды түпкі нәтижелерге бағдарлай отырып, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

     2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттің  шығыстары басымдықты тәртіппен:

     - әлеуметтік саланы және адами  капиталға инвестицияларды дамытуға;

     - индустриялық-инновациялық дамытуға  және серпінді жобаларды іске  асыруға;

     - аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесуге;

     - стратегиялық инфрақұрылымды дамытуға;

     - экономикалық өсудің өңірлік  орталықтарын қалыптастыруға бағытталатын  болады.

3.2.1 Әлеуметтік бюджет

Білім беру

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы әрбір азаматқа мемлекеттік мекемелерде  міндетті орта білім алу құқығына және конкурстық негізде мемлекеттік  жоғары оқу орнында тегін жоғары білім алу құқығына кепілдік береді. Алайда, білім беру – бұл әрбір азаматтың жеке басы мен жеке ерекшелігін дамытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігіне де әсер ететін сала. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудан тұрады.

     Мемлекет  осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, білім беруге жыл сайынғы бюджеттік ассигнованиялар бөлуді қамтамасыз етеді.

     Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім берудің әрбір үлгісі және түрі бойынша бір білім алушыға, тәрбиеленушіге есебімен айқындалатын қаржыландыру нормативтерінің негізінде  республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру нормативтерінің мөлшері инфляцияның қарқынына сәйкес  тұрақты түрде индекстеледі және оны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
 

     

 

     15-сурет. 2006-2007 жж. Білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд теңге. 

     2007 жылы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  деректері бойынша мемлекеттің  білім беруге жұмсаған шығыстары  455,8 млрд теңгені құрады, бұл 2006 жылға қарағанда 128 млрд-қа көп.

     Білім беруге арналған мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі 3,6%-ды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға ұлғайды.

     Республикалық бюджет қаражатынан білім беруді қаржыландыру үлесі жыл сайын  артуда және 2007 жылы барлық шығыстардың 27%-ын құрады. Сол уақытта білім беру жүйесін негізгі қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі (білім беруге жұмсалған барлық шығындардың 73%-ы).

     2003 жылдан бастап білім беруді қаржыландыру еліміз бойынша орта есеппен 3,2 есеге ұлғайды. Қаржыландырудың – 4,8 есеге барынша ұлғаюы оқулықтар әзірлеумен және олармен қамтамасыз етуге, ақпараттандыруға, білім беру ұйымдарын әдіснамалық қамтамасыз етуге, мектептен тыс іс-шаралар жүргізуге, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға және басқаларға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға – 4,5 есе жұмсалатын шығындармен сипатталады. Жоғары және орта кәсіптік білім беруге жұмсалатын шығыстар 2003 жылдан бастап 3,7 есе өсті. Орта және бастауыш кәсіптік білім беруді қаржыландыру 2,7 есе ұлғайды.  

     Білім беру деңгейі бойынша  мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымы, млн теңге 

Жылдар 2005 2006 2007
Барлығы 261208 327768 455776
Мектепке  дейінгі тәрбие және оқыту  
9589
 
3,7%
 
12937
 
3,9%
 
20645
 
4,5%
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім  
167624
 
64,1%
 
202915
 
61,9%
 
275367
 
60,4%
Бастауыш  кәсіптік білім  
8789
 
3,4%
 
10119
 
3,1%
 
14236
 
3,1%
Орта  кәсіптік білім  
9124
 
3,5%
 
11050
 
3,4%
 
14957
 
3,3%
Жоғары  және ЖОО-нан кейінгі кәсіптік білім  
33755
 
12,9%
 
48296
 
14,7%
 
61160
 
13,4%
Өзге  де шығыстар  
32327
 
12,4%
 
42451
 
13,0%
 
69411
 
15,3%

       Білім берудің қол жетімділігі

     Мектепке  дейінгі тәрбие және оқыту

     2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту коэффициенті 32,8%-ды құрады және Алматы облысындағы 8,7%-дан Қостанай облысындағы 84,3%-ға дейінгі аралықта өзгеріп отырды.

     Мектепке  дейінгі білім берумен қамту  коэффициенті әлемнің көптеген елдерімен, оның ішінде ТМД елдерімен салыстырғанда әлі де өте төмен болып қалуда.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша жыл ішінде мектеп алдындағы даярлықпен қамту 2007 – 2008 оқу жылында 79%-ды құрап, 2%-ға ұлғайды (10 айдан аз жұмыс істейтіндерді қоса алғанда барлық мектепке дейінгі ұйымдардың мектеп алды топтарына, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердегі мектеп алды сыныптарына баратын балаларды ескергенде). 

     Жалпы орта білім беру

     2007 жылы республика бойынша жалпы  орта білім берудің бастауыш және негізгі басқыштарымен қамту коэффициенттері (түзету ұйымдарында оқитындарсыз) тиісінше 99,6% және 99,9%-ды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға ұлғайды. Жалпы орта білім берумен қамту коэффициенті тұтастай алғанда 2007 жылы 99,4%-ға жетіп, 0,2%-ға өсті.

     Бұл ретте жалпы орта білім берудің  жоғары басқышымен қамту коэффициенті жыл сайын төмендеп отыр (2007 жылы ол 2006 жылғы 84,1%-бен салыстырғанда 81,4%-ды құрады), бұл негізгі орта білім  беру базасында оқитындарды бастауыш және орта кәсіптік білім берумен қамтудың тиісінше ұлғаюымен түсіндіріледі.

      

     Бастауыш  кәсіптік білім беру

     Соңғы жылдары Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласынан басқа Қазақстанның барлық өңірлерінде бастауыш кәсіптік білім беру деңгейіндегі студенттердің санының ұлғаюы, және тиісінше оқушыларды қамту коэффициенті мәнінің артуы байқалады. 2007 – 2008 оқу жылында осы көрсеткіштің мәні 5,5%-ды құрады, бұл өткен оқу жылының көрсеткіші мәнінен 1,3%-ға жоғары.

     Орта  кәсіптік білім беру

     Халықты осы білім беру деңгейімен қамту коэффициентінің Қазақстанның көптеген өңірлері бойынша жыл сайынғы өсуі негізінен ақылы оқыту нысанымен түсіндіріледі. Оқушыларды орта кәсіптік білім берумен қамту коэффициенті республика бойынша 2006 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға ұлғайып, 16,4%-ды құрады. Барынша көп өсім Алматы және Астана қалаларында болды: 31,1 және 27,1%  тиісінше 27,4 және 23,1%-ға қарсы.

     Білім берудің сапасы

     Мемлекеттік білім беру стандарттары

     Жаңа  редакциядағы «Білім беру туралы» Заңға  сәйкес 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі жұмыс заңнамалық қамтамасыз ету алды.

     2002-2003 оқу жылында басталған 12 жылдық  білім беру жүйесін енгізу  жөніндегі эксперимент 7452 оқушыны  қамти отырып, 2-5 сыныптарда жалғастырылды. Эксперименттік мектептердің оқуын ұстауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін оқулықтар (10 атау) мен оқу-әдістемелік кешендер (17 атау) әзірленді.

     Оқу-әдістемелік  қамтамасыз ету

     Бастауыш  кәсіптік білім беру ұйымдарында  бір оқушыға есептегенде оқулықтар  мен ғылыми әдебиеттің саны 2007 жылы 43,8 бірлікті құрады. Республиканың барлық өңірлерінде бір оқушыға есептегендегі әдебиеттің қоры нормаға сәйкес келеді немесе одан асады.

     Орта  кәсіптік білім беру ұйымдарының  кітапханаларындағы оқулықтар мен  ғылыми әдебиеттің саны 2007 жылы республика бойынша басылымдардың 40 бірлігі нормасы кезінде орта есеппен бір оқушыға 39 бірлікті құрады.

     Оқу кабинеттері

     Пәндік  кабинеттерді жарақтандыру жөніндегі  жағдайды жақсарту мақсатында 2007 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жабдықтың толық жиынтығымен 853 физика кабинеті, 353 лингофондық және мультимедиялық кабинет сатып алынды.

     Мектептердің  оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілушілігінің барынша жоғары деңгейі информатика  бойынша – 97,6%, қазақ тілі – 76,1%, ең аз деңгейі – тарих бойынша  – 57,6% байқалады.

     Білім беруді ақпараттандыру

     Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды  енгізу мақсатында Білім және ғылым  министрлігінің деректері бойынша 2007 жылы 5 оқу пәні бойынша республиканың 1000 мектебі интерактивтік тақталармен, проекторлармен, компьютерлермен, физика, химия және биология бойынша ғылыми зертханалық жабдықпен жабдықталған кабинеттермен жарақтандырылды.

     2007 жылы бір компьютерге есептегенде  оқушылардың саны республика  бойынша орта есеппен 1 компьютерге  23 оқушыны құрады. Бұл көрсеткіш  өңірлер бойынша Қарағанды облысындағы 13 оқушыдан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 33-ке дейін құбылады.

     Қазіргі кезде мектептердің 77,4%-ы жаңа үлгідегі компьютерлермен жарақтандырылған, 95,1%-ы, оның ішінде ауылдық мектептердің 79%-ы телефондандырылған. 96,6%-ы, оның ішінде ауылдық мектептердің 93,5%-ы Интернетке қосылған. 

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана