Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     Оқу үдерісін ұйымдастыру  нысандары, оқытудың тілі

     Республикадағы  жалпы білім беретін мектептердің жалпы санының 47,6% – қазақ тілінде  оқытады, 22,9% – орыс тілінде, 26,6% –  қазақ және орыс тілдерінде және  1,1%-ы – басқа тілдерде (ұйғыр, өзбек, тәжік) оқытады.

     2007 жылдан бастап 31 мектепте оқыту  үш тілде (қазақ, орыс және  ағылшын) жүргізіледі.

     Жыл сайын мемлекеттік тілде орта білім (51,1%) және жоғары (46,7%) кәсіптік білім  беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі ұлғайып келеді.

      

     Оқушыларға  қосымша білім  беруді ұйымдастыру

     2007 жылдың ішінде қосымша білім  берумен қамтылған оқушылардың  үлесі 21,5%-ды құрап, 10,5%-ға ұлғайды,  бұл мұндай білім беру нысанының  жоғары қажеттілігі туралы куәландырады. 

     Қандай нәтижелерге қол жеткізілетін болады

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау мен болжау жөнінде  ауқымды жұмыс жүргізуде. Министрлік қызметінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады:

     – сапалы білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету; 

    – экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;

    – балалар мен жастарды дамыту, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;

    – білім беру жүйесі мен ғылымды басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру.

     Сапалы  білім беруге қол  жетімділікті қамтамасыз ету

     Осы стратегиялық бағыттағы маңызды  мақсат мектепке дейінгі білім беруге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. 2008 жылы білім беру ұйымдарында балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту 32,8%-ды құрады. 2009, 2010 және 2011 жылдары бұл цифрларды тиісінше 39,4%, 43,3% және 47,6%-ға ұлғайту жоспарлануда. Балаларды білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындықпен қамтуға келетін болсақ, 2008 жылы бұл индикатор 78%-ды құрады, 2011 жылға қарай 100% деңгейге жету жоспарланып отыр.

       Интерактивтік жабдықты пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны 2008 жылы 721-ді құрады, 2009 жылы 1721, 2010 жылы – 2721, 2011 жылы – 3318 күтілуде.

     Білім берудегі жалпы әлемдік үрдістерді ескергенде, білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру маңызды міндеттер болып табылады. Мәселен, 12 жылдық білім беру технологиясы бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогикалық кадрлардың педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2008 жылы 50% деңгейінде болжануда, 2011 жылға қарай 100% деңгейге қол жеткізу жоспарланып отыр.

     Қосымша білім беру қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету  жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мектеп оқушыларының жалпы санындағы қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесін 2009 жылы 22,4%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. 2008 жылы бұл мән 21,9%-ды құрады.

     Түзету  ұйымдарында, балалар бақшаларының арнайы топтарында және жалпы білім  беретін мектептердің арнайы сыныптарында білім берудің арнайы оқу бағдарламаларымен  қамтылған балалардың 2008 жылы анықталғандардан үлесі 27%-ды құрады, 2009 жылы бұл көрсеткішті 30%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

     Экономика салаларының білікті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін маңызды фактор болып  табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейін  бірінші жылы алған мамандығы бойынша  еңбекке орналасқан бітірушілердің үлесі 2008 жылы 70%-ға жетеді деп күтілуде, ал одан әрі бұл көрсеткішті 2011 жылы 85% деңгейіне жеткізу үшін жылына 5%-ға ұлғайту жоспарлануда.

     Техникалық  және кәсіптік білім берудің қол  жетімділігін кеңейту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру тұтастай білім беру жүйесін дамыту үшін маңызды міндеттер болып табылады. Мәселен, біліктілікті арттыру мен қайта даярлықтан өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженерлік-педагогикалық кадрларының үлесі 2008 жылы 5,2%-ды құрады, 2009 жылы бұл көрсеткішті 7,8%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

     Қазақстанның  ішкі еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілігі жоғары кәсіптік және ғылыми кадрларды даярлау  оның жетістігіне елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігі тәуелді болатын маңызды мақсат болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары ЖОО-нын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша еңбекке орналасқан түлектердің үлесі 2011 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша ЖОО бітірген түлектердің жалпы санының 70%-ын құрайды.

     Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі жоғары және ЖОО-дан кейінгі біліммен қамтуды ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде  бакалавриат бағдарламалары бойынша  оқуға қабылданған студенттердің саны 2010 жылы 3,4%-ға, ал 2011 жылы – тағы да 3,3%-ға ұлғаяды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде  магистратура бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған оқушылардың саны 2010 жылы 57%-ға, ал 2011 жылы – тағы да 18%-ға ұлғаяды.

     Экономиканың  базалық салалары мен әлеуметтік саланы ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Қазақстанның білім  беру жүйесін табысты дамыту үшін ажырамас шарт болып табылады.

     Елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін талап етілетін білімдерді алуды, генерациялауды және беруді қамтамасыз ететін ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен теңгерімділігін «Инновациялық даму» көрсеткіштері жөніндегі Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бағалайды. Қазақстан өз позицияларын ұлғайтуды және 2009 жылға қарай 75-ші орынға дейін, 2010 жылға қарай 73-ші орынға дейін, 2011 жылға қарай 72-ші орынға дейін көтерілуді жоспарлап отыр.

     Шетелдік  ғалымдарды тарту Қазақстандағы  білім беруді инновациялық дамытуға ықпал етеді. Тартылатын шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың жоспарланып отырған саны 2009 жылға қарай – 50 адам, 2010 жылға қарай – 55 адам, 2011 жылға қарай – 60 адам болады.

     Жастарды  мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету  мемлекетті дамыту үшін қажет. Жастар ұйымдарын қолдау мен дамытудың ресурстық орталықтарының желісі кеңейтілетін болады, 2009 жылға қарай олардың санын 12-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

     Білім беру мен ғылым жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру  елдің халықаралық  аренадағы бәсекеге қабілеттілігіне  әсер етеді. Білім беру ұйымдарындағы менеджменттің сапасын арттыру көрсеткіші осы кәсіпорындардың қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру болып табылады. Мәселен, аттестациядан өткен білім беру ұйымдары басшыларының үлесі жыл сайын 2011 жылға дейін 20%-ға арттырылуға тиіс. Және тәуелсіз тестілеу мен аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің үлесі де жыл сайын 20%-ға арттырылуға тиіс. Бұл ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету олардың тиімді жұмыс істеуі үшін аса маңызды фактор болып табылады. 2011 жылға қарай білім беруге жұмсалатын шығыстарды ЖІӨ-нің 6%-ына дейін ұлғайту жоспарлануда. 2008 жылы бұл көрсеткіш 3,6%-ды құрады. Сондай-ақ 2011 жылға қарай ғылымға жұмсалатын шығыстар үлесін ұлғайту жоспарында ЖІӨ-нің 2,5%-ына дейін ұлғайту бар. 

Денсаулық сақтау

     Қазақстан Республикасының Конституциясы  азаматтарға заңда белгіленген  көлемде тегін медициналық көмек  алу құқығына кепілдік береді. Республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты «Қазақстан-2030» стратегиясының аса маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде бөлінеді. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет, медициналық сақтандыру қаражаты, ақылы негізде медициналық қызметтер көрсеткені үшін алған қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

     2001 жылы республикада міндетті сақтандыру  жүйесі таратылғаннан кейін іс  жүзінде қаржыландырудың үш көзі  қалды: мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет және мемлекеттік қызметтерді алушының төлеуге қатысуы.

     90-шы  жылдардың және одан кейінгі  бір қатар жылдар бойына денсаулық  сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз  ету едәуір төменгі деңгейде  болды. Оның себептері: КСРО  бюджетінен қаржылық қолдаудың тоқтатылуы, инфляцияның жоғарғы қарқыны, салықтар жинаудың тиімді емес жүйесі және басқа да факторлар болды. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға бөлінген қаражаттың барынша аз көлемі 2002 жылы тіркелді: шығыстар Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің бар-жоғы 1,93% пайызын құрады. 2005 жылға қарай қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 2,4%-ын құрады, және бұл да шегі емес: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көлемін ЖІӨ-нің 4%-ға дейін біртіндеп арттыруды көздейді.

     

     16-сурет. Республикалық бюджет пен ҚР облыстарының шоғырландырылған бюджеттерінің денсаулық сақтауға арналған жиынтық мемлекеттік шығыстарындағы қатынасы (2008 ж. 1 қазандағы деректер)

     Суреттен  көрініп тұрғанындай, денсаулық  сақтауға жұмсалатын негізгі шығыстар 2008 жылы облыстардың шоғырландырылған бюджеттеріне келеді. Республикалық  бюджет шығыстарының  2008 жылы денсаулық  сақтауға арналған үлесі 26,1%-ды құрайды.

     Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы функцияларының ауқымды бөлігін мемлекеттік  денсаулық сақтау басқармасының  жергілікті органдары алады. Олардың  құзыретіне «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету үшін дәрілік  заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік медицина ұйымдарын қажетті жабдықпен жарақтандыру кіреді.

     2005 жылдан бастап Қазақстанда Денсаулық  сақтау жүйесін реформалау мен  дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  жүзеге асырылуда. 2008 жылдың бірінші  жартыжылдығы ішінде осы бағдарламаны  іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. 2008 жылғы қаңтарда Үкімет ауылдық және қалалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруға 1561,3 млн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлді. Жергілікті атқарушы органдар  жылдық қаржыландыру жоспарының 55,9%-ын игерді. Бастапқы көмек ұйымдары  510 бірліктен астам медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізуге шарттар жасасты.

     2008 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдікті шарттарда дәрілік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау жалғасуда. Осы мақсаттарға жергілікті бюджет қаражатынан 1424,9 млн теңге бөлінді, жыл басынан бастап 591,7 млн теңге сомасына шарттар жасалынды, бұл жылдық қаржыландыру жоспарының 41,5%-ын құрайды. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде жеңілдік шарттарында дәрілік заттармен 229,6 мың адам қамтамасыз етілді, яғни бұл болжанатын аурулар санының 59,1%-ы.

     Жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін санитарлық автокөлікпен одан әрі қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 2008 жылы 588,4 млн теңге көзделді, бұл жылдық қаржыландыру жоспарының 34,5%-ын құрайды.

     2005-2007 жылдары Денсаулық  сақтау жүйесін  реформалау мен  дамытудың мемлекеттік  бағдарламасын қаржыландыру, млн теңге

Бюджет 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж.
Республикалық бюджет 32 065,5 53278,4 54966,0
Жергілікті бюджет 10 116,4 11471,3 13653,1
Барлығы 42 181,9 64749,7 68619,1
 

     Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен ауылдық денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жөндеу жүргізілуде. 2008 жылға 3,3 млрд теңге сомасына 342 ауылдық денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу жүргізілуде.

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана