Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     Егер  Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті  қаржы жылының бірінші тоқсанына  арналған республикалық қаржы жоспары  туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы  заңды бекіткенге дейін  қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

     Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына  арналған республикалық қаржы жоспары  ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей  кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

     Қаржы жоспары бекітілген жағдайда  осы  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

     Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

     Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына  сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

     Облыстық  бюджеттің, республикалық маңызы бар  қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы  тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

     Облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық  бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.

     Егер  мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

     Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына  арналған жергілікті қаржы жоспары  республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей  кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

     Қосымшаларымен  және жергілікті атқарушы органдардың  кезекті қаржы жылының бірінші  тоқсанына арналған жергілікті қаржы  жоспары туралы шешімімен бірге  жергілікті бюджет туралы мәслихаттың  шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
 
 
 

3-тарау.  Республикалық бюджеттің құрылымы

3.1 Бюджеттің кірістері

     Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері  әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған  бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.

     Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе  қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің  арасындағы бітімгершілік болып табылады.

     Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін  өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік  шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

     ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың  басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.

     Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі  көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады. 

             

     

     7-сурет. Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ, 2008 жыл 

     Бюджеттік үдерісті көрсететін тағы бір маңызды  экономикалық көрсеткіш елдің экономикасына  фискальдық жүктеме болып табылады. Экономикаға іс жүзіндегі  салық  жүктемесі деп мемлекеттің пайдасына елдің ЖІӨ-сіне шынайы түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын  пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты жүргізе алмайтындығы туралы айтады.

     Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі бюджетінің кірістері Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2006 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы куәландырады. 
 

     

 

     8-сурет. Кеңейтілген үкімет бюджетінің кірістері, ЖІӨ-нің %-ы, 2006 жыл 

     Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай, талдамалық құрал  ретінде салыстырмалы түрде жақында  енгізілді, сондықтан оның мысалында  бюджеттің кірістері өзгерістерінің серпінін қадағалау біршама қиын. Соған қарамастан неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз 2006 – 2007 жыл ішіндегі түсімдер мөлшерінің өзгеруі мен шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы деректер келтірейік.

     2006 жылдан бастап шоғырландырылған  бюджеттің кірістері елеулі түрде ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

     

 

     9-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің кірістері 

     Егер  шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы айтар болсақ, онда жергілікті бюджет рөлінің біршама күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды) және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды) атап өту қажет. 

     

     10-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы 

     Бюджетке  түсетін қаражат түсімдеріне  қатысты мемлекеттік және республикалық  бюджеттер жөніндегі деректер неғұрлым көрнекі болып табылады. Жыл өткен сайын бюджет кірістерінің тұрақты өсімі байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2 338,0 млрд теңгеден 2 887,8 млрд теңгеге дейін өсті. Егер ЖІӨ-ге қатысты кірістерді қарастыратын болсақ, онда мынадай серпінді байқауға болады: 2004 жылдан бастап елеулі өсім болды – көрсеткіш 5,7%-ға өсті; 2005 жылдан бастап көрсеткіш төмендей бастайды, әйтсе де 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс елеулі емес және бар-жоғы  0,3% пайызды құрайды. 
 

     

     11-сурет. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 

     Республикалық бюджетке келетін болсақ, оның түсімдерінің серпіні жалпы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджеттің серпінін қайталайды: кірістердің тұрақты  өсуі байқалады, атап айтқанда, 2006 жылғы 1 847,2 млрд теңгеден 2007 жылы 2 221,5 млрд теңгеге дейін. ЖІӨ-дегі кірістердің үлесі де 2005 жылдан бастап төмендейді, бірақ 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс бар-жоғы 0,8%-ды құрайды. 

     

     12-сурет. Республикалық бюджеттің кірістері 
 

     Көздер  бойынша бюджеттің  құрылымы 

     

 

     13-сурет. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы 

     2007 жылы мемлекеттік бюджеттің жиынтық  кірісі 2 887,8 млрд теңгені құрады, оның 80%-дан астамы (2 356 млрд теңге) салық түсімдеріне келеді.

     Түсімдердің ең көп үлесі (34%) корпоративтік салықтан (758,3 млрд теңге) тұратын табыс салығына келеді – бұл ұйымдардың, және жеке (221 млрд теңге) кірістері – жеке тұлғалардың пайдасы.

     Түсімдердің көлемі (29%) бойынша екінші орынды тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар алады. Оның ішінде барынша көп кірісті қосылған құн салығы (629,3 млрд теңге), акциздер (58,8 млрд) және табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер (132,2 млрд теңге) алады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бұл кәсіпорынның (фирманың) ол өндіретін тауардың немесе қызметтің нарықтық құндылығына қосқан үлесіне салынатын салық. Қазақстанда ҚҚС-тан түсетін кірістің ауқымды бөлігін  республиканың аумағына импортталатын тауарлардан алынатын салық құрайды. Акциз – елдің ішінде негізінен жаппай тұтынатын заттарға (темекі, шарап және т.б.) белгіленетін жанама салық түрлерінің бірі. Олардың ішінде республика бюджетіне барынша көп кірісті алкоголдік ішімдіктерге, темекіге және бензинге қойылатын акциздер әкеледі.  Ресурстарды пайдаланғаны үшін алынатын түсімдердің ішінде барынша ауқымды үлесті қоршаған ортаға  эмиссия үшін төлем әкеледі.

     Пайдалылығы жөнінен үшінші орында әлеуметтік салық (барлық түсімдердің 10%-ы), ол 295,7 млрд теңге  пайда әкеледі. Оған азаматтардың (заңды тұлғалардың де, жеке тұлғалардың да) мүлкіне салынатын салықтар, көлік құралдарына салынатын салықтар, жер салығы кіреді.

     Төртінші  орында жергілікті бюджеттерден және Қазақстанның Ұлттық қорынан трансферттер есебінен алынған кірістер. Олар 258 млрд теңгені құрайды.

     Тағы 6%-ды салықтық емес түсімдер әкеледі. Олар мемлекеттік меншіктің кірістерін (63,9 млрд теңге), айыппұлдардан, өсімпұлдардан, алымдардан (11, 5 млрд теңге) түсетін  кірістерді және басқа да кірістерді қамтиды.

     Қалған 9% халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға, мемлекеттік бажға салынатын салықтарға, консулдық алымға және басқаларға келеді. 

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана