Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа
Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.
Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................
68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104
Алтыншы басымдықта белгіленген міндеттерге сәйкес елде Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы мен телекоммуникациялары саласының арнайы бағдарламасы қабылданды және жүзеге асырылуда.
Қазақстан Еуразияның ірі және қазіргі заманға сай жарақталған құбыржолдық, теміржолдық, автомобильдік, теңіз және әуе көлігі торабына айналуға тиіс. Елде телекоммуникациялық саланың дамуымен барлық елді мекендер бірте-бірте байланыс қызметтеріне қол жетімділікпен қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ Интернетті пайдаланушылардың саны ұлғаяды.
Кәсіби мемлекетті қалыптастыру – ұлттық Даму стратегиясының жетінші ұзақ мерзімді басымдығы.
Олардың
негізінде Үкімет пен жергілікті
билік түпкілікті қалыптастырылатын
стратегияның жеті негізгі қағидаттары
мынадай бірнеше барынша
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынан бастап Қазақстан терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті. Осы жылдардың ішінде мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру жүргізілді, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құрылды, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан кодексі қабылданды. Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекеттік органдардың басқару тәжірибесіне жауапты хатшылар институты енгізілді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі бәсекелік ортаға берілді. Соңғы конституциялық өзгерістерге сәйкес жергілікті жерлердегі билік күшейтілді, мәслихаттарға жергілікті өзін өзі басқару өкілеттіктері берілді.
Қазіргі кезде ел Үкіметі әкімшілік реформаны жалғастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.
«Қазақстан-2030» Даму стратегиясына енгізілген ұзақ мерзімді басымдықтар елдің ішінде және одан тысқары жерлердегі жағдайға байланысты жыл сайын нақтыланады және Президент өзінің Қазақстан халқына жолдауларында оларды атап өтеді. Мәселен, әлемдік конъюнктураның нашарлауы жағдайында экономиканың тұрақты өсуін сақтау қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына 2008 жылғы Жолдауында айтылды. Атауынан көрініп тұрғанындай, қандай да бір күрделі жағдай қалыптасса да Үкімет үшін әлеуметтік мәселелер бірінші кезектегі мәселе болып табылады және ол бойынша шығыстар қысқартылмайтын болады.
2009
жыл «Қазақстан-2030» Даму
Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.
Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.
Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.
Салықтар – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.
Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.
Диаграммадан
көрініп тұрғанындай (3-сурет), Қазақстан
Республикасының бюджеті
3-сурет.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджетіне
түсетін салық түсімдерінің
құрылымы
Экономиканың циклдық өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:
- тұрақты экономикалық өсуді;
-
ресурстардың толық бос
-
бағаның тұрақты деңгейін
Фискальдық саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары жиынтық сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.
Бюджеттік
саясаттың құралдары болып
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін шешу мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:
1.
Салық-бюджет жүйесінің
2.
Экономикаға салық жүктемесін
оңтайландыруға, салық рәсімдерін
оңайлату мен олардың
3.
Бюджет қаражатын мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық
Қойылған міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.
Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуді, үш жылдық бюджетке көшуді көздейді. Стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлесімдендіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттейді.
Мемлекеттік
органдардың қызметін мемлекеттік
саясаттың басымдықтарына сәйкес бюджет
қаражатын формальды түрде
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі «салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын басты тиімділік – бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.
Ел экономикасындағы бәсекелік ортаны дамыту мақсатында жаңа Салық кодексі Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың ауқымды бөлігінің күшін жоюды көздейді.
Жаңа Салық кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) – 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнес үшін аванстық төлемдер төлеудің күшін жою, шығындарды ауыстыру мерзімдерін 3-тен 10 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы прогрессивтік шаралар бизнес жүргізудің жағдайларын жақсартуға және өндіріске инвестициялардың ұлғаюына өз үлесін енгізуге тиіс.
Сонымен бірге салық ауыртпалығын осылай елеулі түрде төмендету мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға теріс әсер етпеуге тиіс. Сондықтан Үкімет бюджетінің шығындарын өтеу өндіруші секторға салық жүктемесін ұлғайту есебінен болады.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес барлық салықтық құқық қатынастары тек заңмен реттелуге тиіс, бұл атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттары салықтық бөлігінің тұрақтылығына қатысты. Жер қойынауын пайдаланушылардың арнайы салықтарының жүйесін өзгерту де көзделеді. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстырылатын болады. ПҚӨС-ті есептеу, өте маңыздысы, әлемдік бағалар бойынша есептелген өндірілетін пайдалы қазбалар көлемінің құнынан жүргізіледі. Бұдан басқа, мұнай компаниялары шамадан тыс пайда салығы деп аталатын салықты төлейтін болады.
Патенттің негізінде және оңайлатылған декларацияның негізіндегі шағын бизнес үшін арнайы салық режимдері бұрынғы күйінде сақталатын болады. Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталатын болады. Салық есептілігін оңтайландыру, оны ұсыну жиілігін қысқарту, салықтық бақылаудың тиімді құралы ретіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі тұтас бірқатар бастамалар көзделеді.
Бюджеттік-салықтық реттеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу мәселелері іс жүзінде кез келген ел үшін өткір пікірталастардың дәстүрлі нысанасы болып табылады. Салық салудың жалпы деңгейін төмендету мен салық базасын кеңейтуді ынталандыру барынша тиімді және перспективалық шара деп саналады. Алайда халық арасында танымал осы шара үкімет тарапынан әрқашан түсіністік пен қолдау таба бермейді. Оны қабылдау, әдетте, мемлекеттік шығыстарды кейбір қысқартуларды білдіреді, оны қазіргі жағдайларда жүзеге асыру қиын, өйткені үкіметтерде әлеуметтік міндеттемелер жүгі жатады.
Баламалы жол – экономикаға өсімнің жаңа импульстерін беруге қабілетті жоғары технологиялы серпінді инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағыттау қажет болатын бақылаудағы ақша эмиссиясының есебінен мемлекеттік шығыстарды ұлғайту. Ең ақырында, мемлекеттік шығыстардың өзгеріссіз деңгейі жағдайында салықтық ауыртпалықтың өсуі теория жүзінде тағы бір тәсіл бола алады, алайда бұл жағдайда экономиканың нығыздаудан жалтарып кететін бөлігі ғана тіршілік етуге қабілетті болып қалады. Бюджет болса салық салудың неғұрлым төменгі және қолайлы деңгейі кезінде жиналатындарға қарағанда салық түрінде аздау шаманы алады.