Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 19:36, доклад
адамдардың экономикалық мүддесі
Экономикалық социология зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі категориялар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды социологиялық сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей, кез келген ғылымды пән ретінде анықтау көп жағдайда табысты бола бермейді, ол оның проблемалық ауқымын кеңейтеді немесе бұрмалай түседі. Экономикалық социологияны пән ретінде қарастыра отырып, біз бұл ғылыми бағыттың тұрғылары мен қызметтері жөніндегі түсініктердің алуан түрлілігіне негізделетін боламыз.
Көптеген зерттеушілер Ю.В. Веселов көрсеткен экономикалық социологияның объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық социология экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады” [2]. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі социологияға келіп тірелетін екі негізгі тұрғы қалыптасқан.
Бірінші тұрғы экономикалық социология, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макросоциологиялық талдауға жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде социология пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.
Осыған орай Т.И. Заславская және Р.В. Рывкина экономикалық социологияға “қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты - экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді [3]. Әлеуметтік саланы олар қоғамдағы топтардың жағдайының әр текті болуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік қатынастарының саласы деп түсіндіреді.
Олар функционалистік дәстүр рухында экономикалық социология объектісінің “өзегі” деп “экономиканы дамытудың әлеуметтік механизмі” категориясын ұсынады. Бұл ұғымның астарында “әлеуметтік топтардың экономикалық жүріс-тұрысының тұрақты жүйесі, сонымен қатар осы топтардың бір-бірімен және мемлекетпен материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өндіру, бөліп беру, айырбастау мен тұтыну бойынша өзара әрекеттесуі” түсіндіріледі. Бұл тұрғыны Г.Н. Соколова да қолдайды [4]. Ол экономикалық социология, экономикалық процестердің өрбуінің сипатына тәуелді болатын табиғатты, өзіндік ерекшелігі бар мүмкіндіктер мен әлеуметтік механизмдерді өзінің пәні ретін де қарастырады деп жазды.
Екінші тұрғы зерттеудің алғашқы тармағы “экономикалық жүріс-тұрыс” категориясы деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет социологиясы мен түсіндірмелі социологиясынан барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В. Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: “Экономикалық социология экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің формасы ретінде зерттеп біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді” [5].
Экономикалық социология экономикалық іс-әрекетті зерттейтін ғылым деген көзқарасты В.И. Верховин мен А.И. Кравченко да қолдайды [[6]]. Оны микросоциологиялық тұрғыға жатқызуға болады, өйткені бүл жерде топтар, индвидтер әрекетінің және экономикалық мүдделердің көп бейнеде көріну формалары қарастырылған. Мәселен, В.И. Верховин экономикалық жүріс-тұрысты социологиялық зерттеу пәнінің бөлінуінің бастапқы тармағы деп анықтап, экономикалық жүріс-тұрыстың нақтылы үлгілерін саралайды: жұмыс күші нарығындағы “ізденіс”; инвестициялық әрекет: қор нарығы жүйесіндегі “рефлексивті” әрекет; дерективті экономикадағы жоспарлаушының әрекеті [[7]]. Ол зерттеу пәніне экономикалық әрекеттің субъективті жақтарын (тұлғалық, топтық, институтуционалды, бұқаралық жүріс-тұрыстың ерекшеліктері) қоса қарастыру аса маңызды дейді.
А.И. Кравченко экономикалық социология - ол қоғам өмірінің түрлі салаларының (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің формаларын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруді, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т.б.) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етудің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді [[8]].
Экономикалық социологияның пәндік саласын түсіну үшін бөліп қарастырылған екі тұрғылар арасындағы айырмашылық шартты болып табылады, олардың екеуі үшін де экономикалық процестердің әлеуметтік реттеуштерін анықтау және экономикалық факторлардың әлеуметтік процестер мен адамдардың жүріс-тұрысына әсерін анықтау өте маңызды.
Экономика саласында социологиялық зерттеудің негізгі салалары төмендегідей:
- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;
- қоғамның экономикалық және кәсіби стратификация мен мобильділік, экономикалық теңсіздік, кедейшілік және байлық проблемалары;
- әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы;
- адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальді емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;
- экономикалық сана мен
ойдың дамуы (құндылықтар,
- экономикалық ұйымдардың құрылымы;
- кәсіпкерлік және бизнес формасының социологиясы;
- өндірістің, бөліп берудің, айырбас пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-экономикалық механизмдері.
Экономикалық социологияның негізгі міндеті - экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін индивидтер мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан социологиялық түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.
Экономикалық социология бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады; нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, діл (менталитет) пен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.
Экономикалық-әлеуметтік білімнің
алғашқы элементтері қайта
ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық” кезеңі басталды [9].
Огюст Конт (1798 - 1857) - француз социологы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп білуді ескере отырып “социология” ұғымын енгізді.
О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалады шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт ұстану.
Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. Оның теориясы бойынша өндіруші мен ойлап табушының түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.
Карл Маркс (1818 - 1883) - неміс социологы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.
Маркс көтерген ең танымал
тақырып “жатсыну” болып
Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын социологы және экономисі, өз еңбектерінде әлеуметтік даму және әлеуметтік эволюция мәселелеріне баса назар аударды. Ол “әскери” және “өндірістік” қоғамның полярлық қарама-қайшылық үлгісін жасай отырып, қазіргі қоғамға дәстүрлі қоғамды қарама-қарсы қояды. Спенсер жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін ашты. Олар - дамудың, қиратудың және реттеудің шешуші фокторлары болып саналатын әлеуметтік күрес пен бәсекелестік. Міне осылар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Жеңіске жеткендер меншік иелерінің тобын құрады, ал жеңіліс тапқандар - жалданбалы жұмысшылар т.б. қалыптастырады; жеңілгендердің ерте ме кеш пе абырой сезімі оянады және оның салдарының бірнеше нұсқасы болады.
Фердинантд Теннис (1865 - 1936) - неміс социологы және тарихшысы. Ол жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін сипаттап берді. Теннис Gesellschaft (қазіргі қоғам) пен Gemeіnschaft-ты (дәстүрлі қоғам) бір-біріне қарсы қояды. Қазіргі қоғамда адамдар өзінің жеке қасиеттерін, ұқсастығын жоғалтып, құпиялы жалданушылар, жұмысшылар, сайлаушылар, тұтынушылар мен көрермендер, т.с.с. механикалық түрде біріге отырып, сахнаға шығады. Оған - үлкен нарықтары, аудиториясы, тыңдарман қауымы, электораты, ұлттық ұйымдары бар қазіргі қоғамның көлемі кінәлі. Мұндай жағдайда тұлғааралық байланыстар бүркемеленеді. Бұл жағдай өмір сапасының нашарлануына, бюрократия мен үкіметтің жекеленуіне алып келіп, тоталитарлық режимнің пайда болу қаупін тудырады.
Э.Дюркгейм (1858 - 1917). Ол “аномия” ұғымын енгізе отырып, адамдар - олар өз мүдделері үшін күресіп таласуға дайын тұратын өзімшілдер деп санады. Олар тек мәдени ережелер, нормалар мен құндылықтар арқылы байланысқа түскен жағдайда ғана “бәрінің барлығына қарсы соғысынан” құтылып, үйлесімді әлеуметтік өмір сүруге қол жеткізе алады. Қандай да бір тарихи жағдайларда мәдени ережелер өзінің реттеуші күшін жоғалтады. Сол кезде аномия жағдайы туады, қоғамды ұйымдаспағандық пен астан-кестеңдік жайлап алады. Адамдар өздерін түп-тамырларынан үзіліп қалғандай сезініп, өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайды. Дюркгейм, қазіргі қоғам аномиялық жағдайдың туындауына ықпал етеді деп есептеген.
Дюркгейм қандай да бір әлеуметтік фактілердің себептерін басқа бір әлеуметтік фактілерден іздеуге шақырып, психологизмнен бас тартады. Оның көрсеткен кестесінде адамның жүріс-тұрысы шын мәнінде пайдакүнемдік сипатынан айырылады. Алайда, сонымен бірге, адамның өзі индивид ретінде әлеуметтік қызметпен алмастырылады [11].
Көптеген социологтар секілді, ол да әлеуметтік-экономикалық прогресте шешуші рөлді жеке меншік, бәсекелестік пен еркін кәсіпкерлік емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірлігі, әлеуметтік қатынастар мәдениеті, еңбектің микро-макро деген деңгейдегі әлеуметтік ұйымдасқандығы атқарады деп санаған.
Макс Вебер (1864 - 1920) - неміс социологы, ХІХ - ХХ ғасырлардағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол қазіргі қоғамды саралай отырып “дәстүрлі” және “капиталистік” қоғамды бір-біріне қарсы қояды. Олардың айырмашылығы мына өлшемдер бойынша көрінеді: жеке меншік формасы, технологияның басым түрі, жұмыс күшінің нарығы, экономикалық бөліп берудің әдістері, заңдар табиғаты, кең таралған дәлелдемелер. Вебердің сөздері бойынша, капитализм дегеніміз “пайда соңынан ылғи қуалап жүру” және “бос жұмыс күштер нарығын дұрыс ұйымдастуру” [12].
Вебер ерекше ментальдыққа - “этосқа” ие болатын кәсіпкерлер мен жұмысшылардың ерекше табы болады деп санайды. “Этос” немесе “капитализм рухы” табыс себебін, аскеттілік, парыз сезімін қамтиды. Этостың қайнар көзі протестантизм болып табылады.