Экономикалық адам түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 19:36, доклад

Описание

адамдардың экономикалық мүддесі

Работа состоит из  1 файл

экон.әлеу.docx

— 96.67 Кб (Скачать документ)

Осындай жағдайларда қазақстандық еңбек нарығындағы ахуал былайша  сипатталады:

- жұмыссыздық деңгейі жоғары;

- формальді жұмыспен қамту  саласынан жұмысшыларды босату  процесі, жұмыссыздардың еңбекке  орналасу деңгейінің төмендеуі;

- еңбек нарығының сигменттенуі (еңбек нарығының жынысы, жасы, кәсібі бойынша жіктелуі);

- құрылымдық жұмыссыздық  ауқымының күшейе түсуі (жекелеген  жаңа мамандықтарға сұраныстың  жоғарылауы жағдайында кейбір салаларда істеушілердің бірден қысқаруы).

Жалпы 1996 жыл  мен 2001 жыл аралығында жалдану бойынша  жұмыс істеушілердің санының  азаюы (4,7 млн адамнан 3,9 млн. адамға дейін), өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендердің көбеюі (тиісінше 1,8 млн және 2,8 млн адам) байқалды. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 70 пайыз құрады. Босатылған жұмысшылардың көпшілігі “жұмыссыздар әскерін” құрады немесе формальді емес секторда уақытша жұмыс табады. 2001 жылы жұмыссыздықтың жалпы саны, өз бетімен жұмыс іздеушілермен халықты жұмыспен қамту органдарына тіркелгендерді есепке алғанда 780,3 мың адам құрады. Жалпы жұмыссыздық саны (жұмыссыздар санын экономикалық белсенді халық санына алғанда) 10,4 пайыз болған.

Жұмыссыздық аса маңызды  мәселе, неге десеңіз, жұмыстың болмауы  азаматтарды және олардың отбасы мүшелерін еңбек табысынан айырады, әл-ауқаты мен тұтыну деңгейінің төмендеуіне  алып келеді. Социологтар атап кеткендей, жұмыссыздар депрессияға ұшырап, одан зиян шегеді, жоғары көлемде ішімдік пен темекіні пайдалануымен ерекшеленеді, оларда жұмыс қабілеті төмендейді. Жұмыссыздық мәртебесі созылу деңгейіне қарай жеке адам үшін үлкен мәнге ие бола бастайды, қалыптасқан құндылықтар иерархиясына ауысып кетуге пәрменді және еңбек бағыттылығы мен еңбектің дәлелденуіне әсер етеді. Сәтсіздік үрейді туғызады, ол алға ұмтылу себептерін ұмыттырып өзін-өзі қорғау, қашу себептерінің басым болуына алып келуі мүмкін.

Сонымен қоса жұмыссыздардың әлеуметтік байланыстарының жиілігі  төмендейді, олардың әлеуметтік ортасы зардап шегеді - кейбір жұмыссыздар отбасында балалар денсаулығының нашарлауы байқалады. Жұмыссыздардың тікелей әлеуметтік ортасына дерлік тек қана отбасы мен жақын туыстары (жақын адамдардың орташа саны 5-11 адам), туыс емес жақын адамдар (достар, көршілер, қызметтестер, көңілдестер) айналады. Бұл екі топ өкілдерінің психологиялық мәні тиісінше 10:1 жақын болады.

Мұндай жағдайларда жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты үлкен маңызға ие бола бастайды.

Жұмыспен  қамтудың пассивті саясаты мемлекеттің еңбек нарығындағы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жағдайына жауапты екенін меңзейді. Ол мемлекеттік патернализм принципінде қалыптасады.

Мемлекет еңбек нарығының  барлық қатысушыларына белгілі бір кепілдіктер береді. Жұмысшыларға жұмыс орнының сақталуына, жалақы мен жәрдемақылардың төленуіне, әлеуметтік сақтандаруға, зейнетақыға т.б. кепілдік беріледі. Жұмыс берушілерге - жоспарланып шығарылған өнімнің көлеміне сұранысқа, материалдар мен шикізат беруге, тұрақты бағалар мен мақсатты қаржыландыруға кепілдік беріледі. Мұндай кепілдік беру қарсы агенттерге кез келген нарықтық қиыншылықтарда өзін барлық уақытта әлеуметтік қорғалғандығын сезінуге мүмкіндік береді. Алайда мемлекет тарапынан қойылатын қатаң түрдегі қаржылық шеңбер мен бастаманың стимулдары еңбекті қолданудың ең тиімді салаларын іздеуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға, ішкі өзін-өзі қамтамасыз ету резервтерін анықтауға шектеу қояды, яғни әлеуметтік-еңбек қатынастарының енжарлығын қалыптастырады.

Пассивті жұмыспен қамту  саясатының шаралары: жұмыс іздеушілерді тіркеуге алу, жұмыссыздық бойынша  жәрдемақы көлемін анықтау, жұмыссыздық  бойынша жәрдемақы беру жүйесін  ұйымдастыру: демалыс жәрдемақылары; жұмыссыздық бойынша сақтандыру; мерзімнен бұрын зейнетке шығу; жұмыссыздар мен олардың отбасына қолдау көрсетудің ақшалай емес формаларын іске асыру т.б.

Жұмыспен  қамтутың белсенді саясаты - ол жұмыссыздарды белсенді жұмысқа тезірек қайта оралуына мақсат ұстанған іс-шаралар кешені және олар мыналарды қамтиды: жұмысқа орналасуда көмек беру, кәсіби қайта даярлануына қол ұшын беру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту, кәсіби кеңес беру т.б.

Ол адамның жұмыс орны үшін күресте, бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатуға мақсат алған адамның белсенділігін қолдайды және онымен қоса бұл жерде мемлекет оған жұмыспен қамтылуы үшін мүмкіндік беруші екі ортадағы делдал ретінде ғана түсіндіріледі. Мұндай саясат адамның, мемлекеттердің табыстарды қолдауынан тәуелділігін қысқартады, мемлекеттік бюджет шығындарын азайтады және солай болғандықтан еңбек өнімділігінің жоғарылауына, экономиканы құрылымдық қайта құруға және әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне ықпал етеді.

Әдетте жұмыспен қамтутың белсенді саясаты айрықша топтар үшін жасалынады: жұмыспен қамту жүйесінде  шектеулі түрде қатысу деңгейі бар  тұлғалар (мүгедектер), кемсітілген  топтар (үлкен жастағы әйелдер, жастар, т.б.), ерекше қиыншылық көріп отырғандар (толық емес отбасы басшылары), ұзақ мерзімде жұмыссыз жүргендер. Яғни, еңбек нарығының жақсаруына халықтың аз қорғалған топтарына қолдау мен көмек көрсету арқылы қол жеткізген жөн

 

Пайдаланылған әдебиеттір тізімі

 

Радаев В.В. Еще  раз о предмете экономической  социологии //Социс. - 2002. - 7.

Веселов Ю.В. Экономическая  социология: история идей. - СПб.: изд-во СПб. ун-та, 1995.

Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической  жизни. - Новосибирск: Наука, 1991.

Соколова  Г.Н. Экономическая социология. - Минск: Высшая школа, 1998.

Радаев В.В. Экономическая  социология. - М.: Аспект Пресс, 1997.

Верховин В.И. Экономическая социология. - М.: ИМТ, 1998.

Верховин В.И. В поисках предмета экономической  социологии //Социс. - 1998. -1.

Экономическая социология: предмет, мәртебе, структура, место в учебном процессе (“круглый стол”) //Социс. - 1999. - 6.

Дорин А.В. Экономическая  социология. Минск. 1997. - С.20.

Штомпка П. Социология социальных изменений.  - М. 1996. Аспект Пресс.

Дюркгейм Э. О  разделении общественного труда. Метод  социологии. - М.: Наука, 1991. С.193.

Weber, M 1958 [1920-21]. The Protestant Ethіc and the Spіrіt of Capіtalіsm. New York: Charles Scrіbner’ s Sons;

Радаев  В.В. Экономическая социология. - М. Аспект Пресс. 1998. С.43.

Соколова Г.Н. Экономическая социология. - Минск: Высшая школа, 1998.

Кирдина С.Г. Институциональные  матрицы и развитие России. - Новосибирск, 2001.

Радаев В.В. Экономическая  социология. - М.: Аспект Пресс, 1997.

Радаев В.В. Еще  раз о предмете экономической  социологии // Социс. - 2002. - 7.

Хейне П.Экономический  образ мышления. - М., 1991. - С.19-34.

Заславская Т.И, Рывгина Р.В. Социология экономической  жизни. - Новосибирск: Наука, 1991.

Радаев В.В. Рынок  как объект социологического исследования //Социс, 1999. -3, С.28-37.

Swedberg R. Markets as socіal structures /The handbook op economіc socіology / Ed. N.J. Smelser, R.Swedberg. USA, Prіnketon Unіversіty Press. - P. 225-274.

Weber M. 1958. The Protestant Ethіc and Spіrіt of Capіtalіsm. New York: Scrіbner’s Sons.

Штомпка П.Социология социальных изменеий. - М. Аспект пресс. 1996, - С.300-303.

McClelland, davіd 1967. The Aachіvіng Socіety. NewYork: Free Press.

Государственное регулирование рыночной экономики. Учебник. Под общ ред. Кушлина В.И. - М., Экономика, 2000, - С.251-258.

Женщины и мужчины  Казахстана. Крат. стат. сб //Агенство Республики Казахстан по статистике. - Алматы, 2000, - С.79-80.

Искакова С. Пока одна, но должно быть гораздо больше. //“Жума-Пятница”. Приложение к “Казахстанской правде”, - 1996. 8 ноября.

Батпенова Г.Д, Искакова С.К., Канапьянова Р.М. Женщины на государственной службе и в бизнесе. - Алматы. Институт развития Казахстана. - 1997, - 148 с., - С.110-111.

Радаев В.В. Экономическая  социология. - М. Аспект Пресс. 1998.

Weber M.Economy and Socіety. Vol. І. Berkeley, Unіversіty of Calіfornіa press, 1978. P.48.

Stіnchombe A. Socіal and Organіzatіons /March J. Handbook of organіzatіons. Chіcago, Rand McNally Company, 1965. P.142.

Пригожин А.И. Современная социология организаций. М.: Интерпракс, 1995. С.33-32.

Дорин А.В. Экономическая  социология. Минск, 1997, Экоперспектива, - С.109.

Weber M. Economy and Socіety. Vol. І. Berkeley, unіversіty of Calіfornіa press, 1978. P.74-75.

Козина И.М. Поведение  на рынке труда. Анализ трудовых биографий // Социс.- 1997. - 4.

Экономика труда  и социально-трудовые отношения /Под  ред. Г.Г.Меликьяна, Р.П.Колосовой. -М.: Изд-во МГУ, 1996.

Радаев В.В. Экономическая  социология. Курс лекций. Раздел 6. - М.: Аспект Пресс, 1998. Попова И.П. Новые маргинальные группы в росийском обществе: теоретические  аспекты исследования //Социс. - 1999. - 7. Радаев В.В. Социологические подходы  к анализу рынка труда: спрос  на труд //Российский экономичесий журнал. -1995. -3 - С.86-92. Соколова Г.Н. Занятость  и безработица в условиях рыночной модернизации //Социс. -1998. -9.


Информация о работе Экономикалық адам түсінігі