Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 19:36, доклад
адамдардың экономикалық мүддесі
Экономикалық іс-әрекетте мұндай үйлестіруге қол жеткізу ойлаудың экономикалық бейнесі арқасында мүмкін болады. Адамдар, бір-бірімен өзара әрекеттесуден мейлінше пайда алуға ұмтылып, жеке мүдделері тұрғысынан әрекет етеді. Алайда, олар оған қол жеткізу, басқалары үшін де таңдау жағдайы болғанда мүмкін болатынын біледі. Сонымен, қоғамда, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын таза табыстағы өзгерістерге өзара бейімделуінің үздіксіз процесі болып жатады. Хейне ойлаудың экономикалық бейнесінің өзара байланысының төрт позициясын бөліп көрсетеді: адамдар таңдайды, тек қана индивидтер таңдайды, индивидтер рационалды түрде таңдайды, барлық қоғамдық өзара әрекеттесулерді нарықтық процес ретінде түсіндіруге болады.
Экономикалық әрекеттер қоғамның жинақтаған тәжірибесін және білімін шаруашылық тәжірибе барысында қалыптасқан дәстүрлер мен жүріс-тұрыс нормаларын өзіне сіңірген әрекет етудің дайын тұжырымдық схемасына негізделеді. Адам тек қана экономикалық мүдделер мен ниеттерінің тасушысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет иеленушісі мен жасаушының өнімі ретінде көрінеді.
Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, жүріс-тұрыс үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады [19]: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу).
Отандық экономикалық социологияның
табысты дамуы Батыс
Нарық әлеуметтік қатынастардың саласы ретінде соңғы кездері социологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Батыстық экономикалық социологияда жаңа сала - нарық социологиясы табысты түрде орнығуда. Оның шеңберінде, өндірістік нарықтар социологиясы, еңбек нарығы социологиясы, халықаралық нарық социологиясы және басқалар сияқты негізгі бағыттары бөліп қарастырылады. Олар тарапынан нарық ең маңызды экономикалық институттардың бірі ретінде қарастырылады.
Экономист үшін нарық, талдаудың
негізгі категориясы болып
Кең мағынада нарық дегенде, оның барысында индивид барынша табысқа жетуге ұмтылатын айырбас саласы түсіндіріледі. Бұл өнімдер мен қызметтер әуел баста айырбас үшін өндірілген шаруашылық іс-әрекетінің саласы. Тар мағынада нарық ұғымы нарықтың экономика түсінігіне сай келеді, оның шеңберінде жеке тұлғалар мен корпоративті ұйымдардың өнімдерді өндіру, тарату және айырбас бойынша іс-әрекеті сұраныс пен ұсынысқа бағынады.
Социологтар тарапынан нарық, қоғам мен шаруашылықтың өзара әрекеттесуінің кең перспективасында қарастырылады. Ол шаруашылық өмір тәртіптерінің бірі ретінде зерттеледі, оның түрлерінің тарихи және мәдени алуан бейнелілігі анықталады. Одан бөлек, социологтар мемлекеттің және үй шаруашылығының (мысалы, табиғи шарушылық) әрекетінен басқа да шаруашылық тәртіптің бар екенін айтады.
Социлогиялық түсіндірмеде нарық автономды. Өзін-өзі реттеуші экономикалық механизм ретінде емес, институционалды құрылым ретінде қарастырылады.
Нарық дегеніміз шаруашылық агенттердің іс-әрекеті болып жататын формальді және формальді емес сипаттағы институционалды шектеулердің (заңдар, келісім-шарттар, конвенциялар, нормалар) жиынтығын білдіреді [20].
Дәстүрлі экономикалық түсінікте шаруашылық агенттердің нарықтық жүріс-тұрысы, олардың экономикалық мүдделерінің қандай да бір әрекеттер күтіп отырған шығындары мен пайдаларын есепке алу нәтижесі. Социологиялық тұрғы экономикалық жүріс-тұрысқа әсер етуші кең әлеуметтік контекстіде қарастыруды жөн көреді. Ол, біріншіден, шаруашылық өмір, экономикалық, басқарушылық және мәдени қатынастардың күрделі шиеленісуін білдіреді дегенге негізделеді. Екіншіден, экономикалық қатынастар әр түрлі әлеуметтік құрылымдарға сүйенеді - ұйымдар, құндылықтық-нормативтік жүйелер, т.б. Осындай тұрғыдағы шаруашылық ниеттер үш құрамдас бөліктермен анықталады: экономикалық мүдделер, мәжбүрлеу және әлеуметтік нормалар.
Қазіргі заманғы экономикада
нарықтық қызмет етуінің экономикалық
емес, қоғамдық аспектілерін талдаумен
институционалды экономика
Ертедегі социологтар ішінен нарықты зерттеп білуге Макс Вебер, Э.Дюркгейм және Г.Зиммель зор қызығушылық білдірген. Э.Дюркгейм өз еңбектерінде индивидтердің жүріс-тұрысына аномияның, сонымен қатар экономиканың әсерін анықтай отырып нарық тақырыбын қозғады. Г.Зиммель “Ақша философиясы” атты еңбекте қазіргі қоғамдағы ақшаның рөлін талдады. Экономиканы ол қалыптасып жатқан қоғамдағы индивидтердің өзара әрекеттесуінің ең таза және дамыған түрі ретінде айырбастың жеке формасы деп қарастырады. Айырбас дербес өндіріс сияқты өнімді және бағаны қалыптастырады. Экономика өндіріске емес айырбасқа негізделеді. Ақша экономикасының пайда болуын ол экономикалық қатынастардағы субъективті мәні бар жобалау позициясы тұрғысынан жасайды. Айырбастаудың мәні, оның ойынша материалдық игіліктердің ауысуында емес, өзара субъективті бағалаудың актілерінде.
М.Вебердің пікірі бойынша, нарықта әлеуметтік әрекеттер бәсекелестік ретінде басталып, айырбас ретінде аяқталады. Нарық бәсекелестік бар жерде өмір сүреді. Нарықта айырбас, екі индивид арасында мүмкін болатын әлеуметтік әрекеттің кең құралдар жиынтығы мен есептік типін білдіреді. Бәсекелестікті Вебер мүмкіндіктер мен басым жақтарды бақылауға алу үшін “бейбіт” жанжал деп қарастырды, айырбас оның барысында тауарлар мен басқа да пайдалар екі жақ бір-біріне өзара шығын толтыру ретінде ұсынылатын мүдделердің ымыраға келуі болып табылады. Капиталистік қоғамда нарық еркіндігі және рационалдылығы, дамудың ең жоғарғы шегіне жетеді, өйткені одан ең иррационалды элементтер ысылады.
Нарықты социологиялық талдау 1950- жылдары Т.Парсонс, Н.Смелзер, К.Поланьи еңбектерінде қайта қолға алына бастады. Мысалға, К.Поланьи өз еңбектерінде, экономистердің дәстүрлі түрде қарастырып жүрген нарық айырбасты ұйымдастырудың мүмкін бірден бір тәсілі екенін дәлелдеп келді. Сауда және ақша көптеген формасында болады. Экономика тек қана нарықтық айырбас арқылы ғана емес сонымен қатар “өзара әрекеттесу” және “редистрибуция” арқылы да ұйымдастырылады.
1980 - 90-шы жылдары нарыққа
байланысты оны зерттеуде
Жалпы, айта кетер жәйт, нарық
құбылысын социологиялық
1-кесте
Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]
типтер |
бәсекелестік |
айырбас |
Еңбек нарығы |
Әдетте, көптеген сатушылар (индивидтер) қолында билігі бар азғантай сатып алушыларға (ұйымдар) қарсы; бәсекелестік жұмысшылар, кәсіподақ және заңдылық тарапынан құрылған ұйымдар арқылы реттеледі; сатушылар арасындағы мобильділіктің жеткіліксіздігі бәсекелестікке көбіне жергілікті сипат береді. |
Орталықсыздандырылған айырбас (жоғары бағаларды іздеу); жұмысшылар тарапынан құрылатын кәсіподақ ұйымдары мен әділдік нормалары себепті сауданың азғантай бөлігі; агенттіктерге, қарама-қарсы қойылған меншікке қатысты құқықтарды беруге байланысты туындаған проблемаларды өлшеу. |
Капиталдар нарығы |
Сатып алушылар мен сатушылардың шектеулі саны, оның көпшілігі ұйымдар; жеке және кең түрде мемлекеттік реттеу; саясаттың араласуы; ұлттық және халықаралық кеңістікте бәсекелесу. |
Көбінесе айқын түрде ұйымдастырылған механиздер (төмен бағаларды іздеу) формасындағы орталықтандырылған айырбас; айырбастауды тоқтату рәсімі болады, бірақ ол тек ұлттық деңгейде; жеке меншік құқығы толығымен беріледі |
Тұтынушы нарық |
Әдетте, ұйымдаспаған кіші-гірім сатушылар (ұйымдар) және ірі сатып алушылар (индивидтер); белгілі бір деңгейде мемлекеттік реттеу, ал басқа жағдайларда еркін бәсекелестік |
Белгіленген бағалар мен
сауданың болмауы; орталықсыздандырылған,
бірақ айырбастаудың |
Өндірістік нарық |
Әдетте сатып алушылар мен сатушылар саны аз және олардың бәрі ұйымдар болып табылады; көбіне нарықтың бұл типінде сатып алушылар мен сатушылар болады |
Айырбас көбіне келісімдер формасына айналады және толығымен орталықсыздандырылған; меншік құқығы толығымен беріледі, бірақ сатушылардың міндеттемелері қалуы мүмкін |
Социологтар оның шеңберінде нарықтық агенттер әрекет жасайтын екі басты институционалдық саланы бөліп қарастырады:
1) шаруашылық іс-әрекетінің
жалпы жағдайын анықтайтын
2) экономикалық агенттер
арасындағы өзара әрекеттесу
жағдайын анықтаушы іскерлік
және келісім-шарттық
Формальді институционалды
шектеулерге заңдар мен келісім-шарттар,
формальді еместеріне - нормалар, әдет-ғұрыптар
және іскерлік жүйелер жатқызылады.
Социологиялық зерттеулердің
Социалистік дәуірдегі кейінгі қоғамдардың нарықтық экономикаға өту жағдайында нарық институттары қалай және қаншалықты табысты қалыптасатыны жайлы зерттеулер ерекше қызығушылық туғызады.
Шаруашылық агентерінің
арасындағы келісім-шарттық қатынастарды
зерттеу өтпелі экономикада шаруашылық
қатынастардың институционалды
шектерінің қалыптасуы экономикалық тиімділк
өлшеміне сай келетіндігін көрсетті.
Оларға заңды қабылдаумен қатар
формальді емес тәжірибелерде өз
әсерін тигізеді. Шенеуніктер мемлекет
атынан билік жүргізе отырып, жеке
мүдделерін іске асырып, бұл қатынастардан
“әкімшілік” және “саяси” пайда
табуы мүмкін. Бизнес өкілдерінің
арасындағы көлденең күйдегі қатынастарда
келісімдерді орындауды бақылаудың
қажеттілігіне шақыратын “
Нарықтық қатынастардың орнауының бастапқы кезеңінде келісімдерді орындамау ең басты проблема болды. Бұл жағдай одан құтылу үшін кәсіпкерлер тарапына қосымша шығындарды талап етті. Қажетті кепілдер іскер байланыстардың пайда болу процесінде айтарлықтай жоғарылай түседі. Олар арқылы ақпараттар тарайды, іскерлік бедел қалыптасады, сенім жоғарылайды, өзара қол ұшын беру жүйесі пайда болады.