Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:31, курсовая работа

Описание

Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

 

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

 

1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.

    Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде  шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет.

    Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін  болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.

-         Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;

-         Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;

-         Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.

                             

                                             2. кесте.

Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар).

 

           Міндеттері

  Шығындардың жіктелуі

өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған табыстарды бағалау

  Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; өзіндік құнға кіретін (өндірістік) және есептік кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және бір жолғы.

Шешім қабылдау және жоспарлау

  Тұрақты (шартты тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған

Бақылау және реттеу

Реттелетін және реттелмейтін

     

      Қарастырылып отырған жіктемемен сәйкес есепті жүргізу – отандық өндірістік шығындар есебіндегі жаңа құбылыс. Нарықтық қатынастарды жоспарлауда,  нормалауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның ішінде өндірістік есепте) ролі күшейіп отыр.                

       Баптар бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды.  Көп жағдайда осы мәселелерді шешу –қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын  қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері – өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

 

 

 

 

1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген.

 

Материалдар шоты.

Негізгі өндіріс шоты.

Сатылған өнімнің өзіндік құнының шоттары. 801,802,803.

Қалдық.

өндірістегі тұтыну.

Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша өндіріс шығындары. 

Шығарылған өнімді өзіндік құны бойынша бағалау.

Нақты өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар).

Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нақты өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.

Қалдық

 

 

Еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыру шоты.

Көмекші өндіріс шоты.

Қалдық.

Есептелген жалақы.

Қалдық.

Баптар бойынша өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).

 

 

 

Зейнетақы қоры.

Сақтандыру  бойынша есеп айырысу шоттары.

 

Үстеме шығын шоттары: 930, 904, 924,т.б.

Касса, Есеп айырысу шоттары және т.б. ақшалай қаражат шоттары.

                                     Қалдықтар:

Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер).

Негізгі құралдарға есептелген амортизация.

Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары.

Шығындарды бөлу (тарату).

Өндіріске жұмсалған ақшалай қаражаттар.

 

 

    Шығындарды жіктеудің белгілері  туралы қызу пікірталастың арқасында шығындарды анықтаумен қатар, онық болашақтағы тенденциялары да анықталды.  Осыдан келіп, есеп тәжірибесінде Шаруашылық Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері  отандық және шетелдік  экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. « Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау –  белгілі бір уақыт кезеңінде  шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС  басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

    Бірақ дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға  немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің  мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің  нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың  жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

 

  

ің атқаратын рөлі,экономикалық мәні мен мазмұны

 

1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджеттік құрылысын анықтаған Бюджет жүйесі туралы бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әртүрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлігі қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты экономикалық және саяси салалардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, жаңа салық заңнамасын енгізу, қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 26 желтоқсанда Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің қағидаттары ескеріліп, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі реттелінеді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпымемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінеді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды. 1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджет шығыстарының бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.

1999 жылдың сәуірінде Бюджет жүйесі туралы үшінші заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістердің бірыңғай болуы енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді[1].

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-ІІ жаңа Бюджет кодексі 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын.

Қазақстан Республикасының  жаңа Бюджет кодексіне сәйкес:

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:

-республикалық бюджет;

-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

-аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.

Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Тиісті қаржы жылына арналған облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана маслихатының шешімімен бекітіледі.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау