Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:31, курсовая работа

Описание

Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

Төтенше мемлекеттік бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономикалық мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған[2].

Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттік қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:

-бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар;

-әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады;

-мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлы жүреді.

Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелігі тән, алайда қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды:

1.мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі оқшауландырумен және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануына байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2.құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуды қызмет ететін өндірістік сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығын ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономикалық факторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында қайта бөлуге арналған;

3.қоғамдық өнімнің оның әр нысанындағы қозғалысына тікелей байланысты емес қоғамдыө бөліністің стадиясын өндіреді және одан белгілі қызметтер жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады;

4.бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды енгізу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама бере отырып, оның халық шаруашылығындағы ролінің объективті екі жақтармен алдын ала анықталғандығын баса айта кеткен жөн:

1.бюджеттік қатынастарды пайдаланғанда негізгі қаржы құжат арқылы шарттастырылған нысаны экономикалық байланыстардың реттелгендігін білдіреді;

2.қоғамдық өндіріске ықпал етуші маңызды экономикалық тетігі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін мемлекеттік бюджеттің бөліп бергендік табиғатымен анықталады.

Бюджеттің экономикалық мәні ретіндегі ерекшелігінің рөлі, оның қоғамдық өнімді бөліп беру аясындағы құндық негіз болып табылатындығында. Осыдан-ақ ықпал ету аясы айрықша кең болуы, халық шаруашылығы деңгейіндегі ең негізгі тетік болып табылатындығында[3].

Дамыған шет мемлекеттерде қаржы құрылымы барлық бөлімдегі қаржыларды топтап жинай отырып, мемлекетті қаржыландырудың таптық мүддесін қорғауға арналған. Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және экономикалық функциясын іске асырады.

Монополистік капитал жағдайында өндіргіш күштің өсуімен оның әсерінен шаруашылық байланысы қиындап, қаржы құрылымында экономикалық тарамдар терең өзгеріске ұшырады. Жаңа қаржы тармақтары өсіп, бөлініп, түрлі қызметтер атқара бастады.

Қазіргі жағдайда шет мемлекеттердің қаржы құрылымы төрт тармақтан тұрады:

1.мемлекеттік бюджет;

2.жергілікті қаржы;

3.мемлекеттік кәсіпорын қаржысы;

4.үкіметтің арнаулы қоры.

Әрбір осы тармақтар қаржы элементтерінің жиынтығын құрай отырып, бір-бірімен тығыз байланыста, мемлекеттің қаржы саясатын іске асыруға жұмылдырылған.

Мемлекеттік бюджет өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланыста болады. Ол үйлестіру орталығы болып, нарықтық экономиканың тұрақсыз жағдайында оған қажетті көмек беріп отырады. Ол көмектің түрі бюджеттік субсидия, несие, басқа қаржы тармақтарының азды-көпті өсуіне, оған міндеттелген мақсаттарды шешуді кепілмен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызың ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттік орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика парламентінің жыл сайын қабылдайтын бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Бюджет механизмінің құрылымы бюджеттік қатынастардың табыстар, шығыстар, бюджетаралық өзара байланыстар және оларға сәйкес ақша қаражаттарының экономика бөлімдері арасында қайта бөліп берудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қамтитын топтарды көрсетеді. Сондықтан бюджет механизмінде бюджеттік қатынастардың көрініс беру нысандарына байланысты мынадай құрылымдық буындарды бөліп көрсетуге болады:

-мемлекет қарауына ақша қаражаттарын жұмылдыру әдістері;

-бюджетті құрастырудың нысандары мен тәртібі және кәсіпорындарға, ұйымдарға, өндірістік және өндірістік емес аясындағы мекемелерге бюджет қаражаттарын ұсыну;

-қаржы ресурстарын бюджетшілік бөлінуі және қайта берілуі және оларды оңтайландыру[4].

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады

 

1.2. Мемлекеттік бюджет функциялары

 

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-шаралары, мазмұны, мәні мен мақсаты бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.

Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10%  және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретіндегі мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда:

-ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;

-экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;

-әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

-ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды[5].

Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады.

Бақылау функциясы бюджет қорлары бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеледі.

Бөлу функциясының мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді.

Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістерді бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады.Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып саналады.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдер мен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы: бюджетке уақытында немесе толық бөленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сонлықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.

Бюджеттік бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге кедергі болмайды.

Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.

Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:

а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.);

ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансферттер, субсидиялар және т.б.);

б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б.)

в) мемлекеттік бақылауды іске асыруға (сыртқы бақылау, ішкі бақылау)[6].

Мемлекеттік бюджеттің екі негізгі функциясы бар: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы әлеуметтік-экономикалық салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталса, бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдер мен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстардың қозғалысы ретінде айқындалады.

 

1.3.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі

 

Мемлекетті бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар сияқты мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.

Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген[7].

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау