Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:31, курсовая работа
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттары көбінесе әлеуметтік- экономика салаларына бағытталған.
“Жаңа индустрияландыру” президент бағдарламасының басым бағдарлары:
-Агроөнеркәсіптік кешені;
-Кен өндіру саласындағы техникалық қызмет;
-Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз жасау;
-Құрылыс материалдары мен басқа да металл емес минерал өнімдерін шығару;
-Металлургия, металл өндеу және мәшине жасау;
-Өнеркәсіптің басқа да секторлары;
-Көлік және жүк қоймасы;
-Ақпарат және байланыс;
-Кәсіптік, ғылыми және техникалық іс-қимыл;
-Білім беру;
-Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет;
-Өнер, ойын-сауық және тынығу;
-Басқа да қызмет түрлерін ұсыну.
Бағдарламаның мақсаты:
-біріншіден, ол индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруға қызмет жасайды.
-екіншіден, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тартатын болады.
-үшіншіден, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыруға көмектеседі[8].
Мемлекеттік бюджет қаржысынан экономикалық маңызды инвестициялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 5 батыл қадам жоспары бойынша белгіленген іс-қимыл, бұл:
1.Қаржы секторын тұрақтандыру;
2.Жылжымайтын мүлік рыногы проблемаларын шешу;
3.Шағын және орта бизнесті қолдау;
4.Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
5.Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік бюджетті- экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралды рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжаты арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болада.
Бюджеттік механизм- ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдерінің жиынтығы[9].
Мемлекет бюджет, экономиканы басқаруда әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда зор рөл атқарады
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау
Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексіне сәйкес:
Мемлекеттік бюджеттің кірістері-бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы:
-салықтық түсімдер;
-салықтық емес түсімдер;
-негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
-трансферттер түсімдері.
Салықтық түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негіжзде берілетін ақша.
Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
-мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
-мемлекеттік материалдық резервтен тауарларжы сатудан түсетін ақша;
-мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсіл арқылы өткізуден түсетін ақша;
-мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша.
Трансферттер түсімдері-бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері[10].
Мемлекеттік бюджет кірістеріне түсетін салықтар, алымдар және төлемақылардың өзіндік ерекшеліктері:
Салықтар:
- толығымен мемлекетті қаржыландыруға жұмсалады;
- өтеусіз және баламасыз болады;
- ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
- төлеу кезінде күштеу әдісі қолданылады, төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шаралары қолданылады.
Алымдар:
- мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды;
- баламалы төлем болып саналады;
- бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді;
- қандайда бір алым төленетін қызметпен айналысу тұлғалардың ерікті шешімі болғандықтан, алымдар ерікті төлемдер болып табылады.
Төлемақылар:
- өтеулі және баламалы төлем, яғни белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төленеді;
- мемлекеттің азаматттық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
- тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлерi:
1. Корпоративтiк табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құн салығы
4. Акциздер
5. Экспортқа рента салығы
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары
7. Әлеуметтiк салық
8. Көлiк құралы салығы
9. Жер салығы
10. Мүлiк салығы
11. Ойын бизнесi салығы
12. Тiркелген салық
13. Бiрыңғай жер салығы.
1-кесте. 2008-2010 жылдардағы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдердің құрылымы.
Атауы | 2008 жыл мың.тг | 2009жыл мың.тг | 2010 жыл мың.тг |
Корпоративтiк табыс салығы | 79272346 | 24369349 | 58654700 |
Жеке табыс салығы | 16709715 | 17567366 | 19403050 |
Қосылған құн салығы | 10759321 | 1184176 | 14090338 |
Акциздер | 1151987 | 1292745 | 1413196 |
Экспортқа рента салығы | 0 | 222870 | 771485 |
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары
| 0 | 14519418 | 34163591 |
Әлеуметтiк салық | 20116628 | 15704688 | 15567671 |
Көлiк құралы салығы | 985624 | 1297538 | 1789807 |
Жер салығы | 1342530 | 2195683 | 2187294 |
Мүлiк салығы | 6428812 | 5984303 | 8327923 |
Ойын бизнесi салығы
| 1579 | 239 | 9136 |
Тiркелген салық | 0 | 73421 | 124250 |
Бiрыңғай жер салығы | 30342 | 35813 | 45753 |
[11].
Бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
Мемлекеттік баж салықтары:
-алымдар;
-төлемақылар.
Қазақстан Республикасындағы алымдардың түрлері:
-тiркеу алымдары;
-автокөлiк құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргенi үшiн алым;
-аукционнан алынатын алым;
-жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
-телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
Қазақстан Республикасындағы төлемақылардың түрлері:
-жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн;
-үстiңгi көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн;
-қоршаған ортаға эмиссия үшiн;
-жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн;
-орманды пайдаланғаны үшiн;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн;
-радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн;
-қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн;
-кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн;
-сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн[12].
2-кесте.2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет мың.тг.
Атауы | 2011ж. | 2012ж. | 2013ж. |
1 | 2 | 3 | 4 |
Кірістер | 3 939 975 720 | 4 257 347 134 | 4 660 247 250 |
Салықтық түсімдер | 2 543 733 998 | 2 879 344 489 | 3 260 514 139 |
Табыс салығы | 985 609 100 | 1 206 161 500 | 1 480 244 600 |
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 870 161 423 | 955 268 122 | 1 045 149 743 |
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 673 363 936 | 702 187 532 | 718 332 147 |
Басқа да салықтар | 4 000 | 4 280 | 4 580 |
Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 14 595 539
| 15 723 055 | 16 783 069
|
1 | 2 | 3 | 4 |
Салықтық емес түсiмдер | 78 639 307 | 60 599 213 | 62 468 279 |
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 61 533 949 | 43 028 609
| 41 709 038 |
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 1 700 000
| 1 819 000
| 1 946 330
|
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 41 831 | 44 759 | 47 892
|
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 801 295 | 2 445 031 | 3 081 733
|
Гранттар | 583 746 | 444 834 | 225 000 |
Басқа да салықтық емес түсiмдер | 11 978 486 | 12 816 980 | 15 458 286 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 14 523 664 | 15 288 673 | 16 208 647 |
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 215 000 | 230 000 | 250 000 |
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 14 308 664 | 15 058 673 | 15 958 647 |
Трансферттердің түсімдері | 1 303 078 751 | 1 302 114 759 | 1 321 056 185 |
Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер | 103 078 751 | 102 114 759 | 121 056 185 |
Ұлттық қордан трансферттер | 1 200 000 000 | 1 200 000 000 | 1 200 000 000 |