Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:31, курсовая работа

Описание

Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

[13].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-диаграмма. 2011-2013 жылдардағы мемлекеттік бюджет түсімдерінің жоспары

2-диаграамма. 2010 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуы [14].

2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің шығыстарының құрамы, динамикасын талдау

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің шығыстарының құрамы:

1.Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер- мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстауға байланысты шығындарды қаржыландыру жыл сайын мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамында бекітіледі.

2.Қорғаныс-мемлекеттің қорғаныстық функцияларын қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары.

3.Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі-мемлекеттің құқық қорғау, құқық және сот іс-әрекеті маңында еріксіз көндіру шараларын қолдану құқы берілген және мемлекет пен қоғамның меншігі мен мүдделерін, азаматтардың өмірін, меншігін, құқықтары мен азаматтығын қорғауға талап етілген мемлекеттік билік органдар жүйесінің функцияларын қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары.

4.Бiлiм беру-ҚР азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойынша білімді алғашқы рет алып отырса, мемлекет барлық шығыстарды өз қолына алады.

5.Денсаулық сақтау-мемлекет халықтың денсаулығын сақтау мен бекінісі өз алды мемлекеттік пен қоғамдық, әлеуметті-экономикалық пен медициналық мекемелердің көп жақтық іс-әрекеттерін көрсетуге байланысты шығындарды қаржыландырады.

6.Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру-мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-әрекеттер бойынша шығыстарды қаржыландырады.

7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық- мемлекет коммуналдық шаруашылықтың дамуына, сумен жабдықтау жүйесін жөндеу мен дамуына, қалалар мен елді мекендер көріктендірудің дамуына және басқа да шығындарды қаржыландырады.

8.Көлiк және коммуникация- мемлекет бюджет құралдары арқылы автокөлік жолдарын дамыту жұмыстарын мен темір жол және су көлігі, азаматтық авиация және байланыс аумақтарында инвестициялық жобаларды қаржыландырады[15].

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте.2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет                   мың.тг.

 

Атауы

2011ж.

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

Шығындар

4 322 673 002

4 663 240 459

4 930 779 421

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

173 130 461

261 689 044

156 709 963

Қорғаныс

238 797 893

206 161 500

284 691 519

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

361 645 507

364 879 806

266 635 390

Бiлiм беру

231 418 520

267 480 694

266 635 390

Денсаулық сақтау

380 776 163

404 104 088

420 461 024

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1 045 944 662

1 162 523 701

1 286 882 592

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

106 512 537

57 836 902

53 954 841

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

74 816 439

64 774 167

48 596 500

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

82 605 135

89 300 751

73 530 288

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

189 108 744

191 215 039

172 363 798

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17 192 405

12 598 818

9 481 404

Көлiк және коммуникация

342 007 017

339 802 240

300 024 041

Басқалар

157 080 495

213 772 362

414 831 513

Борышқа  қызмет көрсету

131 698 191

176 585 794

214 937 032

Трансферттер

789 938 833

880 645 461

865 844 050

    [16].

 

 

 

 

3-диаграамма.2011-2013 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығындарының жоспары

4-диаграамма. 2010 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің шығыстары [17].

4-кесте.Әр деңгейдегі бюджеттердің арасында шығындарды бөлу

 

Шығындар

Республика

Облыс

Аудан

1

2

3

4

Қорғаныс

100 жуық

Кейбір жергілікті объектілер мен қызметтер

Кейбір жергілікті қызметтер

Әділет және ішкі қауіпсіздік

100

-

-

Сыртқы экономикалық байланыстан

100

-

-

Білім

Университеттер мен ғылыми зерттеу институттардағы барлық шығындар. Кейбір техникалық оқу орындарына. Барлық құрылысқа

Көптеген мамандандырылған білім орындары. Жетімдер мен мүгедектер мектептері

Бастауыш және орта мектептердің қызметтері мен оларды ұстау, мұғалімдердің еңбекақыларын қосқанда. Кейбір бала-бақшалар

Мәдениет пен саябақтар

Ұлттық мұражайлар. Ұлттық театрлар. Барлық күрделі инфрақұрылымдар мен құрылыс.

Облыстық деңгейдегі кейбір мұражайлар, ескерткіштер

Барлық спорттық, саябақ объектілер мен басқа да мәдениет объектілеріне

Денсаулық сақтау

Үшінші санаттағы кейбір ауруханалар мен медициналық ғылыми-зерттеу институттары. Барлық күрделі шығындар.

Үшінші деңгейдегі кейбір ауруханалар, психиатрлық ауруханалар мен диагностикалық орталықтар

Екінші дәрежелі ауруханалар. Емханалар. Дәрілер

Жолдар

Барлық жол құрылыстары.

Облыстық маңызды жолдарды ұстау.

Аудандық және қалалық маңызды жолдарды ұстау

1

2

3

4

Қоғамдық көлік

Жол, әуе және темір жол көліктері. Басқа объектілерге дотациялар

Қоғамдық көліктің кейбір объектілері

Жергілікті транспорттық объектілер

 

Өрт сөндіру күзеті

-

Өрт сөндіру күзетінің көптеген қызметтері

Бұл деңгейде ерікті әскери және коммерциялық қызметтер болуы мүмкін

Кітапханалар

Ұлттық кітапханалар.

 

-

Көптеген жергілікті кітапхана қызметтері

Санитарлық жағдай

-

-

Қоқыс жинау

Сумен қамтамасыз ету

Инфрақұрылымға капитал салу

Эксплуатация және жөндеу

Эксплуатация және жөндеу

Коммуналдық қызметтер (газ, энергия, отын)

Күрделі объектілер

Пайдаланушыларға үлестік дотациялар

Пайдаланушыларға үлестік дотациялар

Тұрғын үй

Құрылыс және дамыту

-

Ұстау және аз көлемдегі құрылыстар

Әлеуметтік қамсыздандыруға компенсациялық төлемдер

Зейнетақылар, жұмыссыздыққа байланысты төлемдер және әлеуметтік сақтандыру (бюджеттік емес әлеуметтік қорлар арқылы)

Аудандармен үлестік міндеттемелер

Жетімдерге, қарттар үйіне, жағдайы төмен отбасыларға назар аудару

Қоршаған орта

Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық проблемалары

Қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті мәселелері

-

[18].

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы

 

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа-мерзімді жоспарының негізінде және мемлекеттік пен салалық бағдарламаларға сәйкес басымды бюджеттік шығыстар ретінде алдымыздағы жылдарға келесі бағыттар анықталынған:

-денсаулық сақтауды реформалау;

-білім берудің дамуы;

-әлеуметтік реформалардың әрі қарай тереңдеуі;

-индустриалды-инновациялық дамытуды;

-аграрлық секторды дамытуды;

-жаңа тұрғын-үй саясатың іске-асыруды;

Астана қаласының дамуы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен әлеуметтік-экономикалық саясатқа бағытталған түрлі маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы институттары қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасында келесі даму институттары бар:

1.“Ұлттық әл-ауқат қоры “Самрұқ-Қазына” АҚ;

2.“Қазақстанның Даму Банкі” АҚ;

3.“Қазақстанның Инвестициялық қоры” АҚ;

4.“Ұлттық инновациялық қор” АҚ;

5.“Инжиниринг және технологияларды трасферттеу орталығы” АҚ;

6.“Ұлттық холдинг “ҚазАгро” АҚ;

7.“ҚазАгроФинанс” АҚ;

8.“Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ;

9.Кәсіпкерлікті дамыту қоры “Даму”;

10.Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар[19].

Инвестициялық жобаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру қайтарымды және қайтарымсыз негізде, сондай-ақ аралас инвестицияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, мысалы:

-өте тиімді инвестициялық жобалар;

-инвестициялық бағдарламаларды орталықтандыра отырып (жартылай немесе толық) қаржыландыру.

Қайтарымсыз негізде мемлекеттік қаржыландыру республика бюджетінен мемлекеттік қажеттілікке байланысты бекітілген құрылыс орындары мен нысаналарына беріледі, олар басқа қаржы көздері болмаған жағдайда немесе мемлекеттік мәні бар маңызды нысандарға қолдау ретінде жеке, заемдық және басқа қаржы көздерінен бөлінеді.

Қайтарымды негіздегі қаражаты қабылданған заңнамалық тәртіпке сәйкес ҚР Қаржы министрлігі бөледі. Бөлінген қаржыны пайдаланудың жалпы мерзімі құрылыс нысанының салыну мерзіміне немесе өндіріс орындарының іске қосылу мерзіміне байланысты анықталады. Мемлекет тарапынан қайтарымды негізде берілетін қаржы алымшыларға (құрылысшыларға) ғимаратты, құрылыстарды, материалдық құндылықтарды, сондай-ақ заңда қарастырылған, келісімшарт құжаттарында көрсетілген басқа да мүліктерді кепілдікке қою арқылы беріледі.

Аралас инвестициялау негізінде құрылыстарды республикалық бюджет есебінен, ұйымдар мен мекемелердің жеке меншік қаржыларының есебінен және басқа құқықтық тұлғалардың қаражаттарының есебінен қаржыландыру жүзеге асырылады, сонымен қатар құрылыстың салыну мерзімі біткенге дейін бастан аяқ бюджеттік қаржы мен жеке қаржының арасындағы тепе-теңдікті сақтау талап етіледі.

Әсіресе, салааралық және аймақтық құрылыстарға бюджеттен шектеулі қаржыландыру тәсілінен конкурстық негізде нақтылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көшу мемлекеттің жаңа инвестициялық саясаты болып табылады.

Мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде тікелей қаржыландыру формалары (субсидии, займдар) инвестициялық үдерістерді қолданудың басқа да тиімді жанама формаларымен ұштастырылуда- салықтық жеңілдіктер, жеңілдіктері бар несиелер және амортизациялық қолдаулар.

Мемлекеттік бюджет қаражаты маңызды қаржы көзі болып табылады, ол ірі ғылыми-техникалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Бюджеттік қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау түрлерімен қатар жобаларды инвестициялаудың басқа да жолдары бар:

-кәсіпорынның жеке қаржысын пайдалану;

-акционерлік жолмен қаржыландыру (акционерлік қоғам ретіндегі корпорациялар үшін);

-құнды қағаздар эмиссиясы;

-несие беру;

-лизинг және ипотека[20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУ

 

3.1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті қаржылық бақылауды дамыту жолдары

 

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы бюджеттің атқарылуында, салық жүйесінде және макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыруда кейбір жетістіктерге ие болды. Тиімді бақылау жүйесін құру бойынша, маңызды қадамдар жасалады.

Мемлекеттік бюджет қаржылардың түсуіне бақылау мәселелеріне байланысты, барлық фискалдық органдардың бір ведомство шегінде шоғырлануы, мемлекеттік кірістердің жүйелі қалыптастыру үдерісі сәтті өткізілді.

Салық заңнамаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық құқықтық-нормативтік актілерді бір заңнамалық акт шеңберінде біріктіру, салық төлеушілер және мемлекеттің мүдделеріне сай жағымды ортаны құруға бағытталған және экономиканы даму перспективаларын ескеретін Салық Кодексі қабылданды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау