Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:31, курсовая работа
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.
Шығындарды тиімді құру жүйесі бойынша шаралар қабылданды. Бұл деңгейде қазынашылық жұмыстары дұрыс жолға қойылды. ТМД мемлекеттірінің ішінде Қазақстан Өз уақытында және қазынашылық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаларды мақсатты қаржыландыруда алдыңғы қатарда.
Бюджет қаражаттарын бюджеттік бағдарламаларды ұйымдастырушылар және олардың мекемелері деңгейінде тиімсіз басқару нәтижесінде, сонымен бірге тауарлар мен қызметтерді, жүргізілетін конкурстардың уақытында өткізілмеуі есебінен пайдаланылмаған бюджет қаражаттары өсуде. Өткізілген конкурстар тиісті жеңімпаздарын анықтайды және басқа да жабдықтаушылардың болмауына сілтеме жасайды.
Осы аталған жағдайларды бағалай отырып, бірден талап ететін мәселелерді шешу керек:
-Бюджет жүйесінде әртүрлі деңгейлер арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды теңдестіру механизмі жоқ. Оны қажетті түрде құру керек;
-Мемлекеттің барлық субъектілері үшін жергілікті бюджеттерді тиімді теңестіру жүйесінің бірыңғайлықтың жоқтығы;
-Салық жүйесі кірістерді арттыруда қызығушылықты тудырмайды. Ол тек қана жергілікті уәкілетті органдарына ғана емес, сонымен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлеріне қатысты болып табылады;
-Жергілікті бюджеттерде салықтық аударымдардың қатаң ұзақ мерзімді нормативтері бекітілмеген.
Жоғарыда аталғандардың нәтижесінде, аймақтық және жергілікті билік органдарының күшін күшейту негіздері құрылымдық реформалар мен экономикалық өсуді қолдауға бағытталған. Осындай шаралар сонымен қатар, кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықтарға тұтынуды тиімді және жауапкершілікті жүргізуге, салық-бюджет саясатын инвесторлар мен кредиторларға бағытталмай, олардың өз кезегінде билік органдарынан қосымша ресурстарды тарту жағдайлары, жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастырып, республикалық шекетулер мен талаптар, айналып өтетін жолдар және қаржылық ағындардан әкімшілік бақылауды ұстауды іздестіреді.
Егер орталық пен облыстар арасында салықтарды бөлу анықталған сипатта болса, ал мемлекеттегі облыстар ішіндегі кірістерді бөлу әр жыл сайын өзгертіледі және облыстық билік органдарының шешіміне толық байланысты болады.
Сонымен, республикалық бюджет пен оның облыстық бюджетпен өзара қарым-қатынасы ашық болса, ал республиканың субъектілері ішінде, негізінен бюджетті реттеудің бұрынғы үлгісі ортақталған. Ол төменгі тұрған бюджеттердің кірістері мен шығыстарын орталықтан теңестіруге соқтырады. Сондықтан, елдегі бюджетаралық қатынастарды одан әрі қарай дамытудың міндеттерінің бірі, республикадағы бюджеттік өзара қарым-қатынастарын және оның субъектілерінің бюджеттік қатынасын, яғни аймақтар арасында-облыстар мен жергілікті бюджеттер арасында жетістікке жету болып табылады[21].
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келе, мемлекеттік бюджет – мемлекетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджет ел экономикасының дамуына қосатын үлесі өте зор, яғни мемлекеттік қаржы буыны ретінде мемлекеттік орталықтанған ақшалай қаражат қорларының құрылу көздері мен пайдалану бағыттарын білдім.
Оның ішкі мазмұнында, біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын анықтадым. Мемлекеттік бюджетті- экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарда жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оның қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының аздаған уақыт өтсе де, біздің еліміз өз экономикасының берік негізін қалауға тырысуға және белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде. Елдің экономикасын дұрыс қалыптастыру көзі – ол әрине елдегі бюджет жүйесінің дұрыс қалыптасуы болып табылады деген түйінге келдім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылымына келетін болсақ, жоспарланған 2011-2013 арналған мемлекеттік бюджеттің кірісі салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер,трансферттер түсімдер бойынша әр жыл сайын өсуде. Бюджет арқылы осы түсімдер реттеліп, сонымен қатар мемлекеттің кең көлемді қоғамдық қажеттіліктерін, атап айтқанда: денсаулық сақтау,шаруашылық салалары, әлеуметтік мұхтаждық, басқару, қорғаныс тағы басқа қаржыландыруға бағытталады. 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының ең көбісі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған. Содан кейін трансферттерге көп ақша бөлінетіні туралы айта кете керек. Ол мемлекеттің бюджет деңгейлеріне байланысты бөлумен болады. Мемлекеттік бюджетті атқаруда кездесетін бірқатар мәселелер бар. Бюджетті атқаруда кездесетін басты мәселе – бюджетке салықтық түсімдердің уақытында түспеуі. Ол мемлекеттің экономикасына кері әсерін беретіні анық. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты нақты жұмсалуы, яғни мақсаттылығы және бағыттылығы бірдей болуын қамтамасыз ету керек. Еліміздің тұрақты экономикасына қадам басуы - біріншіден мемлекеттік бюджеттің дұрыс бөлініп, қадағалауынан басталады. Жалпы айтқанда, мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде танылуы деп түсінудемін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.А.Бердісүгірова, Астана-ақшамы 2009ж. 19 қаңтар, “Бюджет жүйесінің даму және жетілу кезеңдері”
2.ҚР Бюджет кодексі,Алматы 2008ж.
3.А.Смадиев, АльПари №1-2 2008ж., “Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын рөлі, экономикалық мәні мен мазмұны”
4.Ж.Бөкешова, Егемен Қазақстан 2009ж. 21 шілде
5.Ш.Несіпбаев, АльПари №1-2 2008ж.
6.Б.Өтебаев, Мемлекеттік бюджет, Алматы 2006ж.
7.Саясат №6-7, 2009ж.
8.Серік Пірназар, Егемен Қазақстан 2010 ж. 26 қараша
9.Б.Өтебаев, Мемлекеттік бюджет, Алматы 2006ж.
10.ҚР Бюджет кодексі, Алматы 2008ж.
11.ҚР Салық комитетінің ресми сайты www.salyk.kz
12.ҚР Салық кодексі, Алматы 2010ж.
13.ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты www.minfin.kz
14.ҚР Сатистика агенттігінің ресми сайты www.stat.kz
15.Б.Өтебаев, Мемлекеттік бюджет, Алматы 2006ж.
16.ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты www.minfin.kz
17.ҚР Сатистика агенттігінің ресми сайты www.stat.kz
18.С.Өсербайұлы,АльПари №1-2 2008ж., “Бюджеттер арасында шығындарды бөлу”
19.Щемелинин А.Ю., Автореферат, Алматы 2010 ж., 42 с.
20. Омарбекова А.К., Қаржы-қаражат 2009 ж., №3-4, 23-28 б.
21. С.Шайынғазы, С.Әліпбай, Егемен Қазақстан 2011ж. 26 қаңтар, 4-5б.
-40-