Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа
Осы курстық жұмыста анықтамаларына сәйкес терминдер қолданылған:
Бухгалтерлік есеп – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Баланс (француз тілінен аударғанда balance – таразы) - актив және пассив баптарындағы өзгерістердің тепе-теңдігі.
Логисмология - шоттар туралы ғылым.дайындау....................................................................................................................24
2.3 Франциядағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері және шоттар жоспары......................................................................................................................28
3 Қазақстандағы бухгалтерлік есептің бүгіні мен ертеңі...................................31
3.1 Озық халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін құру..............................................................................................................31
3.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.............................................................................33
Қорытынды................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36
Кіріспе.......................................................................................................................8
1 Халықаралық есеп тәжірибесінің ерекшеліктері................ .............................10
1.1 Халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы.......................................................10
1.2 Бухгалтерлік есепке ықпал ететін ұйымдар және бухгалтерлік үлгілеулер..................................................................................................................14
2 Дүние жүзінің дамыған мемлекеттерінің есебі................................................18
2.1 АҚШ-тағы есептің жалпы тарихы, есеп нысандары.....................................18
Зерттеуде көрсетілгендей жекелеген ғалымдар есеп саласында елдерді инфляция деңгейі жоғары және төмен деп бөледі. Сонымен қатар инфляция деңгейі жоғары елдер қаржылық есептілікті инфляция индексімен түзетуі тиіс.
Сонымен қатар шетелдің экономикалық әдебиеттерінде елдерді әдетте екі үлкен топқа беледі: заң шығарушы елдер және зан шығармайтын елдер. Біріншісі «Рұқсат етілгенге рұқсат» деген қағида бойынша заңдарды алдын ала жазумен ерекшеленеді. Бұл есептік ереже қатаң түрде заңмен белгіленеді және анықталады. Бұған Германия, Франция, Австрия жэне басқа да елдер жатады. Заң шығармайтын елдерге «Шектеу қойылмағанға рұқсат» деген қағида бойынша рұқсат амалы тән.
Бұл жерде есеп стандарттарын біліктілер жасайды, заңмен анықталмайды. Бұл амалды АҚШ, ¥лыбритания, Канада жэне басқа да елдер қолданады.
Сондай-ақ қазіргі уақытта кез келген елдің есеп жүйесін түсіну негізін білдіретін мәселелерді зерттеу бойынша халықаралық есептің бағыттарын жақындастыруға іс әрекет жасалуда.
Бухгалтерлік
есептің ұйымдастырылуын әр түрлі үлгілеулерге
бөлшектеу (француз тілінен
аударғанда
- табиғаттағы, қоғамдағы қандай да бір
құбылыстарды, процестерді сипаттау, өлшеу,
үлгілеу) - әр түрлі оқыту көздерін куәландыратын
дүние жүзінің есеп тәжірибесінде кеңінен
таралған. Батыстың әр елдерінде есеп
үлгілеулерін жіктеу XX ғасырдың басынан
басталды. Бұл
бағыттағы жұмыстардың алғашқы авторларының
бірі -Т.Р. Хэтфилд, 1966 жылы қайта шыққан
өзінің бір мақаласында бухгалтерлік
есеп үлгілеуінің үш типін белгілеп жазған:
американдық, британдық, континенталдық.
Кейіннен бұлайша үлгілеуді бөлшектеу
жэне олардың қандай да бір елде бухгалтерлік
есептің ұйымдастырлуына әсері қабылданған
есеп жүйесіне байланысты елдерді жіктеуге
мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта аз мелшерде
бес үлгілеуді ерекшелеп көрсетеді. Бухгалтерлік
есеп үлгілеулері 3-кестеде берілген.
Кесте-3
Бухгалтерлік
есеп үлгілеулері
Үлгілеу түрлері | Қысқаша сипатамасы | Елдер | |||
Британ-американдық | Тұгынушыларға шынайы ақпараттарды беруге байланысты бухгалтерге күрделі есеп сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін білікті білім, дұрыс ой инвесторлар мен несие берушілердің ақпараттық сауалына бағытталған. Бухгалтерлер үшін есеп қағидаларының көзі ретінде заң және кәсіпкерлік экономика жатады. | Австралия, Ұлыбритания, Венесуэла, Гонконг, Үндістан, Израил, Ир-ландия, Канада, Кипр, Колумбия, АҚШ, Малай-зия, Мексика, нигерия, нидерландия, Пакистан, Гвинея, Сингапур, Фи-липпин, ОАР және бас-қалары | |||
Континенталдық | Есеп заңмен белгіленеді және кері тартпалылығымен ерекшеленеді, ол ұлттық макроэкономикалық жоспарға сәйкес салық салу бойынша үкіметтің сауалын қанағаттандыруға бағытталған. Компанияның қаржылык мәселлерін шешуде бизнес банкпен тығыз байланыста болады. | Австрия, Ангола, Алжир, Бельгия, Греция, Дания, Египет, Испания, Ита-лия, Люксембург, Мо-рокко, Норвегия, Порту-галия, Сенегал, Франция, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония және басқалары | |||
Оңтүстік американдық | Негізгі
ерекшелігі есептік мәліметтерді үздіксіз
түзету және оған инфляция қарқынының
әсер етуімен сипатталады. Есеп мемлекеттік
органдардың тұтынуына бағытталған, колданылатын
әдістемелер бірыңғайландырылған, |
Аргентина, Боливия, Бразилия, Гайана, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор | |||
Көпұлттық | Халықаралык валюта нарығына қатысушы шетелдіктердің мүддесіне сәйкес есепті үйлестірудің халықаралық кажеттілігінен туындаған. | Елдер саны шектелген, оған ірі корпорациялар енеді | |||
Мұсылмандық | Үлгілеудің даму ерекшелігі діни идеялардың эсер етуімен байланысты, сонымен катар жеке езінің дивидендтері үшін дивиденд алуга шек қойылған. | Мұсылман дінін ұстайтын елдерде негізінен таралған |
Сондай-ақ континенталдық үлгілеуді ұстанатын елдер екі топқа бөлінеді:
- құқықтық қатынастардың артықшылығын мойындайтын және бұдан барып есептік мәліметтер дұрыс сипатталатын елдер (Германия);
-фискалдық салықтық құқықты көздейтіндер (Франция, Италия, Испания, Бельгия).
Осыдан дүние жүзілік тәжірибеде бухгалтерлік есептің айыр-машылығына синтез жүргізу қажет.
Американдық бухгалтерлер ассоциациясы есепке әсер ететін сегіз жіктеу белгісін бөліп көрсетеді:
- саяси жүйе;
- экономикалық жүйе;
- экономикалық даму деңгейі;
-
қаржылық есептіліктің
- есеп стандарттарына авторлық ету;
- біліктілікті даярлау және сертификаттау кағидалары мен деңгейі;
-біліктілік және этикалық стандарттардың орындалуын бақылайтын жүйе;
-
есептік ақпараттарды
Есеп тәжірибесі әр түрлі ағылшын тілді елдерде әр келкі, бірақ оның қайнар көзі мен философиясы бірдей. Қазақстандық есеп тэжірибесіне оң тәжірибелерді терендету мақсатында бухгалтерлік есептің жаңа бағыттарын және үлгілеудің түйінді ерекшеліктерін оқыту қажеттілігін жоғарыда айтылғандар растайды. Бұған деген қажеттілік алыс емес көріністерден туындайды.
Үлгілеу мен оның ерекшеліктерін нақтырақ ұғынып көрсету үшін қазақстандық кітаптар нарығындагы әр түрлі аударма басылымдар айқын көмек етеді. Әрі мәселелердің шешілуі қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс: қазақстандық есеп тәжірибесіне нақты тәжірибеден нені қолдануымыз қажет.
Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің рөлінің жоғарлауы, оның теориясын басқару құралы ретінде қазіргі заманғы ЭЕМ негізінде одан әрі дамытуды талап етеді. Осыдан келіп «Бухгалтерлік есеп теориясы» ұғымы өзінің бұрынғы мазмұнын өзгертеді. Бұрынғы күйінде есептің оқытылуы және қазақстандық оқулықтардағы түсіндірлуі жарамсыз, бүгінгі жағдайда қайтадан қаралуы тиіс. Есеп теориясын түсіндірудің дүние жүзілік тәжірибесі халықаралық зерттеу тұрғысынан бухгалтерлерге, менеджерлерге және басқа да қызметкерлер санатына қазіргі заманғы бизнестің әр түрлі жағдайларында активтерді, міндеттемелерді және басқаларын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық революция, жаңа технологиялардың өсуі мынаны дәлелдейді: регистрлердегі жазбалардың әр түрлі есептік тәсілдерінің орнына мәліметтер базасы келеді, сондай-ақ олардың ықшамдалған нұсқасы лазерлік компакт-дискілерде қаржылық есептіліктің типін өздері анықтайды. Құрылымдастырылған гипермәліметтерді қолдану, оның тұтынушылардың көпшілігіне кез келген нысандагы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Бұл есептің кеңейтіліп, тереңдетілген барлық әдістерін және үлгілеуді тек қана теорияда емес, сонымен қатар тәжірибеде де қолданылуға көмектеседі.
2
Дүние жүзінің дамыған
2.1
АҚШ-тағы есептің жалпы тарихы, есеп
нысандары және бухгалтерлерді дайындау
Бухгалтерлік есептің дамуында АҚШ-ның үлесі бар екенін Гольдберг жүзінші жылдыктың басында атап кеткен жэне ол М.Р. Мэтьюс пен М.Х. Перердің «Бухгалтерлік есеп теориясы» атты жұмысында көрсетілген.
Бұл
елде есептің тарихы 1899 жылдан басталады,
ол кезде америкада есеп мамандығы
дами бастаған жэне американдық бухгалтерлер
ассоциациясының қырық бес мүшесіне (ант
берген) тәжірибелі бухгалтерлер атағы
берілген. Сол кезде олардың кызметі Нью-Йорк
штатының шегімен шектелетін, бірақ кейіннен
басқа да штаттарға таралды. Тәжірибелі
бухгалтерлер осы кезеңнен бастап әрбір
штат шегінде біліктілік қоғамдарын құрды.
1902 жылы олар АҚШ Тәжірибелі Бухгалтерлер
Қоғамының Федерациясына бірікті. 1904 жылы
Федерация бірінші халықаралық бухгалтерлер
конгресіне жәрдем берді, ол 1905 жылы Американдық
Қоғамдық Бухгалтерлер Ассоциациясына
бірікті. 1910 жылдары Ассоциацияның 1000
жуық мүшесі болды. Ол 1916 жылы АҚШ 1150 мүшесі
бар Бухгалтерлер Институты болып құрылды.
1917 жылы Американың Бухгалтерлер Институты
деген атаққа ие болды. Ол 1957 жылға дейін
өмір сүріп, Американың Дипломды Қоғамдық
Бухгалтерлер Институты болып қайта құрылды. АҚІІІ
негізгі білікті бухгалтерлер ұйымына
төмендегілер жатады (кесте-4).
Кесте-4
АҚШ
бухгалтерлер ұйымы
№ | Атаулары | Қысқартылған атаулары |
1 | Американың дипломды қоғамдық бухгалтерлер институты | АLСРL |
22 | Қаржылық есеп стандарттары бойынша Комитет | ҒАСВ |
33 | Мемлекеттік органдарға арналған есеп стандарттары бойынша Комитет | GАСВ |
44 | Құнды қағаздар және биржалар бойынша Комиссия | SЕС |
55 | Америкалық бухгалтерлер асссоциациясы | ААА |
66 | Басқару бухгалтерлерінің институты | ІМА |
77 | Бухгалтерлік стандарттар бойынша орындаушы Комитет | АсSЕL |
88 | Аудиторлық стандарттар бойынша Комитет | АSВ |
Бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесі АҚШ «Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына» сәйкес құрылған (GААР). Бұл жүйені негізінен Американың дипломды қоғамдық бухгалтерлер институты, Қаржылық есеп стандарттары бойынша Комитет, Құнды қағаздар және биржалар бойынша Комиссия сияқты өкілетті ұлттық ұйымдар жасайды.
Тұтасымен
GААР – бұл 5 кестеде тізімі ұсынылған
әр түрлі құжаттар саны енгізілген бухгалтерлік
стандарттар мен тәртіптердің иерархиялық
жүйесі.
Кесте-5
GААР
жүйесінің денгейі және негізгі құжаттары
|
Кестеден көрініп тұрғандай GААР жүйесі өкілетті ұйымдармен қабылданған қандай да бір құжаттардың орындалуын анықтайтын төрт деңгейді анықтап керсетеді.
Бірінші деңгейдегі құжаттар есептің ңегізгі, міндетті стандартгары болып табылады. Егер компанияның қаржылық есептілігі бұл құжаттардың талабын қанағаттандырмайтын болса, онда аудиторлық есептіліктің мәні жалпы қабылданған стандарттар бұрмаланған ерекше жағдайларды қоспағанда оң қорытынды беруге кұқылы болмайды [8].
Екінші деңгейдегі құжаттар жалпы қабылданған, қолданыстағы тәжірибені жүйелеп жазады жэне белгілі бір бухгалтерлік (стандарттарды) қағидаларды қалыптастырады. Егер есептік фактілерге бухгалтерлік түсінік беру бірінші деңгейдегі құжаттарда өзгеше анықталмаған болса, онда бұл ақпарат көздерін аудитор қарастырып шығуы керек.
Үшінші деңгейдегі құжаттар белгілі бір саладағы немесе нақты жағдайларда қолданылатын есептің басым тәсілдерінің мәнін ашады. Екінші және үшінші деңгейдегі құжаттар бірінші деңгейдегі міндетті құжаттардан айырмашылығы артығырақ болып табылады.
Төртінші
деңгейдегі құжаттар нақты жағдайға,
құжаттардың ерекшелігіне, ұйымның статусына,
жіберілген құжаттарға байланысты қолданылады.
Мұндай жағдайда аудитордың қорытындысы
көбінесе өзінің біліктілік пікіріне
негізделеді. Концепциялар мен қағидалар
6 кестеде көрсетілген.
Кесте -6
GААР
негізгі ережелерінің концепциялары мен
қағидалары
Қағида | Мәні |
Есептің экономикалық бірліктерінің концепциясы | Ұйымның мүліктері мен міндеттемелері ұйымның меншік иесінің мүліктері мен міндеттемелерінен, сонымен қатар басқа да ұйымдардың мүліктері мен міндеттемелерінен өзгеше өмір сүреді. |
Қызметті жалғастыру концепциясы | Ұйымның қызметі онын құрылу мақсатының көз жетерлік болашағына байланысты жалғасады. |
Ақшалай бағалау концепциясы | Барлық қаржылық шаруашылық операциялар ақшалай нысанда сипатталады және ұлттық валютамен есептеледі. |
Кезеңдік концепция | Ұйым қызметінің нәтижесі туралы ортақ мүдде танытатын тұтынушылар алдында кезең сайын есеп беріп отыру қажет. |
Құн қағидасы | Сатып алынған және сатылатын активтерді таңдап алынған әдіспен бағалау қадағаланады. |
Объективтік дәлелдеу қағидасы | Дәлелдеу объективтілікке (әділдікке) негізделеді. |
Табысты тіркеу қағидасы | Табысты тіркеу әдісін таңдау - табысты тіркеу кезеңінің таңдаулық базасы болып табылады. |