Халықаралық есеп тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыста анықтамаларына сәйкес терминдер қолданылған:

Бухгалтерлік есеп – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.

Баланс (француз тілінен аударғанда balance – таразы) - актив және пассив баптарындағы өзгерістердің тепе-теңдігі.

Логисмология - шоттар туралы ғылым.дайындау....................................................................................................................24
2.3 Франциядағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері және шоттар жоспары......................................................................................................................28
3 Қазақстандағы бухгалтерлік есептің бүгіні мен ертеңі...................................31
3.1 Озық халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін құру..............................................................................................................31
3.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.............................................................................33
Қорытынды................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................8
1 Халықаралық есеп тәжірибесінің ерекшеліктері................ .............................10
1.1 Халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы.......................................................10
1.2 Бухгалтерлік есепке ықпал ететін ұйымдар және бухгалтерлік үлгілеулер..................................................................................................................14
2 Дүние жүзінің дамыған мемлекеттерінің есебі................................................18
2.1 АҚШ-тағы есептің жалпы тарихы, есеп нысандары.....................................18

Работа состоит из  1 файл

халыкаралык есеп тажирибеси курсовой.doc

— 386.00 Кб (Скачать документ)
 

    6-кестенің  жалғасы  

Елеулілік   қағидасы Елеусіз операцияларды  немесе мүліктерді сипаттау ережесін қалыптастыру.
Толықтылық  кағидасы Барлық операциялардың мәнін толық көлемде ашу
Тұрактылық  қағидасы Қабылданған есеп қағидаларының орындалуын белгілі  бір кезең бойында қадагалау
Сақтық  кағидасы Жасырын резервтерді  кұрмай-ақ пайда немесе активтерге емес, мүмкін зияндарга немесе пассивтерге есепті бағыттау
 

    Бухгалтерлік  есеп пәнін анықтауға жасалған аукымды әрекет 1936 жылы Американың бухгалтерлер ассоциациясы «Бухгалтерлік есеп қағидалары туралы уақытша ережені» жариялағаннан басталды. 1916 жылы Асссоциация университеттер оқытушыларының ұйымы ретінде құрылды. Бұл орайда АҚШ тәжірибелі бухгалтерлері университеттік зерттеулерге қатысты. Нәтижесінде басқару есебі бухгалтерлерінің ұлттық ассоциациясына бірікті. 1917 жылы Американың тәжірибелі бухгалтерлер ассоциациясы Федералдық комиссияның тапсырысымен сауда бойынша бухгалтерлік есепті үйлестіру жобасын дайындады.

    Қазіргі уақытта Қаржылық есеп стандарттарын жасау бойынша Кеңес АҚШ бухгалтерлік есеп саласындағы саясатты анықтайтын негізгі біліктілік ұйым болып табылады (ЕАSВ). ҒАSВ есепті жүргізу жэне есептілікті дайындауды белгілейтін бухгалтерлік есеп стандарттарының көмегімен есепті реттейді және даярлайды. Үкіметтік ұйым болып табылатын құнды қағаздар жэне биржалар бойынша комиссия (SЕС) - бұл стандарттардың орындалуын бақылайды, барлық ірі компаниялар мен корпорациялар құнды қағаздар биржасында тіркелгендіктен, бұл саладағы SЕС ұйғарымымен қадағалануы тиіс. ҒАSВ пен SЕС мұндай әрекеттестігі бухгалтерлік есеп жүйесін тиімді реттеуге мүмкіндік береді .

    Құнды қағаздар нарығы мен биржаларды құру жағдайында дайындау және жариялау ережесі басқару персоналдарының тиімді жұмыс істеуінің негізгі сипатының бірі ретінде шаруашылық қызметтің рентабельділігін аныктауды және бөлшектеуді талап етеді. Бұл орайда қаржылық есеп бастапқы бағалауды өзгертпеу қағидасына негізделеді. Оның негізінде есепте қолданылатын ақшалай бірліктің тұрақтылығы туралы болжам жатыр. Басқаша айтқанда инфляция мүлдем болмайды немесе оның қарқыны елеусіз деп болжанады. Егер соңғы жағдай неғұрлым шындыққа жақын келсе, онда ББӨ соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайын бұрмалайды.

    ББӨ қағидасының мағынасы сату көлемін, өндіріс шығындарын және басқа да қаржылық мәмілелерді жасаған сәттегі баға бойынша есепте сипаттау болып табылады. Бұл қағида әсіресе ұзақ мерзімде қолданылатын активтерді есепте сипаттау кезінде елеулі мәнге ие болады. Көрініп тұрғандай, осы қағиданың қолайлығы мен негізділігі инфляция қарқынына кері пропорционалды болып табылады. АҚШ-тағы есептің реттелуі 1- суретте келтірілген.  

    

    

      

    

    

    

      

    

      

      

      
 
 
 

    Сурет-1. АҚШ есептің реттелуі 

    Қазіргі уақытта АҚШ міндетті барлық бланктер үшін біртұтас есептілік нысандар жоқ. Есептілік нысандары (баланс, табыс пен шығын туралы есеп) ірі тұтастығымен, көрсеткіштердің ірілендірілуімен ерекшеленеді, осыған байланысты олар шағын көрнектілігімен, ірі талдаулылығымен ажыратылады.

    Заңға сәйкес АҚШ компаниялары регистрлерде барлық мәліметтердің

    Есеп  нысандарын талдау бас бухгалтердің құзырында болады (қаржы директоры). Оның міндеті - алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін табу және шоттар корреспонденциясын ең азына жеткізу (азайту). Шоттар толығымен негізгі және эпизодтық болып бөлінеді.

    GААР сәйкес келетін шоттар жүйесі қандай да бір тұтас шоттар жоспарын қатаң сақтап алдын ала жазып қоймайды. Американдық компаниялар өз бетімен шоттар жоспарын құрастырады, оның негізгі жеті типі бар: активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығындар, пайдалар, зияндар [9].

    Табыстар, шығындар, пайдалар, зияндар уақытша  шоттарға жатады: олар тұрақты шоттардағы өзгерістерді сипаттайды және есептік кезеңнің соңында олардың қалдығы тұрақты шоттарға тасымалдау жолымен жабылады.

    Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу, күдікті борыштар бойынша резервтер, тауарлық материалдық қорларды жоғалту  жете бағалау резервтері. Бұл үшін жоғарыда ұсынылған нысанды журнал қолданылады. Мұндай операциялар мұқият ба-қыланатын объектілерге жатқызылады, өйткені олар алғашқы құжаттармен расталмайды. Кезең бойындағы қорытынды құжаттар журналдардан немесе көмекші кітаптардан (алғашқы регистр ретінде) «сыналатын» балансты құру үшін негізгі қызмет атқаратын кітапқа көшіріледі.

    Сыналатын баланс негізінде түзету (шоттардың бірі баланспен, енді бірі табыс және шығын туралы есептілікпен байланыста болады) және онда қорытынды жазбалар жазылады (табыс жэне шығын бойынша шоттар нөлге теңестіріледі), содан соң есептілік құрылады.  Шоттар жоспары 7-кестеде берілген.  

    Кесте-7

    GААР стандарттарына сәйкес келетін шоттар жоспарының варианты 

Шоттың

Шоттардың атаулары Шоттың№ Шоттардыц атаулары
1 тип Активтер 33 Бөлінбеген табыс
11 Ақша құралдары 34 Резервтер
12 Қысқа мерзімді каржылық салымдар 35 Қайта бағалау
13 Берешектер борышы 36 Шетел валютасын  қайта есептеудегі түзетулер
14 Өндіріс босалқылары 37 Табыс
15 Негізгі кұралдар 4 тип Табыс
16 Ұзақ   мерзімді   каржылық салымдар 41 Өндірістік  кызметтен түскен табыстар
17 Басқа да айналымнан тыс активтер 42 Жеке сатудан  түскен табыстар
   2 тип Міндеттемелер 43 Компания ішіндегі сатудан түскен табыстар
21 Алашақтар борышы 44 Экспорттык  операциялардан түскен табыстар
22 Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелері 45 Комиссиондық  төлемдерден түскен табыстар
23 Төленетін салыктар 46 Баска да табыстар
24 Есептелген  борыштар 5тип Шығьндар
25 Басқа да ағымдық  міндеттемелер 51 Сатылған өнімдер  шығыны
26 ¥зақ мерзімді қарыз міндеттемелері 52 Сауда шығындары
27 Кейінге калдырылып төленетін салықтар 53 Жалпы   және   әкімшілік шығындары
28 Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер 54 Амортизациялық      аударымдар
3 тип Капитал    6 тип Салықтар
31 Жарғылық  капитал 61 Табыс салығы
32 Қосымша капитал 62 Ассоциациялық компаниялардың табыс салығының үлесі
 

    Көптеген  бухгалтерлер есептілікті ыңғайлы құру үшін алғашқы үш бағаны сыналатын баланстан тұратын жұмыс парағын қолданады (кесте-8). 

    Кесте-8

    Жұмыс парағы 

Шот Сыналатын балансты алдын ала дайындау Түзетулер Түзетілген  сыналатын баланс Табыстар  мен шығындардың бастапқы шоты Баланс 
  Дт Кт Дт Кт Дт Кт Дт Кт Дт Кт
 

    Операциялар алғашқы қүжаттарда көрсетілген  қүн бойынша жүзеге асырылған  сәтте сипатталады. Ішкі бақылау жүйесі оқиғалар тіркелмей қалды ма, барлық алғашқы қүжаттар толығымен бар ма, журналдар бойынша таратылу және жазбалар дұрыс жасалды ма, жоқ па екендігін қадағалауы тиіс.

    Есептік регистрлерде көрсетілген мәліметтердің құны есептіліктегі бағалаудан өзгеше болуы мүмкін. Мәселен, батыста қайта бағалау механизмі кеңінен қолданылады. Жылжымайтын мүлік (әсіресе, жер) есептілікте білікті бағалаушылардың анықтауымен нарықтық құн бойынша көрсетілуі мүмкін, тауарлық материалдық қорлар - ең төменгі алғашқы құн бойынша және нетто өткізу құны бойынша көрсетіледі, яғни сақтық қағидасы сақталады.          Сондай-ақ, сәйкесінше активтер ең төменгі мүмкін құн бойынша, ал міндеттемелер ең жоғарғы мүмкін құн бойынша көрсетілуі тиіс.

    Сонымен қатар, шетелде трансформациялық ведомостілер деген кеңінен таралған, оның мақсаты - нәтижені және жартылай-қаржылық таратушы, реттеуші шоттарды толығымен жабу (біздің терминология бойынша). Бұндай ведомостілер біздің теориядада, тәжірибеде де мүлдем белгісіз, я болмаса мұндай жазбалар синтетикалық есептің жай регистрлерінде құрылады. Барлық қаржылық есептілікті есептеу әдістері негізінде дайындайды, өйткені бүл экономикалық шешімдерді қабылдау тұрғысынан пайдалы өткен операциялар мен оқиғалар туралы ақпараттарды ұсынуға мүмкіндік береді. 
 

    2.2 Жапониядағы есепті реттеу ерекшеліктері  мен бухгалтерлерді дайындау 

    Жапония - есепті механизациялау және автоматтандыру дәрежесі әлемнің дамыған елдерін басып озатын шағын ғана елдің бірі болып табылады. Кәсіпорынның тәжірибелі қызметі ретінде бухгалтерлік есеп кеңінен таралды, мұнда әр түрлі нысанды және жоғары сапалы қалта ЭЕМ немесе шағын компьютерлер кеңінен қолданылады. Оның ішінде «Сейко», «Шарп», «Кейсио», «Иточу» және басқа да фирмалардың өндірген компьютерлері таралған. Оны әлемнің барлық бөлігінде экспорттайды [10].

    Бүгінде жоғары ұйымдастырылған жапондық есеп -бұл орта ғасырдан бастау алған жапондық кітап жүргізу әдістері, мұнда XIX ғасырдың соңында жапондықтар алып пайдаланған немістің компаниялар туралы заңы белгілісіз қалдырған, бухгалтер мамандығына, қор биржасына және есептіліктің мәнін ашуға қойылатын әр түрлі талаптарға байланысты американдық үлгідегі көптеген ережелер бар. 40-жылдың соңында Жапондық есепке американдықтардың ықпалы күшее түсті.

    Жапонияда адамзат ресурстарына қатысты, сондай-ақ, білікті мамандарды дайындауға да аса  мән беріледі. Компанияда ерекше баға жетпес үлгілеуді дәл осы адамдар жүзеге асырады, онда бәсекеге қабілетті күш бар. Қаржылық өткізу операцияларын есепке алу бойынша негізгі жағдайды анықтайтын, 1899 жылы шыққан «Сауда» туралы заң елдегі есеп жүйесіне айтарлықтай ықпал етгі. 1948 жылы бұл ереже «Құнды қағаздармен мәмілелесу» заңымен нақтыланып, толықтырылды, онда кәсіпкерлер мен биржа мекемелерінің жетекшілері қаржылық есептілікті салық ведомосінде ұсынуға міндетті болды. 1950 жылы Парламент «Кәсіпорын қызметін бақылау нормасы жэне оны жүзеге асыру тәртібі» туралы заң қабылдады. Осы заңның негізінде Өнеркәсіпті жетілдіру бойынша кеңес беру комитеті «Кәсіпорынның ішкі бақылауы» туралы ережені (1951 жылы) немесе «Бақылауды жүзеге асыру бойынша тәртіптер» ережесін (1953 жылы) басып шығарды, оны осы уақытқа дейін қолданады, аздап толықтырылып, өзгертілген. Жапонияның көптеген ірі жэне шағын кәсіпорындары акционерлік қоғам болып табылатын монополияға біріккен компаниялардың құрамына енеді. 1963 жылы Жапонияның Қаржы министрлігі пайда мен зиян шоттарының көшірмесі мен баптардың қысқартылған номенклатурасы бойынша баланс енгізілген қаржылық жағдай туралы есептілікті ұсынуды компания жетекшілеріне міндеттейтін арнайы есептілік ережесін қалыптастырды. Осы жылы Әділет министрлігі қаржылық қызмет нәтижесін анықтайтын және компанияның жылдық есептілігін құру бойынша негізгі ережелер мазмұндалған Акционерлік қоғамдардың пайдасы мен зиянын есептеу жэне балансты құру ережесін басып шығарды. Осы нормативтік құжаттарға сәйкес Жапондық кәсіпорындар үшін акционерлік қоғамдардағы бухгалтерлік есеп деген қағидалар анықталды. Оның ортасында үшбұрышты құқық жүйесі деп аталатын есеп тәжірибесін белгілейтін коммерциялық құқық тұрды. Салықтық құқық занды түлғалардың табысына салынатын салыкты реттейді. Бұл орайда пайда коммерциялық құқыктың есептік ережесі бойынша есептеледі және акционерлер кеңесімен бекітілген қаржылық есептілікте сипатталады. Биржа құқығына сәйкес мүліктер, міндеттемелер, пайдалар жэне шығындар қаржылық есептілікте көрсетіліп, салықтық құқық талаптарына сәйкес келуі тиіс болды. Кезең сайын бухгалтерлік есеп істері бойынша қоғамдық ұжым жекелеген ережелерді жариялап отырды, оның ішінде:

Информация о работе Халықаралық есеп тәжірибесі