Халықаралық есеп тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыста анықтамаларына сәйкес терминдер қолданылған:

Бухгалтерлік есеп – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.

Баланс (француз тілінен аударғанда balance – таразы) - актив және пассив баптарындағы өзгерістердің тепе-теңдігі.

Логисмология - шоттар туралы ғылым.дайындау....................................................................................................................24
2.3 Франциядағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері және шоттар жоспары......................................................................................................................28
3 Қазақстандағы бухгалтерлік есептің бүгіні мен ертеңі...................................31
3.1 Озық халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін құру..............................................................................................................31
3.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.............................................................................33
Қорытынды................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................8
1 Халықаралық есеп тәжірибесінің ерекшеліктері................ .............................10
1.1 Халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы.......................................................10
1.2 Бухгалтерлік есепке ықпал ететін ұйымдар және бухгалтерлік үлгілеулер..................................................................................................................14
2 Дүние жүзінің дамыған мемлекеттерінің есебі................................................18
2.1 АҚШ-тағы есептің жалпы тарихы, есеп нысандары.....................................18

Работа состоит из  1 файл

халыкаралык есеп тажирибеси курсовой.doc

— 386.00 Кб (Скачать документ)

    6. Қаржылық жылдардың тәуелсіздігі, пайда мен зиянды өткен немесе алдағы кезеңге тәуелсіз сипаттауды білдіреді.

    7. Жалғастыра жұмыс істеу, яғни есепте керсеткіштерді, былайша, компания қызметі болашақта шексіз ұзақ жүзеге асырылатын сияқты сипаттауды айтамыз. Егер компанияньщ өзі жойылу кезеңіне жетпесе, онда жойылу құнын қолдануға болмайды.

    8. Саналы сақтық, яғни пайдалар нақты келіп түскеннен кейін, ал зияндар жұмсалуы әбден ықтимал болған кезде сипатталуы тиіс. Амортизациялық аударымдар компаниялардың пайда алғандығына немесе зиян шеккендігіне байланыссыз есептеледі.

    9. Заттық, яғни есепте тек қана  есептік мәліметтерге шындығымен қатысы бар, есептілікте ұсынылған ақпараттар енгізіледі.  
 

3 Қазақстандағы  бухгалтерлік есеп 

3. 1 Озық халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін құру 

    Қазақстандық  есептің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге бейімделу. Бұл мэселенің маңыздылығы артуда, өйткені ұлтаралық ерекше-ліктерді халықаралық экономикалық қатынастарды әр ұлттандыруға байланысты болды. Бұл нарық жағдайында есептің елдер арасындағы кез келген бизнеске тән әркелкі қызмет түрлерін байланыстырушы бөлім болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сәйкесінше көптеген білікті есептік қызметтерді халықаралық аспектіде жүзеге асыруға болады. Қаржылық есептілікті тәуелсіз аудитордың тексеруі, салық салу, жобалау және ақпараттық жүйені енгізу сұрақтары бойынша кеңес беру таралды. Есептің төменгі деңгейі қандай да бір елдегі экономикалық прогреске төзімді көптеген қарама-қайшылықтарды туғызуы мүмкін. Осыған байланысты елдерді бүгін тек байлығының деңгейі бойынша ғана емес, оларды бухгалтерлік есептің даму деңгейі бойынша бөлуі мүмкін [13].

    Есеп  және бүкіл есеп жүйесі, жалпы және білікті білім беру жүйесі жалпы өсіп келе жатқан қажеттілікке жауап бермейтін және жоғары стандарттық білім берілмейтін жерде жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуы мүмкін емес.

    Есептің дамуы есеп жүйесінің ақпараттарын түсіндіруді жақсарту тәсілдерін іздестіруді де карастырады. Әр түрлі шетелдік ұйымдар бүгін де бухгалтерлік ақпараттардан нақты мәнді, мазмұны жоқтың барлығын шеттеумен жұмыс істеуде. Бұл қызметтің игілігіне маңызды дәйегіне мына ереже жатады: есеп ережесіндегі кез келген өзгеріс қоғам үшін елеулі экономикалық салдарға әкелуі мүмкін. Көрініп тұрғандай есептің дамуы жаңа ойлар мен тәртіптерді жетілдірудің, альтернативтердің таңдаудағы көмектің негізін құру мақсатында бұрынғы өткен теориялық ережелермен ұсынылмаған толықтырулар мен кеңейтулерді ойластырады. Халықаралық есеп стандарттары сияқты оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне (мінсіз нұсқауды енгізумен қатар) ерекше назар аудару кажет [14].

    Бухгалтерлік  есептік жүйенің теориялық және тәжірибелік жағы болады, оны жақсы қолдану мүмкіндіктерін анықтау, шаруашылық субъектілердің тиімді шаруашылық нәтижеге қол жеткізуі үшін қажет [15].

    Мысалы, үкімет есептік жүйенің мынандай мақсаттарға жету мүмкіндігін туғызуға тырысады: инфляцияны бақылау, жұмыс орнын көбейту, салықтық түсімдерді өсіру, экономика дамуының жоғарғы қарқынына қол жеткізу, дағдарыстағы салаларға көмек көрсету және т.б.

    Жетекші субъектілер (лауазымды тұлға немесе меншік иесі) әрқашан бухгалтерлік есеп мәліметтерінен мүмкіндігінше көп табысты көруді қалайды. Сондықтан да, олардың ұмтылысы есептің көмегімен жеке және арнайы мақсаттарға жету, оның қатарына қаржылық қиындық кезеңнен шығу үшін несие алу, сыртқы қастандық іс әрекеттерге қарсы тұру, өз жағдайын жақсарту және т.б. жатқызуға болады. Егер мемлекетте тиімді салық салу жүйесі басым болса, онда шаруашылық субъектілерінің негізгі қамы табысты жасыру және салық төлеуден жалтару болып табылады. Мұнда болып отырған сөз тек қана біздің республикамыз туралы емес, өзге де елдер туралы болып отыр.

    Салықтық  органдар кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне мүдделі, өйткені бұл қазына табысының өсуіне, сәйкесінше олардың еңбекақысы мен сыйақысына байланысты [16].

    Егер  әкімшілік, менеджерлер, жұмысшылар және қызметші субъектілер туралы айтатын болсақ, онда олар алдымен жоғарғы еңбекақы, сыйақы, материалдық көмек алуға ұмтылады, ал оның мөлшері кәсіпорын қызметіне, табысына байланысты. Несие берушілерді негізінен тек қана кәсіпорынның төлемқабілеттілігі, ал берешектерді борышты қайтармаудың кез келген мүмкіндігі қызықтырады.

    Бұл орайда есептің өзіндік мақсаты жоқ және болуы да мүмкін емес деген пікір туындауы мүмкін, бірақ та онда шаруашылық процестер жүйесіне қатысушылардың әр түрлі берілген және жасап шығарған, бұл жүйеде шешілетін өзіндік міндеттемелер бар.

    Отандық есептің халықаралық есеп тәжірибесіне жақындатылуы жоғарғы білікті деңгейдегі мамандарды қайта даярлауға байланысты.

    Білім беру туралы заң мен бухгалтерлерді даярлау арасында тек оқыған мамандардың  әрқашан жұмысқа орналасып, жоғарғы еңбекақы алатындай жүйе пайда болғанда ғана мәні болады. Мысалы, көптеген Батыс Еуропа елдерінде ЖОО қоғамдық беделі жұмысқа орналастырылған түлектердің пайызымен анықталады. Бұл көрсеткіш университеттер қатарында жасалған актімен және индикаторлардың салыстырмалы кестесінде көрініс табады. Әлеуметтік сауалдардың көрсеткеніндей талапкерлер мен оның ата-аналары ЖОО таңдаған кезде дәл одан бағыт алады [17].

    Кешкі және үздіксіз оқыту нысанын өсіру арқылы жоғарғы білім алуға рұқсатты барынша кеңейтуге болады. Мақсатқа сәйкес сонымен қатар бастауыш курстарды кеңейту, яғни талапкерлерге жоғарғы талаптарды қоя отырып, бірінші циклдің дипломдарын беру. Бұл міндеттемелердің барлығы факультеттер мен кафедраның құрылымын ұтымды етуді, жұмыс бұрышының басына теориялық білімнің үлесін тәжірибенің пайдасына азайта отырып, жоғарғы білім берудің мазмұны мен нысанының арасында тығыз байланысты қою қажеттілігін талап етеді.

    Есепті  бір уақытта стандартгау және үйлестіру міндеттемесі мен бухгалтерлік білім беруді реформалаудың тарихта үлгісі жоқ. Сондықтан да, дәл бүгін екі мақсатқа жетуге шешімді іс әрекет қажет. Бұл мәселені шеше алмай немесе болмауы, ауытқушылық пен тартыншақтық тұжырымымен бухгалтерлік жүйедегі реформалаудың жетістігіне қауіп төндіруі мүмкін. Ал ол көбінесе үкіметтің қолдауына байланысты. Сонымен, негізгі қауіп жасампаз процестердің құрылуын тоқтататын министрлер орнындағы ұсақ түйектен бастап, барлығын анықтауға тырысуды білдіреді. 

    3.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 

    Қазақстан Республикасындағы жүргізілетін бухгалтерлік есепті дамыту Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 4 стратегиялық бағытында көрсетілген (кесте-9) [18]. 

    Кесте-9

    Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 4-стратегиялық бағыты  

4-стратегиялық  бағыт.  Қаржылық ақпараттың сапасы  мен қол жетімділігін арттыру 
4.1 – мақсат Бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік жүйесін жетілдіру, мемлекеттік мекемелерде де, аудиторлық  ұйымдарды ХАС өтуді қамтамасыз ету
Бәсекеге  қабілеттілік жаһандық индексінің көрсеткіші (позиция) Аудирлеу мен есеп беру стандарттарының  деңгейі, 2008 жылы – 94 (нақты), 2009 жылы –  (болжам – 90; нақты – 98), 2010 жылы – 89 (болжам), 2011 жылы – 88 (болжам), 2012 жылы – 87 (болжам), 2013 жылы – 86 (болжам), 2014 жылы – 85 (болжам)
Нысаналы  индикатор. ХҚЕС-ке өткен заңды тұлғалардың  үлес салмағы, 2008 жылы – 1 %, 2009 жылы – 1,2 %, 2010 жылы – 1,4 %, 2011 жылы – 1,5 %, 2012 жылы – 1,6 %, 2013 жылы – 1,7 %, 2014 жылы – 1,8 %

Мемлекеттік мекемелердің ҚСХҚЕС-қа  сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшуі, 2009 жылы – 0 %, 2010 жылы – 0 %, 2011 жылы – 0 %, 2012 жылы – 1 % (пилоттық аймақта енгізу), 2013 жылы – 100 %, 2014 жылы – 100 %

АХС-на көшкен аудиторлық ұйымдардың үлесі: 2008 жылы – 16,8 %, 2009 жылы – 80 %, 2010 жылы – 85 %, 2011 жылы – 90 %, 2012 жылы – ≥ 95 %, 2013 жылы – ≥ 95 %, 2014 жылы –  ≥ 95 %

4.1.1 – міндет ХҚЕС бойынша регламенттеуші құжаттармен қамтамасыз ету.
ХҚЕСКК-мен  шартты ХҚЕС-тің мемлекеттік тілдегі  ресми аудармасын жариялау мақсатында 2009 жылдан бастап

бес жыл мерзімге ұзарту

Бірлік ХҚЕСКК-мен  шарт 1 1
ХҚЕС-тің  мемлекеттік және (немесе)  орыс тілдеріндегі ресми аудармасын жариялау Бірлік 1 1 1 1 1 1 1
4.1.2 – міндет  Қаржы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
Еліміздің өңірлері мен облыстарында экономиканың іс жүзіндегі секторының қаржы қызметкерлері  арасында ХҚЕС бойынша семинарлар өткізу Адам 573 640 640
4.1.3 міндет Мемлекеттің қатысу үлесі бар, ХҚЕС-ке өтпеген заңды тұлғаларды анықтау.
Мемлекеттің қатысу үлесі бар, ХҚЕС-ке өтпеген  заңды тұлғалар санын азайту % 30 15 5 3 2 2
4.1.4 – міндет ХҚЕС-ті ақпараттық  қамтамасыз ету.
ХҚЕС  мәселелері бойынша БАҚ-да жариялау Бірлік 7 5 4 3 3 3 3
4.1.5 – міндет Мемлекеттік мекемелердегі  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік жүйесін халықаралық  практикаға сәйкес құру
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілігі бойынша нормативтік құқықтық актілерін халықаралық тәжірибеге сәйкес бекіту Бірлік 5
Сыртқы  және ішкі аудиторларды, қаржылық есептілікті  құрастырушыларды, пайдаланушыларды оқыту, еліміздің облыстық орталықтарында мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі жөнінде семинарлар өткізу Адам 1200 28000
Халықаралық практикаға сәйкес «Мемлекеттік мекемелердегі  бухгалтерлік есеп»  бағдарламалық  өнімі бойынша техникалық тапсырма әзірлеу Бірлік 1
«Мемлекеттік  мекемелердегі бухгалтерлік есеп»  бағдарламалық өнімін құру, оны барлық  мемлекеттік мекемелерде орнату және қазынашылықтың біріктірілген  ақпараттық жүйесімен біріктіру  Бірлік 1
«Пилотты меморгандарда» ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептік жүйені енгізу Бірлік 2
4.1.6 - міндет  Аудиторлық ұйымдар қызметінің  аудиторлық қызмет туралы заңнамаға  сәйкес болуын қамтамасыз ету
Аудиторлық  ұйымдардың АХС-на көшу мәніне зерттеулермен  қамтылуы % 16,8 80 90 95 ≥ 95 ≥ 95 ≥ 95
 

    2011-2014 даму бағдарламасына сәйкес мемлекеттік  мекемелердегі бухгалтерлік есептің  ХҚЕС ауыстырылуы, сәйкесінше  жұмыс жасауы, қаржылық есептілік  жүйесін енгізуі жүзеге асыру  жоспарланып отыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Бухгалтерлік  есептің пайда болуы, даму кезеңдері және мектептердің қалыптасуы туралы сиппатталған. Әрбір мектептің ұстанған бағыттары және ерекшеліктері аталған. Бухгалтерлік есепті жүргізуге ықпал ететін ұйымдардың қызметі айқындалған.

    Шет елдердегі бухгалтерлік есепті жүргізу  ерекшеліктерін зерттеп, олардың тәжірибесі сипатталған. Осыған сәйкес АҚШ, Жапония және Франция мемлекеттерінде бухгалтер мамандарын дайындаудың ерекшеліктері анықталып, отандық бухгалтерлерді дайындау саласында қолданылу аясы тұжырымдалды.

    Республикадағы нарықтық қатынастың серпінді даму жағдайында Қазақстанның бухгалтерлік есеп жүйесіне және жоғарғы білікті мамандарды даярлау саласындагы міндеттемелерді елеулі түзету қажет.

    Сапалы  оқыту жетістіктерін көздей отырып, бухгалтерлік мамандарды даярлау және қолданыстағы білім беру жүйесін реформалау, сапаға деген жаңа қатынас жоғарыдан басталуы тиіс, жетекшілерден бастап «сарқыраманың тиімділігі» дегендей оқытудың барлық ескі тэәсілдерін, ал негізгісі - білім беру сапасына деген оқытушылардың пейілсіз қатынасын жуып тастау керек. Білім сапасының негізгі аспектісі мынандай болуы тиіс: жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейі, дамуы және білім деңгейі.

    Бұл бағыттагы республиканың, шетелдің жақсы жетістіктерінен бағыт ала отырып, оқыту тәжірибесін алмастыру ережелері мен тәртіптерін ұйымдастыру. Шетелдік тәжірибені оқытушылар ұжымының шығармашылық мүмкіндігін дамытуға жағдай туғызатын білім беру жүйесін құруға бағыттау қажет.

    Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі бойынша нормативтік құқықтық актілерін халықаралық тәжірибеге сәйкес бекіту, «мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп»  бағдарламалық өнімін құру, оны барлық  мемлекеттік мекемелерде орнату және қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесімен біріктіру жұмыстарын атқару арқылы Қазақстан халықаралық стандартқа сай жұмыс жасайды.

    Жоғарыда  айтылғандар мынаны дәлелдейді: жоғарыда қойылған міндеттемелердің күрделілігіне қарамастан, Қазақстан позитивтік қайта құруға тырысу сияқты артықшылығымен тартымды. Дәл осы артықшылық курстағы реформаға республика жетекшілерінің жолын қуушылармен бірге жақсы білімді мамандармен қатар ел экономикасының гүлденуіне мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

    1. Кеулімжаев Қ.К., Ажибаева З.Н., Құдайбергенова  Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Экономика, Алматы,  2006 ж.

    2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.

    3. Баймұханов С.Б.,Балапанов Ә.Ж.«Бухгалтерлік есеп» Алматы,2001 ж.

    4. Штиллер М.В. «Бухгалтерлік есеп принципі» , 2004.

    5. Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»  
(халықаралық стандарт) Алматы, 2006 ж.

    6. Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008 ж.

        7. Толпаков  Ж.С. «Бухгалтерский есеп» Караганда, 2004 г.

    8. http://gaap.ru/articles/  GААР жүйесінің денгейі және негізгі құжаттары

    9. Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами  GААР» Москва, 2000г.

    10.http://www.nkj.ru/archive/articles/6817/ Жапония мемлекекітінің есепті механизациялау және автоматтандыру жүйесі

    11.http://www.accountingweb.ru/accounting-422.html «Коммерциялық кодекс» Франция

    12.http://www.buhlabaz.ru/buhuchet/istoriyamisli/plchetovalf.html Францияның ұлттық шоттар жоспары

    13. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 28.02.2007ж. №234

    14.http://www.minfin.kz/index.phpuin=1126180708&chapter=1126181084&lang=kaz  ХҚЕС

    15.Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері. ҚР ҚМ бұйрығы 22.06.2008 ж.

    16. Қазақстан Республикасының Салық кодексі (2001 жылғы 12 маусым № 209-II) 2008.01.01 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен

    17.2007 жылы 27 шілдеде қабылданған ҚР «Білім беру туралы» заңы

Информация о работе Халықаралық есеп тәжірибесі