Инвестициялық операциялар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:23, курсовая работа

Описание

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері...............5
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндеті..........................5
1.2Инвестицияны есепке алудағы нормативтік құжаттардың қолданылуы..........................................................................................................8
2« Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі » қолданылуы...........................................................................................17
2.1Үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуы.........17
2.2 Инвестицияның синтетикалық есебі....................................................23
3 Қаржылық инвестиция есебі.................................................................27
3.1Қаржылық инвестиция есебі..................................................................27
3.2Қаржылық инвестиция есебінің бағалануы және қайта бағалануы......38
Қорытынды....................................................................................................47
Пайдаланылған ақпарат көздері................................................................50

Работа состоит из  1 файл

курсовой фин учет-2.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ  МИНИСТРЛІГІ 

АТЫРАУ  МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ  ИНСТИТУТЫ 
 

«Экономика» факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

     Тақырыбы: « Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі » 

     Мамандықтың шифры мен атауы  _050508-Есеп және аудит _

     Тобы  __ЕжА-09қ/б_ 
 
 
 
 
 

Орындаған: ___________ студент Мәлікқызы М.

                                   (Аты- жөні)

Жетекші: ___________ АтМГИ доценті Ажигалиева Г.К.

            (Аты- жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

     
   
 
 
 
 
 

____________________                                                 ______________________

(қорғауға  жіберілді)                                                                                                                          (бағасы)

«___»__________20__ж                                              «___»__________20__ж 

_____________________                                                 _____________________

(жетекшінің  қолы)                                                                                                                (жетекшінің қолы) 
 
 
 
 

Атырау, 2011

Мазмұны: 

     Кіріспе................................................................................................................3

     1 Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері...............5

     1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндеті..........................5

     1.2Инвестицияны есепке алудағы нормативтік құжаттардың   қолданылуы..........................................................................................................8

     2« Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі » қолданылуы...........................................................................................17

     2.1Үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуы.........17

     2.2 Инвестицияның синтетикалық есебі....................................................23

     3 Қаржылық инвестиция есебі.................................................................27

     3.1Қаржылық инвестиция есебі..................................................................27

     3.2Қаржылық инвестиция есебінің бағалануы және қайта бағалануы......38

     Қорытынды....................................................................................................47

     Пайдаланылған ақпарат көздері................................................................50 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 
 

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвестиция  есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі» болып  табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

    Қазақстандық  бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық  тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін  пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

    Бұл курстық жұмысымның мақсаты І  бөлімінде инвестиция туралы түсінік  бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, II бөлімінде Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуын қарастырамын,  ал ІІI бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып,  қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.

    Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған  күні бойынша есептелінген, кейін  тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза активіндегі өзгерістерді инвестордың  үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады.

    Құн әдісіинвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс.

     Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.                                                                     

     Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде  айналымда болатын) және ұзақ  мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып  танылады.

     Қаржылық инвистициялардын есебі  ХҚЕС сәйкес №32  «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы»,және №2  ҰҚЕС стандартында қарастырылған.

   Қаржылық инвистициялардың ақпараттау  барысында бухгалтерлік есеп  шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері

    1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндеті
 
 

    Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына  және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

    Жалпылай  алғанда, инвестиция дегеніміз  бүгінгі  күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

    Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша  құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай  сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

    Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір  материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар   болып табылады.

    Қаржылық  инвестициялар — бұл субъектінің  табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

    Инвестиция  мыналарға бөлінеді:

    • үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
  • борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

    Инвестиция  көздері:

    а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );

    ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая  амортизация);

    б) кредиттік ресурстар.

    Инвестицияны  мына топтарға жіктеуге болады:

    1.Жұмсау  мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
    • ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;
    • мерзімсіз инвестициялар.

    Ұзақ  мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып  алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

    2. Тағайындалуы бойынша:

    • қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
  • нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

    3. Шығу тегі бойынша- бірінші,  екінші.

    4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.

    5. Ұлттық тегі бойынша- отандық,  шетелдік.

    6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

    7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.

    8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық,  эмиссиондық емес.

    9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік,  корпоративтік.

    10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.

    11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз  тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

Информация о работе Инвестициялық операциялар есебі