Инвестициялық операциялар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:23, курсовая работа

Описание

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері...............5
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндеті..........................5
1.2Инвестицияны есепке алудағы нормативтік құжаттардың қолданылуы..........................................................................................................8
2« Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі » қолданылуы...........................................................................................17
2.1Үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуы.........17
2.2 Инвестицияның синтетикалық есебі....................................................23
3 Қаржылық инвестиция есебі.................................................................27
3.1Қаржылық инвестиция есебі..................................................................27
3.2Қаржылық инвестиция есебінің бағалануы және қайта бағалануы......38
Қорытынды....................................................................................................47
Пайдаланылған ақпарат көздері................................................................50

Работа состоит из  1 файл

курсовой фин учет-2.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

    есепке  алынады.

    2000-«Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

    Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан  тұрады:

    2010-«Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар»,  онда ұйым бір жылдан асатын  мерзімге берген қарыздар есепке  алынады;

    2020-«Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген  қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

    2030-«Сатуға  арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:

    ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

    2040-«Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық активтер»,  онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

      Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

    3390-«Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек есепке алынады.

      Кірістер мен табыс пайыздары  алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6140-«Инвестициялық  жылжымайтын мүлік операцияларынан  алынатын кірістер», онда капитал  құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    6410-«Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

    6420-«Бірлескен  ұйымдардағы пайданың үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  бірлескен ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі.

      Есептелген шығындармен зияндар  7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

    7410-«Активтердің  шығуынан алынатын шығыстар»,  онда активтерді сатудан түсетін  шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;

    7600-«Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдардың залалындағы үлес»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі;

    7620-«Бірлескен  ұйымдардың залалындағы үлес»  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

    АҚ  «Топар» инвестиция сатып алды. Дилер  арқылы. Дилерге 17 000тг. Құжаттық рәсімдеуі 6000 тг. Инвестицияны акция түрінде алыр отыр.  600 акция -1 100тг. Инвестицияның сатып алу құны      600 * 1 100 = 660 000

    660 000 + 17 000 + 6 000 = 683 000

      Д               К                

    2030         1040           683 000

    2030         3310           683 000

    1.      1040           683 000
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 Қаржылық инвестиция есебі 

    3.1Қаржылық  инвестиция есебі 

    Қаржылық  инвестиция – ол акция, облигация  және басқа да құнды қағаздар мен  банктегі депозиттерге салынған  салымдар.

    Олар  қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда  болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан  астам мерзім) болып танылады.

    Қаржылық  инвестициялардың есебі  ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып  және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.

    Қаржылық  инвестицияларды ақпараттау барысында  бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс  жоспарында  І және ІІ бөлімдерінде  1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.

    Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

    • валюталық нарық;
    • құнды қағаздар нарығы;
    • несие-капиталы нарығы(ақша нарығы);
    • асыл тастар нарығы (алтын нарығы);

    Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды  қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы  қағаздар нарығы пайда болады.

    Іс  жүзінде акция, облигация және басқа  да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.

    Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің  алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

    Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.

    Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың  бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл  түрі ҚР-сы  Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы  қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ  мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері   бар:

    • Ұлттық жинақ облигациясы ;
    • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);
    • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);

    Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.

    Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің  заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

    Бағалы  қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:

    а) ақшалай ;

    ә) капиталды .

    Ақшалай бағалы  қағаздар - ақшаны қарызға  алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың  бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға  болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан  табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

    Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің  қорын (капиталын) құруға немесе оны  ұлғайтуға байланысты шығарылады.

    Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвистициялық болып екі топқа бөлінеді:

    Қарыздық  құнды қағаздар бойынша эмитент  өзі белгіленген уақыт барысында  пайызымен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.

    Инвестициялық құнды қағаздар -иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық  береді. Құнды қағаздардың бұл  түріне акцияны жатқызуға болады.

    Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді:

    Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың  бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.

    Саудалық  құнды қағаздар – белгілі бір  коммерциялық бағытпен  сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

    Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықтық  және нарықтық емес болып екіге бөлінеді:

    Нарықтық  құнды  қағаздар -айналыста еркін  сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

    Нарықтық  емес құнды қағаздар - қолдан -қолға  еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде  сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.

    Бағалы  қағаздар атқаратын рөлі бойынша :

  • негізгі (акция,облигация );
  • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
  • туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары);

    Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны  туралы куәландыратын және иесіне акционерлік  қоғамның пайдасының бір бөлігін  дивидент түрінде алуға құқық  беретін құнды қағаз болып  табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.

Информация о работе Инвестициялық операциялар есебі