Инвестициялық операциялар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:23, курсовая работа

Описание

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 Инвестиция және оны есепке алудың теорилық неігіздері...............5
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі, есепке алу міндеті..........................5
1.2Инвестицияны есепке алудағы нормативтік құжаттардың қолданылуы..........................................................................................................8
2« Инвестиция есебінің әдістері: үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдісі » қолданылуы...........................................................................................17
2.1Үлестік қатысу әдісі, сатып алу құны әдістерінің қолданылуы.........17
2.2 Инвестицияның синтетикалық есебі....................................................23
3 Қаржылық инвестиция есебі.................................................................27
3.1Қаржылық инвестиция есебі..................................................................27
3.2Қаржылық инвестиция есебінің бағалануы және қайта бағалануы......38
Қорытынды....................................................................................................47
Пайдаланылған ақпарат көздері................................................................50

Работа состоит из  1 файл

курсовой фин учет-2.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

    Тәуекелдік  түрлерін мынаған бөлуге болады:

  • капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
  • уақытша тәуекелдік- міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
  • заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
  • өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности)- инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • кредиттік және іскерлік тәуекелдік- борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
  • пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
  • валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

    12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.

    13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

  • борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
  • иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
  • жеке жобалар (кенішті игеру).

    14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша-  мүліктік, міндеттік.

    15. Халықаралық стандарт бойынша  бухгалтерлік есепте инвестиция  мыналарға бөлінеді:

  • №28  ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
  • №32 ХҚЕС «Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру»;
  • №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану  және бағалау»;
  • № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».

    Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
  • портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
  • венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.   
 
 

     1.2Инвестицияны есепке алудағы нормативтік құжаттардың   қолданылуы. 

Қазақстан Республикасының Заңы           
1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24)

     Бұл заң  5 тараудан тұрады

1 тарау.  Жалпы ережелер

2-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк құжаттама және iшкi бақылау

3-тарау.  Қаржылық есеп берудің элементтерiн  бағалау мен есепке алу

5 тарау.  Қорытынды ережелер

1 бап.  Осы заңның қолданылу аясы  

 
 
1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - кәсіпкерлерге), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына)қолданылады.  
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға міндетті.  
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.  
Ескерту. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.  
ЕСКЕРТУ. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 329 Заңымен.

Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді

28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

    1. Осы Стандарт қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. Алайда ол:

      (а) тәуекелді капиталы бар ұйымдар,немесе

      (б) инвестициялық сақтандыру қорларын қосқанда, өзара қорлар, пайы бар инвестициялық қорлар және осы секілді кәсіпорындар қауымдасқан ұйымдарға салған инвестицияларға қолданылмауы тиіс,

олар  бастапқы танудан кейін пайда  немесе шығын арқылы әділ құн бойынша  көрсетіледі немесе саудаға арналған ретінде жіктеледі және олар жөнінде 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» ХҚЕС-на сәйкес есеп беріледі. Мұндай инвестициялар осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайда және шығын бойынша танылған әділ құндағы өзгерістермен бірге 39 (ХҚЕС-на сәйкес әділ құн бойынша бағалануға тиіс. Осындай инвестицияны иеленетін кәсіпорын 37тармағы талап еткен ақпаратты ашып көрсетуі тиіс

АНЫҚТАМАЛАР

    2. Осы Стандартта терминдер төменде аталған мағыналарда пайдаланылады:

    Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар  және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың  бірлескен қызметтегі азшылық үлесі  болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

    Шоғырландырылған  қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып  ұсынылатын  қаржы есептілігі.

    Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық  саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.

    Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар  объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.

    Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді  және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады.

    Жеке  қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы  немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.

    Елеулі  ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .

    Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп  аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

    39 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ  СТАНДАРТЫ

    Қаржы құралдары - тану және бағалау

Мақсаты

  1. Осы Стандарттың  мақсаты қаржы активтерін, қаржы  міндеттемелерін және қаржылық емес активтерді сатып алу немесе сату туралы кейбір шарттарды тану және бағалау қағидаттарын белгілеуден тұрады. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ұсынуға арналған талаптар 32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру» IAS Халықаралық стандартында жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуге арналған талаптар 7-«Қаржы құралдары - ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандартында жазылған
  2. Қолданылу саласы
  3. 2.  Осы Стандартты барлық ұйым, мыналарды қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс:
  4. (а) еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы және бірлескен қызметтегі 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS немесе 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» IAS немесе 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS Халықаралық стандарттарына сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін. Сонымен қатар, ұйымдар осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке 27 IAS, 28 IAS немесе 31 IAS Халықаралық стандарттарына сай осы Стандартқа сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін қолдануға міндетті. Ұйымдар сондай-ақ осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке қатысу үлесінен туынды құралдарына, осы туынды құрал 32 IAS Халықаралық стандарттағы ұйымның үлестік құралының анықтамасына сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қолдануға міндетті;
  5. (b)  17-«Жалдау» IAS қолданылатын жалдау шарттары бойынша құқықтар мен міндеттемелерді. Дегенмен:
  6. (і) жалдау бойынша жалға беруші таныған дебиторлық берешек осы Стандарттың тану туралы және құнсыздану туралы ережелерін қолданудың ықпалында болса (15-37, 58, 59, 63-65-параграфтарды және А қосымшасының AG36-AG52 және AG84-AG93-параграфтарын қараңыз);
  7. (іі) жалдау бойынша жалға алушы таныған кредиторлық берешек осы Стандартты тануды тоқтатуға қатысты бөлігінде қолданудың ықпалында болса (39-42-параграфтарды және А қосымшасының AG57-AG63-параграфтарын қараңыз);
  8. (ііі) жалдау шарттарына енгізілген туынды құралдар осы Стандарттың енгізілген туынды құралдары туралы ережелерін қолдануға сай келсе (10-13-параграфтарды және А қосымшасының AG27-AG33-параграфтарын қараңыз);
  9. (с) 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандарты қолданылатын қызметкерлерге сыйақы бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін;
  10. (d)  кәсіпорын шығарған 32 (IFRS) ХҚЕС-тағы үлестік құралдар анықтамасына сай (купондар мен опциондарды қосқанда) немесе 32 (IFRS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелуі талап етілетін қаржылық құралдар. Алайда, осындай үлестік құралдардың иесі осы Стандартты сол құралдарға егер олар жоғарыдағы (а) тармақшасындағы ерекшелікке сай болмаса қолдануы тиіс
  11. (е) (і) эмитенттің 9-параграфтағы қаржы кепілдіктері шартының анықтамасына сай келетін сақтандыру шарты бойынша немесе (іі) дискрециялық қатысу құқығы болғандықтан 4 IFRS қолдану саласындағы шарт бойынша туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін. Сонымен бірге, осы Стандартты 4 IFRS қолдану саласындағы шартқа енгізілген туынды құралға қолдануға болады, егер осындай туынды құралдың өзі 4 IFRS қолдану сай келетін шарт болып табылмаса (10-13-параграфтарды және А қосымшасының AG27-AG33-параграфтарын қараңыз). Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктері шарттарының эмитенті бұрын екіұшты емес түрде осындай шарттарды сақтандыру шарттары деп есептейтінін және сақтандыру шарттары қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, ол осы Стандартты немесе 4 IFRS-ты осындай шарттарды сақтандыру шарттарына қолдануды таңдауға құқылы (AG4 және AG4А-параграфтарын қараңыз). Эмитент осындай таңдауды әрбір жеке алынған шартқа қатысты жасай алады, бірақ бірде оны жасай отырып, ол одан бас тартуға құқылы емес;
  12. (f) [жойылған]
  13. (g) кәсіпорындар біріктірілген кезде сатып алушы ұйым және сатушы арасында сатып алынатын ұйымды сатып алу немесе сату туралы белгілі бір болашақ күнге жасалған шарттарды;
  14. (h) 4-параграфта жазылғандарды қоспағанда, несие туралы келісімдерді. Несие туралы келісімнің эмитенті 37 IАS-ты осы Стандартты қолдану саласында болмайтын несие туралы келісімдерге де қолдануы тиіс. Дегенмен несие туралы барлық келісім осы Стандарттың тануды тоқтатуға қатысты ережелерін қолданудың ықпалында болады (15-42-параграфтарды және А қосымшасының AG36-AG63-параграфтарын қараңыз);
  15. (i) осы Стандарттың осы Стандарт қолданылатын 5-7-параграфтарын қолдану саласындағы келісім-шарттарды қоспағанда, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын үлестік құралдар негізіндегі төлемдермен мәмілелер бойынша қаржы құралдарын, келісім-шарттарды және міндеттемелерді;
  16. (j) ұйым 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS сәйкес бағалау міндеттемелері ретінде таныған не ол үшін неғұрлым ерте кезеңдердің бірінде ол 37 IАS сәйкес бағалау міндеттемесін таныған міндеттемені өтеу үшін ұйым жүргізуге міндетті болатын шығындарды өтеу үшін төлемдерге құқықтарын.
 

32 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ 

Қаржы құралдары  – ақпаратты ашу және беру 

МАҚСАТЫ 

1. [жойылған] 

    2. Осы Стандарттың мақсаты қаржы құралдарын міндеттеме немесе капитал ретінде ұсыну, сондай-ақ қаржы активтер мен қаржы міндеттемелерін өзара есепке алу принциптерін белгілеу болып табылады. Ол эмитент тұрғысынан қаржы активтерінің, қаржы міндеттемелерінің және үлестік құралдардың санаттары бойынша қаржы құралдарының жіктемесіне; тиісті қатысу үлестерінің, диивдендтердің, пайдалар мен залалдардың жіктемесіне; сондай-ақ қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін біріне-бірін қарсы есепке алу керек болатын жағдайларға қолданылады.

  1. Осы Стандартпен белгіленген принциптер 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» IAS Халықаралық стандартында қалыптастырылған қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану және бағалау принциптерін, сондай-ақ 7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS сәйкес оларды туралы ақпараттарды ашып көрсетулерді толықтырады.
 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 

    4. Осы Стандарт:

      (а)  27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» (IAS)ХҚЕС, 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар» (IAS)ХҚЕС және 31-«Бірлескен қызметке қатысу» (IAS) ХҚЕС-тарына сәйкес есеп берілетін еншілес ұйымдардағы қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен қызметтердегі қатысу үлестерін қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түрлеріне ұйымдардың бәрі қолдануы тиіс. Алайда, кейбір жағдайларда 27 (IAS)ХҚЕС, 28 (IAS)ХҚЕС, 31 (IAS)ХҚЕС-тары ұйымға 39 (IAS)ХҚЕС-ын қолданып еншілес ұйымдағы, қауымдастырылған ұйымдағы және бірлескен кәсіпорныдардағы қатысу үлесі жөнінде есеп беруіне рұқсат береді; осындай жағдайларда кәсіпорындар  осы Стандарттың талаптарын қолдануы тиіс. Сонымен қоса, кәіспорындар осы Стандартты еншілес ұйымдардағы, қауымдастырылған ұйымдардағы және бірлескен кәіспорындардағы қатысу үлестеріне байланысты барлық туынды құралдарға қолдану тиіс. 

      (b) 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандарты қолданылатын қызметкерлерге берілетін сыйақы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің құқықтарын және міндеттемелерін қоспағанда; 

      (с) [жойылған] 

      (d) 4-«Сақтандыру шарттары» IFRS анықтамасына  сәйкес сақтандыру шарттарын қоспағанда. Алайда, 39 IAS Халықаралық стандарты ұйымға есептеуде шарттарды бөлек көрсетуге жүктесе, осы Стандарт сақтандыру шарттарына кіріктірілегн туынды құралдарға қатысты қолданылады.  Соған қоса, эмитент осы Стандартты қаржылық кепілдік шарттары сияқты шарттарды тану және бағалау кезінде 39 IAS-ты қолданса, осы шартқа  қатысты қолданылуы тиіс, бірақ егер 4 IFRS 4(d)-параграфына сәйкес ол осылардың танылуы және бағалануы үшін дәл 4 IFRS-ты таңдаса, 4 IFRS қолданылуы тиіс. 

Информация о работе Инвестициялық операциялар есебі