Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 07:26, контрольная работа

Описание

Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
1.Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
1.2.Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
1.3. «Ақтау-сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты
2. Шаруашылық субъектісінің негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Негізгі құралдар, оларды кіріске алу және шығару есебі
2.2.Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Шаруашылық субъектіде аудитті ұйымдастыру
3.1. Аудитті ұйымдастыру, оның мақсаты мен мәні
3.2Қаржылық және дебиторлық берешек аудитін ұйымдастыру
3.3Ақша қаражаттары қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

учет доходов.doc

— 503.00 Кб (Скачать документ)

     Карточкалар әдетте бiр дана етiп толтырылады. Толтырылған мүлiктiк карточкалар “Негiзгi құралдардың мүлiктiк карточкаларының тiзiмдемесiнде” (НҚ-10 нысанындағы) тiркеледi. Бұл құжат субъект бухгалтериясында бiр данада негiзгi құралдардың жiктiк топтары бойынша жүргiзiледi.

     Объект  есептен шыққанда тiзiмдемеде бұл жөнiнде белгi жасалады, тиiстi карточка жабылады. Барлық мүлiктiк карточкалар негiзгi құралдардың картотекасында сақталады. Картотекада карточкалар жiктiк (классификациялық) топтар және пайдалану орындары бойынша орналасады. Картотекамен жұмыс iстеудi оңайлату үшiн әр топ бiр-бiрiнен арнайы бөлшектермен бөлiнедi. Картотекада негiзгi құралдардың әрбiр жiктiк тобының алдына “Негiзгi құралдар қозғаласының есебiн жүргiзу карточкасы” (НҚ-12 нысанындағы) орналастырылып, онда әр топтағы объектiлердiң барлық қозғалысы көрсетiлiп отырады. Бұл карточкаларда негiзгi құралдардың есебi әр топ бойынша жиынтық сомамен ғана берiледi. Әрбiр жiктiк топ бойынша айдың басындағы қалдық көрсетiледi. Есеп беру кезеңiнiң (кварталдың, жылдың) аяғында жинақтары есептеледi. Бұл мәлiметтермен қатар карточкада негiзгi құралдарды қалпына келтiруге есептелген амортизациялық аударымдар сомасы мен күрделi жөндеуге жұмсалған шығындар көрсетiледi. Сонымен аталған карточка негiзгi құралдардың әрбiр жiктiк (классификациялық) тобы  бойынша қозғалысын көрсететiн аналитикалық шот десе де болады. Кәсiпорынға қабылданған негiзгi құралдар типтік шоттар жоспарының 12 “Негiзгi құралдар” бөлiмшесiнiң тиiстi синтетикалық шоттарының дебетi бойынша кiрiске алынады.

     Ары қарай жоғарыда аталған әдiстер бойынша кәсiпорынға алынған негiзгi құралдардың өзiндiк (бастапқы) құнын анықтауды және негiзгi құралдардың кiрiске алынуы бойынша операцияларадың бухгалтерлiк есепте тiркелуiн қарастырамыз.    

     «Ақтау-сервис» ЖШС-нің жаңа қызметтiң түрiн ұйымдастыру үшiн жер учаскесiнiң сатып алды делiк. Ол жердiң сатып алу бағасы бойынша құнын-17000000 теңге төледi,  окердiң қызметiн пайдаланғаны үшiн 60000 теңге төледi және адвокаттың қызметiне 20000 теңге төледi, сол жерде тұрған жойылу құны 4000 теңге тұратын ескi ғимаратты бұзу үшiн 10000 теңге төледi, жердi тегiстеу үшiн-10000 теңге төледi. Сөйтiп сатып алынған жер учаскесiнiң өзiндiк (бастапқы) құны 1806000 теңге болады.  

     4-кесте - Жердің бастапқы құнын есептеу 

Р/с Шығындар Сомасы,теңге
1

2

3

4 

5 

6

Сатып алу бағасы бойынша

Брокер қызметiнiң ақысы

Адвокат қызметiнiң ақысы

Ескi ғимаратты бұзу үшiн

Минус:

ғимараттың жойылу құны 

Жердi тегiстеу шығындары

17000000

60000

20000

10000 

-4000

6000

10000

  Жиынтығы 1806000
 

    Осы сомаға төмендегi шот корреспонденциясы анықталады:

ДТ           КТ

       121 “Жер”                                                                          1806000             

       441 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақша”                            1806000 

     Ғимараттар және құрылғылар. Дайын ғимараттарды сатып алу кезiнде оның өзiндiк (бастапқы) құнына сатып алу бағасы,  жөндеуге және басқадай ғимаратты жұмыс iстейтiн жағдайға жеткiзу үшiн, жұмсалған шығындар кiредi. Егер фирма ғимаратты өзi салатын болса, онда оның өзiндiк (бастапқы) құнына барлық қажеттi шығындар (материалдар, еңбек ақы, сәулетшi қызметiнiң ақысы, құрылыс жүргiзу мерзiмiндегi сақтандыру шығындары, құрылыс жүргiзу мерзiмi iшiнде объектiге берiлген несие бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргiзуге берiлген рұқсаттың құны) кiредi. Егер ғимаратты салу кезiнде мердiгерлердiң қызметi қажет болса, онда оның өзiндiк (бастапқы) құнына келiсiм бағасымен бiрге салынып жатқан объектiнi пайдалануға, беруге қажеттi шығындар да кiргiзiледi.

     Құрал-жабдықтар. Құрал-жабдықтардың құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар (шот фактура бойынша құны, сақтандыру шығындары, салық сомасы, сатып алуға байланысты шығындар, монтаждау құны және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатында жүргiзiлетiн сынақтың бағасы) кiредi.

      Бухгалтерлік  есепте жабдықтың кiрiске алынуын төмендегi жазу арқылы көрсетуге болады:

                                                                                                          ДТ                КТ

                  123 “Машиналар мен жабдықтар”                        240000         

                  511 “Төленбеген капитал”                                                         200000

                  531 “Қосымша төленген капитал”                                              40000

     Егер  құнды қағаздардың нарықтық құнын дұрыс анықтауға болмайтын болса, онда алынған активтiң нарықтық құны (егер оны дұрыс бағалауға болатын болса) пайдаланылады. Мысалы, жабдықтың нарықтық құны – 220000 теңге делiк. Онда жабдықты кiрiске алу былайша көрсетiледi:

                                                                                                        ДТ                КТ

               123 “Машиналар мен жабдықтар”                         220000

                511 “Төленген капитал”                                                             200000

               531 “Қосымша төленген капитал”                                           20000

     Егер  жақын уақытта ондай негiзгi құрал ақшалай негiзде сатылмаған болса, онда активке тәуелсiз эксперттiк (сараптамалық) бағалау жүргiзуге болады. Сыйға алынған және өкiмет субсидиясы ретiнде қабылданған негiзгi құралдарды есепке алу.

     Сыйға алынған немесе өкiмет субсидиясы ретiнде алынған активтердi (негiзгi құралдарды) есепке алудың екi негiзгi тәсiлi бар.

     Бiрiншi (капитал позициясына негiздлген) әдiс бойынша сыйлық немесе өкiмет субсидиясы ретiнде есепке алынған негiзгi құралдар кәсiпорынның тiкелей капиталын көбейтедi, таза табысына (пайдасына) әсер етпейдi. Яғни, егер сыйлау кезiнде активтiң (негiзгi құралдың) ағымдағы нарықтық құнын дұрыс бағалау негiзiнде активтер мен меншiктi капитал шоттары көбеедi.

     Екiншi (табыс позициясына негiзделген) әдiс бойынша есепке алынған негiзгi құралдардың әдiлеттi нарықтық құны кәсiпорынның табысына (бiр немесе бiрнеше кезеңдегi) жатқызылады.

     Яғни, сыйға немесе өкiмет субсидиясы ретiнде алынған негiзгi құралдар акционерлермен байланысты емес көздерден келiп түсетiн активтер болып табылады, сондықтан оларды капитал шотына тiкелей апаруға болмайды. Бұлар тиiстi кезеңнiң табысы ретiнде танылуға тиiстi. Отандық тәжiрибеде сыйға тартылған немесе өкiмет субсидиясы ретiнде алынған негiзгi құралдарды есепке алуда екiншi әдiс (табыс позициясына негiзделген) пайдаланылады.

     Мысалы, 2002 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласының әкiмшiлiгi “Ақтау-сервис” ЖШС-нің осы жерде оның өндiрiс құруын ынталандыру мақсатында өндiрiстiк ғимаратты (нарықтық құны 5000000 тг.) және сол ғимарат тұрған жердi (нарықтық құны 1000000 тг.) сыйға бердi. Серіктестіктің бухгалтерлiк есебiнде бұл операция төмендегi бухгалтерлiк жазулар арқылы көрсетiледi.

                                                                                                       ДТ                КТ

121 “Жер”                                                                             1000000

122 “Ғимараттар мен құрылғылар”                                 5000000

         727 “Қосалқы қызметтен алынған басқадай табыстар”              6000000

     Егер  жоғарыда аталған негiзгi құралдар өкiмет субсидиясы ретiнде алынған болса:

                                                                                                     ДТ                 КТ

121 “Жер”                                                                              1000000

122 “Ғимараттар мен құрылғылар”                                  5000000

      726 “Атқарушы өкiмет органдарының субсидиялары”                  600000

       Сыйлықты немесе өкiмет субсидиясын  алыну табыс ретiнде тану (есепке  алу) оларды тек есептiк кезеңдер  бойынша бөлiп тарату базасы  болмаған жағдайда ғана қолайлы.

 

5-кесте - Негізгі құралдардың кіріске алудың корреспонденциясы 

р/н

    Шаруашылық операцияларының

мазмұны

Шоттар  корреспонденциясы

ДТ

КТ

1

    2

3

4

1. Негiзгi құралдарды кәсiпорынның өз iшiнде орнын ауыстыру (бiр цехтан екiншi цехқа беру, т.б.)

121-125

121-125

2.

Негiзгi құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынады:

- келiсiм  шарттық құнына

- ҚҚС  сомасына (тұрғын үй ғимараттарын және жеңiл автомобиль транспортын қоспағанда)

 
122-125 
 

331

 
671 
 

671

3.

Құрылтайшылардың кәсiпорынның жарғылық капиталына салған салымдарына салған негiзгi құралдары кiрiске алынды

 
121-125
 
511
4.

Негiзгi құралдар серiктестiк, тәуелдi, және бiрлесiп  бақыланатын кәсiпорындардан алынды:

    • баланстық құнына
    • ҚҚС сомасына
    • берушi жақтың есептеген тозу сомасы

Жиыны (бастапқы құны)

 
122-125

331 

122-125

х

 
641-643

641-643 

131-134

х

5.

Тегiн  алынған негiзгi құралдар кiрiстелдi:

    • баланстық құнына
    • берiлген күнге дейiн есептелген тозу сомасына
 
122-125 

122-125

 
6.

Түгендеу  барысында есепке алынбаған негiзгi құралдар анықталды:

- негiзгi құралдардың эксперттiк жолымен анықталған қалдық құнына

- негiзгi құралдардың эксперттiк жолмен анықталған, бiрақ есепке алынбаған тозу сомасына

 
122-125 

122-125

 
727 

131-134

 

Барлығы (эксперттiк  жолмен анықталған бастапқы құны)

х

х

7.

Кәсiпорынның өзi дайындалған негiзгi құралдары:

    • негiзгi өндiрiс цехында
    • көмекшi өндiрiс цехында
 
122-125

122-125

 
900

920

 

Барлығы (өндiрiстiң өзi дайындаған негiзгi құралдар)

х

х

     Бухгалтерия келiп түскен объектiнi материалдық  жауапты адамға бекiтiп, мүлiктiк карточка ашады, объектiге мүлiктiк тiзiмдеу нөмерiн берiп, мүлiктi Мүлiктiк тiзiмге алады, негiзгi құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негiзгi құралдар келiп түскен кезде, мына жоғарыдағыдай шоттар корреспонденциясы жасалынады.Бұл мүлiктердi бiр ғана карточкада есепке алуға рұқсат етiледi. Барлық негiзгi құралдар үшiн Мүлiктiк карточка толтырылады. Бұл карточка бухгалтерияға келiп түскен кезде негiзгi құралдың актiлерi, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негiзiнде толтырылады. Карточкада объектiлердiң және олардың жекелеген құрылымдық элементтерiнiң қысқаша техникалық сипаттамасы берiледi, бiрақ сол техникалық құжаттамадағы мәлiметтерi қайталанбайды. Негiзгi құралды басқа субъектiге тапсыру (беру) кезiнде негiзгi құралдардың шығуы туралы белгi соғуға, сондай-ақ негiзгi құрал объектiлерiнiң субъект iшiнде орын ауыстыру кезiнде “Негiзгi құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актiсi”, ескеру және тозу салдарынан негiзгi құралдың объектiлерiн есептен шығаруға “Негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсi” негiз бола алады. Құрылысы салынып бiткен, жабдықтаулары орантылған, жөндеу жұмыстары бiткен объектiлер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшiн “Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектiлердi қабылдау-тапсыру актiлерi” негiзiнде жазылады.

 

2.2 Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі 

                  «Ақтау-сервис» ЖШС қарамағындағы қаржылық ресурстар мен өзіне қабылдаған міндеттемелері  туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есептің нысанында пайдаланушыларға ұдайы (жүйелі түрде) тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде әбалансә деп аталады.

Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі  бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.

      Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен  есеп регистрлерінің, Бас кітаптың  мәліметтері негізінде құрылады.

      Жойылу балансы- шаруашылық жүргізуші субъекті әртүрлі себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу балансының кәдімгі баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен айқындалады.

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы