Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 07:26, контрольная работа
Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.
Кіріспе
1.Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
1.2.Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
1.3. «Ақтау-сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты
2. Шаруашылық субъектісінің негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Негізгі құралдар, оларды кіріске алу және шығару есебі
2.2.Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Шаруашылық субъектіде аудитті ұйымдастыру
3.1. Аудитті ұйымдастыру, оның мақсаты мен мәні
3.2Қаржылық және дебиторлық берешек аудитін ұйымдастыру
3.3Ақша қаражаттары қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бағалу сатып- өткізу бағасы бойынша жүзеге асырылады, көп жағдайда ол баланстық құнынан әлдеқайда төмен болады. Әдетте қорытынды баланста болатын кейбір баптар, бюджеттік бөліп-таратушы Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар, Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар, Күмәнді борыштар бойынша резервтер, Болашақ төлемдердің резерві баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы мүмкін, мысалы, фирма бағасы (гудвилл). Кәсіпорынның меншікті капиталы жойылу балансында кейде жеке баптар бойынша көрсетілмейді. Себебі жойылу кезеңнің басында кәсіпорынның меншікті капиталы арнайы ашылған жою шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды бағалудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде немесе пассивінде көрсетіледі.
Брутто баланс- реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және тағы басқалары жатады.
Нетто баланс (немесе тазаланған баланс)- реттеуші баптар алынып тасталынған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Бұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды. Бөлуші баланс- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесін өз алдына дербес кәсіпорын ретінде бөліп шығарған сәтте немесе кәсіпорында бір-бірінен тәуелсіз бірнеше кәсіпорындарға бөліп жіберген кезде құрылады.
Ішкі баланс (мейлінше егжей- тегжейлі)- қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдық бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.
Сыртқы баланс сыртқы
Қазақстан Республикасының
Өзінің құрылымы бойынша бухгалтерлік
баланс жиынтығы әр уақытта
тең болатын екі қатар сандар болып табылады. Бұл тепе-теңдік баланстың
маңызды белгісі болып табылады.
Екі жақты кесте түріндегі
бухгалтерлік баланстың сол
субъектінің активтері (экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы
активтерге қатысты әр түрлі тұлғалардың талаптары пассивтер деп
аталады. Пассивтер екі түрге бөлінеді:
Егер кәсіпорынның барлық
Активтер = Міндеттемелер + Капитал.
Бухгалтерлік есептің барлық процедуралары
осы теңдіктен туындайды. Төменде екі
жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың
қысқартылған үлгісі (нысаны ) келтірілді.
6-кесте
- Бухгалтерлік баланс (мың теңге)
Активтер | Есепті кезеңнің басына | Есепті кезеңнің аяғына | Меншікті капитал және міндеттемелер | Есепті кезеңнің басына | Есепті кезеңнің аяғына |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1Ұзақ мерзімді активтер | |
|
1Меншікті капитал | ||
Негізгі құралдар: | Жарғылық қор | ||||
Бастапқы құны | 328039 |
579843 |
Қосымша төленген капитал | 134581 | |
Жинақталған тозу құны | 126767 | 14748 | Бөлінбеген табыс | -6358 | 101720 |
Қалдық құн | 201272 | 565095 | |||
Аяқталмаған құрылыс | 11958 | 11958 |
|||
Жиынтығы | 201272 | 565095 | Жиынтығы | 84858 | 101720 |
ағымдағы активтер | 2Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 0 |
0 | ||
Тауарлы-материалдық қорлар | 5330 |
47232 |
3 Ағымдағы міндеттемелер | ||
Қысқа мерзімді дебиторлық борыш | 1096415 |
4452245 |
Қысқа мерзімді кредиторлық борыштар | 1278903 |
5002602 |
Ақша қаражаттары | 48786 | 27792 | Бюджетпен есеп айрысу | ||
Кредиторлық борыштар | |||||
Басқа да кредиторлық борыштар | |||||
Барлығы | 1363761 | 5104322 | Барлығы | 1363761 | 5104322 |
Субъектілердің бухгалтерлік балансына біртекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал және міндеттемелер) біріңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері баптар деп аталады.
Баланстың активтер бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, меншікті капитал және міндеттемелер бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.
Бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есептегі негізгі ашып көрсетулер деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес бухгалтерлік баланста төменде кестеде келтірілген көрсеткіштер тұруға тиісті.
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімдері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан
Республикасының аймағында
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады. Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін.
Банктен алынған қолма-қол ақша сол күні кассаның кірісіне жазылады, ол үшін кассир № КО-1 нысанды кассалық кіріс ордерін рәсімдейді. Кассалық кіріс ордерлері мен оларға квитанцияларды, сондай-ақ кассалық кіріс ордерлерін еңбекақыны есептеуді жүргізетін бухгалтер КО-3П нысанды кассалық кіріс ордерлерді тіркейтін журналда кассалық кіріс және шығыс құжаттарына жеке тіркейді. Сонымен бірге чек кітапшасы түбіртегінің сыртқы жағында қолма-қол ақшаның кассаның кірісіне жатқызылғандығы туралы жазба кіріс ордерінің нөмірі мен датасы көрсетіліп, құрылымдық бөлімшенің бухгалтерлік қызметі басшысының қол қоюымен жасалады.
Кассалық құжаттарды қолмен рәсімдеген тәсілде аталған құжаттарды бухгалтер анық және айқын, сиямен немесе шарикті қаламның пастасымен толтыруы тиіс. Құжаттарда ешқандай өшірулерге немесе түзетулерге жол берілмейді. Кассалық ордерлер бойынша ақшаны қабылдау және беру оларды жасаған күні ғана жүргізілуі мүмкін. Кассалық кіріс және шығыс ордерлерінде оларды жасаудың негізі көрсетіледі және оларға тиісті ақтаушы құжаттар қоса беріледі. Кассир кіріс немесе шығыс құжаттарын алғанда:
Осы талаптардың біреуі сақталмаған жағдайда кассир құжаттарды бухгалтерияға тиісінше рәсімдеу үшін қайтарады.
Қолма-қол ақшаны қабылдағанда кассир кассалық кіріс ордерінде көрсетілген соманы қайта санағанда нақты қолда бар сомамен салыстырып тексереді. Сомалар сәйкес келгенде кассалық кіріс ордеріне қол қояды, оны бухгалтерлік қызметтің басшысына қол қоюға береді, кассалық кіріс ордері квитанциясының сол жағына әқабылдандыә мөртаңбасын қояды, бухгалтерия мөрінің бедерін қию сызығына қояды, ал кассалық кіріс ордерінің түбіртегін ақша тапсырған тұлғаға береді. Егер ақша банктегі есеп айырысу шотынан алынған болса, кассалық кіріс ордерінің түбіртегі аталған операцияның банк бойынша көрсетілген күні банктік үзінді көшірмеге жапсырылады.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін. Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін Филиалда келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.