Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 07:26, контрольная работа

Описание

Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
1.Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
1.2.Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
1.3. «Ақтау-сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты
2. Шаруашылық субъектісінің негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Негізгі құралдар, оларды кіріске алу және шығару есебі
2.2.Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Шаруашылық субъектіде аудитті ұйымдастыру
3.1. Аудитті ұйымдастыру, оның мақсаты мен мәні
3.2Қаржылық және дебиторлық берешек аудитін ұйымдастыру
3.3Ақша қаражаттары қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

учет доходов.doc

— 503.00 Кб (Скачать документ)

      “Ақтау-сервис” ЖШС-ң есеп саясаты негізінен Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңнамасына сәйкес    15 маусым 2000 жылы №2732, (құрамына бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары - «IAS», қаржылық есептің халықаралық стандарттары – «IFRS», оларға өзгертулер мен толықтырулармен) сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептің нормативтік-құқықтық актілері, бухгалтерлік есепті құру мен реттеу жөніндегі өкілетті органмен құрастырылған ҚЕХС жөніндегі методикалық нұсқаулар т.б. өзге де актілеріне сәйкес құрылған.

      “Ақтау-сервис” ЖШС-ң есеп саясаты оның құрамында болатын барлық құрылымдық бөлімшелеріне тән, олардың тәуелсіз түрде орналасқан жеріне, ұйымдастырылуына қарамастан, кәсіпорынның бақылауымен өздерінің консолидацияланған қаржылық есеп беруін жасайды.

      Кәсіпорын және оның бақылауындағы еншілес  ұйымдардың есептілік кезеңі тоқсан және күнтізбелік жыл болып саналады.

      Кәсіпорынның  құрылымындағы бар құрылымдық бөлімшелерінің, секторлары мен филиалдарының бухгалтерлік есепті басқарудағы қызметі негізінен  кәсіпорынның Бас бухгалтеріне жүктеледі.

      “Ақтау-сервис” ЖШС-ң құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдары бухгалтерлік есептің бастамасын қалыптастырады, белгіленген көлемі мен анықталған уақыт мерзімінде қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі ақпараттарын кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жөніндегі Департаментіне есеп берулері тиіс.

      Бухгалтерлік  есепті қалыптастыруда кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бухгалтерлік есептің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін қолданады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын айқындайтын жұмыс шоттар жоспарын пайдаланады.

      Кәсіпорынның  есеп жүйесі екі бөлімнен тұрады: қаржылық және басқарушылық есеп. Қаржылық есеп кәсіпорындағы - оның құрылымдық бөлімшелері  мен филиалдарының информациялық  жүйенің негізгі бөлігі бола тұра, барлық деңгейдегі басқарушыларды оперативтік информациялармен қамтамасыз ете алмайды. Ал басқару есебі - кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызметінің ішкі басқару стратегиясымен тактикасын жасау үшін ақпараттармен қамтамасыз етеді.  Өйткені нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы ұйымдар қызметінің тиімділігі оның экономикалық еркіндігі, бәсекелестік қабілеттігі және нарық жағдайындағы ақпаратпен қамтамасыз етуі көбінесе басқару іс-әрекетіне байланысты болады. Басқару есебінің мақсаты ұйымдарда, құрылымдық бөлімшелерде, филиалдарда басқару қызметін жүзеге асыру үшін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау, ынталандыру жататын экономикалық ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Басқарудың негізгі қызметі – бақылау, реттеу, ұйымдастыру және жоспарлық мәліметтермен, жедел есеп мәліметтерін салыстыру арқылы анықталып, жүзеге асырылады. Жалпы айтқанда, қаржылық есеп тек қана сыртқы пайдаланушыларға арналса, басқарушы есеп мәліметтері ішкі пайдаланушыларға пайдаланылады.

      Кәсіпорынның  құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қаржылық есеп беруінің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру. Қаржылық есеп беру негізінен есептеу, үздіксіз қызмет ету, түсініктілік, бейтараптық, салыстырмалылық, аяқталғандық принциптеріне негізделінеді. Қаржылық есеп беру алғашқы құн бойынша дайындалады, сатуға жарамды негізгі құралдар мен инвестициялық құнды қағаздарды бағалаудағы әділетті құнды қоспағанда.

      Кәсіпорын филиалдарының қаржы-шаруашылық қызметі негізінен кәсіпорын бекітіп берген қаражаттан, сондай-ақ кәсіпорынның жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдардан, шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған құнды қағаздар мен материалдық емес активтерден тұратын мүлікке ие болады. Кәсіпорын филиалдарының теңгерімінде есептелінетін мүлік кәсіпорынның меншігі болып табылады.

      Кәсіпорын филиалдары осы ережеде белгіленген  міндеттерді орындау үшін кәсіпорын  белгілеп берген шекте және шартпен  қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын филиалдарының қаржылық қызметін тексеруді кәсіпорынның оған уәкілеттік берілген құрылымдық бөлімшелері, қажет болған жағдайда кәсіпорын тағайындайтын немесе тартатын аудиторлық қызметтер жүзеге асырады. Кәсіпорын филиалдарының қаржылық қызметін бақылауды олармен жасалған шарттар негізінде аудитор немесе аудиторлық ұйымдар жүзеге асыруы мүмкін.

      Аудиторлар  және аудиторлық ұйымдар өздеріне қажетті  барлық материалдарды, бухгалтерлік немесе өзге құжаттарды және жеке түсініктемелерді филиал қызметкерлерінен талап етуге құқылы. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өздері жүргізген тексерулердің нәтижелерін кәсіпорынның басқармасына және (талап етуі бойынша) кәсіпорынның директорлар кеңесіне жібереді.

      Кәсіпорын дербес қаржылық есеп пен топтың консолидацияланған (біріккен) қаржылық есептілігін дайындайды.  Кәсіпорынның дербес қаржылық есеп беруі мен топтың консолидацияланған (біріккен) қаржылық есептілігі негізінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен құрастырылады.

      Кәсіпорын бекітілген формалардағы анықталған уақытта дербес және консолидацияланған (біріккен) қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігіне, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы Комитетіне, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігіне тапсырады.

      № 27 «Консолидацияланған және дербес қаржылық есеп беру» ҚЕХС сәйкес кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының  консолидацияланған қаржылық есеп беруі  мыналардан тұрады:

  • «Бухгалтерлік баланс»;
  • «Табыстар мен шығындар туралы есеп беру»;
  • «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру»;
  • «Меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру»;
  • «Түсініктеме жазбасы»;
  • «Ұйымның есеп саясаты туралы ақпарат».  

      Қазақстанның  бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылык есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен кағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне карап нақтыланған.

      Кәсіпорынның  бастапқы бақылауын жүзеге асыру  үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндык, өлшемдері, ағымдағы топтастыруы  және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорыннын есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат — бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

      Бухгалтерлік  есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.

      Оларды  жүзеге асыру барысында нақты  кәсіпорынның есептік саясаты келесідей  жорамалдардан алынғаны жөн:

      - кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі  болушылығы (кәсіпорын өз балансында  тек заң бойынша танылған мүліктерді  ғана көрсетеді, ал калған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

      -  толассыз қызметі (есеп саясатының  мәселесі бойынша қандай да  бір кабылданатын шешім, кәсіпорын  өз қызметін болашақ кезеңде  тоқтатпайтындығы немесе қызмет  масштабын қысқартпайтындығы басшылықка алынуы керек);

      - есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету  әдісінің тұрактылығы, есеп беру  жылының барысында міндеттеме  мен мүлікті бағалау, сондай-ақ  бір есептік жылдан басқасына  еткен кезде де);

      -  шаруашылық қызметіндегі фактілердің  мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің  түскен немесе төленген кезіне  карамастан, олар өзінің орындалған  немесе орын алған кезеңіне  жатқызылуы керек).

      Пайдаланатын  есеп саясатынын, басты міндеті мен  негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің  тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен каптастыру.

      Ол  есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.                                                                                       

      Әдістемелік  аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалык шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.

      Есеп  саясатының әдістемелік бөлігі нақты  шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану  тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі  бір әдістерінен таңдап алу  жолымен  қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер  мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның, өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады. 

      Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне        болады:

      - келіп түскен негізгі құралдар  объектісін бағалау — бухгалтерлік  есептің №6- шы "Негізгі құралдардың  есебінің" стандарттарындағы әдістемелік  ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген  және кәсіпорынның  сатып алуға төлеген нақты шығындар негізінде, негізгі кұралдар объектісінің бастапқы құны анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері — олардың өзара келісімі бойынша; тегін берілген объектілер — эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерін — нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесіде алынған объектілер — ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

       негізгі қуралдың амортизациясы — бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің"   стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: кұнын есептен шығарудың бірқалыпты (түзу сызықты) әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс); кұнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі (кумулятитівтік әдіс); қалдық құнын азайтатын әдісі.

      -  негізгі құралдарды  жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдігі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөдеуге арналған резерв қорларын       жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;        

      - көрсеткен қызметі бойынша —  есептік қүнге жасалған мәміленің  біту сатысын барынша дәлденген  деңгейде анықталады; мәмілені жүргізу кезіндегі жасалган және мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

      - негізгі құралдарды жөндеу есебі. Негізгі құралды жөндеу бухгалтерлік есепте, оның құнын өсірмейтін сызбасының (схемасының) бірін колдануы мүмкін: жөндеу жұмысының атқарылуына карап ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік  құнына жатқызылуы мүмкін немесе алдынала кұрылған жөндеу корына жатқызылуы мүмкін. Аталған схемалардың бірін тандау, кәсіпорынның қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;

      - материалдардың есебі. Өндіріске жатқызылатын (немесе ендіріске есептен шығарылатын). материалдық ресурстарының нақты өзіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген кұны бойынша әдісін, ФИФО әдісін, ЛИФО әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған) әдісін таңдайды. Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;

      -   муліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетгі түгендеумен қоса, құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің құнын, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;

       бухгалтерлік есеп нысаны. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі тандай алады, олардын, тізімін және есеп регистрлерін, жүйелілігін, жасау техникасын, өзара байланысын анықтайды;

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы