Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 07:26, контрольная работа

Описание

Шаруашылық есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен міндеттері экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
1.Шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен оның маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің түсінігі, мәні мен ролі
1.2.Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
1.3. «Ақтау-сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты
2. Шаруашылық субъектісінің негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Негізгі құралдар, оларды кіріске алу және шығару есебі
2.2.Кәсіпорын бухгалтерлік баланысы және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
2.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Шаруашылық субъектіде аудитті ұйымдастыру
3.1. Аудитті ұйымдастыру, оның мақсаты мен мәні
3.2Қаржылық және дебиторлық берешек аудитін ұйымдастыру
3.3Ақша қаражаттары қозғалысының аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

учет доходов.doc

— 503.00 Кб (Скачать документ)

      - нақты (іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсіпорын шоттардың Бас жоспарын басшылыққа ала отырып, ездеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады, яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін және қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикалық шоттарына тиісті субшоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорын аналитикалық есептерінің де толық номенклатуралық, объектілерін және олардың кодтық белгілерін белгілейді. Бас жоспарында каралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек./1/,/17/ 

    1.3. «Ақтау-сервис» ЖШС-тің техника-экономикалық сипаты 

    Зерттеліп отырған Ақтау-сервис ЖШС-ның негізгі атқаратын жұмысы көліктерді жөндеп,  олардың бірқалыпты жұмыс істеуін сақтап отыруға арналған және сервистық қызмет көрсете отырып тасымалдау жұмыстарын іске асыру. Жолаушы тасымалдайтын көлік жөндеу жұмысының барлық түрін, атап айтқанда ,бірінші және екінші дәрежедегі күрделі жөндеу, сондай-ақ  толық калпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. 

    1-кесте - 2009-2010 жылдардағы кәсіпорынның еңбек көрсеткіштері 

Көрсеткіштер  атауы 
Өлшем

бірлігі

2009

жыл

2010 жыл ҚОРЫТЫНДЫ
жоспар орын-далуы жоспар-мен өткен жыл-мен
Жұмысшылар саны, барлығы адам 348 370 353 -17 5
Еңбекақы  төлеу қаржысы мың теңге 83127 109923 100657 -9266 17530
Соның ішінде тізімде жоқ * 406   142 142 -264
Ақшалай төлемдер * 2362 1160 1143 -17 -1219
Еңбекақы  төлеу қаржысы   85489 111083 101800 -9283 16311
Орташа  жалақы мың теңге 19906 24757 23762 -995 3856
Жұмыс көлемі жүйеге келтірілген   .608.342 692,003 685,141 99 112,6
Көлік жөндеуге қатысатын жұмысшылар, барлығы адам 148 176 160 -16 12
Соның ішінде жөндеушілер   120 149 133 -16 13
Еңбекақы  төлеу қаржысы мың теңге 33457 50074 43043 -7031 9586
Соның ішінде жөндеушілер мың теңге 27877 42794 36070 -6724 8193
Орташа  жалақы тенге 18838 23709 22418 -1291 3580
Соның ішінде жөндеушілер   19359 23934 22600 -1334 3241
Әкімшілік басқару қызметкерлері адам 12 12 12 0 0
Еңбек ақы төлеу қаржысы м.тенге 6619 6714 7474 760 855
Орташа  жалақы тенге 45965 46625 51903 5278 5938
 

         Әкімшілік басқару қызметкерлерінің  еңбекақы қаржысының жоспарланған мөлшерден 760мың тенге артық жұмсалуының, орташа жалақының 5278 тенге көбеюінің негізгі себебі 2010 жылы әкімшілік басқару қызметкерлеріне 679 мың тенге сыйақы төленген. 

    2-кесте - Ақтау-сервис ЖШС-ның 2009-2010 жылдардағы шаруашылық қызметінің шығындары 

Көрсеткіш атауы 2009 жыл 2010 жыл ҚОРЫТЫНДЫ
жоспар орын-далуы жоспар-мен еткен жылмен
Шығынның  бары 207286 251653 275685 24032 68399
Еңбек ақы төлеу қаржысы 73020 103232 92114 -11118 19094
Әлеуметтік  қамсыздандыру 15129 20681 18978 -1703 3849
Материал 66008 80599 96644 16045 30636
Отын 21847 24165 40428 16263 18581
Электр  қуаты 9826 6188 6108 -80 -3718
Әртүрлі жұмыстар мен қызмет         0
көрсетулер  барлығы 14315 8751 9907 1156 -4408
с.і.бөгде  мекемелерге 10997 5928 4129 -1799 -6868
Жабық акционерлік қоғам 462 222 0 -222 -462
Ашық  акционерлік қоғам 2856 2601 5778 3177 2922
Құрал-жабдықтар  тозуы 1304 4938 5095 157 3791
Әртүрлі шығындар 5837 3099 6411 3312 574

    

     - негiзгi құралдың амортизациясы – бухгалтерлiк есептiң №6-шы “Негiзгi құралдар есебiнiң” стандарттарындағы әдiстемелiк үсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудiң келесiдей тәсiлдерiнiң бiрiн немесе бiрнешеуiн пайдалануына болады: құнын есептен шығару үшiн орындалған жүмыстардың пропорционалды түрде есептелiнетiн әдiсi (өндiрiстiк әдiс); құнын есептеуден шығарудың сандық сомасы бойынша есептелiнетiн әдiсi (кумулятивтiк әдiс); қалдық құнын азайтатын әдiсi. Екi және одан да көп әдiстi пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтiн тәсiлiн және негiзгi құралдың қандай түрi бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негiзгi құралдың бiр түрi бойынша амортизацияны есептеудiң бiр ғана әдiсi пайдаланады; негiзгi құралдың бiр түрi бойынша амортизациялаудың әртүрлi әдiсiн пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзiмi-кезеңi, негiзгi құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңi; жою құны – есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негiзгi құралды жою барысында алынған запас бөлшектердiң, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;

        - негiзгi құралдарды жөндеужөндеу жұмысын жүргiзудiң кезеңдiгi мен жөндеу жұмысының мерзiмi; негiзгi құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеудi жүргiзудiң тәсiлi туралы мәселенi кәсiпорынның өзi шешедi;

     - материалдық емес активтердiң амортизациясыәрбiр материалдық емес активтердiң әрбiр түрiнiң пайдалануына қарап пайдалы мерзiмi және амортизацияны есептеу әдiсiн әрбiр кәсiпорын өз бетiнше анықтай алады;

     - болашақ кезеңнiң шығыстары – кезеңдерi нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн, немесе басқа да көздерiнiң есебiнен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнiм түрiн игеруге кеткен шығыстарына, жердi игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкiн, бiрақ аталаған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңiн және есептен шығару тәртiбiн кәсiпорынның өзi анықтайды;

     -  алдағы шығыстар мен төлем резервтерiкәсiпорын қандай резервтердi және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртiбiн анықтап өзi шешедi (кезектi демалысқа ақы төлеу резервтерi, көп жылғы сiңiрген еңбегi үшiн марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргiзуге кеткен өндiрiстiк шығындары және басқалары);

     - күмәндi қарыздар бойынша резервтерiкәсiпорын түгендеу мәлiметтерiнiң негiзiнде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәндi болып табылмайтындығын, резервтердi құрудың әдiсiн және резервтеуге жататын шығындарын өзi таңдай алады;

     - қаржылық инвестициякәсiпорын ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзi қарастырады: қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кiшi бағасы бойынша; ұзақ мерзiмдi инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудiң мәселесiн шешедi: демек ол табыс ретiнде де, немесе таратылмаған табыс ретiнде болуы мүмкiн.

          Еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын шаруашылық серiктестiктерiнiң инвестициясын есептеудiң әдiсiн кәсiпорынның өзi таңдайды: үлестiк-қатынасу әдiсiн немесе құндық әдiсiн.

     - табысты тану - №5 “Табыс” деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес (БЕС) табыстар келесiдей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлденген деңгейi бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмiлемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъектi алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбiр операциялары бойынша, табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкiн:

          - тауарды сату бойынша – субъектiнiң сатып алушыға меншiк құқығын беру; мәмiле бойынша күтiлетiн немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкiн;

         - көрсеткен қызметi бойынша – есептiк күнге жасалған мәмiленiң бiту сатысын барынша дәлденген деңгейде анықталады; мәмiленi жүргiзу кезiндегi жасалған және мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

          - дивидендтер, пайыздар түрiндегi табыстар – пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескерiп уақытша қатынастық негiзде танылуы тиiс; роялтилер келiсiм-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдiсi бойынша танылуы тиiс; дивидендтер акционерлер оны алу құнын белгiлеген жағдайда ғана танылуы тиiс. Жоғарыда аталған барлық жағдайда, табысты тек есептеу әдiсi бойынша танылатындығы қарастырылған. Есеп саясатының техникалық бөлiгiн әзiрлеген кезде келесiдей мәселелер қарастырылуы тиiс:

          - негiзгi құралдарды жөндеу есебi. Негiзгi құралды жөндеу бухгалтерлiк есепте, оның құнын өсiрмейтiн сызбасының бiрiн қолдануы мүмкiн: жөндеу жұмысының атқарылуына қарап ол өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) нақты өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн немесе алдын-ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкiн. Аталған схемалардың бiрiн таңдау, кәсiпорынның қай  салаға жататындығымен де байланысты болып келедi;

          - материалдардың есебi. Өндiрiске жатқызылатын, материалдық ресурстарының нақты өзiндiк құнын анықтау тәсiлi туралы шешiм қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдiсiн, ФИФО әдiсiн, ЛИФО әдiсiн немесе арнайы теңестiрiлген әдiсiн таңдайды. Шаруашылық жүргiзушi субъектi алалған әдiстердiң бiрiн ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиiс.

          - басқарушы есеп. Есептiң бұл түрi сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен қоса оның есеп беру талабына сай келетiн үйлестiрiлген регистрлерi де жоқ, сондықтан оны iшкi бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсiпорын ол үшiн шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндiрiс шоттарының жүйесiне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болады. Бiрақ ол кезде кәсiпорынның құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшелiктерi ескерiледi;

          - өндiрiске кеткен шығындар мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау есебiнiң әдiсi. Кәсiпорын калькуляциялау мен есеп объектiсiн, шығындарды жанама мен тiкелей көрсету тәртiбiн анықтайды. Кәсiпорын өзiнiң негiзгi қызметiнiң сипатына байланысы өзiндiк құнның калькуляциялауы мен өндiрiске кеткен шығынын есептеу үшiн нормативтiк немесе тапсырыстық, немесе бөлiстiк әдiстерiнiң бiрiн немесе бiрнешеуiнiң үйлескен түрiн таңдай алады.

          Таңдап алынған әдiстердiң жинақ есебi шалафабрикаттық немесе шалафабрикатсыз нұсқасымен жүргiзiлуi мүмкiн.

          - үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсiпорын №7 “Тауарлы материалдық запастардың” бухгалтерлiк есеп стандартында келтiрiлген әдiстемелiк ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тiзiмiне өндiрiс қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қосымшалар мен өзгерiстердi енгiзуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтiп ұстау шығыстары, өндiрiстi игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса, онда олардың есебi жекелеген субшоттарда жүргiзiлуi мүмкiн; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесiн есептеудiң әдiстемесi мен олардың тарату тәртiбi де көрсетiледi: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының  нормативтiк деңгейiне пара-пар етiп, тiкелей материалдық шығыстарына пара-пар етiп, тiкелей нақты еңбек ақы шығыстарына пара-пар етiп, немесе оңайлатылған экономикалық әдiстердi пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалға, бұйымның тұтыну қасиетiн және оның шығысынан алынған күрделендiрiлген коэффициенттерi бойынша.      

          Есеп саясатын негiздеу және таңдау кезiнде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсiпорын үшiн де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейiмделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкiндiгi туады./17/

              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы