Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:20, курсовая работа

Описание

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері
1.1. Басқару есебіндегі калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....................................................................................................................5
1.2. Калькуляциялаулың негізгі принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................9
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................19
1.4 «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ -ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................20

2. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың үрдіс калькуляциясы....................................................................................21
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.................................................................................................31
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................34
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................39

Работа состоит из  1 файл

галымжанова гулназ.docx

— 102.85 Кб (Скачать документ)

Үрдістік калькуляцияда өндірістік шығындар бөлімшелер бойынша немесе өндіріс процесі бойынша топтастырылады. Толық өндіріс шығындары екі негізгі бап бойынша топтастырылады – тікелей материалдар және конверсиялық шығындар (өндірістік шығындарға жататын, дайын өнімнің өзіндік құнына апарылатын, еңбекақыға кеткен тікелей шығындар сомасы). Шығындар бұйымдарға қатыссыз, өндіріс бөлімшелері бойынша белгілі уақыт кезеңі ішінде жинақталады.

Бұйым бірлігінің өзіндік  құны – белгілі кезеңдегі өндірістік өзіндік құнды осы кезеңде  шығарылған бұйымдар санына бөлу арқылы анықталады.

Салыстырмалы (удельная) өзіндік  құн шығын орталығының есебіне  қатысты құнды, сол шығын орталығының  өндіріс көлеміне бөлу жолымен анықталады. Бұл мағынада салыстырмалы өзіндік  құн орташаланған көрсеткіш болып  табылады. Үрдістік калькуляция бірнеше операциялар немесе процестер арқылы бірыңғай өнімдерді жаппай өндіретін компаниялар үшін тиімді. Жалпы алғанда, үрдістік калькуляция мынадай салаларда қолданылады: химиялық, мұнай өндіретін, тоқыма, цемент, қағаз, пластмасса, әйнек және азық – түлік өндірісінде, сонымен бірге сериялы және жаппай өндіретін өндірістің басқа салаларында.

Кәсіпорында үрдістік калькуляцияны қолданудың келесідей ерекшеліктері бар:

- өнімдердің сапасы біркелкі;

- жеке тапсырыс жалпы  өндірістік үрдіске әсер етпейді;

- сатып алушылардың тапсырысын  орындау – дайындаушылардың қорларының  негізінде қамтамасыз етіледі;

- өндіріс жаппай үздіксіз  болып табылады және ол толассыз  әдіспен жүзеге асырылады;

- өндіріс өнімдерін және  технологиялық үрдістерді стандарттау қолданылады;

- өндіріс бөлімшелері  бойынша шығындарға бақылау жасау  мақсатқа сәйкес болып табылады;

- шығарылатын өнімге сұраныс  тұрақты;

- сапа бойынша стандарттар  өндіріс бөлімшелерінің деңгейінде  тексеріледі.

Сонымен, «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады: мұнай және газды барлау, скважиналарды бұрғылау, мұнай және газды өндіру, оларды тасымалдау және сақтау, қайта өңдеу, мұнай, мұнай өнімдері мен газды сату. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілдігін дәлелдеп береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым 4 нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбашылық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шала фабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған Өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданады.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газөндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар газға жатқызылады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай  ақ шығындар есебін бөлістік немесе үрдістік бойынша жүргізілетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланады.

    Өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдістік тәсілі біртекті немесе шамаменалғанда ұқсас, бірдей өнімді сериямен немесе жаппай  өнім өндіретін, не болмаса үзіліссіз өндірістік циклі бір технологиялық процестерде қолданылады.

«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ»  АҚ компаниялары тобы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 21 103 мың тонна жоспармен 21 971 мың тонна (+868 мың тонна) немесе жоспардан 104% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы компаниялардың мұнай мен конденсат бойынша шоғырландырылған көлемі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қатысу үлесін ескергенде, 3 269 мың тоннаға немесе 17,5% ұлғайды. Мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы негізінен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірісін шоғырлау есебінен және «Теңізшевройл» ЖШС бойынша мұнай өндірудің өсуі есебінен орын алды.

2010 жылы мұнай мен газ конденсатын  өндірудің шоғырландырылған көлемі  «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ қатысу  үлесін ескергенде, 13 228,6 мың тонна  жоспармен 13 299,8 мың тонна (+ 71,2 тыс. тонн) немесе жоспардан 100,5% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы мұнай мен газ конденсатын  өндірудің шоғырландырылған көлемі  «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ қатысу  үлесін ескергенде, 1 787,8 мың тоннаға  ұлғайды (немесе 15,5%). Мұнай өндіру  көлемінің ұлғаюы негізінен 2009 жылғы желтоқсанда Петро Казахстан  Инк 33% үлесін сатып алуға байланысты  болды.[9]

Негізгі игеру көрсеткіштеріне  қол жеткізу үшін жоспарланған мұнай  өндірісін және ұңғымалардың пайдаланушылық және айдау қорының жұмысы тиімділігін  қамтамасыз ету үшін геологиялық-техникалық іс-шаралар өткізілді.

Мұнай өндірісі бойынша «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ үлесі республика ауқымында 28,0% құрады. Барлығы 2010 жылы Қазақстанда 79,6 млн. тонна мұнай өндірілді.

«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ»  АҚ компаниялар тобы бойынша табиғи және ілеспе газдың шоғырландырылған өндірісі 2010 жылы 4 551 млн. м3 жоспармен 4,912 млрд.текше м. (+361 млн. м3) немесе жоспардан 108% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда ҚазМұнайГаз компаниялары тобы бойынша табиғи және ілеспе газ бойынша шоғырландырылған өндіру көлемі 2010 жылы 579,5 млн. м3 немесе жоспардан 13% ұлғайды. «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ компаниялары тобында газ өндірудің негізгі көлемдерін ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ пен «Теңізшевройл» ЖШС қамтамасыз етеді.

Мұнай кенорындарын пайдалану  тәжірибесі көрсеткендей, мұнай өндірудің  өзіндік құнының моделі:

- факторлік сараптама жасау үшін мұнай өндірідің өзіндік құнына әсер ететін негізгі факторлерді анықтау;

- функционалды-бағалау сараптамасын жасау үшін негізгі технологиялық үрдістерді;

- ұңғымалар бойынша шығындарды айнымалы және интервалды тұрақтыларға бөлуге бағытталыуы тиіс.

«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ»  АҚ тиімсіз бөлек өндіретін ұңғымаларды тоқтатудың мақсаттылығы үшін дебиттің фактілік мағынасына және өнімнің сапасына қарай мұнай өндірудің өзіндік құнының қарапайым және тиімді моделін құрастырды, бұл модель басты экономикалық көрсеткіштер – ұңғымалар тобындағы немесе жеке ұңғымаларындағы дебит пен өнімнің мәндеріне қарай бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге,  аталмыш модель негізінде ұңғыма өнімінің сулану деңгейінің өзгеруіне, мұнай игеруге, өндіруге байланысты мұнай өндірудің өзіндік құнының өзгеруін болжауға және басқа факторларды болжауға болады.  Бөлек ұңғымалар бойынша және жеке ұңғымалар бойынша мұнай өндірудің өзіндік құнының нақты есебін шығару үшін алдаын ала ұңғымаларды кенорындары бойынша және игеретін кәсіпорын немесе басқа объект бойынша топтастырады,  мысалы пласттар немесе игерудің объектілері бойынша. Ұңғымалар сонымен қатар эксплуатациялау тәсілдеріне орай мынадай түрлерге бөлінеді:   фонтанды, газлифтлі, УЭЦН, УШГН.

Кейін, мұнай өндірудің өзіндік құнының ағымдағы шығындар есебі мен калькуляциялау жүйесінен шыға отыра әрбір ұңғыма тобы үшін өнім өндірудің экономикалық көрсеткіштерді анықтайды. Бұл көрсеткіштерді белгілі бір уақыт ішінде нақты немесе болжанған мәліметтер бойынша  анықталып отырады.

Модельдің бірінші шартын орындау үшін мұнай өндірудің  өзіндік құнының жалпы формуласынан мынадай қорытнды аламыз:

C=З/Q,           (1)

мұнда С –өзіндік құн, З - шығындар, Q –игерілген өнім көлемі.

Барлық шығындарды төрт басты  шығын қалыптастырушы негізігі факторларға орай бөледі, яғни, атап айтқанда:

-сұйық өндіру (QС);

-мұнай өндіру (QМ);

-жұмыс істеп тұрған ұңғыма саны (Nссч);

-эксплуатацияланатын ұңғыма саны (Nэкс).

Бұл шығындарды 2010 жылға «КаспийМұнайГаз» АҚ эксплуатациялайтын  кенорындарындағы ұңғымалардың негізінде көрсетеміз.

1. Берілген уақыт ішіндегі (тәулік, ай, квартал, жыл) сұйық өндіруге қатысты шығындар Ш(Qс), былай анықталады:

Ш(Qс)=Qс*Сс*k = Qс*Сс*k/(1-bв),        (2) 

мұнда   Qс – тоннадағы сұйық өндіру; 

QМ – тонна бойынша мұнай өндіру; 

Сж – сұйық өндіруге байланысты үлестік айнымалы шығындар,  руб./тонна с.; 

bв – өндірілген өнімнің ылғалдылығы, үлестік бірлік; 

k- сұйық өндіруге кеткен шығындардың тізбексіздігіне түзету; ол сұйық дебитінің фактілік мәнінің ұңғымалар тобындағы осы шамалардың орта мәндеріне тең;

Сс есептеу   калькуляция қорытындыларының қосыныдысына (кесте 1) және оларды сұйық өндіруге кеткен уақыт яғни тәулікке бөлгендегі мәнге ие болады: Сж= З(Qж)/Qж

Сұйық өндіруге кеткен шығындар жалпы алғанда сызықты немесе тізбекті емес, мысалы газлифт үшін (калькуляцялық есептеудің алғашқы екі қорытындысына байланысты)  бұл шығындар өспелі болып келеді (сұйық өндіруден де асып түседі).

2. Мұнай өндіруге кеткен шығындар Ш(QМ), мына формула арқылы анықталады:

Ш(QМ) = QМ-CМ,          (3)

мұнда См  - мұнай өндіруге байланысты үлестік айнымалы шығындар,  руб./тонна с; 

QМ – мұнай өндіру тонна бойынша.

Кесте 1

Калькуляция баптарының аты

Жалпы өзіндік құнның үлесі, %

сұйық өндіруге кеткен энергия шығындары 

пласттарға жасанды түрде әсер етудің шығындары 

мұнай және газды жинауға  және тасымалдауға кеткен шығындар 

Мұнайды технологиялық  дайындау шығындары

10,2

 

7,5

 

2,9

 

2,5


 

Кесте 2

Калькуляция баптарының аты

Жалпы өзіндік құнның үлесі, %

ВМСБ  кеткен аударымдар

Жер қойнауына кеткен төлемдер

Жол шығындары

Экологиялық төлемдер 

Коммерциялық шығындар 

Ішкі айналым

10

8

2

0,1

6

1


 

Кесте 3

Калькуляция баптарының аты

Жалпы өзіндік құнның үлесі, %

Өндірістік жұмысшылардың

 еңбекақысы

Әлеуметтік сақтандыру шығындары

ПРС  шығындары

КРС шығындары

0,741 

0,271 

7,05 

9,2


 

Ш (QМ)  анықтау үшін 2 кестеде келтірілген мәліметтер пайдадалнылады.

Мұнай өндіруге кеткен шығындар пропорционал түрде болады (мұнай өндіру бойынша сызықты болып өседі).

3. Жұмыс істеп тұрған ұңғыма санына байланысты шығындар былай анықталады:

Зсд = Nссч* Сcд,          (4)

мұнда Nссч – ұңғыма-тәулік (cкв*сут.); 

Сcд - жұмыс істеп тұрған ұңғыма санына байланысты үлестік айнымалы шығындар,  яғни, бір тәуліктегі есептік бір ұңғымаға кеткен шығындар руб/(скв*/сут);

Ссд 3кестеде берілген мәліметтерді  Nccч бөлу бойынша анықталады.

4.  Эксплуатацияланатын ұңғымалар қорына тәуелді шығындар (амортизация және басқа да тұрақты шығындар ) Зсэ (руб.)

Мұнай өндіруде  негізгі  қорларды пайдаланудағы қалған барлық қалған шығындарды эксплуатацияланатын ұңғыма санына пропорционал деп қарастырамыз (барлық капитал салымдарының 2/3  бөлігі эксплуатацияланатын ұңғымаларға тікелей тәуелді болып келеді).

Ссэ  -  эксплуатацияланатын ұңғыманың тәулікке шаққандағы шартты-тұрақты шығындары, руб./(скв*сут);

Ссэ = Зсэ/Nэкс,          (5)

Nэкс – эксплуатациялық қорға арналған күнтізбелік ұңғыма-тәулік (скв*сут);

Nэкc =Nэ-T,           (6)

Nэ - эксплуатацияланатын ұңғыма саны, скв; 

Т- сарапталатын уақыт аралығындағы тәулік саны, сут.

Бұл шығындар ұңғымалар өшкен  жағдайда есептелінбейді. Бірақ олар негізгі қорларды қайтаесептеу кезінде және ұңғымалардың  және оларға байланысты технологиялық құрылғылардың консервацияланып, істен шығуына байланысты, оларға кеткен амортизация құнын есептегенде құжаттар рәсімдеу кезінде өзгеріске еніп отырады.

Сонымен бірге берілген ұңғымаларға  салынатын мүлік салығы ұңғыма толық  рәсімделіп, құжат түрінде істен толық төлене береді.

Сондықтанда босатылатын  шығындар арасындағы жиілік нақтылануы тиіс, ең болмаған жағдайда босатылатын  шығындарды жіктеуге болады: эксплуатацияланатын ұңғымалар істен шыққан кезде; ұңғымаларды жою немесе жұмысын тоқтатып өою кезінде.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері