Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:20, курсовая работа

Описание

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері
1.1. Басқару есебіндегі калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....................................................................................................................5
1.2. Калькуляциялаулың негізгі принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................9
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................19
1.4 «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ -ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................20

2. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың үрдіс калькуляциясы....................................................................................21
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.................................................................................................31
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................34
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................39

Работа состоит из  1 файл

галымжанова гулназ.docx

— 102.85 Кб (Скачать документ)

Жыл сайын көктемгі егіс және жинау жұмыстары кезеңінде  ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай материалдарын төмен бағамен  жеткізу жүзеге асырылуда. 2010 жылы ауыл шаруашылығының мұқтаждарына 422 мың  тонна дизель отыны жеткізілді.[11]

Мұнайды Қазақстанның магистральдық  мұнай құбырларымен тасымалдау «ҚазТрансОйл»  АҚ (ҚТО) және Каспий құбыр арнасы консорциуымының

(КҚК) жүйелері бойынша  жүзеге асырылады.

2011 жылы мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 65,83 млн. тоннаны құрады, бұл жоспарлы көлемнен 4 процентке және 2009 жылғы деңгейден 3% артық. Мұнайды айдау көлемі: Атырау-Самара бойынша – 15,3 млн. тоннаны (2009 жылға қарай 13%

төмендеу), КҚК – 29,9 млн. тоннаны (өсім 7%), соның ішінде «ҚазТрансОйл»  АҚ жүйесі бойынша – 4 млн.тонна (өсім 3,5%), Қазақстан-Қытай – 10,1 млн. тоннаны (өсім 31%) құрады. Мыналардың:

• көмірсутегі шикізатын  өндірушілердің мұнай өндіру және оны  мұнай құбырларының жүйесіне тапсыру  көлемдерін ұлғайтуына;

• ҚТО-ның турбуленттілікке қарсы қоспаларды пайдалануды қоса алғанда, құбыр жүйесін пайдалану  тиімділігін арттыру жөнінде  жүргізген іс-шараларының арқасында  жоспарлы жылдық көрсеткіштердің өсуіне қолжеткізу мүмкін болды.

Атауы

2011

2010

2009

2008

2007

2006

ҚазТрансОйл (100%)

52,51

50,88

47,46

45,68

43,26

38,18

Құбыр (50%)

5,05

3,85

3,06

2,4

0,88

-

МұнайТас (51%)

2,16

3,04

2,95

2,75

2,71

2,8

Батуми мұнай терминалы (100%)

6,12

6,41

7,16

-

-

-

Барлығы:

65,83

64,18

60,63

50,83

46,85

40,96





Тұтастай алғанда, ҚТО-ның магистральдық мұнай құбырларының желісі 5,3 мың километрден асады, компанияның жалпы көлемі 1,3 млн. Текше метрден астам резервуарлық паркі, 38 мұнай айдау станциясы, 4 ағызу-құйып алу эстакадасы бар. КҚК ұзақтығы 1510 км, соның ішінде қазақстандық учаскенің ұзақтығы 452 км құрайды. «ҚазТрансОйл» АҚ: «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы»  АҚ («Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры), «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі»  ЖШС («Атасу-Алашанькоу» және «Кеңқияқ-Құмкөл»  мұнай құбырлары), сондай-ақ «Batumi Industrial Holdings Limited» және «Batumi Capital Partners Limited»  мұнай тасымалдау компанияларында (Батуми мұнай терминалы) акционер болып  табылады.[11]

2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаусын есептеудің жолдары

 

 

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын  тапсырыстық әдісі аз сериялы  және жеке - дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлык тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша  белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде  ашылады, содан соң ол орындаушы  - цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код  беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстын өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан  тұрады.

Осы тәсілдін кейбір ерекшеліктері  бар, атап айтсақ:

- барлық шығарылған шығындар  туралы мәліметтерді шоғырландырып  және оларды жеке жұмыс түрлері  мен дайын өнім партияларына  жатқызу;

- уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша  шығындарды шоғырланлыру;

- тек бір ғана шотты  жүргізу, "аяқталмаған өндіріс" (батыс есебінде барлық өндірістік  шығындарын жинақтау тек осы  "аяқталмаған өндіріс" шотында  көрсетіледі). Осы шотта өндірістін  әрбір тапсырысы бойынша шығындардың  жекелеген есебін ұйымдастыру  үшін карточкаларды енгізуді  ұсынады.

Тапсырыстың өзіндік құнын  калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз  әдісі пайдаланылады.

Тек дайындау цехында (құю, ұсталық - пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехка өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар  бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстын кескінінде, калькуляциялаудың  бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық  отындар мен энергиялар - белгіленген  топ кескінінде аналитикалык есепте көрініс табады.

Ал үстеме шығыстары олардың  өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың  өзіндік құнына жатқызылады.

Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде  танылады.

Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық кабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін  өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына  тапсырыстың біткені туралы хабарлама  жасайды, содан соң тапсырыс бойынша  шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол коймаға накладнойы өткізу тапсырыстын жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).

Бұл әдісті қолдану барысында  іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған  дейін барлық шығындар аяқталмаған  өндіріс ретінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек кайталанатын тапсырыстарды  әзірлеу кезінде материалдық  және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру  қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын  ала бақылау жасап отыруды  қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістін ұзак циклінде ірі бұйымды  әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, кострукциялық элементтеріне) жекелеген  тапсырыс ашуды ұсынады. яғни олардың  әрбір конструкциясы аяқталған  болып саналады.

Кіші сериялық өндірісте  тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын  болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу  үшін пайдаланған барлық тораптар мен  детальдар (бөлшектер) есепте бөліп  көрсетіледі.

Тораптар меп детальдардың (бөлшектердің) бірінші түрі бойынша  олардың шығындарының есебі тапсырыстық  әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалатын бұйымдар - екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан  шығындардан және нормативтік әдісі  бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс  тәртібінде есептелген тораптар мен  детальдардың (бөлшектердің) жалпы  құнынан немесе өзіндік құнынан  құрылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген  және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды  ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінін карточкаларында  әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде  өнім бірлігінің өзіндік құнының  есептік калькуляциясын жасайды.

Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын  бір өнім бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің  өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу  шығындары әрбір өнім түрінің  арасына үлес салмағы бойынша  таратылады.

 

Қорытынды

 

 

Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау тақырыбына жазылған осы  жұмысты қорыта келгенде, өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығын деңгейіне талдау, мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясы тікелей материалды, енбек шығындарының деңгейіне талдай отырып, кәсіпорынның өндірістік шығындарын есептеу әдістері қарастырылды.

Нарықтық қатынастарға толық  енгенде, өзіндік құнға арендалық  төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлік  пайданың минималді мөлшері кіруі  керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді  табыс табу үшін өзіндік құнды  емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.

    Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің  қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші фактор ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде. Басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдердегі шығыстарды анықтаудың маңыздылығы өте жоғары. Себебі, осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде шығындар жөніндегі бірыңғай пікірлердің жоқтығынан отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар» және «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалынған шығындар» бірдей ұғымда пайдаланылып келді.

Курстық жұмыстың нәтижесінде, өндіріс шығындары калькуляция  негізі деп қарастырсақ та қателеспегеніміз. Себебі өндіріс шығындары деп - ұйымның өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтер орындау кезінде жұмсаған заттай және еңбек шығындарының жиынтығы деп түсінеміз, яғни бұл шығындарды өндіріске жұмсалған шығындар деп айта аламыз. Ал, калькуляция осының бәрін ескере отырып, өнімнің (қызметтің) бір бірлігінің бағасын анықтау. Демек, өнімге жұмсалған шығындар өнімнің өндірістік өзіндік құны болып саналады. Ал, «өндіріске жұмсалған шығындар» есепті мерзімнің соңында пайданы анықтау кезінде ағымдағы шығыстар мен қорлар арасында бөлінеді. Яғни бұл шығындар өнім сатылған кезде ғана сатылған өнімнің өзіндік құны ретінде шығыстарға айналады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс процесінің барлық сатысын көрсететін бірнеше баптарға бөліп қарастыруға болады, яғни негізгі материалдардың қорлары, аяқталмаған өндірістің қорлары және дайын өнім қорлары.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялау  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Демек, жалпы айтқанда шығындар  – бұл өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі кезінде тұтынылатын материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың және ұйымның балансында көрсетілетін, болашақта табыс әкелу мүмкіндігі бар қорлардың құны. Бұдан шығатын қорытынды «шығыcтар» ұғымы «өндіріске жұмсалған шығындар» ұғымынан кең екендігін анықтауға болады. Сонымен, «өндіріске жұмсалған шығындар» - өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру кезінде тұтынылатын ресурстардың бөлігі.

Калькуляциялаудың қазіргі  заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын  біршама теңестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді  шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай  жағдайлардың экономикалық салдарларын  болжауға мүмкіндік береді:

    • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
    • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
    • шығарылатын өнім ассортиментін оңтайландыру;
    • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
    • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын  немесе жауапкершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді.

Курстық жұмыс нәтижесінде  «КаспийМұнайГаз» АҚ шығындарды калькуляциялық әдістеріне қарай қарапайым (процестік) және бөлістік негізге алынады, яғни сол әдістер бойынша қызметтері жүзеге асады.

Мұнай өнімдерінің өзіндік  құнын төмендету оған жұмсалған  материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға мүмкіндік  береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей  бұрғылау жұмыстарымен тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік  құнын есепке алынуы маңызды. Негізгі өндірістік көрсеткіштер мен негізгі қаржылық көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның жағдайын да қарастырдық.

Жалпы өндірістік шығындарды есептеуде, қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынада:

Өнімнің нақты өзіндік  құны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс орындалған кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі  іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға  мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа  шығындарды есепке алудың әдістерінің  барлығында бүкіл шығарылған өнімнің  өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгеймен салыстырылады  және соның нәтижесінде алынған  мәліметтер бойынша жүргізілген  ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған  шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері