Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
ӘОЖ 321.7.02(574)
ЖЕКСЕМБЕКОВА ВЕНЕРА АБЫХАНҚЫЗЫ
Қазақстандық
қоғамды демократияландыру
23. 00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша
Саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесші: ҚР ҰҒА академигі
Ресми оппоненттері: саяси ғылымдарының докторы,
Жетекші ұйым:
Дисссертация 2009 жылы 6 қарашада
сағат 14.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.
Автореферат 2009 жылдың 6 қазанында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертацияда Қазақстан қоғамын демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі кешенді түрде зерттелген. Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды.
Дағдарыстық жағдайда саяси
партиялар қоғамды демократияла
Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі даму ерекшелігімен, тәуелсіз елдердегі саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талдау қажеттілігімен, демократия жолында ілгері жылжу үшін міндеттер мен тәсілдерді анықтау қажеттілігімен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет ретінде орнықты дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімдер саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси иснтиуттардың қалыптасуына ерекше мән берілді. Сондай-ақ елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген» - деп атап көрсеткен болатын [1].
Қазақстанның қазіргі
дамуын саясаттану дискурсінде көбінесе
«демократияландыру» ұғымымен байланыстырады.
Қазақстанның демократиялық мемлекет
ретіндегі сипаттамасы
2007 жылдың 16 мамырында
Қазақстан Республикасы
Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру – еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс» [3].
Қоғамның экономикасы
мен саяси өміріндегі түбегейлі
құрылымдық жаңартулар кезеңіндегі
әлеуметтік-саяси ғылымдардың
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси жүйені демократиялық модернизациялау батыс ғылымында жарты ғасырлық бойына зерттеу объектісі болып келеді. АҚШ, Еуропа және басқа елдердің қоғамдық саяси тәжірибесін сараптау нәтижесінде пәнаралық тұжырымдамасындағы демократизация және модернизация, даму теориясы пайда болды. Қазіргі демократиялық теориясы ауқымындағы институционалдық, құрылымдық-қызметтік, салыстырмалы, мәдениеттілік, әлеуметтік-психологиялық тұғырлардың қалыптасуына, қоғамдық институттар қызметі және қоғамдық жүйелі сапалық белгілердің өзгеруіндегі түрлі аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген еңбектерді талдаудан батыс әлеуметтік мәдениетіне бағдарлану шектелгендігі байқалады. Осыған қарамай, батыс авторларының еңбектерінде басқа елдердің экономикалық, саяси және мәдени өзгерістеріне байланысты демократиязациялау үдерісінің ерекшелігін анықтауға тырысқаны байқалады. Демократиялық модернизациялау әлеуметтік өзгеріснің типтері түрінде анықталып, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер, О.Шпенглер, А.Тойнби саяси ойшалдар, философтар, әлеуметтанушылардың еңбектерінде қарастырылған. Саяси жүйені модернизациялау теориясын дайындауда саяси шындық туралы құнды еңбектерімен танымал Г.Амонд, Т.Пауэлл, Д Истон, Т.Парсонс, Ж.Блондельдің тұжырымдарын айтуға болады.
Өтпелі кезеңдегі қоғамның саяси жүйесін трансформациялаудың сипаты мен мазмұнының өзгеру аспектілерін талдау жасай келе, шетелдің көптеген зерттеушілерінің зерттеулерін атауға болады. Өтпелі кезеңдегі демократизациялау және модернизациялау теориясы мен тұжырымдамасының дамуына ерекше үлес қосқан, сол сияқты саяси жүйесіне өзгеріс енгізген батыс ғалымдары З.Бжезинский, Р.Даль, А.Лейпхарт, А.Пшеворский, С.Хантингтон және т.б.
Саяси модернизациялаудың
эмпирикалық тәжірибесінің
Көптеген зерттеушілер демократиялық өтпелі жағдайда белгіленген тәртіпті анықтап, олардың ішінде Ф.Закария «либералдық емес», А.Шедлер «консолидарлық», Д.Стенберг «процедуралық», Г.О.Донелл «делегаттық» демократия деп бөліп қарастырып, дамушы елдердегі саяси жүйе өтпелі кезеңдік сипаттарын талдайды.
Қазақстандық зерттеулерде және саяси әдебиетте «Қазақ саяси энциклопедиясы» (Алматы, 1998), «Қазіргі Қазақстан: экономика, саясат, қоғам» (Алматы, т.2, 1997); «Қазақстан мемлекетінің эволюциясы» (Халықаралық конференция материалдары Алматы, 1996); «Модернизация: қазіргі қазақстан және әлемдік тәжірибе» (Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1995); «Восток-Запад: Дилог культур» атты ІІ халықаралық симпозиумы материалдары, І бөлім, Алматы 1996; «Қазақстан Республикасы: саясат және даму» (Алматы, 1996); «Қазақстан берік даму жолында» (Алматы, 1996); Весник КазГУ№ Серия политология №1 (Алматы 1998); «Политология» Учебник для вузов под редакцией А.Нысанбаева (Алматы, 1999 год), «Ұлттық энциклопедия» 10 том (Алматы, 2007) және т.б. Қазақстандағы демократияландыру процесі барысында саяси институттар қызметтерін жаңарту мәселелері зерттелген. Саяси жаңару жолындағы мемлекеттік стратегиялық міндеттер анықталған.
Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев[5], А.Қ. Бижанов[6] зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов[7], Е.К. Әлияров[8] еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу саясаттану ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Саяси жүйелер мен
режимдердің демократиялық
Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі