Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
9. Саяси ғылымдағы
зерттеудің негізгі
10. Қазақстан демократиялық
модернизацияның алғашқы
11. Қазақстандық демократиялық саяси жаңарудың дамуы осы бағыттағы жұмыстарды жақсартуға, елдегі саяси қатынастарды ары қарай демократияландыруға, биліктің өкілеттік органдарының мәртебесін көтеруге әсер ететіндігін көрсетеді. Толыққанды партиялы және сайлау жүйелерін қалыптастыру да Қазақстан саяси жүйесінің өзін өзі сақтау және ары қарай жылжуының маңызды шарттарының бірі болып табылады, бір партиялық жүйе мен сайлау жүйесі тұрақты демократиялық институттарға айналды.
12. Қазақстан Республикасының
қоғамдық-саяси практикасы
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары Ресейде өткен «Проблемы национальной консолидации в казахстанском обществе» (Проблемы политической социологии. - Москва: ИСРАН, 2005 г.), «Влияние Конституционной реформы 2007 года на модернизацию партийной системы в Казахстане» (VIII Международная научно-практическая конференция - «Российская государственность и право: современное состояние и перспективы развития». Московский Государственный университет экономики, статистики и информатики. - Москва, 23 мая 2008 г.), «Концептуальные основы воспитания обучающихся в условиях модернизации казахстанского общества» (Воспитательная работа в ВУЗе: состояние, проблемы, перспективы развития // Материалы Международной научной конференции 2-3 апреля. – Москва, 2009), «К вопросу о предпосылках становления многопартийности в Казахстане» (VІІІ Международная научно-практическая конференция «Российская государственность и право: современное состояние и перспективы развития. - Москва, февраль-май 2009 г.) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, Польшаның «Modernizacyjna w Kazachstanie: konsolidacyjna rola partii wtadzy» (Spoleczenstwo i politika, №3 (8) 2006, Pultusk Варшавский Университет, Институт Политических наук, Польша, 2006), «Реформа партийной системы – важное направление политической модернизации в Республике Казахстан» (Spoleczenstwo i politika, Центральная Азия: проблемы истории и современности, № 2-4 (11-13)/2007, Польша 2007) ғылыми басылымдарында жарияланған.
Қазақстанда өткен ғылыми-теориялық және саяси семинарлар мен конференцияларда диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындылары баяндалған: «Жастардың кұндылық бағдарын қалыптастыру - саяси жаңарудың негізгі тірегі» («Казахстанская модель воспитательной работы в организациях образования Республики Казахстан: актуальные проблемы и перспективы», г.Алматы, 28-29 февраля 2008 г.), Методологические аспекты теории политической модернизации («Методологические проблемы развития экономики, социальных отношений и социальной политики в Республике Казахстан». 22 апреля 2008 г.), «Президент және қазіргі заманғы жастар – қазақстандық жолдың шекарасы ретінде» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына арналған құттықтау сөз («Президент и современная молодежь — как грань казахстанского пути», Караганда, 2008 год, апрель), «Партиялық жүйені модернизациялау-ұлттық бірлікті нығайтудың негізгі жолы» («Современная цивилизация и национальные государства» - Алматы 10-11 июля, 2008 г.), «Жаңару парадигмасының ұғымдары мен теориялық негіздері» (Модернизация высшего образования и науки: пути и перспективы инновационного развития 18 октября 2008 г.) «Саяси жаңғыру жағдайындағы ұлттық білім беруді дамыту мәселелері» («Алтынсаринские чтения. Развитие национальной системы образования в условиях глобализации», 20-21 октября 2008 г.), «Саяси жаңғыру жағдайындағы балалар құқықтары қорғалудың саяси аспектісі» («Қ.Р заңдары және бала құқықтары» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы 17-18 қараша 2008ж.), «Алаш қозғалысының демократиялық қоғам орнату жолындағы күресі» (Материалы международной научно-практической конференции «Алаш и независимый Казахстан: преемственность идей и позиций», 21 ноября 2008 г.), «Қазақстандық қоғамды демократияландырудағы мәдени мұраның орны» (Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі), «Влияние конституционных реформ на демократизацию казахстанского общества» («Конституционные инициативы Президента страны – фактор дальнейшего развития демократии» 28 августа 2009 г.).
Сондай-ақ, зерттеудің теориялық мазмұны мен қағидалары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында (әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы), Еуразия гуманитарлық университетінің хабаршысында, Қайнар университетінің хабаршысында (саяси ғылымдар сериясы), «Саясат» (информационно аналитический журнал), «Адам әлемі» (философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал), «Әл-Фараби» (философиялық-саясаттанулық және рухани-танымдық журнал.), «Ізденіс» (гуманитарлық ғылымдар сериясы), «Қазақстан жоғарғы мектебі» (Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым), «Ақиқат» ұлттық қоғамдық – саяси журналында жарияланды.
Сол сияқты диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен ұстанымдары бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасында «Саясаттану» пәнінен дәріс оқығанда кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша автордың 58 мақаласы жарық көрген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертация
тақырыбының өзектілігімен
Диссертацияның бірінші бөлімі Өтпелі кезеңдегі саяси жаңару үрдісін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері деп аталып, онда Қазақстанның саяси жүйесінде болып жатқан саяси реформаларды зерттеудің негізгі жолдары мен бағыттары анықталады. Әлемдік және отандық саяси ғылым жетістіктері негізінде қазіргі саяси шындықты зерттеу ерекшеліктері талданып сарапталған.
Бірінші бөлімнің 1.1 Жаңару теориясының дамуының түсінігі, өлшемдері және негізгі кезеңдері деп аталатын тақырыпшасында қазіргі әлемдік саяси ой жетістіктеріне сүйене отырып, жаңару теориясының мәні мен мазмұнына талдау жасаланып, оның Қазақстандағы саяси үрдістерді зерттеудегі қажеттілігі айқындалған. «Саяси модернизация дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттардың жаңа үлгілеріне бейімделу қабілетінің үнемі және табысты түрде өсуі және тек қорларды ғана қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа институттар түрін ғана емес, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыс орнату үшін арналар құру»[9]. Осылайша, әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру, орталықтандырылған мемлекет пен саяси қатысу – саяси саладағы модернизацияның негізгі сипаттамасы.
Модернизация мақсаты – modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады.
Модернизация теориясы құрылған негіздеме ретінде саяси ғылымдар мен әлеуметтанудың барлық дерлік классиктерінің еңбектерін көрсетуге болады, өйткені олар белгілі бір дәрежеде осы мәселені көтерген: О. Конттың адамзат дамуындағы үш кезең идеясы, К. Маркстің тарихи материализмі, М. Вебердің «рационализациясы» (ұтымды ету), Г. Зиммелдің «абстракциясы», Ф.Теннистің «қауымдастығы» мен «қоғамы», Э. Дюркгеймнің «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа» өтуі, Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу» рөлін талқылауы т.б.
«Модернизациялық» үрдіс мәні мен оның аяқталу критерийлерін ашатын «модернизация теориясы» ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңы мен 60-шы жылдарының басында қалыптасты. Жаңа теория әртүрлі ғылымдар тоғысында пайда болды: модернизацияның айрықша тұжырымдамасының қалыптасуына экономистер үлкен үлес қосты. 1960 жылы Ұлыбританияда жарық көрген У.Ростоудың «Экономикалық дамудың кезеңдері» атты еңбегінің мәні зор, оның «Коммунистік емес манифест» деген тарауы да ерекше [10]. Кәсіби саяси ғылымдар ортасында модернизация теориясының жеке қағидаларын 1950 жылдары негізінен американдық ғалымдар талқылады. Модернизация теориясының қалыптасуына Т. Парсонстың қосқан үлесін ерекше атауға болады [11].
Модернизацияның классикалық
теориясы негізінде дамыған және
дамушы әлемдік қоғамдардың
Модернизация теориясының кейбір жақтаушылары, мысалы, Т. Парсонс қазіргі индустриалды қоғам үшін демократия авторитаризмнен қарағанда тиімдірек деп есептеді. Экономикалық даму мен демократия арасындағы өзара байланысқа талдауды С. Хантингтон жасады, ол дамушы елдердегі демократиялық режимнің тұрақтылығы осы қоғамда нарықтық экономиканың қаншалықты тамыр жайғанына байланысты деп көрсетті [12].
Бірінші тараудың 1.2 Саяси ғылымдағы демократияландырудың заманауи тұжырымдамалары деп аталатын тақырыпшасында саяси ғылымда «демократияландырусыз модернизацияны жүзеге асыру мүмкін емес» деген көзқарас негізге алынады [13].
Демократияның шынайы тұжырымдамалары мейлінше күрделі және көп қырлы. Сондықтан зерттеушілер барлық теориялар мен үлгілерді бір жүйеге келтіру үшін оларды белгілі бір өлшемдер бойынша жіктейді. Кең тараған жіктеліс бойынша демократияның барлық тұжырымдамалары билік жүргізуде басымдылықты кімге беретіне, яғни тұлғаға ма, әлеуметтік топқа ма, әлде халыққа беретініне байланысты шартты түрде үш үлкен топқа бөлінеді:
Бүгінгі күні демократиялық дамудың тәжірибесі жинақталып, өкілеттік және тікелей (тура) демократия сияқты формаларын қолдану практикасы болғандықтан, плебисцитарлы және партиципаторлы демократия (қатысу демократиясы) теориялары кең тарады.
Демократияның негізгі
тұжырымдамаларын талдаудан байқалғандай,
олардың ешқайсысы әмбебап
Демократияландыру үдерісі барысындағы саяси өзгерістерді зерттеп, сипаттауға саяси даму мен транзитологияның әртүрлі тұжырымдамалары бар. Мысалы, саяси теорияның мынандай ғылыми бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1) «модернизация»; 2) «даму»; 3) «артқа қалу» (немесе субдаму) және 4) «тәуелділік» [14]. Транзитологиялық тәсілдер аясында 70-ші жылдардың ортасынан бастап бірқатар елдер мен аймақтарда болған, «демократияландырудың үшінші толқыны» атауын алған өзгерістер тұжырымдамасын бөліп алуға болады.
Демократияландырудың «үшінші
толқынын» зерттеушілердің
Демократияландыру авторитарлы басқарудан босану және демократиялық институттарды өз бетінше құру шараларына бөлінуі мүмкін. Шын мәнінде бұл кезеңдер бір-біріне сәйкес келеді, алайда аналитикалық тұрғыдан оларды ажырату керек.
Билікке жаңадан келген топ алдынан шығатын басты таңдаулардың бірі жүйенің ашықтығы мен оның демократияландырылуы саяси тұрақтылыққа әсер етеді ме деген мәселеге байланысты. Бұл мәселеге байланысты саясаттанушылардың пікірі әрқилы. Негізінен демократияландыру тұрықтылыққа аз қауіп төндіреді және ол саяси элиталар арасында бәсеке институты тамыр жайған жерлерде сәтті өтеді деген пікір кең етек алған. Сонымен қатар демократияландыруды біртіндеп жүргізбеу керек деген де пікір бар: «демократиялық ойынның» ережелері тезірек белгіленсе, оларды негізгі саяси авторлардың қабылдау мүмкіндігі де жоғары болады.
Демократияға өту үдерісі сызықты немесе бір бағытты емес. З. Бжезинский бұрынғы коммунистік елдердегі демократияға өтудің үш негізгі сатысын бөліп көрсетті. Бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді қамтитын бірінші сатыда саяси жүйе ауысып, экономикалық жүйе тұрықтанады. Бұл – негізгі демократиялық институттарды орнату кезеңі, яғни баспасөздің партиялық бақылаудан арылуы, полициялық мемлекет жүйесінің тоқтатылуы, демократиялық өзгерістерді қолдайтын коалицияның пайда болуы. Екінші кезеңде (3-10 жыл) енді экономикалық жүйе ауысады да, саяси тұрғыдан тұрақтану, жаңа конституция мен сайлау туралы заң қабылдау, демократиялық сайлау жүргізу, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мен көп билікті аймақтарға беру мақсаты шешілсе, үшінші 5-15 жылдарда қамтитын кезеңде саяси жүйе шоғырланып, демократиялық моделіне түседі, экономика да өзіндік даму қарқыны күшейеді.
Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі