Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Қазақстан дамудың демократиялық жолын таңдап алған мемлекет ретінде оның өрістеуіне мүдделі. Сондықтан елде демократияға тән ұжымдық шешімдер саласы, идеалды жүйе, онда барлық қауымдастыққа қатысты шешімдерді оның бүкіл мүшелерінің қабылдауы және олардың қандай да бір шешімді қабылдауға тең құқықтары бар. Бұл екі қағиданы ұстау дегенді білдіреді: ұжымдық шешімдерді қоғамдық бақылау және осы бақылауды жүргізу кезінде теңдікті сақтау мақсат етілді. Шешім қабылдауда азаматтардың мұндай қатысуы саяси бағыт пен әлеуметтік-экономикалық реформалар барысына әсер ету формасымен көрінеді. Мұндай әсер тиімді түрде қоғамдық бірлестіктер, ең алдымен, партиялар мен қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. Шынымен де, азамат тек өзге азаматтармен бірлескенде ғана қоғамға тиімді ықпал ете алады.
Партиялық жүйенің мемлекет пен азаматтық қоғам арасында делдал қызметін орындай алу мүмкіндігі бірнеше факторларға байланысты: мемлекеттік құрылымдардың әрекетіне және қоғамдық даму қажеттілігі туралы ақпараттық оларға дүрыс түсуіне; бұл ақпараттардың мемлекеттік және азаматтық инстиуттарға әсер ету күшіне; бұл институттардың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында пайда болатын қайшылықтар мен шиеленістерді көтере алуына қазақстандық саяси партиялар осы талаптар деңгейінде қызмет жасауды мақсат етуде.
Партиялық жүйелер мемлекет және азаматтық қоғам мен оның сыртындағы қауымдастықтардың жеке институттары тарапынан болатын демократиялық нормалардың бұзылуына бірден әсер етуі керек. Оларға дағдарысты жеңуге, қоғам үшін маңызды шешімдерді қабылдауда жетекші рөл ойнауға, ұлттық бірлікті нығайтуға және ішкі шиеленісті алуға тура келеді. Бұған Елбасы Н.Ә. Назарбаев ерекше назар аударды: «Тұрақтылық, азаматтық келісім ахуалын құру қоғамды нығайтуға үлкен әсер етеді. Бұл жерде мемлекет пен жаңа саяси институттар, яғни саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы сұхбатты дұрыс құруға байланысты» [24].
Саяси партиялар саяси қозғалыстың ерекше формасы ретінде Л.С. Санистебанның пікірінше мүдделі қоғамдық топтар мен таптардың өкілдері құрады, олар бұл топтардың тікелей және ұзақ мерзімді мүдделерін мойындайды. Партиялар өзара шиеленістегі әртүрлі топтардың өкілдеріне айналады. Әртүрлі, негізінен қарама-қайшы мүдделер адамдар топтары арасында шиеленіс тудырған жағдайда олардың басшылығы мақсаты билік үшін күрес болып табылатын ұйым басымдылығын пайдаланып, қоғамды өз еркіне көндіруге болатынын сезінеді [25]. Осы бағытта саясаттануда Э.Даунс теориясы кең қолдау тапты, ол бойынша партиялар электоральды нарықта сайлаушыларға өз «өнімдері» (идеялары, бағдарламалары) және қызметтерін ұсынады, солайша өзара олардың дауыстары үшін бәсекеге түседі. Биліктегі партияның басты мақсаты – оны сақтау, өзгелердікі – билікке келу. Бұл мақсаттарға қол жеткізудің жолы – сайлаушылар дауысы. Сондықтар олар мейлінше көп дауыс жинауға ұмтылады [26]. Қазақстандағы ресми тіркелген он саяси партияның өзара қарым-қатынастары мен күрестері осы сценариймен жүруде.
Саяси партиялар сайлау жүргізуге арналған ұйым ретінде таныла бастады және сайлаулар арасында еш белсенділік таныта қоймайтын. Мұндай құбылысты солтүстік америкалық және батыс еуропалық ғалымдар (Дж. Джеймс, Т. Лаци, П. Меркл, Дж. Сартори, Х. Херменс) әлі күнге дейін саяси партиялар қызметінің негізгі факторы олардың «сайлау» қызметі деп таниды [27].
Дегенмен, саяси партиялар мен олардың мақсатына деген бүгінгі көзқарастар әртүрлі. Олар саяси жүйенің үнемі әрекеттегі институты ретінде қарастырылады, оның рөлі тек сайлауға қатысумен шектелмейді. Дәл осындай түсінік саяси партиялар туралы жаңа заңнамаға тән. Олардың рөлі тек сайлау үдерісінде ғана емес, сонымен бірге саяси үдерісте де маңызды екендігі Қазақстан Республикасында саяси партиялар туралы заңнамада, саяси партиялар туралы ережелері және өзге де нормативті құқықтық актілерге негізделеді. Француз ғалымы М. Дювержье айтқандай Қазақстандағы партиялық құрылыс саяси доктриналардың, идеологиялық бағыттардың, әлеуметтік мүдделердің ғана емес, партиялардың нақты істерінің нәтижелеріне тәуелді болатын саяси шындық қалыптасуда.
Осы тараудың 3.2 Қазақстандағы көппартиялықтың даму динамикасы деп аталатын тақырыпшасында Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы мен қалыптасуына, қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестерге қатысуы және саяси үрдістерге ықпалы қарастырылған.
Көппартиялық жүйені құрастыру үрдісі қиын және көп қырлы процесс. Қазіргі кездегі көппартиялық тіркелген бірнеше саяси партиялардың болуына байланысты емес. Бұл ретке келтірілген, нақты қызмет атқаратын жүйе, онда саяси партиялар тең құқықтық жағдайда және қоғамның негізгі топтары мен қабаттарына әсер ету үшін бәсекеге түседі, ол сайлаушылардың еркін айқын білдіре алуына байланысты партияның біліктілігі ротация қағидасы қамтамасыз етілетін жүйе.
1986 жылдан 2002 жылға дейінгі
аралықта Қазақстанда қоғамдық
мәртебеге ие болған екі мыңға
жуық әртүрлі саяси және
Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасу динамикасы өте көп қырлы болды. Кеңес Одағы ыдырауынан басталған бұл құбылыс ұлттық мүдделер идеясында топтасқан көптеген саяси партияларды өмірге әкелді. Олардың біршамасы біртіндеп демократиялық қоғам платформасына бет бұрды. Сонымен қатар, Қазақстандағы көппартиялықтың дамуының елдегі партиялық жүйені партогенез бен партиялық жүйенің қызметін анықтайтын тарихи, демографиялық ерекшеліктермен, саяси сипаттымен, этномәдениеттік өзіне тән белгілерімен тығыз байланысты екені анықталады. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекетті қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін түсіну үшін Қазақстан жоғарғы басшылығы ішкі саясаттағы саяси партиялар мен қозғалыстарға қатынасы және солармен ынтымақтастық арқылы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруды нысанаға алғанын ерекше атап өту керек [28].
Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен партиялардың дамуында шартты түрде алты негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады:
І – 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымдардың дамуы);
ІІ – 1989 жылдың басынан 1991 жылдың тамызына дейін (көпұлттық және бірұлттық партиялардың, қозғалыстардың, ұйымдардың құрылуы);
ІІІ – 1991 жылдың қыркүйегінен 1998 жылға дейін (КОКП тарауы, КСРО ыдырауы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің тіркелуі).
ІV – 1998 жылдан 2002 жылдың шілдесіне дейін (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, бұл бірінші орында сайлау заңнамасымен байланысты; жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы);
V – 2002 жылдың шілдесінен 2007 жылға дейін (партиялардың қайта тіркелуі және партиялар туралы жаңа занға сәйкес жаңа партиялық жүйенің құрылуы);
VІ – 2007 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін (ҚР Конституциясындағы түзетулерге және пропорциональді сайлау жүйесіне ауысуға байланысты партиялық-саяси алаңды қайта құру).
Партиялық-саяси кеңістікті қайта құрудың жаңа кезеңі Қазақстан Республикасы Конституциясына 2007 жылы түзетулер енгізгеннен кейін басталды.
Осылайша, 1985-2007 жылдар аралығындағы партиялық қозғалыстардың даму үдерісін талдай отырып, саяси партиялардың көпшілігі құрылу кезеңінен, үгіт-насихат сатысынан өтті және дамыған саяси қызмет сатысына аяқ басты деп айтуымызға әбден болады.
Саяси партияны құру кезеңінде
негізінен партияны «жоғарыдан»
құру тетігі іске қосылды (бұл ҚСП, ҚөКП,
ҚХБП, Қазақстан Демократиялық партия
Осылайша, транзиттік демократия жағдайында көппартиялық – демократияның негізгі көзі. Биліктің жоғарғы органдарына сайлаудың халықаралық тәжірибесі бойынша кандидаттарды ұсыну барысында пропорционалды өкілділік жүйесін енгізу саяси жүйені демократияландырудың нақты көрсеткіші болып табылады. Партиялық тізім бойынша сайлау – ескі және жаңа номенклатура мен мафиозды байланыстары жоқ қоғамның саяси белсенді бөлігіне билікке жетудің бірден бір жолына айналды. Қазақстанда Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 10 орынға сайлау (Орта Азия елдерінде бірінші рет) 1999 жылы жүргізілді, ал 2007 жылы ел Конституциясына түзетулер енгізгеннен кейін Мәжіліс құрамы партиялық негізде пропорционалды жүйе бойынша сайлау қорытындысы бойынша қалыптасты.
Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы болғанымен, партиялық жүйе әлі де толық бекіген жоқ, сондықтан көппартиялықтың тұрақты үрдіске айналуы туралы айту ертерек. Қазіргі таңда Қазақтанда әрекет етіп жатқан саяси партиялар шешім қабылдау үдерісінің толыққанды қатысушысына әлі айнала қойған жоқ. Дегенмен партиялық жүйені ары қарай жетілдіру мен көппартиялықты дамыту үдерісі жалғасып жатыр. Бұл үшін 2007 жылғы конституциялық реформа жаңа мүмкіндіктер жасап отыр.
Осы тараудың 3.3 Азаматтық қоғамды нығайту бағытындағы саяси партиялардың қызметі деп аталатын тақырыпшасында Қазақстандағы ашық қоғам құру мен демократиялық, әлеуметтік мемлекет қалыптастырудағы саяси партиялардың қызметі қарастырылған.
Қазақстан Республикасында тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас, ұлттық бірігу бағытындағы жұмыстар – Президент, Парламент, басқару ұйымдары, сонымен қатар мемлекеттік органдардың көмегімен іске асуда. Осы тұрақтылықты сақтап қалуда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер зор үлесін қосуда. Осы жерде ерекше атап кетуге болатын саяси партиялардың жұмысы. Олардың мақсаты - қоғамның түрлі деңгейдегі адамдарының әлеуметтік жағдайы мен өмірден туындайтын түрлі мәселелерін шешу, азаматтарды қоғамды басқаруға тартудың кешенді шараларын жүргізу.
Ұлттық бірігу ұлттық бірлестікті нығайтудың нәтижесінде ғана болады, осы жерде бұл процесске саяси партиялар өз ықпалын тигізеді. Шын мәнінде, саяси партиялар, қоғамның түрлі топтарының қызығушылықтарын айқындай отырып, қоғам мен мемлекет арасында дәнекер болып табылады. Олар әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап қана қоймай, сол мүдделердің қалыптасуында үлкен роль ойнайды. Олар біріктіру функциясын атқарып, қоғамдағы түрлі адамдарды ортақ топтарға біріктіріп, қоғамдағы түрлі қарама-қайшылықтар мен дау-дамайларды шешуде зор үлестерін қосады. Бұған Нұр-Отан ХДП биліктегі қызметі дәлел бола алады.
Қазақстандағы транссформациялық логиканың өзгеруі, саяси партиялардың қызметі мазмұны өзгеруінің негізі болады. Партиялар идеологиясы Қазақстандық қоғамның ұлттық ұйуы мен модернизациясына әсер етті. Түрлі әлеуметтік, этникалық мүдделерді партиялар мемлекеттік саясат деңгейіне көтере алды.
Басқарушы билік саяси партиялар қызметін өрістетуге бағытталған саясат ұстанды. Қазақстанда саяси партияны құру жән тіркеу қиындық соқтырмайтын болды. Бұрынғы «Саяси партиялар туралы» Заңға түзетулер енгізу оны тіркеуге қажетті саяси партия қатарына қатысушылардың санының азаюына әкеледі. Сандық көрсеткіш 50 мыңнан 40 мыңға, сәйкесінше ұйымдық көрсеткіш 700-ден 600 адамға азаяды. Бұдан басқа, партияның мемлекеттік тіркелуі үшін қажетті құжатты өткізу екі айдан төрт айға дейін ұзартылды.
«Саяси партиялар туралы заңға» түзетулер саяси партияларды тіркеуді оңтайландырады. Ал өзгертілген «Сайлау туралы Заң» заң шығарушылық қызмет арқылы партиялық жүйенің нығаюына жағдай жасайды. Осындай саяси ұстанымдар тиімділігі туралы президент Н.Назарбаев ҚР Парламентінің кезекті ІІ сессиясының ашылуында айтты. Азаматтық қоғам құрылысын күшейтуде отандық «ноу-хоуға» республика парламентінде «Нұр Отан» ХДП ұлықтау, көптеген қазақстандықтардың таңдауын бейнелейді, сондықтан үкімет онымен санасуы қаже болды. Ашық қоғамның идеалы көппартиялық бірпартиялы жүйені ығыстыруда. Сайлау туралы заңдарда партияның төменгі палатаға –мәжіліске өтуі үшін жеті пайыздық тосқауыл қойылады. Кейінірек бұл көрсеткіш 5 пайызға түсті. Депутат мандатына көп дауыс жинаған саяси партия өтетін болды. Осылайша саяси партияларда заң шығару үдерісіне енуге, заң жобаларына қатысуға және шешім қабылдауға нақты ұмтылыс пайда болады. Қазақстандық саяси ахуалдан туған ерекшеліктер халықаралық партиялық құрылыс стандарттарын жоққа шығармады. Саяси жүйенің жетілуі елімізге экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өркендеуіне жаңа ұмтылыс берді. Осындай новациялар Казақстан азаматтарының еркіндігі мен негізгі құқықтарын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін көтереді.
Диссертацияның «Қазақстандағы жаңару мен демократияландырудың негізгі бағыттары» деп аталатын 4-тарауында еліміздегі қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңартудың негізгі бағыттары талданады.
Осы тараудың 4.1 Транзитті кезеңдегі демократиялық қайта құрулардың даму динамикасы деп аталатын тақырыпшасында тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, Қазақстанда дамудың жаңа түріне өту мәселесі зерттелген. Қазақстанның тоталитаризмнен саяси модернизациялауға өтудегі кедергілер мен қиыншылықтар, саяси жүйедегі әлеуметтік құбылыстарға талдау жасалынған. 1991-1996 жылдар арасындағы терең және ұзақ экономикалық дағлдарыс салдарларын жеңу, тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму аймағына өтуі ұзақ мерзімге белгіленген мақсатпен анықталуы тиіс екендігі дәлелденді. Ұзақ мерзімге белгіленген стратегиялық міндеттерді шешудің тәуелсіздік курсының сабақтастығын сақтауда, бұл қоғамның саяси жүйесін және саяси келісімін нығайтуда маңызды. Мемлекеттік биліктің саяси плюрализмді қолдауы партия әрекеттеріне және қозғалыстарына көмектесті. Бұл барлық қазақстандықтардың құқығының теңдігінің негізінде ұлтаралық келісімді сақтауда маңызды.
Реформаның экономикалық блогіне қатысты Президент бірінші кезекте бағаны либерализациялау, қаржылық сауықтандыру, жекешелендіру, нарықтық инфраструктура, жекеменшіктің барлық формасынның теңдігі, кәсіпкерліктің дамуы, шетел инвестициясының тарту шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік басымдықтар: Қаржылық және материалды мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, біз әлеуметтік қорғаусыз тұрғындарға белгілі курс жүргіземіз: пенсионерлерге, мүгедектерге, жетідерге, көп балалы отбасыларына, оқушыларына. Табиғи ресурстарды, экологиялық бағдарламаларды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеріп пайдалануға көп көңіл бөлу қажет.
Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі