Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат

Описание

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

venera.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

Өтпелі кезеңде қоғамның саяси жүйесін ауыстыру барысында болған өзгерістердің мазмұны мен сипатының әртүрлі қырларын талдауға көптеген шетелдік және қазақстандық авторлардың еңбектері арналды. Транзитологиялық демократияландыру мен модернизациялау теориясы және тұжырымының дамуына батыстық ғалымдар Г. Алмонд, Ж. Блондель, З. Бжезинский, Р. Даль, Д. Истон, Х. Линц, А. Лейпхарт, С. Менгес, Р. Арон, Г. Пауэлл, А. Пшеворский, Л. Пай, С. Хантингтон, П. Штомпка т.б. өз үлестерін қосты.

Көптеген зерттеушілер демократиялық ауысу кезеңінде  қалыптасатын саяси режимді анықтауға тырысады. Енгізілген анықтамалар: Ф. Закарийдің «либеральды емес», А. Шедлердің «консолидациялы», Д. Стенбергтің «рәсімдеуші», Г.О Донеллдің «делегативті» демократиясы және өзгелері де дамыған елдердің саяси жүйесі ауыспалы сипаттар бар екендігін көрсетеді.

Қазақстандағы демократияландыру  үрдістері мен саяси жаңару үрдістері  әлемдік демократиялық белгілерді толықтай қайталамайтындығы белгілі. Алайда, демократияның саяси режимдерге тән сипаттардың міндетті түрде  қалыптаса бастағанын көптеген зерттеулер дәлелдейді. Аттары аталған және басқа да еңбектерде ауыспалы үдерістің жалпы логикасын, Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының ерекшеліктерін, қоғамдық өмірдің маңызды салаларын реформалау механизмдерін зерттеледі. Мұндай еңбектер болып жатқан өзгерістер мәнін түсінуге үлес қосады және ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.

Сонымен бірге Қазақстан  Республикасының саяси ғылымында  Қазақстандағы демократиялық модернизация аясында болып жатқан саяси жаңару үдерісін зерттеуге арналған арнайы еңбектер жоқ.

Зерттеу мақсаты:

1. Қазақстан Республикасындағы  демократиялық модернизация мен саяси жаңару үрдістерінің қозғалыстарының өзара сабақтастығын сараптау және зерттеу;

2. Қазақстан Республикасында болып  жатқан демократиялық сипаттағы  экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзгерістерді түсіну үшін әдіснамалық сызба жасау.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу  үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды:

- «модернизация», «демократияландыру», «демократия», «саяси жаңару» категорияларына талдау жүргізу;  

- Қазақстан үшін шет елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтарын талдау және олардың әсер деігейін анықтау;

- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұнын ашу арқылы саяси жүйеде және саяси санада болатын өзгерістер мәні мен мазмұнын бағалау;

- модернизацияға ұшыраған қоғамның саяси жүйесін және қатынастарын демократияландыру үдерістерін қоғамдық дамудың шынайы жағдайлар сәйкестігі арқылы талдау;

- Қазақстан Республикасы демократиялық модернизацияның жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;

- тиісті саяси институттар әрекетінің және қызметтерінің механизмін және азаматтық қоғамды қалыптастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасындағы саяси демократия базасы ретінде анықтау;

- саяси партиялардың демократиялық модернизация әлеуметтік келісім, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үдерісіндегі рөлін анықтау;

-партиялық-электоральдық демократия қозғалысының басталуын зерттеу;

- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсерін көрсету және елдің демократияға бетбұрыс жасау потенциалын анықтау;

- Қазақстан Республикасын әрі қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттарын анықтау және ғылыми болжам жасау.  

Диссертациялық  зерттеудің пәні ретінде демократиялық ауысу кезеңінде дамыған Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси модернизациялық үдеріс таңдап алынды.

Диссертациялық  зерттеудің әдіснамалық және теориялық  негізі – саясаттануда қолданылатын саяси модернизация мен демократиялық ауысулардың әртүрлі классикалық және қазіргі кезеңдегі тұжырымдары болып табылады. Диссертация тақырыбын ашуда Аристотель, Платон, Ш. Монтескье, А. Токвиль, К. Маркс, М. Вебер, О. Шпенглер, А. Тойнби, Т. Парсонс, О. Тоффлер, С. Эйзенштадт т.б. ғалымдардың еңбектері теориялық және әдіснамалық база ретінде алынды. Тақырыпты ашу барысында диссертант институционалды, жүйелі, кешенді, салыстырмалы, статистикалық, құрылымды-қызметтік және компаративті талдаудың әдіснамалық тәсілдерін қолданды. Диссертациялық жұмыста ғылыми зерттеуде кең қолданылатын әдістер пайдаланылған. Олар: салыстыру, эмпирикалық, проблемалы-хронологиялық, ретроспективті және болжау тәсілдері. Мәселенің саяси аспектісі Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы барысында қалыптасқан нақты мысалдар негізінде қарастырылды.

Диссертацияны жазу барысында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы», «Қоғамды идеялы топтастыру – Қазақстан дамуының шарты ретінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан – 2030 стратегиясы», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы» атты еңбектері және Қазақстан халықтары Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздері, жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдаулары маңызды әдіснамалық және теориялық негіз болды.

Диссертацияның дерек көздері мен эмпирикалық базасы ретінде танымал шет елдік және қазақстандық саясаттанушылардың еңбектері, статистикалық жинақтар, гуманитарлық сфераға қатысты халықаралық құжаттар, Қазақстан саяси партияларының бағдарламалары мен құжаттары, Үкімет құжаттары, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық актілері, БАҚ материалдары және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері алынды.

Жұмыстың ғылыми-теориялық  және практикалық маңызы. Жұмыстың теориялық мәні демократиялық модернизация үрдісінің негізгі параметрлерін анықтауда жатыр. Ізденушінің диссертация жазу барысында жүргізген теориялық-әдіснамалық талдауы отандық саяси ғылымда саяси-әлеуметтік үрдістер қалыптастыруда, бейбітшілікті нығайтуда, әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет сегменттері болып табылатын саяси партиялар, БҮҰ және қоғамдық қозғалыстар өздерінің саяси тәжірибелерін жетілдіру мақсатында зерттеу нәтижелерін пайдалануына болады.

Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні жұмысты жазу кезінде анықталған ұсыныстар, қорытындылар мен ұстанымдарды үкіметтік құрылымдар құжаттары мен нормативті актілерді дайындау барысында саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары өз қызметтерін жетілдіру ісіне қолдануына болады. Диссертацияның материалдарын сонымен бірге Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында саясаттану мен саяси әлеуметтану пәндері бойынша арнайы курстар әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

- «модернизация», «демократияландыру», «азаматтық қоғам», «саяси жаңарту» ұғымдары анықталынып, саяси үрдістің әртүрлі деңгейіндегі демократиялық модернизация мәселесін зерттеу барысындағы саясаттану тәсілдерінің бірлігі мен әртүрлілігі нақтыланды;

- Қазақстан үшін өркениетті елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтары талданды, олардың тәжірибесінің Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі анықталды. Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісінің өзіндік даму ерекшеліктері айқындалды;

- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұны ашылды және бұл құбылыстың елдің нақты экономикалық даму үрдісінен  өзара тәуелділігі дәлелденіп, қоғамның негізгі  салаларының жаңаруының біріне-бірі міндетті түрде ықпалы болатындығы көрсетілді;

- демократиялық модернизацияның саяси және әлеуметтік-мәдени алғышарттары анықталып, бұл үрдістің Қазақстан халқының саяси санасына, саяси мәдениетіне және саяси тәжірибесіне тәуелді болатындығы  дәлелденді;

- саяси партиялардың демократиялық модернизация, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үрдісіндегі рөлі ашып көрсетіліп, бұл үрдістегі орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктердің  саяси партиялардың  дамуындағы шешілмеген мәселелерге  байланыстылығы сарапталды;

- Қазақстанның көппартиялық үрдісі зерттеліп, оның дамуында орын алған өрлеу – құлдырау – қайта өрлеу құбылыстарының себептері мен салдарлары сарапталынған;

- Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация үрдісінің ерекшеліктері айқындалды (1991-2007 жж.) және бұл процестің  дамуының елдегі ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік саяси тәжірибенің Қазақстандық демократияның даму моделімен толыққандығы көрсетіледі;

- партиялық-электоралды демократия қозғалысы анықталды;

- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсері көрсетіліп, оның  елдегі саяси партиялардың  және үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құруға арналған қызметтерінің және  ұсыныстарының билік құрушы  партияның өзара түсіністігі мен демократиялық принциптегі қарым-қатынас арқасында екендігі көрсетілді;

- Қазақстан Республикасын ары қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттары анықталды және болжам жасалды. Саяси жүйенің дамуының болашағы қоғамдық  қатынастарды демократияландыруды  тереңдете берумен тікелей байланысты екендігі  дәлелденген.  

Жұмыстың практикалық  маңызы Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация қозғалысына әдіснамалық және эмпирикалық талдау жүргізумен анықталады. Диссертациялық зерттеу барысында әзірленген тұжырымдар елдің ішкі саяси жағдайына болжам жасау кезінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс нәтижелерін саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ҮЕҰ өз қызметінде пайдалана алады. 

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Қазақстан Республикасының  саяси ғылымы демократиялық модернизация үрдісін зерттеу тиімділігін көтеру үшін теориялық-әдіснамалық базаны кеңейтуді қажет етеді. Сондықтан ең бір тиімді бағыттардың бірі ретінде қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялау шарттары, тенденциялары, қозғалысы мен болашағын талдау мүмкіндігі болуы  басты қажеттілік. Осы ғылыми бағыт Қазақстанның  саяси жүйесінің даму потенциалын ашуға мүмкіндік береді.

2. Демократиялық модернизация  шарттылығын саясаттану тұрғысынан  зерттеудің ерекшелігі экономикалық  даму деңгейі, әлеуметтік-құрылымдық параметрлері, білім мен мәдениет деңгейі, халықаралық факторлар, діни айырмашылық және өзге де жағдайлар арқылы демократияны детерминациялаудың жалпы теориялық болжамдарын растауға бағытталуында жатыр. Қазақстандағы саяси шындық демократияның осы сапанық белгілерін дәлелдейді.

3. Демократиялық модернизацияның  тиімді формалары мен тәсілдерін  іздестіру қалыптасқан, нақты  бір елдің экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени дамуы жағдайларын ескеруді  талап етеді. Тарихи мұра мен  жаңа әлеуметтік шындықтың күрделі байланысы әртүрлі бағыттағы тенденцияларды тудырады, ал оны тек танымдық әдістер комбинациясы негізінде ғана танытуға болады. Яғни, демократияның дамуына қоғамдағы барлық үрдістер өз ықпалын тигізіп отырады. 

4. Қазақстандық қоғамды  демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация тәжірибесі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды (әл-ауқат, урбанизация, индустрияландыру, білім) демократияның қалыптасуына әсер ететін, фактор ретінде қарастырған орынды екенін растайды. Себебі,  демократиялық мемлекет негізінен дәстүрлі  саяси мәдениетке  негізделеді.

5. Модернизацияға ұшыраған  елдердің, соның ішінде Қазақстанның  да қоғамдық даму тәжірибесі саяси жаңртудың әртүрлі нұсқаларын танытуда. Бұл өзгешелік сыртқы және ішкі факторлар, оларды шешудің тәсілдері мен қажеттіліктері, қоғамның дағдарысты жағдайының деңгейі және көшбасшылық рөлге үміткер саяси күштердің ұйымдастырушылығы т.б. сияқты көптеген жағдайларға байланысты болады. Экономикалық даму қарқыны, кейде тіпті оның бағыты да модернизацияның дамуына үлкен әсер етеді. Демократиялық модернизация үрдісін тұрақтандыруға саяси жүйенің тиімділігі мен легитимділігі де ықпал етеді. Саяси жүйенің демократиялық  жаңарту саясатын жүргізуге  мүдделілігі демократиялық  мемлекетті жылдам қалыптастырады. 

6. Саяси партиялар  қоғамның саяси жүйесінің тұрақты  түрде қызмет етуіне, қоғамды  топтастыруға, әлеуметтік, этникалық,  діни және басқа да топтардың мүдделері мен қажеттіліктерін білдіруге байланысты мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Партиялардың өзара әрекеттестігі, одақтастар іздеу қажеттілігі, сайлау кезінде сайлаушылардың қолдауына ие болу үшін жүргізілетін күрес ірі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу кезінде жалпы ұлттық келісімге келуге ықпал етіп, ұлтаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті нығайтады, азаматтардың  саяси санасын  ұштап, саяси мәдениетін  баянды ете түседі.

7. Қазақстан партияларының  ұлттық топтасуы бойынша қызметінің тенденциялары осы бағыттағы жұмыстарды жақсартуға елдегі саяси қатынастарды ары қарай демократияландыру, саяси партиялар мәртебесін көтеру, биліктің заңнамалық органдарында партиялық өкілділікті көбейту шаралары әсер ететіндігін растайды. Қазақстанның саяси өмірі партиялар қызметінің белсенділігіне тәуелді бола түсуде.

8. Көптеген бұрынғы  авторитарлы елдердегі демократиялық  модернизация сипаты батыстық  демократия эталондарын батыстық  емес ортада қалыптасқан «жаңа  демократиялар» игере алмайтындығын және қандай да бір қоғамды демократияландыру нәтижелері оның өркениеттік ерекшеліктеріне байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстандық ауыспалы кезең тәжірибесі мен қорытындылары – осы ақиқаттың бір дәлелі. Өтпелі кезеңге өтпелі демократияның тән екендігін Қазақстандағы саяси шындық нақты дәлелдейді.

Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі