Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:33, реферат

Описание

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

venera.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіздіктің алғашқы жалдарынан бастап Елбасы саяси реформалау аймағында стратегиялық жоспралау мен тактикалық әрекеттер белгіледі. Бұл үшін тәуелсіз мемлекет құрудың саяси мақсаты белгіленгендігін атап кету керек.

1992 жылының май айында Қазақстанның даму басымдықтары белгіленіп, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы мен жетілуінің стратегиясы концептуалдық-бағдарламалық тұрғыда анықталды.

Елбасының пікірінше, «...Қазақстан дамуының концептуалдық даму үлгісі қоғамды ашық типті, демократиялық, бейбітшілік сүйгіш мемлекет құруға негіз болды:

1) адамның құқығын және еркін, саяси және идеологиялық плюрализмнен сақтайтын, азаматтық әлемін және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететін, қорғану және қауіпсіздігін қорғайтын күшті президенттік республика таңдалды;

2) нарықтық экономиканың дамуына сүйене отырып, жекеменшіктің көптүрлі формасына және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігіне,, бәсекелестікке, ақылды жолмен шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігі;

3) экономикалық-әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әрбір халықтың ұлттық өркениеттілігін сақтау арқылы ұлттық консенсусты қоғамның тұрақты дамуының негізіне айналдыру.

Елбасы өзінің жұмысында  ұлттық консенсусқа ерекше мән беріп, «қазақ ұлтының топтастырушылық миссиясы» аясында президенттік басқаруды қамтамасыз ету, саяси және экономикалық билікті шектеуді, жекеменшікті жаппай күшейту, халықты нарыққа бейімдеу, мемлекеттік және экономикалық үдерісті нарыққа ыңғайына қарай келтіріп, көппартиялықты және саяси тұрақтылықты дамыту көзделінді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында негізгі міндеттер – ашық, демократиялық, құқықтық мемлекеттік құруға негіз болып, жалпы демократиялық құндылықтар, көп этникалық және көп конфессионалдық дәстүрлерге үйлесімді сәйкес келеді. Президент «2030-Стратегиясын» жүзеге асырудың алғашқы он жылдықтың нәтижесін шығарды.  Қазақстан өтпелі кезеңді жетістікпен аяқтады, ұстанымдық жаңа міндеттерді белгілеуде сенімді база жасады; әлемдік экономикада тең құқылы, бәсекеге қабілетті, динамикалық даму субъектісі бола алатын ұлттық мүдделерді тиімді жүзеге асыратын жағдайға келді. Бұл міндеттерді шешуде ішкі және сыртқы саясаттың 30 бағыты белгіленді. Олардың арасында саяси жаңаруға қатыстылары:

- мемлекеттік басқарудың тармақтарында қарама қарсы салмақ пен ұстанымдылық жүйесін басқару және өзара әрекетінің тиімділігін көтеру;

- үкімет органдарының өкілдерінің мүмкіндіктерін кеңейту;

- саяси партиялардың рөлін көтеру, азаматтық қоғам институтын дамыту,

- мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін көтеру;

- мемлекеттік шешімдер шығару үдерісіне қоғамдық рұқсат беру;

- адам еркіндігі мен құқығын қорғау институттық тетігін одан әрі бекіту;

- жергілікті өзін өзі басқару дамуы үшін жағдай туғызу;

- БАҚ-ның үйлесімді дамуын тудыру.

Демократиялық саяси  модернизациялау үрдісінің қазіргі кезеңі туралы Президент Н.Ә.Назарбаев:

Бірінші кезең - 1991 жылдан 1995 жылға дейін – тәуелсіздік  алғаннан кейінгі егеменді Қазақстан Конституциясын қабылдауға дейін біз дезинтеграциялық кезеңдерді, Қазақстандық мемлекеттің негізін қалыптастыру, бірпартиялық диктаттан саяси плюрализмге көшуді, демократиялық дамудың негізін қалауды басымыздан кешірдік.

Екінші кезең – 1995 жылдан 2000 жылға дейін – біздің негізгі мақсатымыз қазіргі демократиялық институттарды құру және қалыптастыру, 1995 жылғы референдумда халық қабылдаған Конституцияның негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру.

Үшінші кезең - 2001-ден 2006 жылға дейін – біздің стратегиямыздың  ақиқаттығын көрсетті. Осы кезеңдерде біз әлеуметтік – экономикалық дамуды қамтамасыз еттік және аймақтық көшбасшылыққа ие болдық. Біздің мемлекеттігіміз де орнықты[29].

Реформа стратегиясы  үшін маңызды саяси модернизация экономикалық дамуда қол жеткен жетістіктерден тәуелді. Жеткен дәреже ел халқының материалдық ауқатын ғана емес, демократиялық құқықтарды жүзеге асыру үшін қоғамдық пайдалы уақытты да үнемдейді. Қоғамның өндірістік күштерінің маңызы даму бойынша мәдениеттің жетістіктеріне, азаматтардың көпшілік бөлігі мәдени деңгейінің өсуіне, ғылым мен білімді дамытуға, саяси іс-әрекетке тиімді қатысуға мүмкіндік береді, яғни, саяси демократизация қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу құралы бола алады.

Осы тараудың 4.2 Партиялық-электораттық демократияның даму ерекшеліктері деп аталатын тақырыпшасында Қазақстандағы демократиялық модернизациялаудың басты жетістіктерінің бірі болып табылатын электораттың демократиялық дамуы қарастырылған.

Демократиялық құрылым  үрдісін анықтайтын және бағыттайтын саяси институттардың бірі – демократиялық сайлау институты. Қазіргі саяси жүйенің тәуелсіздігі мен құқығын жүзеге асыруға электоралдық демократия  қызмет етеді. Шынында, демократияның негізгі құндылықтарының бірі теңдік принципі болып табылады, оған адамның негізгі саяси құқығының бірі - «бір адам – бір дауыс» принципі енгізілген. Теңдік принципінің іс жүзіне асуын әділетті сайлау өткізуді жолға қою қамтамасыз етеді.

Қазіргі саясаттануда демократияның  болуының қажетті негізгі шарттарының  бірі, «электоральдық» терминіне  біріктірілген келесі аталған шарттар есептеледі:

  1. азаматтардың жалпы сайлау құқығын қамтамасыз ету;
  2. азаматтардың сайлау қызметін алуға талаптануы;
  3. сайлауды тәуелсіз, ақиқат, бәсекелестікпен жүйелі жүргізу;
  4. Конституцияда бекітілген үкіметтің шешімін бақылау құқығы берілген тұлғаларды бөліп тастау;
  5. саяси оппозицияға қатысты қиындықтарды болдырмау;
  6. азаматтарға тәуелсіз ассоциация және ұйымдарға кіруге және құруға құқық беру;
  7. азаматтарға ақпараттар алуға еркіндік беру.

Ашық сайлау институттары әртүрлі саяси жүйелердегі авторитарлы  құрылымның пайда болуына қарсы тұрып, саяси жүйенің жауапкершілігін арттыру негізінде демократиялық қоғамның саяси үрдісіндегі басты рөлді атқарады.

1998 жылы Конституцияға сайлау өткізу құқығын өзгертуге арналған толықтырулар енгізілді. Саяси партияның рөлі күшейді, олар дауыс берудің пропорционалдық жүйесін енгізу нәтижесінде заң шығару жұмыстарына араласатын болды.

Қазақстандағы партиялық-электораттық демократияның даму динамикасы мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті. Бірақ, барлық заңдардың орындалу қажеттігі күшейді. Қазақстанда сайлау құқығының мжиі-жиі бұзылғандығынан парламент жұмысы әлсіреді. 1995 жылғы конституциялық дағдарыс осының айғағы. Қазіргі кезеңде бұрынғы кеткен кемшіліктерді қайталамау және сайлау жүргізуде демократиялық нормаларда шығып кетуге жол бермеу маңызды. Қазақстанның сайлау заңы бойынша қалыптасу динамикасына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді. Оның ішіндегі саяси реформалардың басты бағыты демократияландыру болды. Оны саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер қолдады. Саяси құқықтың күшеюі, ерікті ақпарат құралдарының рөлін арттыру демократиялық жаңару динамикасын күшейтті. Жаңа мүмкіндіктер 2007 жылдың конституциялық реформасына сәйкес ашылды.

Осы тараудың 4.2 2007 жылғы Конституциялық реформалардың қазақстандық қоғамды демократиялық жаңартуға әсері атты тақырыпшасында еліміздегі 2007 жылғы Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қоғамды демократиялық жаңартуға әсерлеріне сараптама жасалынды. 

Саяси жүйеде құрылымдық өзгерістер енгізу мақсатында 2007 жылғы Конституциялық өзгерістер модернизация концепциясына жаңалықтар енгізді.

Біріншіден, 2007 жылы 28 ақпанда  Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына «Жаңа өмірдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Н.Назарбаев мемлекеттің ары қарай дамуының басым бағыты деп жан-жақты жылдамдатылған модернизация жолын атады [30].

Екіншіден, 2007 жылдың мамырында  Қазақстан Республикасының Конституциясында саяси алаңмен саяси ойындардың ережелерінің конфигурациясын өзгеріске  әкеп соққан өзгерістер мен толықтырулар енгізілді [31].

Үшіншіден, 2007 жылдың 18 тамызында  Қазақстан республикасының Парламент мәжілісінде еліміздің саяси жүйесінде жаңа кезеңнің басталуын атап өтті. Парламент палатасының төменгі құрамы (98 депутат) сайлаудың тепе-теңдік жүйесі арқылы «Нұр Отан» партиясы тізімімен сайланды, сонымен қатар, мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқының Ассамблеясы сайлады. Осылай төменгі палата жүз жеті депутаттан тұрды (бұрын 77 болатын).

Елбасының ұсынысы бойынша  Парламент 2007 жылғы көктемде қабылдаған жаңа конститутциялық түзетулер Қазақстанда бүкіл саяси үрдісті белсендіру үшін кең мүмкіндік ашты. Жаңа өзгертулер саяси өмірдің түрлі жақтарын қамтыды. Бір жағынан саяси жүйенің моделін түбегейлі реформалау басталды. Оның мәні – биліктің заң тармағының басымдылығын және құқығын кеңейту, партиялар күресі алаңын жаңадан құру, азаматтық қоғамының және мемлекеттен тыс сектордың дамуы болды. Осылардың арқасында халықтың бұқаралық топтарын саяси үрдіске қатыстыруға мүмкіндік туғызады.

1991-2007 жылдары республиканың  ішкі саяси дамуының едәуір ерекшелігі қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау мәселесіне жетекші саяси күштердің қызығушылық танытуы болды.

2007 жылы конституциялық реформаға сәйкес, сайлау үрдісіне Парламентті қатыстыруды күшейту. Премьер-Министрдің кандидатурасын келісу және соңғы бекітуде Президент заңгерлердің құқығын едәуір күшейтеді. Бұл өзгеріс парламентке биліктің атқарушы тармағын қалыптастыруға белсенді қатысуға құқық берді. Премьер-министрді тағайындау жауапкершілігі Елбасына жүктеледі.

Парламенттің құзыры мен мүмкіндіктері кеңейтіле түсті. Парламенттің екі палатасы да конституциялық кеңестің қалыптасуына, республикалық бюджеттің жұмсалуын бақылауға, орталық сайлау коммисиясына қатысуына мүмкіндік алды. Бұның бәрі Қазақстанның азаматтарына сайлау үрдістеріне қатысуларына, елдің даму үрдістерін анықтап, оны талқылап және мемлекеттің өмірлік салаларын саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларды дамытуға ат салысуға мүмкіндік туғызды.

2007 жылға дейін Қазақстандағы саяси институттардың дамуына атқарушы үкімет әсер етіп отырса, енді Парламент үкіметтің қалыптасу механизмдеріне тікелей әсер ете алатын болды. Депутаттық корпус, партиялық фракциялар және депутаттық топтар,үкіметтің атқарушы органдарының іс-әрекетіне араласуға конституциялық құқықтарды иеленді. Сол себепті олар сайлау үрдістерінің негізгі субъектілеріне айналды. Саяси партиялардың жаңа қызметтері бойынша олар парламенттің төменгі палатасының құрамын қалыптастырды.

2012 жылдан кейін Президент билігі мерзімінің  7 жылдан  5 жылға қысқартылуы Қазақстан қоғамына тиімді болады. Сенатта депутаттардың 8 адамға көбеюі Елбасының нұсқауы бойынша «Сенатта  ұлттық- мәдени және басқа да қоғамның маңызды мүдделерінің жетіспеушілігінен» болды. Қос палаталы Парламенттің күшейтілуі Қазақстанның саяси имиджін күшейтті. Парламенттің саяси потенциалының күшеюі оның мүшелерінің және саяси партиялардың биліктілігіне, беделділігіне және қоғамдық саяси мәдениетіне байланысты бола түсті.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Модернизацияға ұшыраған елдердің қоғамдық-саяси модернизацияның әртүрлі нұсқаларын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар  әртүрлі жағдайларға байланысты: ішкі және сыртқы, пісіп-жетілген қажеттіліктер мен оларды шешу жолдары, қоғамның дағдарысты жағдайының дәрежесі мен көшбасшылықтан дәмелі саяси күштерді  ұйымшылдығы т.б. Экономикалық қозғалыс қарқынының  әртүрлілігі, кейде оның бағытының әр алуандығы модернизацияның барысына, тіпті нәтижесіне де елеулі әсер етеді. Демократиялық модернизация үдерісінің  тұрақтылығына сонымен бірге саяси жүйе тиімділігі мен оның заңдылығы да ықпал етеді. Бұлай болатындығын Қазақстанның саяси шындығы да дәлелдеп берді.

Саяси партиялар қоғамның саяси жүйесінің тұрақты түрде  қызмет етуі, қоғамды топтастыру, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа топтардың  мүдделері мен қажеттіліктерін  танытуға байланысты мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнай бастады. Партиялардың өзара ықпалдасуы, одақтастарды іздестіру шаралары, сайлау кезінде сайлаушылар қолдауы жолындағы күресті ірі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуде жалпы ұлттық келісімге келуге ықпал етіп, ұлтаралық  келісім мен азаматтық бейбітшілікті нығайта түсті.

Қазақстан саяси партияларының ұлттық топтастыру бойынша әрекеттері бұл бағыттағы жұмыстарды жақсартуға, елдегі саяси қатынастарды әрі қарай демократияландыру, саяси партиялар мәртебесін көтеру, биліктің заң шығару органдарында партиялық өкілеттілікті мейлінше кеңейту сияқты шаралар ықпал ететіндігін көрсетті.

Қазақстандық қоғамның демократиялық модернизациясы мәселелерін ары қарай да зерттеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

1. Демократиялық модернизация қозғалысы мәселелерін объективті қарастыруға мүмкіндік беретін, біздің ойымызша, модернизация теориясының кейбір жайттарын біліп қарастыруға және реформалаудың заманауи тұжырымдамасын қалыптастыруға болады. Олар:  

- модернизацияны ұлттық-мәдени, саяси және экономикалық даму ерекшеліктермен  байланысты үдеріс ретінде түсіну («жаңарту», ал қуып жету дамуы жағдайында – «бөтендік» тәжірибені игеру);

Информация о работе Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі