Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 11:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
кәсіпкерліктің теориясын ашу;
ұйымдық-құқықтық формасымен танысу;
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттудің қажеттілігін түсіну;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін талдап, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………….......................3
1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны……………………….............................4
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……......................4
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары...................7
1.3. Кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар...............................................................................................................15
2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі…...............................17
2.1. Бәсекелестік мазмұны және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу......................................................................................................................17
2.2 Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………..............................20
2.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау........................24
3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………..................................32
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………........................32
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………….......34
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы..............................................………………………..............................35
Қорытынды………………………………………………………........................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….........................................41

Работа состоит из  1 файл

Касипкерлик.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

     Кәсіпкер  өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселеге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбекақы мөлшерін қадағалау т.б.

Кәсіпкерлікті жасақты және дамыту үшін кадрларды  оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер  даярлауды тұрғылықты қадағалау.

     Ең  бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: ҚР Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғау заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

     Кәсіпкерліктің  ұжымдық экономикалық формалары.

1. Концерн-көп  салалы АҚ, әртүрлі компаниялардың  бақылау пакетін сатып алады. 

2. Ассоциация-экономикалық  дербес кәсіпорындардың негізгі  мақсаты ғылыми техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік  міндеттерін бірігіп шешу.

3. Консорциум-бұл  ірі финанс операцияларын істеу үшін (мыс: өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат-бір  саланың кәсіпкерлерін тауар  сатуға біріктіру.

5. Картель-тауар,  қызмет көрсету бағасы, нарық  аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері  жөніндегі келісім.

6. Финанс-өнеркәсіп  тобы-банк, сақтандару және сауда  капиталының бірлестігі.    
 

2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі

2.1. Кәсіпкерліктегі бәсекелестік және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу 

     Нарықтық  экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

     Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

     ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін  бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде  бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.

     1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік  – бұл бір саланың тауар  өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

     2). Салааралық бәсекелестік – бұл  халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

     Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері  – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

     Жетілмеген  бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

  1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
  2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
  3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.

     Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.

     Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

     Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті  шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:

  • өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
  • тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
  • шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
  • шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
  • монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
  • еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
  • шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
  • экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
  • еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.

     Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 2 – сызбадан көруге болады.

     

2-сызба. Билік органдары мен шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер

     Фирма, кәсіпорындардың жұмысы мәліметтерді құпиялауға заңды правосы бар, оны  жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.

     Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда сақтауға құқылы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін.

     Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысы, жоба—конструкторлық технологиялық зерттеулер және өндірісте пайда болатын жеке қосалқы міндеттер шешімі. Бұл сонымен бір арнайы техникалық шешімдер, нақты экономикалық процесті басқару әдістеріне жататын жұмыстар.

     Кәсіпорындар  туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет бермеуге құқықтары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен бірге кәсіпорын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік статистикалық мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.

     Өкіметтің қаулысы бойынша коммерциялық құпияға жатпайтын мәліметтер тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу құжаттары, тіркеу анықтамасы, патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін есептер, ол салықтың дұрыс есептеліп төленуін бақылау үшін және бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер, қызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау, т.б. мәліметтер жатады. 
 
 

2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі 

      Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін  қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.

      Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану  құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.

      Франчайзингтік  қатынастың 3 типі бар:

  1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
  2. Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын  франчайзиға береді.
  3. Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.

     Маркетингтік  көмектің мәні – бұл франчайзи  тарапынан франчайзердің жақсы  танылған және айтарлықтай кең ауқымды  тұтынушылары бар сауда маркасы  мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.  

     3-сызба.  Франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесі 

 

      Франчайзингтік  қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің  сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, «ноу-хау» және т.б. пайдалану құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.

      Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.

      Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл әлемде бизнесті ұйымдастырудың толық құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне соңғы жылдары оның одан әрі қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет елде 35000 франчайзилері бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың интернационализациясы туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті жоғары нарықтарды жаулап алып, ол жерде өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг ұстанатын факторларға шетелге шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс табу деңгейі  бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан басқа көбінесе халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа мемлекеттер тарапынан белгіленген заңды тосқауылдар жатады.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу