Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 11:12, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
кәсіпкерліктің теориясын ашу;
ұйымдық-құқықтық формасымен танысу;
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттудің қажеттілігін түсіну;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін талдап, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………….......................3
1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны……………………….............................4
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……......................4
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары...................7
1.3. Кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар...............................................................................................................15
2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі…...............................17
2.1. Бәсекелестік мазмұны және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу......................................................................................................................17
2.2 Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………..............................20
2.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау........................24
3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………..................................32
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………........................32
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………….......34
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы..............................................………………………..............................35
Қорытынды………………………………………………………........................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….........................................41

Работа состоит из  1 файл

Касипкерлик.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

       Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде мемлекет меншігі үлесі  көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық  экономиканың дамуы үшін қажет  қызметтер мен тауарлар шығарушы  өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.

        Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1) Бюджеттік (ведомстволық);

2) Қоғамдық (корпорациялар);

3) Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік  кәсіпорынға мына кәсіпорындар  жатады:

1) Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)

2) Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).

      Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік  қызметі аталған кәсіпорындармен  жұмысын шектемейді. Мемлекеттік  кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың  барлық және мемлекеттің экономикалық  әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай  толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.

      Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.

      Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

       “Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

       Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

- жетілген салық жүйесі;

- оңайлатылған  валюталық режим;

- бюджет  жүйесі;

- кедендік  режим;

- тиімді  есеп беру мен  есепке алу;

- жетілген  банк жүйесі;

- шаруашылық  басқару органдарын жаңарту;

- жетілген  сақтандыру жүйесі;

- әкімшілік  басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру жүйесі.

        Әлемдік тәжірибеде инвестиция  тартуға қолайлы жағдай жасау,  сонымен бірге кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін  жетілдірумен байланысты. Өзара  байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық  бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:

1) инвесторлар  басының және меншігінің қорғауды  қамтамасыз ету;

2) қаржылық  валюталық, салықтық, тарифтік және  тарифтік емес реттеуде құқықтық  негізін жетілдіру;

3) шетел  инвестициясын сақтандыру және  кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;

4) инвестицияны  реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік  және аймақтық органдар ықпалын  шектеу;

5)  әртүрлі  ведомостволар тарапынан үстемдікті  жою.

      Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

      Бұл заң Қазақстан территориясында  шетел инвестицияларының ұлттық  инвесторларға рұқсат берілген  барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

       Тікелей шетел инвестициялары  Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:

біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді  өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;

екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы  қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

       1995 жылы еліміздің салық жүйесін  реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.

       Шетел қатысуы мен 100%-ды шетел  капиталы барлық заңды тұлғаларды  тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

       Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел  инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

      “Қолайлы экономикалық ахуал”  қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық салық және инвестиция жөніндегіорталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы нәтижесі бойынша, еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

        Қазіргі кезеңде, жаңа салық  кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқы  қарыз және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Берілген  курстық жұмыста экономикалық бизнес табиғаты және шаруашылық даму түрлері  ашылған. Әрбір экономикалық қоғам  нәтижесінде материалдық байлықпен  оның тұтынушылары арасындағы байланысы болып табылады. Іс-әрекеттердің алуан түрлі жиынтығы. Бұл іс-әрекет өндіруші күштермен өндірістік қатынастар негізінде туындайды. Бизнес те қоғамның даму процесінде пайда олған іс-әрекет.

     Осы экономикалық еркіндік бизнестің дамуының маңызды факторына қатысты. Ол өзіндік шаруашылық іс-әрекеттен, саудадан, жер иеленуден, бір-бірімен еркін серіктесуден және т.б. құралады. Экономикалық еркіндік кәсіпкерге де, тұтынушыға да бірдей маңызды, яғни ол жеке адамға шығармашылы іс-әрекет ету ортасын жасайды.

     Кәсіпкерлердің  көптігі ұлттық шаруашылықта қарама-қайшылықпен  бәсекелестікті белсенді түрге келтіреді, жұмыссыздықтың дамуынан, инфляция процестерінен  тұратын белігілі кепіл түрінде  болады. Берілген курстық жұмыстың нәтижесінен біз Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы кәсіпкерліктің тұрақты дамуын көреміз.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының  кәсіпкерліктің алуан түрлерін және дамуын аламыз. Жаңа кәсіпкерлік құрылымында  мемлекеттік және муниципиалды инвестицилық қорлармен компаниялардың құрылу процесінде дамыған акционерлік қоғамдардың ұлғаюы жатады.  

      Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

     Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық  түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу