Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 11:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
кәсіпкерліктің теориясын ашу;
ұйымдық-құқықтық формасымен танысу;
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттудің қажеттілігін түсіну;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін талдап, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.
Кіріспе……………………………………………………………….......................3
1-тарау. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны……………………….............................4
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……......................4
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары...................7
1.3. Кәсіпкерлікке қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар...............................................................................................................15
2-тарау. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі…...............................17
2.1. Бәсекелестік мазмұны және монополияға қарсы мемлекеттік реттеу......................................................................................................................17
2.2 Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………..............................20
2.3 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайын талдау........................24
3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу……………..................................32
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі………........................32
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері………….......34
3.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы..............................................………………………..............................35
Қорытынды………………………………………………………........................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….........................................41
Қазақстанда кәсіпорындардың
Кәсіпорындардың қызметі мен
құрылуын экономикалық
Кәсіпорындардың капиталдық
Негізгі және айнымалы капитал
құны бойынша жарғылық қорды
құрайды. Жарғылық қорға
Кәсіпорынға
қатысушылардың ақшалай қаражаттары.
Кәсіпорын құрушылардың арасындағы келісім
бойынша жарғылық қорға олардың салымының
бағасы ұлттық және шетелдік валютада
жүргізіледі.
Сызба-5.
Кәсіпорындардың капиталдық салымын қаржыландыру
көздері мен құрылымы.
3-тарау. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
3.1.
Кәсіпкерлік істі
мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс
теориясы практикалық тілге
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.
4.
Әлеуметтік қорғауды және
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ
бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға
әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші
заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық
күресі деуге болады.
3.2.
Мемлекеттің кәсіпкерлік
ісіне араласу
жағдайы, себептері
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1.
Қолайсыз жағдайлар.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2.
Қолайлы жағдайлар. Бұл
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға
ұарсы мемлекет шаралары тек қана
инфляцияның деңгейіне
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.
3.
Бюджет жетіспеушілігі – бұл
мемлекет шығындарының
3.3.
Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті дамыту
мүмкіндіктері мен болашағы
Қоғамдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.