Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:45, курсовая работа
Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалык проблемалардың жиынтығын да корытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін, оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.
Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі — белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің, ал екіншісі — әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде каралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасынцағы, болмаса бала мен естияр адамның арасындағы катынастың биологиялық не гізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай катынастар әлемнің әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктер де солай.
Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ендірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.
Халық саныны көбейту – қоғамның негізгі мәселерәнің бірі. Қазақстан халық саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халақ саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді.
Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті.
Бұл уақыт ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.
Елдің , аймақтың, елді мекеннің халқының саны екі түрлі себептерге байланысты.
Бірінші фактор-туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі – адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы, оны халықтың механикалық қозғалысы (коші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 3 типке бөледі:дәстүрлі, өтпелі және қазіргі.
Өтпелі табиғи 12% -ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12%-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.Қазақстандағы алғашқы демографиялық революция – дәстүрлі типтің орнына өтпелі типтің келуімен Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келді. Бұл кезде өлім біршама азайды. Туу деңгейі жоғарылып, табиғи өсім күрт жоғарылады.Табиғи өсімнің күрт жоғарылауын ғалымдар демографиялық жарылыс дейді. Жарылысиан кейін туу біртіндеп төмендеді. Олай болу себебі қалалардың кобеюі. Қалаларда ауылға қарағанда туу деңгейі анағұрлым төмендеді. 1990 ж басында халықтың өтпелі типі қозғалысы қазіргі заман типіне ауысып екінші демографиялық революция болды.
Елімізде тууды жлғарылату және көпбасылы отбасыларды қолдауға арналған демографиялық саясат жүргізілуде.
Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысын зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, казіргісін, болашағын аңғарады. Демография — ғаламдық проблема.
Халықтың көші-қоны ( Миграция)
Халықтың көші-қоны- адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады.
Көші-қон-өте күрделі әлеуметтік процесс. Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріне бейімделуі керек.Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісу байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы – мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді.
Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен әсер етеді. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде: 1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы. 2) Халық санының көбеюі және жетіспейтіе жұмысшылыр орнының толықтырылуы. 3) аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни экономикалық әлуетті толық пайдалану.
Көші-қон – халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп кеушілер көп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқы кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп кеушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар көбейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың көшуі қарт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды табиғи өсім төмендеп, аяғынды депопуляцияға ұшырайды.
Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Сыртқы көші-қон ға Эмиграция ( елден кету), иммиграция ( елге келу) және реэмиграция немесе репатрация (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады.
Қазіргі уақытта демографияны дамыту мақсатында билік басында көптеген шаралар қолданылуда.
Тұрақты демографиялық және экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн көші-қон саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен басқа да мемлекеттiк органдар (келісiм бойынша) Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Жоспарда белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және жыл сайын, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi жыл сайын, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының әкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы әкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасы
Атауы: Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Мақсаты: Түрақты демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың қажетті шарттарын жасауқа, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiнде барлық қажетті жағдайлар жасауқа, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiқ қауiпсiздiгін нықайтуқа бақытталған көші-қон саясатын қалыптастыру
Қысқаша мазмұны:
сыртқа көшiп кету процестерiн ғысқарту және түрақтандыру;
көші-қон процестерiн реттеу және бақылау, соның iшiнде:
еңбек көші-қонын жоспарлау және басқару;
адамды сатуқа қарсы "күрес";
жасырын және жария Көшi-қонды бақылау және реттеу;
оралмандардың елiмiздiң әлеуметтік-экономикалық және саяси өмiрiне қайта араласуына барынша жәрдемдесу;
босқындарға байланысты, бiр жағынан, олардың әлеуметтік ортақа араласып кетуiне және, екiншi жағынан, олардың өздерi шығған мемлекетiне ерiктi түрде қайта оралуына жәрдемдесуге бақытталған процестердi реттеу;
түрақты экономикалық өсу мен және елімiздiң экологиялық қолайсыз, тоғыраған аймағтары мен қалаларынан кәшумен байланысты iшкi көші-қонды реттеу жөнiндегі негізгі бағыттар берiледi
Қаржыландыру көздері: Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiкті бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздер есебiнен және шегінде жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны қаржыландыру кәлемi тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттік заңнаманы қалыптастыру кезiнде жыл сайын нақтыланатын болады.
Күтiлетiн нәтижелер: Бағдарламаны iске асыру көшi-қонның терiс сальдосының оң сальдоға өзгеруi есебiнен республика халқы санының өсуiн қамтамасыз етедi, көшiп-қонушылардың, оралмандардың құқықтарын iске асыру жөнiндегi қажетті жағдайларды жасайды және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн нықайтады
Iске асыру кезеңдері:
1-кезең - 2001-2005 жылдар
2-кезең - 2005-2010 жылдар
Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының салалық бағдарламасы елімiз Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жағсаруы" жөнiндегі Жолдауын iске асыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 ғыркүйектегі N 1346 қаулысына сәйкес өзiрлендi.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі өзiнiң аумағтық органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Көші-қон жөнiндегі Халықаралық Ұйым (бұдан әрi - КХҒ) әкiлдiгінiң жәрдемiмен өзiрледi. әзiрлеуге республиканың басқа да мүдделi Орталық атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Көшi-қон проблемаларымен айналысатын ғылыми және ғоқамдық мекемелер мен бiрлестiктер де қатысты.
Халықтың көші-қонын реттеудiң құқықтық негізi 1997 жылғы 13 желтоғсанда қабылданған "Халықтың Көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоғсанда бекiткен 1951 жылғы 28 шiлдеде қабылданған "Босғындар мәртебесi туралы" конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босғындар мәртебесiне қатысты хаттамада баянды етiлген.
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаттың аса маңызды ғұрамдас бәлiгі ретiндегі орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған Көшi-қон саясатын қалыптастыру және iс жүзiнде жүзеге асыру үшiн негіз болуға тиiс Көшi-қон саласындағы негізгі бағыттарды белгілеудi, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын мүлтiксiз сақтау жолымен Қазақстан халқының белсендi ықпалдасу саясатын жүргізудi, жұмыспен қамту, кәсiби және қызметтік өсу, бiлiм алу, әлеуметтік қорқау, дiн ұстану бостандықын, мәдени қажеттердi ғанақаттандыру, ұлттық дәстүрлердi сақтау саласында ұлтына қарамастан тең мүмкiндiктер берудi болжайды.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде:
2001 жылдың бас кезiне қарай Қазақстан Республикасында қалыптасған көші-қон процестерi;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiқ демографиялық саясатының тұжырымдамасында көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттер;
көші-қон мәселелерi бойынша халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасы бекiткен құжаттар;
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары;
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму схемасының және әндiргiш күштердi орналастырудың идеологиясы;
Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiқ бағдарламасы;
"Жiбек жолының тарихи Орталықтарын қайта жаңғырту, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы;
"Бiлiм беру" мемлекеттiқ бағдарламасы басшылыққа алынған негіз болды.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРIН ТАЛДАУ
1.1. Қазақстан Республикасындағы көші-қонның әткен кезеңiнiң талдамасы және қазiргі жағдайы
Қазақстан Республикасында болып жатқан Көшi-қон процестерiнiң әткен кезеңiне талдау жасау оның елiмiздiң халқын ұдайы кәбейту процестерiнде елеулi рөл атқаратынын көрсетiп отыр. 80-жылдардың ортасында басталған және әсiресе 90-жылдарда күшейе түскен жаңа үрдiс тек елiмiз Үкiметiнiң ғана емес, осы проблеманы зерттеп жүрген халықаралық ұйымдардың да ерекше назарын аударып отыр.
90-жылдардың ортасында республиканың демографиялық дамуының сипатты ерекшелiктерi халықтың ырықсыз қозқалысындағы болып жатқан процестердiң жоғары қарғынынан байқалады, бұл ең алдымен, оның санының әскелеңдiгiнен көрiнедi.
Елiмiз халқының саны азаюының негізгі себебi көші-қонның терiс сальдосы болды. Халықтың табиғи әсiмi көші-қон ағынымен толықымен жұтылып кетiп отырды.
Елiмiз жыл сайын халықтың көші-қон шығынына ұшырауда, 1991-2000 жылдар аралықында олар 2 миллион адамнан асып түсті. Көшiп кету 1994 жылы шырқау шыңына жетті және көшiп кетушiлердiң саны 477,1 мың адамды ғұрады. Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының аумағынан кетушілер саны күрт азайды және жыл сайын 200 мыңнан 160 мың адамқа дейiн ауытғып отырады.
Бала туудың азаюынан, әлімнiң кәбеюiнен туындаған демографиялық ахуалдың нашарлау жағдайында халықтың Көшi-қон шығынының қолайсыз үрдiсi қалыптасуда. 1991 жылы көшiп кету себебiне байланысты әрбiр мың адамнан 3 адам, 1992 жылы - 10, 1993 жылы - 13, 1994 жылы - 25-ке жуығ, 1995 жылы - 15, 1998 жылы - 13, ал 2000 жылы - 11 адам кемiдi.
Көшi-қон шығынының нәтижесiнде қоқамның демографиялық тұрағсыздықы күшейе түсуде. Халықтың, оның iшiнде оның белсендi бәлiгiнiң сан жағынан азаюы орын алуда. 1993-1994 жылдары Көшi-қон шығыны халықтың табиғи әсiмiн жұтып ғана ғойған жоқ, тиiсiнше одан 1,4 және 2,8 есе асып кеттi. Кетiп қалушылар легiнде негiзгі үлестi еңбекке жарамды жастағы адамдар ғұрады (1994 жылы 63,2%, 1995 жылы 62,8%, 1999 жылы 67% және 2000 жылы 68%). Кетiп қалған азаматтардың шамамен 18-20%-ы еңбекке жарамды жасқа толмаған халықты ғұрады. Осыған байланысты халықтың ғұрамында еңбекке жарамды жастан кәрi адамдардың саны кәбейiп барады және тиiсiнше "халықтың қартаю" үрдiсi күшеюде.