Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:45, курсовая работа
Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп халық санағына дайындық бойынша жұмыстарды атқару Жоспар-кестелері әзірленді, Үкімет олардың орындалуын апта сайын қадағалап отырады.
Бүгінгі күні Статистика жөніндегі агенттік мекенжайлар мен халық санын нақтылау бойынша тұрғын үйлер мен үй шаруашылықтарын аралап шығу жұмыстарын аяқтап, халық санағын ұйымдастыру жоспарын әзірлеуге кірісті. Бұл жоспар халық санағын өткізудің негізгі әдіснамалық құжаттардың бірі болып табылады. Ұйымдастыру жоспарына сәйкес облыс аумағы мен елді мекендердің аумағы санақ бөлімдеріне, нұсқаушылық және есеп учаскелеріне бөлінеді, ел ішінде бұқаралық – түсіндіру жұмысының жүргізілуі бақыланады. Бұл әлеуметтік-экономикалық, саяси іс-шараның жемісті өтуінің бірден-бір кепілі – халықтың қолдау көрсетуі мен ізгіниет білдіруі, мәні мен маңыздылығын түсінуі. Санақ мамандары материалды-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі, кадрлар іріктеліп, оқытылады.
Жергілікті деңгейде санау бөлімдері арнайы жарақталған жайларда орналасады.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Ұлттық халық санағына Қазақстанның барлық азаматтары, халық санағы сәтінде Қазақстан аумағында жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар тұрақты тұратын, бірақ халық санағы сәтінде елде уақытша болмаған азаматтар жатады.
Санақ барысында жиналған барлық дара мәліметтер құпия болып табылады, ол тек қана жиынтық түрінде қолданылып, еш уақытта азаматтардың жеке бас мүддесіне тимейді. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі алынған мәліметтердің құпия сақталатынына кепілдік береді.
Жеке министрліктер мен мекемелер өз объектілерінде санақ жүргізеді. Үкіметтің шешіміне сәйкес санақ кадрларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінің республиканың аймақтарындағы департаменттеріне жүктелген, онда санақ жүргізу барысында полицияның күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.
ХАЛЫҚ САНАҒЫ – МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ САЯСИ ШАРА
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өтетін ұлттық халық санағы үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Халық санағының қорытындылары бойынша тұрғындардың санын, олардың қалалар мен ауылдардағы бөлінісін, жынысы мен жасын, некеде тұрғанын немесе тұрмағанын, отбасылық жағдайын, ұлттық құрамын, тілдерді меңгеру деңгейін, білім дәрежесін, оқуға қамтылуын, үй шаруашылығының саны мен көлемін, өмір сүру көздерін, жұмысы бар-жоғын, тұрғын жағдайын және де басқа мәселелерді сипаттайтын кең көлемді көрсеткіштер алынады. Осы себепті, аталған шараны маңызды саяси үдеріс деп қабылдауға да толық негіз бар.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында жүргізілгені белгілі. Бұл содан тура 10 жыл бұрын өткізілген Бүкілодақтық халық санағынан кейінгі алғашқы осындай үдеріс болатын. 1999 жылы елімізде 14 миллион 953 мың тұрақты тұрғын бар екені анықталды.
Санақ жөніндегі мемлекеттік комиссияның 19 желтоқсанда өткен ІІІ мәжілісінде жауаптылық пен міндеттілікті талап ететін бұл үдерісті үстіміздегі жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Санақ тұрғын жайларды аралап, әр тұрғын туралы атаулы деректер жинау негізінде жүргізіледі. Деректер шеңбері негізгі бөлігі барлық тұрғындар үшін біртұтас болып табылатын демографиялық, экономикалық, білімдік, этностық және өзге де белгілер бойынша анықталады. Бұл деректердің барлығы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық құрамын айқындауға мүмкіндік береді. Сауалдамаға жауап беруші адамның үй-жайы, яғни тұрағы халықты категорияларға бөлуге жағдай туғызады.
Аталған маңызды жоғары шара бірнеше күн бойы жүргізіледі. Ол тұрғындар барынша сирек қозғалатын кезеңге – қыс мезгіліне сәйкестендіріліп отыр. Ал барлық деректер бір сәттік қағидаты бойынша жинақталады. Бұл уақыт 2009 жылғы 25 ақпанның түнгі сағат 12-сіне сәйкес келеді. Осы мезгілден кейін туғандар мен қайтыс болғандар есепке алынбайды. Сондықтан да бұл үдерісті тұрғындардың бір сәттік суреті деп те қабылдауға болатындай.
Халық санағы Қазақстанда, бұған дейін де атап көрсетілгеніндей, әлемдік стандарттарға сәйкес арнайы оқытылған мамандардың (есепшілердің) тұрғындарға сауал салу әдісімен өткізілетін болады. Санақ парақтарын жауап берушілердің сөздері негізінде есепшілер толтырады. Жұртшылық өздерінің тұратын жерлерінде, мүмкін ол үй, пәтер, бөлме болуы ықтимал, есепке алынады. Санаққа қонақ үйлерде, ауруханаларда, өзге де орындарда болғандарына қарамастан, барлық тұрғындар қамтылады. Жолаушылар келген елді мекендерінде есепке алынады.
Қазақстандағы халық санағын табысты өткізуге алдын ала дайындық, ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстар мүмкіндік туғызуы тиіс. Оған дайындық барысында тұтастай шаралар кешені жүзеге асырылмақ. Бірақ қазірдің өзінде бүкіл республика бойынша санақтың толыққандылығы мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Осы үдерістер аясында әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі мен шекаралары нақтыланып, көшелердің атаулары, үйлердің нөмірлері ретке келтірілді. Картографиялық материалдар дайындалып, үйлердің тізімдері түзілді, сонымен қатар, елді мекендердегі тұрғындар саны анықталды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық санағына дайындық жұмыстарын орындаудың жоспар-кестесі жасалды. Үкімет оның жүзеге асырылуын бақылауында ұстап келеді.
Бүгінгі таңда Статистика агенттігі тұрғын үйлерді аралап шығып, мекен жайларды, тұрғындардың санын нақтылау бойынша жұмыстарды аяқтады, сөйтіп, халық санағын ұйымдастыру жоспарын жасауға кірісті. Ол халық санағын жүргізу бойынша ең негізгі әдістемелік құжаттардың бірі болып табылады. Ұйымдастыру жоспарына сәйкес, облыстар, елді мекендер аумақтары санақ бөлімдеріне, нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлінеді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында жаппай түсіндіру жұмыстары қай деңгейде жүргізіліп жатқаны бақылауға алынады. Өйткені, жұртшылық аталған шараның мемлекеттік маңызын қаншалықты жақсы түсініп, сезінсе, бұл үдеріс соншалықты табысты өтеді деп ой түюге негіз бар. Жергілікті деңгейдегі санақ бөлімдері арнайы жасақталған орындарға орналастырылатын болады.
Мемлекетіміздің 2009 жылғы ұлттық халық санағымен санақ кезінде Қазақстан аумағында болған барлық ел азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қамтылуы тиіс. Сонымен бірге, елімізде тұрақты тұратын, бірақ санақ кезінде ел аумағында уақытша болмаған адамдар да тізімге міндетті түрде енгізілуі керек.
Санақ барысында жинақталған барлық жеке ақпараттар құпия болып табылады және олар тек жинақтама деректер алу үшін ғана пайдаланылады, яғни азаматтардың жеке мүддесіне ешқандай жағдайда да қол сұғылмайды. Статистика агенттігі алынған деректердің құпиялылығына кепілдік береді.
Жекелеген министрліктер мен ведомстволар санақты өздерінің нысандарына жүргізеді. Есепші кадрлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Үкіметтің шешіміне сәйкес, Ішкі істер министрлігінің республика өңірлеріндегі департаменттеріне жүктелген. Осыған орай, санақ кезінде полиция кезекшілігі күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.
Қазақ тарихындағы халық санағы
Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911 ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Отарланған елдер арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. Халық санағын өткізуде әр отбасы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары тарихында көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін белгілі болатын. Мысалы б.э.д. үйсін қағандығында әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан еді. Ал осы көріністі 751 жылы Талас өзені бойында араб империясы мен Қытай империясы арасында болып өткен, сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын соғысқа Түркеш қағандығы да тікелей араласқан еді. Екі империя арасында қысымда қалған Түркеш қағандығына уақыт пен жағдайға байланысты екі империяның біреуін жақтау қажеттілігі туады. Егер қытай армиясы жағына шықса, қытайлар кетпей жерге орнығып қалуынан сескенеді. Сондықтан Түркеш мемлекеті мүддесі үшін таңдау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ бір-біріне бата алмай тұрғанда қытайларға қарсы майданды Түркештер ашты. Осы Түркештер қатарына шымыр тайпасынан 20 мың атты сарбаз қосылғаны тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетханның «Түркештер» деген ғылыми еңбегінде аталып көрсетіледі. Түркештер өз әскері қатарына әр отбасынан бір сарбаз алып отырған. Егер отбасында жарарлық жалғыз бала болса, ол отбасының түтіні өшіп қалмауы үшін сарбаздық міндетінен босатылатын дәстүр болған. Сонда халық санын білудің тәсілі әр отбасынан алынған сарбаздар санына қарай анықталып отырған. 1897, 1911 жылғы қазақтар арасында Ресей империясы жүргізген халық санағында әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болады деген мөлшерді негізге алған болатын. Бірақ 1897 жылғы халық санағында қазақтар жайлаған ұлан байтақ жерлер тұтас қамтылмаған еді. Әрине, шекараның ар жағындағы қытай, монғол қазақтары да есепке түспей қалған болатын. Осының өзінде Ресей қоластындағы қазақтардың саны – 3 787 000 адам деп көрсетілсе, 1911 жылғы санақта 4 692 000 қазақ болды. Яғни 15 жыл ішінде қазақтар 905 000 адамға көбейген. Әрине, бұл көріністен Ресей империясы қазақтарға жанашырлық танытты, қамқорлық жасады деген ұғым тумасы анық. Ресей империясы бодан болған түрік халықтарының ішінде қазақтар мен ноғай және қырым татарларының тағдырына аса қатыгездікпен қарап, оларды шоқындырып, орыстандырып жіберу мақсатын қойды. Егер бұл саясатқа көнбесе, жер бетінен сыпырып, жою мақсатын ашық қойғанына тарих куә. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін басу үшін Николай-2-патша өзінің ең сенімді аса тәжірибелі досы Куропаткинді Сырдария губерниясының генерал-губернаторы қызметіне тағайындады. Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісін түрлі саяси айла-амалдармен тұншықтырған генерал-губернатор өз күнделігінде жазғанындай, Ресей саяси элитасының 1876-1916 жыл аралығында, яғни 40 жыл ішінде қазақтар үшін жасаған саяси қорытындысы – қазақтарды жер бетінен тұтастай жойып жіберу мақсатын ашық қойғаны әшкере болып отыр. Өйткені Ресей патшалығын Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, қазақтардың Ресейге бодан болған түрік халықтары ішінде санының көп болуы, әрі болашағы зор, ұлттық санасының жоғары болып, еркіндікке ұмтылуы шошытты. Ресей империясына халық емес, оның жері керек екенін жұртшылық ерте сезінді. ХVI ғасырда орыстар 4 миллионға жеткенде, қырым татарларының саны 2 млн. болатын. Ал қазір орыстар 4 млн-нан 150 млн-ға жетсе, қырым татарлары өз жерінде жарты млн-нан әрең асып отыр. Өйткені қырым татарлары жайлаған Қырым жері ең шұрайлы, курортты жер болуымен бірге стратегиялық жағынан аса қолайлы мекен болуы себепті. Қырым өлкесін татарларынан тазалауды Ресей алдына мақсат етіп қойса, осы саясатты Кеңес өкіметі жалғастырып, мүлде азайып кеткен қырым татарларын 1944 жылы жер аударып, қырғынға ұшыратуы геноцидтік саясаттың өзі болып шықты.
Кеңес өкіметі заманында 1917-1991 жылдар арасында жеті рет жүргізілген халық санағында қазақтардың тағдыры басқа түрік халықтарының өсу деңгейімен салыстырғанда өсіп жетілудің орнына кері кетіп, 1916 жылғы 6 миллион қазақтың 1 900 000-ға шейін құлдырап, өз жерінде 82%-дан 29%-ға дейін мүлде азайып кетуінде қандай құпия сыр жатыр? Бір жағынан қарағанда Кеңес үкіметі мен Орталық Комитеттің саяси бюросында Ресей империясының ұстанған дәстүрін жалғастырушы болғанын Кеңес үкіметі кезінде алты рет өткізілген халық санағының нәтижесі нақтылы түрде айғақтап отырса, қалайша үнсіз отыра алмақсың.
«Бетпақ жеңдім дейді, бишара көндім дейді», – деп халық мақалы айтқандай, бишара болып шындықты ашпауға енді тәуелсіз заманы көнбесе керек. Өйткені 1911 жылғы патшалық санақтан кейін қазақтардың саны 1959 жылға дейін жыл өткен сайын тұрақты түрде азайып, оталып отырды.
Мысалы, 1916 жылы қазақтар саны 6 млн. болса
1939 жылы халық санағында 3 099 000 адамға кеміді. Өз жерінде отырып, 21,9% түсіп кетті.
1944 жылы қазақ саны 1 900 000-ға шейін азайды.
Билік басына қазақ ұлтының өкілі Қонаев отырған кезден бастап қазақтар саны жыл өткен сайын молығып, тұрақты түрде өсу жолына түсті.
Күдік тудыратын мәселенің өзекті желісі – басқа түрік халықтары тұрақты түрде еселеніп көбейіп отырғанда, ноғай, қырым татарлары мен қазақ халқының кеңестік дәуірде жыл өткен сайын азайып, қазақтардың өз жерінде 29 %-ке шейін түсіп кетуінде қандай құпия жасырын сыр жатыр?
Мәселенің түп төркіні осы сырға қанығып, оқырман көзін шындыққа жеткізуде жатыр. Түрік халықтары санының өсу, эволюциялық даму жолын салыстырып көрейік:
1897 жыл санағында қазіргі күнде
1. Өзбектер 2,2 млн. 12,36 есе өсті
2. Түрікмен 0,8 млн. 5,6 есе өсті
3. Қырғыз 0,5 млн. 5,7 есе өсті
4. Тәжік 0,5 млн. 4,5 есе өсті
5. Ұйғыр 43 мың 6 есе өсті
Немесе қазақтардың Орталық Азия халықтары ішінде пайыздық көрсеткіші:
1897 жыл 52,5%
1911 жыл 57,5%
1926 жыл 37,5%
1939 жыл 28,2%
1951 жыл 27,1%
1970 жыл 26,5%
1979 жыл 25,5%
1989 жыл 23,3%-ға дейін құлдырап төмендеген.
Бұл пайыздық көрсеткіште қазақтар 90 жылға жуық мерзімде пайыздық көрсеткіші үнемі төмендеп, оталып отырғанын көреміз.
Қазақтардың өзге Орта Азия халықтарына қарағанда саны жағынан үнемі тоқтаусыз азайып отыруының себебі неде? Отарлықтың қысымы не себепті қазақтарға ерекше түсе берген?
Мәселенің мәні осы себепті ашуда жатыр. 1916 жылы 6 млн. қазақ өсіп өркендеудің орнына 1940 жыл 1 млн. 900 мыңға дейін құлдырап, 3 еседен аса азайған. Ал бұл кезде көршілес отырған өзбек, қырғыз, түрікпен, тәжік, ұйғырлар 5 еседен, өзбектер 12 есеге дейін көбейіп, үнемі өсіп өрлеу жолында болған. Бұл халықтардың бәрі де бір саяси жүйеде, бір мемлекет ішінде өмір сүрді. Бірақ қазақтар елден ерекше өсудің орнына өшіп, азайып, саны жағынан төмен қарай құлдырап отырған. Осы мәселе тұрғысынан қарағанда атақты тарихшы, ойшыл ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің «… Жалпы тарихты қарап отырсақ, кеңес өкіметінің тіршілік еткен бүкіл ғұмырында біздің ұлтқа ерекше мән беріп, қауіптеніп отырғанын байқау қиын емес» («Үш қиян», 26.12.2008 ж), – деп мәлімдеуінде мәселенің түп төркінін дәл басып көрсетіп тұр. Осы қауіптен хабары бар ҚКП ОК-нің идеологиялық хатшысы Нұрымбек Жанділдин мәскеулік студент Мақаш Тәтімовке «Студент бала! Егер өткенді Мәскеуде жүріп зерттемек болсаң, адамдардың (қазақтардың) санын емес, Қазақстандағы мал шығынын зертте» (М.Тәтімов. Ел басы және ел саны. Алматы. 2009, 42-бет), – деп халық санын зерттеуге құпия сырды ашып қояр дегендей шошына қарауы – кеңестік үкіметтің саналы түрде қазақтар үшін теріс пиғылды әрекетін біліп, содан зерттеушінің назарын басқа жаққа аударып жіберуге тырысуы – көп нәрсенің астарлы сырын аңғартса керек-ті. Өткенді танып білмей, алдыңды, бағыт-бағдарыңды нақтылы болжау қиын. Осы себепті өткенді білу қай кезде болса да қажеттілік, оны уақыт талап етеді. Тіпті қазақ халқының республика қалаларына орналасу жағдайына дейін Мәскеудегі орталықтың үнемі қадағалап, назарда ұстап отыруы да бізге деген сенімсіздік саясаты. Анау-мынау емес, мүйізі қарағайдай КПСС ОК Саяси Бюросының белді мүшесі Соломенцевтың өзі ҚКП ОК бюросында желтоқсан оқиғасына байланысты сөйлеген сөзінде: «Бұл не деген сұмдық! Белгілі нұсқауларға қарамастан, Алматы қаласындағы қазақтың саны 20%-ға дейін асып кеткен», - деп әкіреңдей сөйлеуінің астарында қазақ халқы туралы арнайы түрде берілетін «белгілі нұсқаулардың» сырын ашып беріп тұр емес пе?
Соломенцев пікірі жанашырлықтың емес, саналы түрдегі қаскөйліктің пиғылы. Оның тамырын іздесең, өткен тарих желісінде жатыр. Мысал ретінде алатын болсақ ол – Кавказ бен Қырымды жаулап алған Ресей империясы ұстанған саяси мақсатымен ұштасуында жатыр. Кавказды жаулап алуға тікелей қатысқан атақты генерал Н.Н. Раевскийдің соғыс министрі А.И. Чернышевке жазған қызмет хатында «американы алғаш жаулап алушы европалықтар үндістерді қалай қырғынға ұшыратса, біздің кавказдағы іс-әрекеттеріміз де содан бірде-бір кем болмай отыр… Сондықтан мен кетемін. Мұндай сұмдыққа жаным төзе алар емес» (А.В.Фадеев. Россия и Кавказ. Москва, 1910, с. 302), – деп жазуы Кавказ халықтарын соғыста қынадай қырған аяусыз жауыздыққа шыдай алмаған шындықтан туып отыр. Бұл ойлы генералдың пікірі болса, сол Кавказ соғысын көзімен көрген орыстың ұлы классик ақыны А.С.Пушкиннің «Отаршылдар жергілікті халықты: авар, құмық, қарашай, шешен ингуш, дарғын, балқар, қабарда, шеркеш, лезгін, адық, лақ, ноғай, тукхум, тобасарандарды атамекендерінен қуып, бұл жерлерге ішкі Ресейден лек-легімен ағылған казачествоны қоныстандырды. Шеркештер көп қырылды. Кейбір тайпалар жойылып кетті». (А.С. Пушкин, Собрание сочинений в десяти томах. Т. 7. Москва, 1984, с. 302) деп жазуы арқылы Ресей империясының жауыздық іс-әрекетін әлем алдында әшкерелеп отыр. Осы саясатты Кеңес өкіметі де жүргізіп, соғыс кезінде, 1944 жылы Кавказ, Қырымдағы мұсылман халықтарды жерді тазарту үшін тұтас депортациялап, қоныс аударып, қырғынға ұшыратты. 1926 жылы Кеңес одағында 194 ұлт болса, ол 1991 жылы 101 ұлт қана қалып, 93 ұлттың жұтылып, жоқ болып сіңісіп кетуі – мойны жуан Ресейдің дәстүрлі қатыгез отаршылдық саясатының жалғастық табуында жатыр. Қазақ, ноғай, қырым татарлары Кеңес өкіметінің ерекше назарына алынуы – ұлттың тағдырына қасіретті өзгерістер әкелді. 1) Ресейдің өкпе тұсына орналасқан ноғай хандығы құлаған соң, ноғайлар күшпен шоқындырылып орыстандырылды. Ақыры орыстарға сіңіп, тарихи орнын жоғалтты. Ал қырым татарларын Ресей 1771 жылы жаулап алуына байланысты қырым татарларының саны азайып ¾ парасы сыртқа қашты. Өйткені Қырымның генерал-губернаторы Борозциннің: «А татарам велел уходить на четыре стороны», - деп астамдық көрсетуі осының айғағы болатын-ды.
2) 1780 жылы қырым татарлары өз жерінде мүлдем азшылыққа айналып, саналы түрде қуғындауға түсті. Қырымдағы 680 село қаңырап бос қалды. Осы қасіретті көрген журналист: «… татарские семейства все, от стара до мала, пошли на кладбища сказать последнее «прости» своим похороненным предкам, эти изгнанники опускаются на колени, бьют кулаками в грудь и целуют землю. Ни воя, ни криков не слышно, тихо струятся слезы на их загорелых лицах» (Крым, Симферополь. 1930, с. 114) деп жазуынан халық қасіретін көзбен көргендей боламыз. Бұл қасірет қырым татарларына аз болғандай олардан қалған-құтқан ұрпақтарын 1944 жылы түгелдей жер аударып жіберді. XVI ғасырда саны жағынан орыс халқының жартысына тең қырым татарлары бүгінде 0,5 млн-ға жетпес халде тұр. Бір кезде Бақшасарайдай астанасы бар қырым татарларының мемлекеті құлап, Ресей тарапынан қуғындалып, жер бетінен жойылудың алдында тұр.