Демография туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:45, курсовая работа

Описание

Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Демография туралы ұғым.doc

— 280.50 Кб (Скачать документ)

3) Ресей империясының құрбандығына ұшырай жаздаған үлкен халықтың бірі қазақтардың да тағдыры бір кездері хал үстінде түрды. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қасіретін танып білу, оны халық ретінде жер бетінен жойып жіберу жолындағы Ресей империясының қаскөй саясатын зерттеп, санасынан өткізіп отыру – бүгінгі ұрпақ парызына айналып отыр.

Қазақ халқы орталықтың саналы түрде жүргізген қаскөйлік әрекеті болмағанда, санымыз жағынан түрік халықтарының арасында ең көбі болып 30 млн-ға жетер едік. Санымыз өсудің орнына азаю – ұлттық қасіретімізге айналды.

Ресей империясының қол астында отарланған ел ретінде 1731-1917 жыл аралығында, яғни 186 жылдай бодандық ғұмырымыз өтті. Екі ғасыр оңай уақыт емес, небір дүрбелең оқиғаларға толы күңгейінен көлеңкесі басым жатқан шырғалаңы мол заман еді. Тәуелсіз билік тізгіні қолдан кеткен соң отаршыл үкімет орнатқан ел билеу жүйесі қазақтар үшін әдейі «ұзын арқан, кең тұсауға» салынған уақытша биліктен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ауа «жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру» жүйесі билік құрған заман келді. Отаршыл үкімет қазақтар үшін отарлаудың ең қатыгез түрі скваттерстволық (отарланған жерге келімсектерді орналастыру арқылы үстемдік ету жолы) жолды ұстанды. Қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми түрде заңдастырып алған соң, келімсектерге шұрайлы, сулы жерлерді тартып әперу арқылы өздерінің саяси әлеуметтік тірегіне айналдырды. Жергілікті халықты тұрмыстық, ұлттық қанау арқылы құнарсыз шөлейт жерлерге ығыстырып, аса ауыр жағдайда қалдыруы себепті чиновник Балкашин сияқты ерекше тапсырма жүктелген чиновниктер «Империяға жер керек, қазақ қайда кетсе, онда кетсін» деген сөзді ашық айта бастады. Қазақ халқын Ресей империясы мен Кеңес үкіметінің ерекше қысымға алып, жыл өткен сайын санын азайтып, отап отыруының менің пікірімде алты түрлі себебі бар. Олар:

Жер отарлау саясатының осындай жүгенсіз әрекетін өз көзімен көріп өскен ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Түбінде құруыңа елден ерек,

Мен айтайын болады жерің себеп, –

деп қазақ жерінің ит талаған терідей тоз-тозы шығып жырмалануы халықтың жыл өткен сайын саны азайып, құрдымға түсіп құруына алып келерін сезгендіктен айтқан еді. Өйткені соғыстардың дені жер үшін болатыны талас тудырмаса керек.

Екіншіден, ұлан-байтақ қазақ жерін, яғни алып даланы Ресей империясы әртүрлі жолдармен бір жарым ғасырға жуық уақытта әрең жаулап, меңгерді. Өйткені қазақ жері Азияны жайлаған басқа түрік-монғол халықтарының жау өтіне ұстаған темір қалқаны іспеттес болғандықтан, отаршылдардың жолын бөгеп тұрды, оларды қатты ашындырды. Олар қазақтардың белін сындырып, ұлттық рухын жаншымайынша, түпкі мақсатына жетуі неғайбыл екенін білді. Бұған Петр І патшаның сөзі айғақ. Осы себепті әрқилы саяси айла-шарғыларды қолдану арқылы қазақтардың өсіп-өнуіне жол бермей, оларды біртіндеп санын қысқартып, жыл өткен сайын отап отыру саясатына жол берді.

Үшіншіден, Ресей отаршылдары қазақ жерін жаулау арқылы Түркістан өлкесіндегі хандықтарды 1-2 жылда жаулап алып, бодандыққа түсірді. Олар қазақ жеріне 150 жылдай шабуылдағанда, қазақ батырлары қарулы қолмен барлық жерде қарсылық жасап, басқыншылардың бетін қайтарып отырса, өзбек хандықтары бірінен соң бірі құлағанда, не өзбектің, не тәжіктің, не сарттың бір батыры да қарсылық көрсете алмауы, олардың ұлттық санасының жоқтығын танытты. Ресейге ең қауіпті жау елін, жерін сүйген ұлттық санасы жоғары, еркіндікте өмір кешкен қазақ халқы екенін олар жақсы білді.

Қазақтар үшін Ресейдің ендігі ұстанар саясаты – олардың ұлттық санасын өшіріп, рухани тамырларынан қол үздіру, шоқындыру, орыстандырып мәңгүрттендіру, тобырға айналдыру және жыл өткен сайын санын азайтып отап отыруға бағыт алды.

Төртіншіден, қазақ халқының оқыған зиялы ұлдары 1905-1917 жыл аралығында Түрік бірлігін қолдап, Алашорда партиясын құрып, автономия сұрауы – отаршылдарды шоқ басқандай шошытты. Осы жылдары Думаның депутаты Марков қазақтарды Шыңғысхан мен Темірланның ұрпағы ретінде американдықтар қызылтерілі үндістерді қалай қырса, солай қырып тауысу мәселесін Думада көтерді. Ал генерал-губернатор Куропаткиннің бұл идеяны яғни, қазақтарды жер бетінен сыпырып тастау керектігін қолдағанына оның күнделігі куә.

Қорыта айтқанда, Ресей империясының қазақтардың санын саналы түр-де азайтып, қолдан келсе, жер бетінен жоғалтып, ұлан-байтақ ата қонысын мәңгілікке иемденуден басқа мақсаты болмағандығы айдан анық мәселе.

Заман өзгеріп, патшалық құрылыс құлап, билікке 1917 жылы қарашада большевиктер партиясы келді.

Өмірге ұрандата келіп, таптық саясатты ұстанған кеңестік үкімет пен большевиктер партиясының басты кемшілігі сөз бен ісінің алшақтығы болатын.

Олардың халықтар достығын ұрандатқанымен, патша үкіметінің орыстандыру саясатын жалғастырушы мұрагеріне айналғанын тарихи өмір ағысы айғақтап жатты. 1920 жылы өткен съездің ұлт саясаты туралы іргелі шешімдері Сталиннің билікке келуімен жүзеге аспай, қағаз бетінде қалды.

Кеңес үкіметінің қазақтар туралы ұстанған саясаты патша отаршыл-дары саясатының дәстүрлі жалғасының өзі болып шықты. Мұны кеңес үкіметі кезінде әртүрлі мақсат тұрғысынан 7 рет өткізілген халық санағының қорытындылары айғақтап отыр.

Бесіншіден, бүкіл түрік халықтарын қол астында ұстаған Кеңес үкіметі дархан көңілді қарапайым қазақ халқына не себепті қауіптене қарады? Біздің байқауымызша, түрік халықтары арасында қазақтардың қоғамдық ой-санадағы бірлігі мен рухани тұтастығы және күрескерлік қабілетінің жоғары болуы билікті сескендірсе керек. Өйткені 1917-20 жылдар арасындағы саяси билік жолындағы күресте қазақтар Алаш Орда партиясын құрып, Ресей қоластында ұлттық автономиясын жариялап үлгерсе, 1924 жылы Т.Рысқұлов Түркістан Республикасын құру туралы мәселені Мәскеуге ұсынды. Міне, Қазақстан мен Түркістандағы осындай зор саяси-әлеуметтік өзгерістердің басында, негізінен, қазақ саяси элитасының басшылық етуінен орталық сескене бастады. Түркістан өлкесіндегі түрік халықтары одағын ыдыратып, бөлшектеу саясатын ұстанды. Ал Мәскеудегі орталық Қазақстанда билік тізгінін Голощекинге беріп, соның қолымен ашаршылық ұйымдастырып, халықтың тең жартысынан астамын қырып салды. Ой-сананың ұйытқысы болған қазақ зиялыларын тапшылдық саясат негізінде бір-біріне саналы түрде айдап салу арқылы олардың көзін тұтастай жойды. Келешек жастарды рухани тамырынан ажыратып, орыстандыру арқылы мәнгүрттендіруді қолға алды. Ол үшін қолданыстан жазу таңбасын екі рет әуелі араб жазуы таңбасынан латын жазу таңбасына ауыстыру (1930 ж.), екінші рет он жыл уақыт өтпей-ақ латыншаны кириллицаға алмастыру (1940) арқылы көздеген мақсатына жетті. Қазақтардың өз қолымен от көсеу принципін ұстанды. Қазақ саны жағынан ойсырап түсуін 1920, 1926, 1937 жылғы халық санағының нәтижесі тайға таңба басқандай көрсетіп берді.

Алтыншыдан, зорлап колхоздастыру мен 1932 жылғы ашаршылықтан ұрпағын аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар шетелдерге жаппай қаша бас-тады. Олардың саны 5-млн.-ға дейін жетіп, әлемнің 40-тан аса мемлекет-терінде өмір сүріп жатыр.

Шетел қазақтары қандай да саяси-әлеуметтік сапырылысқа түссе де, саны жағынан баяу түрде біркелкі өсу жолында болғанын байқаймыз. Ал Қазақстандағы қазақтар Орталықтың тікелей бақылауында болуы себепті саны жағынан ұзақ жылдар бойы (1917-1957) үнемі азайып, оталып келді. Қазақтар өз жерінде бүгінде 67%-ға жетсе де, таза қазақ тілді мектебі 50%-дан аспай отыруы да мәселенің түп төркінін айқындап тұр.

 

         Ұлттық санақ бойынша  статистикалық  мәліметтер

Ұлттық санақ нәтижелері экономикалық-әлеуметтік бағдарды айқындауда шешуші мәнге ие болмақ (ҚазАқпарат).Осы аптада 2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының сарылтып тостырған қорытындысы жарияланды. ҚР Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша Қазақстан халқының саны тәуелсіздік жылдары ішінде тұңғыш рет 16 млн. адамнан асты. 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны - 16 миллион 196,8 мың адамды құрап отыр. Бір қуантатыны соңғы 10 жылда еліміздегі қазақтардың саны 26,1 пайызға ұлғайып, 10 млн. 98,6 мың адамға жетіп отыр. Бұл ел халқының 63,6 пайызы қазақтар деген сөз. Тәуелсіздігіміз жарияланған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында республикамыздағы қазақтардың үлесі жалпы халық санының 40 пайызынан сәл ғана асқанын ескерсек, қазіргі көрсеткішке қарап «тәубә» деуге болады. Республикамыздағы қазақтардың, жалпы Қазақстан халқы санының жыл санап ұлғайып келе жатқандығы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсара түскендігінің бір айғағы іспетті. Сонымен деректерге көз салсақ. Қазақтардың саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1 пайызға өсіп, 10 млн. 98,6 мың адамды құрап отыр. Өзбектердің саны 23,3 пайызға өсіп, 457,2 мың адамды, ұйғырлар - 6 пайызға өсіп, 223,1 мың адамды құрады. Ал орыстардың саны 15,3 пайызға азайып, 3 миллион 797 мың адам болса, немістер - 49,6 пайызға азайып, 178,2 мың адамды, украиндар - 39,1 пайызға азайып, 333,2 мың адамды, татарлар - 18,4 пайызға азайып, 203,3 мың адамды, басқа этностар - 5,8 пайызға азайып, 714,2 мың адамды құрап отыр. 2009 жылғы халық санағын есепке алғанда, 2010 жылдың басына Қазақстандағы қазақтардың үлесі - 63,6 пайызды, орыстар - 23,3 пайызды, өзбектер - 2,9 пайызды, украиндар - 2,0 пайызды, ұйғырлар -1,4 пайызды, татарлар -1,2 пайызды, немістер -1,1 пайызды, басқа этностар - 4,5 пайызды құрады. Ерлер саны 7 млн. 722,8 мың адамды, әйелдер - 8 млн. 282,0 мың адам болды. Өткен санақпен салыстырғанда ерлер саны - 507,1 мың адамға немесе 7 пайызға, ал әйелдер саны - 515,8 мың адамға немесе 6,6 пайызға өскен. Ерлер мен әйелдер санының арақатынасы әйелдер үлесінің ерлерден артуымен қалыптасқан, бұлар тиісінше 51,7 және 48,3 пайыз болып отыр. Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 ер адамнан келсе, 2009 жылғы санақ бойынша әрбір 1000 әйелге 932 ер адамнан келіп отыр. Қала халқының саны 8 миллон 639,1 мың адамға, ауыл халқы - 7 миллон 365,7 мың адамға жеткен. Яғни, соңғы 10 жылда қала халқының саны 195,1 мың адамға немесе 2,3 пайызға, ал ауыл халқының саны 827,8 мың адамға немесе 12,7 пайызға өскен. Елдегі қала халқының үлесі 54 пайызды, ауыл халқы - 46 пайызды құрады, 1999 жылы олардың арақатынасы тиісінше 56,4 пайыз және 43,6 пайызды құраған еді. Ақырғы цифрларға көз жүгірсек, соңғы 10 жылда республикамыздағы ауыл халқының саны 2,4 пайызға өскенін көреміз. Бұның өзі қазақ үшін қашанда ыстық ауылға шырай біте бастағанын білдіретіндей. Тоқсаныншы жылдардың ішінде болған дүркін-дүркін дағдарыстан тоз-тозы шыққан ауылға соңғы 10 жылда мемлекет орасан зор қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде ауыл біртіндеп тығырықтан шығып келеді. Мемлекетіміздің алдағы 10 жылдағы индустрияландыру бағдарламасында да агроөнеркәсіптік кешенді дамыту алғашқы басымдықтардың қатарына жатқызылып отыр. Ендеше, бұдан келешекте де ауыл халқының саны осы межеде сақталмаса, төмендей қоймас деп түйін жасауға болатындай. Статистика агенттігінің дерегінше, ауыл халқы негізінен Алматы (барлық халықтың 76 пайыз), Солтүстік Қазақстан (61,5 пайыз), Қызылорда (60,8 пайыз) және Жамбыл (60,5 пайыз) облыстарында шоғырланған. Ең шаһарланған өңірлер Қарағанды (мұнда 77 пайыздан астамы қала халқын құрайды), Павлодар (67,9 пайыз) және Ақтөбе (61,1 пайыз) облыстары болып табылады. Қазақстан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды бастағалы жатқан кезде халық санағы қорытындысының шығарылғаны дұрыс болды. Себебі, ел үшін аса маңызды мұндай бағдарламаның бағын ашып, бабын келістіруде халық санағындағы мәліметтердің алар орны ерекше. Жалпы кез-келген халық санағының қорытындысынан алынатын есеп-қисаптардың әлеуметтік-экономикалық дамуды бағдарлауда маңызы зор. Бұл әлемдік тәжірибеде бар дүние. Олай болса экономиканы басқаруда дұрыс шешімдер қабылдау үшін халық санағындағы мәліметтердің нақты әрі айқын болғаны қашан да маңызды. Ендеше халық санағының қорытынды мәліметтері жариялануы мен индустрияландыру бағдарламасының басталуының тұспа-тұс келуін «мылтықтың басуына құланның қасуы» дөп келіп тұр деп сипаттауға болатындай. Ендігі міндет - бағдар мен цифрларды өзара үйлестіріп, ұтымды жұмыс жасау. Жалпы бұл санақ Қазақстандағы жергілікті ұлт - қазақтардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқандығын көрсетіп берді. Бұл үдерістің келешекте де тоқтамай, жалғасатыны анық. Егер осы қарқын сақталатын болса, 2020 жылға қарай бұйырса, Қазақстандағы қазақтардың үлесі жалпы халықтың 80 пайызынан асып жығылуы тиіс. Бұл өз кезегінде қоғамдағы өткір проблемалардың бірі - мемлекеттік тілдің мәртебесін шешуге ықпал етері даусыз. 1915 жылы әйгілі ғалым, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Әлхамдиллә, 6 млн. қазақ бармыз», депті. Бұ жерде Ахаң дүние жүзіндегі қазақтардың санын меңзесе керек. Бұйырса, енді он жылдан кейін «шүкір, 15 млн. қазақ бармыз» (Қазақстанда тұратын), деп айтып отыратын күнге жетіп қалармыз. «Балапан» бағдарламасы бүлдіршіндердің болашағы үшін Осы аптада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен еліміздегі бірқатар мемлекеттік органдардың кеңейтілген алқа мәжілістері өтті. Онда олардың 2009 жылғы жұмыстарының есебі тыңдалып, 2010 жылы атқаратын істері айқындалды. Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде негізгі назар мектепке дейінгі білім беру мәселесіне аударылды. Бұлай болатын жөні бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда балабақшалардағы орын тапшылығы өткір күйінде қалып отыр. Қазақстанда жыл сайын балабақша кезегінде тұрған балалардың саны артып келеді. Бұл әрине ең алдымен еліміздегі қолайлы демографиялық жағдайдың әсерінен болып отырған дүние. Ресми мәліметтерге жүгінетін болсеқ, 2009 жылы балабақшада кезекте тұрған бүлдіршіндердің саны 20 мыңға артып, 260 мыңға дейін жеткен. Ал 2008 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артқандығына қарамастан, 2009 жылы мектепке дейінгі балаларды балабақшалармен қамту деңгейі небәрі 38,7 пайызды құраған. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен мейлінше аз қамтылу деңгейі әлі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан (14,4 пайыз) және Алматы (21, 5 пайыз) облыстарында сақталуда. Ал барынша жоғары деңгей Қостанай (90,3 пайыз) және Қарағанды (69,6 пайыз) облыстарында тіркелген. Сайып келгенде, әлеуметтік саладағы осы бір маңызды мәселе негізінен жергілікті билік, одан қалса, үкіметтік деңгейде шешілуі тиіс. Алайда, олар бұл мәселені шешуге қауқарсыз болып отыр. Сондықтан да бұған Мемлекет басшысының араласуына тура келді. Елбасының 2009 жылдың қарашасында өткізген тікелей желісі барысында халық тарапынан келіп түскен сауалдардың көпшілігі елдегі балабақша санының аздығы, ондағы орын тапшылы жайлы болған еді. Тек содан кейін барып Үкімет Президентттің пәрменімен бұл проблеманы шешуге бел шеше кірісті. Ал биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметке мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ететін «Балапан» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырып, мемлекет бұл мәселені шешуге аса мүдделі екенін тағы бір аңғартты. Биылғы алқа мәжілісінде Ж. Түймебаев қазіргі таңда қабылданған шараларға қарамастан, балабақша орындарының тапшылығы азаймай отырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылдың ішінде еліміздегі балабақшалардың саны 805 бірлікке өсіп, мектепке дейінгі білім берумен қамтылған бүлдіршіндердің саны 22 мыңға артқан. Министрлікте отбасылық балабақша мен мектеп жанындағы балабақша кешендерінің қызметін ұйымдастыру ережесі бекітіліп, 2009-2015 жылдарға мемлекеттік және жеке меншік инвестиция есебінен енгізілетін құрылыс нысандарының кестесі жасалған. Сондай-ақ 2010 жылы «Жол картасы» аясында жөнделетін балабақшалар тізбесі әзірленген. Балабақшалар мен шағын орталықтарды ашу рәсімдері жеңілдетілген. Алайда, соған қарамастан, балабақша орындарының тапшылығы азаймай отырса керек. «Бүгінде республика бойынша 260 мың бала өз кезегін күтуде. Қазіргі кезде 100 орынға 111 бала келеді. Ең үлкен кезек Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген», - деді министр. Оның айтуынша, министрлік басқа ведомстволарға берілген және қажетіне қарай пайдаланылмай келген ғимараттарды қайтару, жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарды дамыту жұмысын жалғатыратын болады. Ол үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік әлеуетін пайдалану қажет. Бұл 2010 жылы 95 мың 581 орындық 1132 мектепке дейінгі білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сөйтіп биыл балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 43,3 пайызға, ал мектеп алды даярлығымен қамту 88 пайызға артады Елбасы биылғы Жолдауында балаларды мектепке дейінгі білім беру және оқытумен қамтамасыз етуді жалғастыру үшін арнайы «Балапан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын айтқан министр: «Мектепке дейінгі және орта білім департаменттері облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бірлесіп 2010 жылғы наурыздың 1-не дейін арнайы «Балапан» бағдарламасының жобасын әзірлеуі және ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында оны іске асыруға көшуі қажет. Бұл 2020 жылға дейін мектепке дейінгі білім берумен балаларды 100 пайыз қамтуды көздейтін кешенді бағдарлама», деді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойныша республикамызда 4 мың 972 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Бұлардың 2003-і балабақша, 2969-ы шағын орталық. Оларда 373 мың бала тәрбиеленуде. 2009-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетте 57,4 мың балаға арналған 200 балабақшаның құрылысын салуға қаржы қарастырылған. Биыл 60 балабақшаның құрылысын салу жоспарланып отыр. Алқаны қорытындылаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігіне ақпан айының соңына дейін «Балапан» бағдарламасын Үкіметке енгізуді тапсырды. «Бұл өте күрделі әрі қиын міндет. Алайда біз оны орындауымыз керек. Бағдарламаны жүзеге асыруда тек бюджет қаражатына иек артуға болмайды. Бюджеттік қаржыландыру есебінен бұл мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан оны орындау үшін мемлекет пен жеке меншік серіктестігі механизмін іске қосу қажет. Соның ішінде бұл іске бизнесті тарта отырып, бала бақшалардың құрылысын салу қажет. Мұндай жұмысты өте жүйелі жүргізу керек», деді Үкімет басшысы. Премьер-Министрдің айтуынша, соңғы ғылыми зерттеулер бала 6 жасқа дейін ақпараттардың 80 пайызын алатынын көрсетіп берген. «Отбасылар әртүрлі болады. Бір отбасылар бала тәрбиесіне көп көңіл бөлсе, енді бір отбасылар аз көңіл бөледі. Біз балаларды балабақшамен қамтамасыз ету арқылы, денсаулық сақтаумен, әлеуметтік қамтамасыз етумен бірге, ата-аналарға балалар тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік беруіміз керек», деді К. Мәсімов. Бағдарлама Үкіметтен кейін Президенттің қарауына ұсынылатынын айтқан К. Мәсімов, «сондықтан бағдарламаға айрықша назар аудару қажет», деді. Сонымен қатар Үкімет басшысы мемлекеттік тілді үйретуді балабақшадан бастау қажеттігін айтып, ол үшін қазіргі жақсы әдістемелерді мектепке дейінгі білім ошақтарына енгізу қажеттігін атап көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.    Демография  туралы ұғым

2.    Халықтың  көші-қоны

3.    Көші – қонға  арналған   бағдарламалар

4.    Қазақстандағы  халық  санағының тарихы

5.    Халық  санағы –маңызды саяси шара

6.    2009 жылы Қазақстанда халық  санағы  өтті

7.    Қазақ  тарихындағы  халық  санағы

8.    Ұлттық санақ бойынша  статистикалық  мәліметтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Демография туралы