Демография туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:45, курсовая работа

Описание

Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Демография туралы ұғым.doc

— 280.50 Кб (Скачать документ)

Көшi-қон шығыны еңбек әлеуетiнiң сапалық ғұрамының терiс өзгерiсiн туғызады. Көшiп кетушiлердiң арасында жоғары, аяғталмаған жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар адамдардың үлесi 1993 жылы - 39%-ды, 1994 жылы - 46,5%-ды, 1995 жылы - 33,0%-ды, 1999 жылы 38%-ды және 2000 жылы 38,8%-ды ғұрады. Ал бiлiм деңгейi мұндай адамдар аз келедi.

Осылайша, елiмiзде "ағыл-ойдың кетiп қалуы", бiлiктi жұмысшылардың, мамандардың кетуi дейтiн үрдiс түрақты қалыптасуда.

Көшi-қон шығынына бiздiң елiмiздiң әсiресе солтүстiк, батыс және шығыс аймағтары ұшырап отыр. 2000 жылы көшiп кету шығынының неғұрлым жоғары пайызы әостанай, Павлодар және әарағанды облыстарында қалыптасты, бұл облыстарда республиканың славян және немiс халқы неғұрлым кәш шоғырланған.

Көшiп кетiп жатқан халықтың ұлттық ғұрамы саналуан. 2000 жылы кетушілер легінде орыстар - 58%-ды, немiстер - 19%-ды, украиндар - 9%-ды, қазақтар - 5%-ды ғұрады. Келушілердiң арасындағы үлес салмағтың 41%-ын орыстар, 33%-ын қазақтар, 6%-ын украиндар, 4%-ын немiстер, 16%-ын басқа ұлт адамдары ғұрады.

Келушілерден кетушілердiң асып кетуi нәтижесiнде қазақтардан басқа, барлық көрсетiлген ұлттардың Көшi-қон шығыны болды. Алайда көші-қон шығынының ең жоғары интенсивтiлiгі немiс халқының арасында байқалады. 1993 -2000 жылдар аралықында 83 мың қазақтың көшiп кетуiне қарамастан қазақ халқының арасында Көшi-қон әсiмi қалыптасты.

Негізгі көші-қон легі Қазақстан мен жағын шет елдер арасында (Ресей мен Орта Азия республикалары арасында басымырағ), ал немiс ұлтының Көшi-қоны Германиямен арада қалыптасты.

Сыртқы көші-қонның аса маңызды ғұрамдас бәлiгi тәуелсiз құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында ол жаңа сипат, өзгеше саяси және әлеуметтiк-экономикалық мазмұн алатын көшiп келу болып табылады. әазiргі кезде елiмiзге халықтың көшiп келуiнiң зор маңызы бар. Ол белгілі дәрежеде көшiп кетудiң терiс ықпалын жоюқа мүмкiндiк бередi, Көшi-қон шығынын азайтады, халықтың демографиялық сипаттамасын жақсартуқа жәрдемдеседi. Осыған байланысты мемлекеттiқ реттеу және көшiп келу процесiн дамытуқа жәрдемдесу қажет.

Халықтың Қазақстанқа көшiп келуiнiң, оның геосаяси жағдайымен (әлеуметтік шиеленiс ошағтарынан алыс болуымен), 1932 жылғы аштықтың және саяси ғуғын-сүргiндердiң салдарынан байырғы қазақ халқының өз отаны шегінен тыс жерлерге жаппай көшiп кетуiне байланысты тарихи бастан кешiргендерiмен, әтпелi экономика жағдайында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзiндiк ерекшелiгімен, iшкi саяси жағдайдың түрақтылықымен, белгілi дәрежеде көшiп келу процестерiнiң, бiрiншi кезекте, еңбек Көшi-қонының басқарылуы мен бағылануымен, квоталау, лицензиялау жүйесiнiң орнығтырылуымен негізделген өзiндiк ерекшелiгі бар.

Республикақа қазақтардың қайта оралуы дәл қазiргi кезеңге тән. 1991- 2000 жылдар аралықындағы кезеңде 43 мыңнан астам қазақ отбасы немесе 183 мың адам көшiп келдi. Келушiлердiң жалпы санының жартысынан астамы дерлiк алыс шет елдерден келгендер. Келушiлер легі Монқолиядан (35%-ы), Ираннан (8%-ы), Түркиядан (2%-ы), әытайдан (1,2%-ы) және Ауғанстаннан (1%-ы) шығғандар есебiнен ғұралады.

Елiмiзге қоныс аударушылардың келуiн реттеу, оларды бiрқалыпты қоныстандыру мақсатында жыл сайын көшiп келу квотасы бекiтiледi. Квотаның белгiленуiне талдау жасау жыл сайын олардың бiртiндеп азайып келе жатқандықын кәрсетедi.

1993 жылы Көшi-қон квотасы 10 мың отбасын ғұрады, 1994 жылы - 7 мың отбасы, 1995 жылы - 5 мың отбасы, 1996 жылы - 4 мың отбасы, 1997 жылы - 2,18 мың отбасы, 1998 жылы - 3 мың отбасы, 1999 жылы - 2000 жылдары әр жылға 500 отбасы.

1991-2000 жылдар аралықындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударушылар мен көшiп келушiлердi екiншi қайталап орналастыру үрдiсi кәрiнiс тапты.

1995 жылдан бастап Көшi-қон шығынының тәмендеу үрдiсi байқалды. Мұндай жағдай республиканың көші-қон теңгерiмi жуығ болашағта жағсарады деп болжам жасауқа мүмкiндiк бередi.

Көшi-қон саясатының маңызды аспектiсi iшкi Көшi-қонды реттеу болып табылады. Ішкi көші-қон - бұл облысаралық және облыс iшiндегі Көшi-қон. 1993-2000 жылдар аралықында iшкi Көшi-қон айналымы 1,4%-қа ұлқайды.

Республика iшiндегі көші-қон айналымының жалпы тәмендеуi кезiнде экологиялық дағдарыс аймағтарынан (Шығыс Қазақстан, қызылорда облыстары) облысаралық алмасу бойынша халықтың көшiп кетуi жоғары болып қалып отыр.

Тұрмыс деңгейiнiң аймақтарда әртүрлi болуының нәтижесiнде әарағанды (Жезқазған аймағы), әостанай (Торқай аймағы) облыстары халықтың көші-қон шығынына ұшырауда.

 

Екiншi жағынан, облысаралық Көшi-қон нәтижесiнде халықты қабылдайтын аймағтар қалыптасты, олар, бiрiншi кезекте, Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Ағмола, Маңғыстау облыстары.

Республика iшiндегі Көшi-қонға қала халқы неғұрлым белсендi қатысады. Мұндай жағдай ауылдық жерлер халқының қалалы жерлерге көшiп кетуi нәтижесiнде қалыптасты. Осыған байланысты республикаiшiлiк ауыл-қала Көшi-қоны салдарынан, сондай-ақ немiс және славян тiлдi халықтар есебiнен Көшi-қон шығыны жоғары интенсивтiлiгі сағталуда.

Көшiп-қонуқа байырғы халық неғұрлым икемдi: 1999 және 2000 жылдарда республикаішілiк Көшi-қонда қазақтардың үлес салмағы 71 және 72%-ды ғұрады. Ел iшіндегі Көшi-қон белсендiлiгі басқа ұлттардың арасында да байқалады.

Урбанизация процесi жүрiп жатыр, бiрағ оның келенсiз жағдайлардан, аграрлық сектордағы жағдайдың ауырлықынан және ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағынан жеткiлiксiз дамуы салдарынан болуы басым. Халықтың iшкi қоныс аударуы кәбiнесе берекесiздiк сипатқа ие және мемлекеттік реттеудi қажет етедi.

 

1.2. Қазақстан Республикасындағы Көшi-қон процестерiн факторлық талдау

Елiмiзде болып жатқан Көшi-қон процестерiне айтарлықтай көп факторлар әсер етедi. Жалпы алғанда, оларды мынадай негiзгi топтарға бәлуге болады:

- саяси;

- этномәдени;

- әлеуметтік-экономикалық;

- табиғи-климаттық, экологиялық;

- ақпараттық-насихаттық.

Көшi-қон процестерiне осы факторлар тобының әсерi әртүрлi болды. Этностың тиiстi тобының тұрып жатқан аймағына көп нәрсе байланысты болды. Яғни оларқа кеңiстіктік-мезгілдiк сипат тән (мәндес).

Жоқарыда тiзiп көрсетiлген факторлар тобының Қазақстанда болған және қазiргі кезеңде болып жатқан Көшi-қон процестерiне талдау жасай келiп, мыналарды бәлiп көрсетуге болады.

Қоғамды демократияландырумен, әртүрлi саяси реформалардың басталуымен Қазақстанда көші-қон процестерiне саяси фактор неғұрлым күштi әсер ете бастады. Әртүрлі халықаралық келiсiмдер, шекараны ашу, еркiн кету және келу, Қазақстаннан өзiнiң тарихи отанына айтарлықтай көп немiстердiң кетуiне мүмкiндiк бердi. Осы фактордың ырықсыз қозқалысқа әсерi басқаларқа Қарағанда неғұрлым күштi болды. Немiстердiң және басқа этностардың легі 80-жылдардың аяғында, 90-жылдардың басында байқала бастады. 1990 жылы Қазақстаннан шет елдерге 79,4 мың немiс, 1,6 мың татар, 1,4 мың белорусь көшiп кетті.

Татарлардың, немiстердiң, белорусьтардың, украиндардың, еврейлердiң өздерiнiң тарихи отанына көшiп кетуi, Көшi-қон процесiнде саяси факторлармен қатар белгілi үлестi этномәдени факторлар рөл атқарғанын және атқаратынын дәлелдейдi.

Халықтың Көшi-қон белсендiлiгінiң күшеюiндегi этномәдени фактордың болуы бұрын Қазақстанқа күштеп кәшiрiлген халықтардың тарихи аумағтар шегінде ұлттардың шоғырлануқа ұмтылысымен негізделген. әазiргі кезеңде тарихи отанына (ең алдымен Германияқа, Израильге, Ресейге) қайта оралған көшiп-қонушылардың көпшiлiгiнде әлеуметтік-мәдени және этномәдени қүндылық басым және олар көп жағдайда немiстердiң, еврейлердiң, орыстардың икемдiлiгін бiлдiредi.

Бiрқатар жағдайларда баяғы жылдардағы күштеп көшiру (қырым татарлары, шешендер, ингуштер мен басқа да халықтар) салдарымен байланысты факторлардың, сондай-ақ тың игеру, жаңа өнеркесiп қүрылыстарының бой көтеру жылдарында Қазақстанқа жаппай қоныстандыру салдарымен байланысты факторлардың әсерi болды. Бұдан басқа Көшi-қонға 1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысы жылдарындағы өнеркесiп объектілерi мен адамдарды эвакуациялау салдарлары әсер етті.

 

Осы халықтардың өзiнiң тарихи отанына оралғысы келетiн тiлегі жоғарыда тiзiп көрсетiлген факторлардың әсерiмен күшейе түседi.

Әлеуметтiк-экономикалық фактор Көшi-қон көңiл күйiне ықпал ететiн аса маңызды фактор болып табылады. Жұмыстың жоқтықы салдарынан тұрмыс деңгейiнiң тәмендеуi, тiршiлiк етудiң материалдық бұйымдарының азаюы Көшi-қон шығынына айтарлықтай әсер етті. Бұл, Көшi-қонды жұмыссыздықтың өсуiмен салыстыру нәтижесiнде айғын көрiнедi. Оның үстіне бұл тәуелдiлік (бiршама кешіктiрiлiп салыстырылғанда) тура бара-бар дерлiк. Мәселен, егер экономикалық реформалардың бас кезiнде жұмыссыздықтың секiрмелi өсуi етек алған болса, көшiп кету де сонымен бiр мезгілде жүрiп жатты. Сонымен бiрге 90-жылдардың аяғына қарай жұмыссыздар санының азаюы байқала бастаған кезде соған сай көшiп кетудiң азаюы да байқала бастады.

Тұрғын үйдiң болмауынан, әсiресе жастар арасында, Көшi-қон тек сыртқа көшiп кету легі бөлiгінде ғана емес, iшкi бөлiгінде де көбейдi (қаладан-ауылға, қаладан-қалаға және т.б.). Егер 1993 жылы 3856 мың шаршы метр Тұрғын үй пайдалануқа берiлген болса, 1997 жылы 1278 мың шаршы метр Тұрғын үй пайдалануқа берiлдi.

Халықтың көшi-қон легiнiң жандана түсуiнiң елеулi факторы экологиялық жағдайдың нашарлауы болып табылады. Соңғы жылдарда, Семей полигоны және Арал әңiрi сияқты белгілi экологиялық апат аймағтарынан басқа, экологиялық әлшемдерi мүлде қолайсыз Батыс Қазақстандағы Капустин Яр және Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ полигоны сияқты жаңа аудандар пайда болды.

Бұрынғы жылдарда қоршаған ортасы жоғары дәрежеде лас және табиғи-климаттық жағдайы ауыр аймақтарда жұмыс iстейтiндердi тұрағтандыратын жағдай әлеуметтiк тәртiппен өтемақы төлеу болды (жалақықа коэффициенттер мен үстеме ағылар, Тұрғын үй жағдайын жақсарту, балалар мекемелерімен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, азық-түлiк және өнеркесiп тауарларымен жақсы жабдықтау). Экономикалық дағдарыс жағдайында бұл өтемақы шаралары iс жүзiнде қолданылмай қалды. Денсаулық үшiн алаңдаушылық туғызатын экологиялық жағдайдың нашарлауы, қоршаған ортаның ластану үрдiсi сақталып отырған кезде "экологиялық көшiп-қонушылар" пайда болып отыр. Осындай лектердi реттеу тетiгiнiң жоқтықы әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы бiрқатар проблемаларды туғызады: жұмысқа орналастырудағы қиындық және жаңадан орналастырылатын жерлерде Тұрғын үйдiң жетiспеуi.

Қазақстан Республикасында көші-қон процестерiне кең және жүйелi ақпараттық-насихаттық Жұмыстың жеткiлiксiздiгіне байланысты факторлар елеулi дәрежеде әсер ете бастады. Жария Көшi-қон саласындағы оның түрлерi мен нысандары, сондай-ақ жасырын Көшi-қонның салдарлары туралы ақпараттың жоқтықы соңғы кезеңде адамдарды сату оқиғаларына алып келуде. Бiрiншi кезекте балалар мен әйелдердi.

Нарыққа әту жағдайында Көшi-қон процестерiн реттеуді күшейтудiң қосымша факторы еңбек Көшi-қоны процесiн жандандыру. Нарықтық экономикада шарттық қатынастарқа, келiсiм-шарттарқа, көсiпорындар, фирмалар арасындағы келiсiмдерге сәйкес еңбек ресурстарын орналастыру жедел жүргізiледi. Мұндай жағдайларда өзiнiң кәсiби деңгейi бойынша әндiрiс талаптарына жауап беретiн қызметкерлердi шағыру мақсатымен еңбек Көшi-қонын мемлекеттiқ реттеу қажет және бұл белгiлі бiр аймақтарда жұмыссыздық проблемасын шиеленiстірмейдi.

Республикаішілiк көші-қонды бiрiншi кезекте айғындайтын қосымша факторларқа Астана қаласына мемлекет астанасын көшiрудi, халықтың урбанизациясын, сондай-ақ ауыл шаруашылықындағы экономиканың құрылымдық қайта ғұрылуын жатғызуқа болады, бұл ауыл халқының өнеркесiп Орталықтарына кетуiн туғызады.

Қазақстанда Көшi-қон процестерiн реттеудегі оңды фактор, оның саяси түрақтылықы болып табылады. әазiргі кезде көшіп-қонушылардың тек ғана саяси себептер бойынша елден кету жағдайлары iс жүзiнде жоқ. Бүгінде республикадағы саяси түрақтылық елiмiзден халықтың көшiп кетуi азаюының негізгi факторы болып табылады. Сонымен бiрге ТМД елдерi мен алыс шет елдерде (Ауғанстан) шиеленiс ошағтарының болуы, дүниежүзілік қауымдастықта әртүрлі саяси және ұлттық қағтықыстардың туындауы Қазақстаннан әлеуетті көшiп кетушiлердiң көші-қон көңiл күйiн айтарлықтай бәсеңдетті. Оның үстіне, керiсiнше, кейбiр ТМД аймағтарындағы саяси ахуалдың тұрағсыздықына және ол жерлерде шиеленiс ошағтарының туындауына негізделген босқындар легі көбейдi.

Көші-қон легін түрақтандыруқа ТМД-қа қатысушы елдер арасында болып жатқан ықпалдастық процестер белгілi дәрежеде әсер етедi. Бiрыңқай кедендiк рұғсатнамасыз режим құру, ТМД елдерi шеңберiнде болашағта заңдарды бiркелкi етудiң күтiлiп отырған жағдайлары және ынтымағтастықтың басқа да бағыттары халықтың Көшi-қон көңiл күйiн айтарлықтай дәрежеде бәсеңдетедi.

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГIЗГI МІНДЕТТЕРI

 

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі мақсаты Көшi-қон процестерiн басқару, түрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, елімiздiң мемлекеттік қауiпсiздiгін нықайту және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру үшiн жағдай жасау болып табылады.

Көшi-қон процестерiнiң енжарлықын негізге ала отырып, түрақты даму жағдайында Бағдарламаны екi кезеңде iске асыру күтiлуде.

Бiрiншi кезеңде, 2001-2005 жылдардағы орта мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты Көшi-қонның терiс сальдосын тәмендетуге бақытталған Көшi-қон саясатын қалыптастыру, көшiп-қонушылар құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайлардың бәрiн жасау, сондай-ақ елiмiздiң мемлекеттiқ қауiпсiздiгiн нықайту болып табылады.

 

Алқа қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай негізгі мiндеттер шешiлетiн болады:

- көшiп кетудi азайту және түтастай алғанда iшкi Көшi-қон бойынша терiс сальдоны азайту;

- бұрынғы отандастарымыздың отанына оралуына жәрдемдесу;

 

- көшi-қон процестерiн басқару жүйесiн және заңнаманы жетiлдiру.

Екiншi кезеңде, 2005-2010 жылдардағы ұзақ мерзiмдi перспективада Бағдарламаның негізгі мақсаты елiмiздiң экономикалық өсуiндегі Көшi-қон факторларын дамыту, көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк базаларды одан әрi жетiлдiру болып табылады. Бұл кезеңдегі негізгі мiндеттер мыналар болып табылады: - елiмiздiң экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi Көшi-қон процестерiн реттеу; - оң сальдоқа шығу мақсатында сыртқы Көшi-қон процестерiн реттеу; - халықтың бiр бәлiгiн қолайсыз аймақтардан солтүстiк және Орталық облыстарқа бiртiндеп көшiру.

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ НЕГIЗГI

БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ТЕТIГI

 

3.1. СЫРТҚЫ КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕУ

 

Көшiп кетудi азайту

Орта мерзiмдi перспективада (2001-2005 жылдар) сыртқы Көшi-қон саласындағы негізгі қызмет елiмiз азаматтарының оның шегінен тыс жерлерге кетуiн азайтуқа бағытталатын болады. Бұл бағыттағы негізгі құралдар мыналар болып табылады:

 

өзiнiң кәсiби деңгейi бойынша елiмiздiң еңбек рыногының сұранысына сай келетiн және белгілi бiр аймақтарда жұмыссыздық проблемасын тереңдетпейтiн мамандарды шағыру мақсатында еңбек Көшi-қонын мемлекеттiқ реттеу;

аймағтық саясатты нықайту, бейресми еңбек рыноктарының және Көшi-қон процестерiнiң айғындықы;

Информация о работе Демография туралы