Демография туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:45, курсовая работа

Описание

Демография (гректің demos— халық және grapho— жазамын деген сөздерінен алынған) — халықтың санын, құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың қурамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Демография туралы ұғым.doc

— 280.50 Кб (Скачать документ)

Көшi-қон саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттiқ көші-қон саясатын iске асыру мақсатымен халықаралық ынтымағтастық жасау екi жағты және сол сияқты көп жағты iскерлiк байланыстарды, оның iшiнде БҒҒ шеңберiнде халықаралық ұйымдармен ынтымағтастықты, мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдердi, халықаралық және шет елдiк Үкiметтiк емес ұйымдармен, ғоқамдық, дiни ұйымдармен және қорлармен жұмысты қамтиды.

 

 

 

 

 

         Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.

Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен.

Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке алу, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне тиесілі.

Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға бастама қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді , саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811, 1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен «ревизиялық ертегі»  (Ресей империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы  халықтың кейбір бөлігін қамтыған. ХІХ ғасырдың  60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі, кей жерде  шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады. Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.

Кейбір халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ бойынша қайта-қайта есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу кезінде бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының және нақты мал санын  жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық жинау үшін қолданатындығын түсінген.

Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принциптері Қазақстан аумақтарына да ене бастады, алдағы уақытта олар ХІХ ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан Қазақстанды басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы статистикалық органдар және жергілікті қызмет көрсету органдары құрылғаннан соң түпкілікті бекітілді.

 

ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің  ғалым статистиктері қазіргі Қазақстан аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі қазақтардан тұратын територриялардағы қазақ халқының санына келесі бағалау (есебін) берді.

Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы  1897 жылдың ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты  сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.

            Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілген. Санақ парақтары ауылдық жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде таратылып толтырылған, қалалық жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10 ақпанда қалалық жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ парақтарын жинап оларға түзетулер енгізген. Санақ мәліметтері, жалпы айтқанда жақсы жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың біраз бөлігі Қазақстан халқына арналған.

            Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен түсіндіріледі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Халық санағы – маңызды саяси шара

 

2009 жылы елімізде халық санағы өтеді. Бұл шараның үлкен әлеуметтік-экономикалық мәні бар. Халық санағының нәтижелері бойынша халықтың қалалық және ауылдық жерлердегі орналасуы, жынысы мен жасы, неке және отбасы жағдайы, ұлттық құрамы, тілдерді меңгеру дәрежесі, білім деңгейі, оқумен қамтылуы, үй шаруашылығының саны мен көлемі, күнкөріс табысының көзі, еңбекпен айналысуы, тұрғын үй жағдайы және т.б. бойынша олардың санының сипаттамасын көрсететін көрсеткіштердің кең көлемі алынатын болады. Басқа статистикалық шаралардан ерекшелігі – халық санағы Қазақстан азаматтарын түгел қамтиды. Сондықтан да ол маңызды саяси шара болып табылады. Өйткені, ол азаматтардың әлеуметтік белсенділігін оятуға, қоғамда болып жатқан өзгерістерді сезінуге жәрдемдеседі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы 1999 жылы ақпанның 25-і мен наурыздың 4-і аралығында, Бүкілодақтық халық санағы өткеннен кейін он жылдан соң жүргізілді. 1999 жылы Қазақстанда 14 миллион 953 мың тұрақты тұрғындар тіркелді.

Халық санағы тұрғын үй-жайларды аралау және әрбір тұрғын туралы жеке мәліметтер жинау арқылы жүргізіледі. Мәліметтердің аясы негізгі бөлігі барлық халық үшін бірыңғай – демографиялық, экономикалық, білім деңгейі, этникалық және т.б. белгілерден тұратын халық санағының бағдарламасымен айқындалады.

 

Бұл мәліметтердің барлығы да тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Халық санағын жүргізу сәтіндегі сұралушының орналасқан жерін және осы уақыттағы оның кәдімгі тұрғылықты жерін көрсету – адамдарды халық санаттары бойынша орналастыруға мүмкіндік береді. Бұрынғы тұрақты тұрғылықты жері, белгілі бір күнге арналған тұрғылықты жері, туған жері және осы елді мекендегі тұратын уақытының ұзақтығы сияқты сипаттамаларды тіркеу халықтың ішкі көші-қоны, келген уақыты мен елі, қайдан келгені – сыртқы көші-қон туралы; жұмыс немесе оқу орнының орналасқан жері – келіп-кетуші көші-қон туралы мәліметті алуға мүмкіндік береді.

Халық санағы санақ сәтінде адамдардың орналасуы әдеттегі жағдайға барынша сәйкес келуі үшін адамдардың ең аз жүріп-тұратын кезеңінде, Қазақстанда – қыс мезгілінде, бірнеше күн ішінде жүргізіледі. Барлық мәліметтер халық санағының бір сәттілік принципі яғни 2009 жылғы ақпанның 25-іне белгіленген «санақтың басталған сәті» (әдетте санақтың алғашқы күні қарсаңындағы түн ортасы) бойынша жүргізіледі. Осы сәтте туғандар мен өлгендер есепке алынбайды. Осылайша, халықтың сол сәттегі шынайы саны қамтылады.

Халық санағы қалай жүргізіледі? Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстандағы халық санағы тұрғын үй және өзге де үй-жайларды аралау кезінде олардың санақ парақтарын толтыру арқылы арнайы қабылданған және даярлықтан өткен қызметкерлер (есепшілер) халыққа 45 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізу тәсілімен жүргізетін болады. Санақ парақтарын санақшылар сауалнама жүргізілгендердің айтқан сөздері бойынша толтырады. Сауалнама жүргізілуші әдетте өзінің басым уақытын өткізетін үй, пәтер, бөлме болып табылатын өзінің әдеттегі тұрғылықты жері бойынша халық санағына алынады. Санақ сәтінде қонақүйлерде, ауруханаларда, тұрақты тұратын мекемелерде болатын адамдардың барлығы халық санағымен қамтылуы тиіс. Жолаушылап жүрген – вокзалдардағы, пойыздардағы және әуежайлардағы халық елді мекендерге келген бойда санаққа алынады.

Қазақстан Республикасындағы халық санағын өткізуде даярлық, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарын жүргізу талап етіледі. Халық санағына даярлық жұмыстары барысында іс-шаралардың тұтас кешенін орындау қажет етіледі. Мысалы, 2008 жылы Түркістан қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысында ілкі (сынақ) халық санағы жүргізілген болатын. Бүкіл республика бойынша халық санағының толықтығын қамтуды және нәтижелердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізілді. Осы іс-шаралардың аясында әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімдері мен шекаралары нақтыланды, көшелердің атаулары, үйлердің нөмірленуі тәртіпке келтірілді, картографиялық материалдар даярланды, сондай-ақ үйлердің тізімдері әзірленді және елді мекендердегі тұрғындардың саны және т.б. айқындалды. Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып Халық санағының даярлығы бойынша орындалатын жұмыстардың жоспар-кестесі әзірленді және Үкімет олардың орындалуын апта сайын бақылап отырады.

Қазіргі уақытта ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мекен-жайлар мен халық санын нақтылау бойынша тұрғын үйлерді және үй шаруашылықтарын аралауды аяқтап, халық санағын өткізудегі негізгі әдістемелік құжаттардың бірі болып табылатын халық санағының ұйымдастыру жоспарын әзірлеуге кірісті. Ұйымдастыру жоспарына сай облыстардың аумақтары, елді мекендер санақ бөлімдеріне, нұсқамалық және есеп учаскелеріне бөлінеді, халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қадағаланады. Өйткені, осы іс-шараның мемлекеттік маңыздылығын халықтың қаншалықты сезінуіне – санақтың табысты өтуі және оның нәтижесі тәуелді. Санақшы кадрлар материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі, кадрларды іріктеу мен оларды оқыту жүргізілуде.

Жергілікті деңгейде санақ бөлімдері арнайы жабдықталған үй-жайларға орналастырылатын болады.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ұлттық халық санағына еліміздің барлық азаматтары, халық санағы жүргізілген күні республика аумағында болған азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ халық санағы жүргізілгені күні ел аумағынан тыс жерде жүрген, тұрақты тұратын азаматтар жатады. Халық санағы барысында жинақталған барлық жеке ақпараттар құпия болып табылады, олар тек жиынтық деректер алу үшін ғана пайдаланылады және ешбір жағдайда да азаматтардың жеке мүдделерін қозғамайды. ҚР Статистика жөніндегі агенттігі алынған деректердің құпиялылығына кепілдік береді.

Жекелеген министрліктер мен ведомстволар өз нысандарында санақ жүргізеді. Үкіметтің шешіміне сай санақшы кадрлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету республика аймақтарында ҚР Ішкі істер министрлігінің департаменттеріне жүктеледі. Халық санағын жүргізу кезінде полициялардың күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылатын болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        2009 жылы Қазақстанда халық санағы өтеді

 

 

           Өткізгелі  отырған халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор.   

          Ұлттық санақ – халық туралы жалпы мемлекеттік деңгейде елдің әр азаматын жеке дара сауалнама жүргізу жолымен алынатын маңызды ақпарат көзі болып табылады. Санақ өткізгенде халықтың жынысы, жасы, неке және отбасылық жағдайы, ұлттық құрамы, тілді меңгеру дәрежесі, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы, үй шаруашылықтарының саны мен мөлшері, түрі, жайлылығы, меншік түрі, тұрғын үй алаңы және басқа да қажетті көрсеткіштер жөнінде деректер алынады.

Санақ тұрғынжайларды аралау және әр тұрғын жайлы есімдері бойынша мәлімет жинау арқылы өткізіледі. Мәліметтер, басты бөлігі халықтың бәріне бірдей – демографиялық, экономикалық, білім деңгейі, этникалық және басқа белгілерден тұратын санақ бағдарламасы арқылы анықталады.

Бұл мәліметтер тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.  Адамдардан олардың тіркелім жағдайына және тұрғын үй алаңы құқығына қарамастан, жұмыс немесе қызмет орнында емес, нақты тұрғылықты жері бойынша сұрау алынады. Егер адам белгілі бір мекенжай бойынша тіркеліп, бірақ басқа жерде тұратын болса, онда оны нақты тұрғылықты жері бойынша санақ парағына енгізеді.

Санақ бірнеше күн бойы халық неғұрлым әрекетсіз болған жағдайда өткізіледі, біздің елімізде бұл жаппай ауыл шаруашылық жұмыстары болмайтын, демалысқа іссапармен шығу мүмкіндігі аз қыс айлары кезінде өткізіледі.              

Барлық мәліметтер халық санағының бір сәттілік қағидаты бойынша жиналады, яғни, «сын сәтінде» (әдетте бұл санақтың бірінші күні қарсаңындағы түн ортасы), алдағы санақ 2009 жылғы 25 ақпанға белгіленіп отыр. Егер адам ақпанның 24-і түнгі сағат 12-ден кейін туса, не қайтыс болса, онда оны санақ парағына енгізбейді. Осылайша, бұл халықты бір уақытта фотосуретке түсіргендей болады.

 

Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда халық санағын арнайы дайындықтан өткен              қызметкерлер (санақ есепшілері) үйлер мен басқа да тұрғын жайларды аралап, санақ парағын толтыру арқылы жүргізеді. Санақ парақтарын есепшілер сұралғандардың сөзінен толтырады. Халық өзінің тұрақты мекенжайы бойынша саналады. Тұрақты мекенжай – сұрау алушы ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан елдімекен, үй, пәтер. Халық санағы санақ уақытында мейманхана, аурухана, мекемелерде тұрақты тұратын барлық халықты қамтуы керек. Жолда жүргендерден арнайы есепшілер бригадасы вокзалдарда, поездарда, әуежайларда келген елді мекен бойынша сұрау алады.

Қазақстан Республикасында халық санағын өткізу алдында даярлық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыстары жүргізіледі. Осындай күрделі де маңызды іс-шараны, яғни халық санағын өткізу өз алдына үлкен дайындық жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатпен 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында пилоттық (сынама) санақ өткізілді. Республика бойынша халық санағын толықтай және сапалы нәтижемен өткізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізілді. Осы шаралар шеңберінде әкімшілік-аумақтық бірлік тізімі мен шегі нақтыланды, көше атаулары мен үй нөмірлері  реттелді, картографиялық материалдар жасалды, сонымен қатар үйлердің тізімі жасалып, елді мекендердің және т.б. тұрғындарының саны анықталды.

Информация о работе Демография туралы