Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 12:51, дипломная работа
В дипломном проектировании вычеслили основные механизмы мостового крана и состав железа, а также указали их некоторые свойства. При проектирование мы убеделись в том что к каждому механизму надо подбирать нужный двигатель, тормоз, и муфту. После того как выбрали механизмы надо убедится в том что они подходят к нашей проектировающей машине. Мы убеделись в том что мостовой кран является экономичным для погрузки и выгрузки груза.
КІРІСПЕ.............................................................................................................9
1 Жалпы бөлім……………………………...................................................10
1.1 Жүк көтеретін машиналар жайындағы жалпы мағлұматтар................10
1.2 Жүк көтеретін машиналардың анықтамасы және оларды жүктеу......13
2 Көпірлі кранды жобалау...........................................................................16
2.1 Көтеру механизмін есептеу......................................................................16
2.1.1 Көтеру механизмінің кинематикалық схемасын таңдау ....................17
2.1.2 Жүк көтеретін арқанды таңдау..............................................................17
2.1.3 Арқан өтетін блоктарды таңдау.............................................................19
2.1.4 Арқанды орайтын шығырды есептеп, таңдау......................................21
2.1.5 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу.................................................23
2.1.6 Механизмдегі берілісті анықтау............................................................24
2.1.7 Механизмдегі тежеу моментін есептеп, тежегішті таңдау.................
2.2 Арбаның қозғалу механизмін есептеу.....................................................36
2.2.1 Кинематикалық схемасы........................................................................38
2.2.2 Кедергілерді анықтау..............................................................................40
2.2.3 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу................................................43
2.2.4 Механизмге берілісті анықтау..............................................................46
2.2.5 Механизмге тежегіш таңдау .................................................................
2.3 Кранның қозғалу механизмін есептеу.....................................................49
2.3.1 Кинематикалық схемасын таңдап алу..................................................50
2.3.2 Механизмге қозғалтқышты таңдап алу .............................................52
2.3.3 Механизмге берілісті таңдап алу ........................................................52
2.4 Көпірлі кранның металқұрылымын есептеу...........................................
2.4.1 Тегіс балкалы көпірдің металқұрылымын есептеу.............................
2.4.2 Жүктемелелерді есептеу......................................................................
2.4.3 Басты балканың қимасының өлшемдерін таңдау................................
2.4.4 Басты қиманы есептеу............................................................................
2.4.5 Соңғы балканы есептеу..........................................................................
3 Бөлшекті механикалық өңдеу технологиясы
3.1 Бөлшекті механикалық өңдеу технологиясы
3.2 Буат ұясының тереңдігін есептеу
3.3 Білік дайындаудың технологиялық үрдісі
3.4 Кесу тәртібін есептеу
3.5 Буат ұясын фрезерлеу
4 Техникалық реттеу ....................................................................................76
4.1 Қорғайтын жерлендіру..............................................................................76
4.2 Дара жерлендірудің ағып таралуға кедергілер мен потенциалы..........80
4.3 Жер бетіндегі жарты шарлы жерлендіргішті ағып таралуға кедергісі.82
4.4 Жер бетіндегі өзекті тік жерлендіргіштің ағып таралудағы кедергісі......................................................................................................................84
4.5 Жер бетіндегі көлденең жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......84
4.6 Жерге ендірілген өзекті тік жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі84
4.7 Жерге ендірілген өзекті көлденең жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......................................................................................................................84
4.8 Жерге ендірілген пласикалық тік жерлендіргіштің ағып таралуға кедергісі......................................................................................................................85
4.9 Жердің электірлік кедергісі......................................................................86
4.10 Топтық жерлендіргіштің ағып таралуына кедергісі............................89
4.11 Жерлендіргіштің кедергісін есептеу.....................................................92
4.12 Құрылғыны орнату және олардың жұмысы.........................................93
5 Экономикалық бөлім...............................................................................96
5.1 Жұмысшылардың санын анықтау...........................................................96
5.2 Қызметкерлер............................................................................................96
5.3 Жалақы қорын есептеу.............................................................................97
5.4 Негізгі жалақы қорын есептеу әдісі.........................................................98
5.5 Өзіндік құнды есептеу.............................................................................101
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ең басты тоқ өткізгіш сымға кернеу беретін қосқыш өшіруге ыңғайлы жерде орналасуы керек және ол өшірулі тұрған жағдайда құлыптау қондырғысы болуы керек.
Кранның сақтау панелінде өзінің жеке құлпы мен кілті болуы керек, олсыз кранға ешқандай кернеу берілмеуі тиіс.
5.2.3 Өрт қауіпсіздігі.Кранның құрылғылары РД 24.090.91-89 "Жүккөтергіш машиналары. Өрт қауіпті жерлерде қолдану үшін негізгі талаптар " және ТП РД 24.090.96-89 "Өрт қауіпті аймақтарға арналған жүккөтергіш машиналары. Жобалауға арналған негізгі талаптар" сәйкес болуы керек.
Басқару кабинасындағы жылыту аспаптары, кранның электрлі құрылғылары өрт жағдайында қауіпсіз болуы керек. Электрді оқшаулаушы және дірілді болдырмаушы құрылғылар өртке қарсы нормаларға сәйкес болуы керек.
Кранның металқұрылымының отқа төзімді жамылғысы болуы керек.
Электрлі құрылғыларды сөндіру кезінде көмірқышқылды ОУ-5 немесе ОУ-2 от сөндіргіштерін пайдалану керек. Сонымен қатар құм салынған ыдыстарда болуы керек.
Өрт
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
қойма орманнан 15-30м қашықтықта орналасуы
керек.
5.3
Көтеру механизмінің
жұмысын қауіпсіздендіретін
құрылғылар
Мемлекеттік стандарттарға сай көтеру механизміндегі жүкті түсіру тек қана қозғалтқыштың ғана көмегімен ғана іске асуы керек.
Көтеру механизмі электрлі магнитті берілісі бар орташа тұйықталған автоматты түрде жұмыс істейтін тежегішпен жабдықталған.
Көтеру механизмінің тежегіші тежелу коэффициент қоры бар тежеу моментімен қамтамасыз етуі керек. Кранның көтеру механизміндегі тежелу коэффицент қоры мемлекеттік стандарт бойынша берілістің түріне және жұмыс режимінің тобына байланысты қабылданады.
Көтеру механизмінің жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматты түрде қосылатын шектеу құрылғыларымен жабдықталған, егерде жүк сол жерде жұмыс істеп жүрген адамдарға қауіпті болса, сонымен қатар жүктің салмағы кранның жүккөтергіштігінен асып кеткен жағдайда механизмді өшіреді.
Кран жүк ең жоғарғы шеткі нүктесіне жеткенде іске қосылатын көтеру биіктігін шектейтін құрылғымен жабдықталған. Кранның жүк қармау құрылғысы жүксіз көтерілген кезде жүк қармау құрылғысы мен кран көпірінің ара-қашықтығы 200мм-дан аз болмауы керек. Спредердің ең жоғарғы нүктесіне жеткен кезде автоматты түрде механизмнің электрлі қозғалтқышы өшіріледі және осы кезде тежегіш те көтеруді тежейді, бұл жүк қармау құрылғысының дәл уақытында тоқтатылуын қамтамасыз етеді. Электрлі схема механизмнің қосылуын тек қана жүкті немесе жүк қармау құрылғысын төмен түсіргенде ғана іске асырады.
Кран екі жүк көтеруді шектейтін құрылғылармен жабдықталған, егер жүктің массасы номиналды жүк көтергіштен 25%-қа көп болса көтеру механизмінің қозғалтқышы автоматты түрде өшіріледі.
Көтеру механизмін 4-барабаны және 2-арқаны бар. Әр арқанның үзілуі өте қауіпті жағдайды тудырады, сондықтанда әр арқанға жүк көтергішті шектейтін құрылғы орналасқан.
Номиналды жүкті көтерген кезде (қозғалыс басталған периодта) кранға және жүк котергішті шектейтін құрылғыға статикалық және динамикалық күштердің қосындысына тең Fmax жүктемесі әсер етеді. Содан кейін жүктің тербелуі азая береді, осыған сәйкес жүктеме статикалық күшке FHOM тең болады. Жүк көтергішті шектейтін құрылғыға әсер ететін статикалық жүктеме Fmax-қа тең болуы керек. Номиналды жүкті көтеру жылдамдығын минималды үдеуімен көтерсе шектеу болмайды. Ал егерде номиналды жүкті көтеру жылдамдығының үлкен үдеуімен көтерсе жүк көтеруді шектеу құрылғысы іске қосылады. Жүктің салмағы кранның жүк көтергіштігінен үлкен болып жүкті көтеру жылдамдығын минималды үдеуімен көтерсе де шектеу іске қосылады..
Жүк
көтергіштікті шектейтін
Кранның есіктерінде және люктарында құлыптау құрылғысы орналасқан, бұл құрылғы кранның жұмыс аудандарындағы, лестницадағы қызмет көрсетіп немесе жұмыс істеп жүрген адам сол жерден шыққан кезде ең басты троллды тоқ көздері бар сымдарды автоматты түрде өшіреді.
Егерде контейнерді жоғары көтеру кезінде автоматты жүк қармау құрылғысының қадалары жөндеп жабылмаса немесе оның біреуі жұмыс істемей қалса көтеру механизмін автоматты түрде өшіретін шеткі өшіргіштері бар.
Кран жүкті тасымалдау кезінде спредердің немесе контейнердің кранның тіректеріне тиеп кетпеуін қадағалайтын микробақлағыштармен жабдықталған.
Сонымен
қатар кранда аранйы құрылғы –
эксцентрикті қармаушалармен жабдықталған,
олар арқанның керілуі аз болғанда немесе
жүкті түсіру жылдамдығы өте көп болған
кезде спредерді автоматты түрде өшіреді.
5.4
Қозғалу механизмінің
жұмысы кезінде қауіпсіздікті
сақтайтын құрылғылар
Кранның қозғалу механизмінде және рельсті жолдармен жүретін электрлі механикалық берілісі бар кран арбашаларында орташа тұйықталған тежегіш орналасқан. Кранның ашық ауадағы жүксіз жұмысы кезінде оның тежегіштері желдің ауытқу күшінен аман сақтап қалуы керек.
Ауытқудан сақтайтын құрылғылар кранның жұмыссыз тұрған кеезінде оны желдің күшінің әсерінен кранды сақтап қалуы үшін орнатылған. Ауытқудан сақтайтын құрылғы қысқаш тәрізді жұмыс істейді және электрлі механикалық берілісі бар. Бұл құрылғы кранның қозғалу механизміміен бірге жұмыс істейді, кранның қозғалысы басталған кезде құрылғы автоматты түрде өшіріледі де, ал жүру механизмі өшірілген кезде құрылғы керісінше автоматты түрде іске қосылады.
Кран оны айдаушыны желдің күшінің қауіпті болған кезін ескертетін жарық арқылы белгі бергішпен және анемометрмен жабдықталған.
Кран басқа кранмен соқтығып қалмас үшін немесе кран жолынан шығып кетпес үшін оның тежегішін автоматты түрде іске қосатын шеткі өшіргіштермен жабдықталған. Шеткі өшіргіштер іске қосылғаннан кейін кран тек қана кері қарай ғана қозғала алады. Қозғалу механизміне шеткі өшіргіш – басқа кранға немесе рельс жолының бітуіне кранның тежелу жолындай жер қалған кезде ғана іске қосылатындай етіп орналасқан.
Кран және арбаша қозғалу дөңгелектерінің астына басқа заттар түсіп кетпеу үшін лақтырушы қалқанмен жабдықталған. Қалқан мен рельстің үстіңгі бетінің арасы 10мм-ден аспайды.
Кранның көпірінің немесе оның арбашасының қозғалысын шектеу үшін кран жолының шетіне тіректер орналасқан, ал арбаша мен көпірдің тірекке соқтығысуын жеңілдету үшін оларға буфер орналасқан.
Кранда серіппелі буфер торналасқан. Бұл буфердің төрт серіппесі бар, екеуі – сыртында және екеуі – ішінде. Қос серіппенің орамдары қарама-қарсы, ол серіппелердің жүктелген кезінде бүйіржақтарының орамдарының бұзылуының алдын алады. Серіппелі буфердің соқтығысу кезінде алған кинематикалық энергиялары серіппені қысатын потенциялдық энергияға айналады, сондықтан да серіппелі буфер жұмыс істегенде қайтарымды күшпен тірекке әсер етеді. Серіппелі буфердің энергияны жұтып алу қасиетін үлкейтуге болады, егерде біз алдын-ала қысылған серіппені қолдансақ. Бұдан буфердің қайтарымды күші әлде қайда төмендейді, ал буфердің өлшемдері кішірейеді.
Егер
де буфер кранның немесе арбашаның
(жүксіз және жүкпен жұмысы кезінде) жүрісінің
номиналды жылдамдығының
5.5
Кран айдаушының жұмыс
орны
5.5.1 Кран айдаушының жұмыс істеу жағдайы. Кранның өнімділігін жоғарылатуда кран айдаушының атқаратын жұмысы өте көп, сондықтан да оның жұмыс істеу жағдайы жақсы болуы керек. Сондықтан да кранды жасау кезде эргономика нормаларына, яғни механизммен жұмыс істеу кездегі адамның физикалық және психологиялық жағдайына әсер етпейтіндей етіп жасалуына көп көңіл бөлінеді. Эргономикалық нормалардың негізгілеріне:
5.5.2 Қоршаған ортаның параметрлері. Жұмыс істеу жағдайындағы климат температураның, ылғалдылықтың және желдің жылдамдығына қатысты алынады.
Адам денесінің орташа температурасы 37° С болуы керек. Тиеп-түсіру жұмыстары кезіндегі еңбекті сақтау ережелері бойынша (ПОТ РМ-007-98):
Жылдың ауыспалы және суық кездерінде 1-дәрежелі жұмыс кезінде кран айдаушының жұмыс орнындағы ауа температурасы 19-25 °С болуы керек, ауаның ылғалдылығы 75%-тен аспауы керек және желдің жылдамдығы 0,2 м/с-тен көп болмауы керек.
Жылдың ыстық кезінде сағат 13-те ауаның температурасы сыртқы температурадан 3 °С –қа көп болмауы керек, бірақ 28 °С-тан жоғары болмауы керек. Ал ауаның ылғалдылығы температура 28 °С кезде 55% -тан, 27 °С кезде 60 % -тан, 26 °С кезде 65% -тан жоғары болмау керек. Ауак қозғалысының жылдамдығы 0,2 - 0,5 м/с болуы тиіс.
Бұл талаптар кабина ішін арнайы қымтауды қажет етеді және жылытқыштарды, кондиционерлерді, желдеткішті орналастыруды талап етеді.
Шу. Жұмыс орнындағы шуды нормалау келесідей болып іске асырылады:
1-кесте
Шуды нормалау.
Орташагеометриялық жиілік, Гц | 63 | 125 | 250 | 500 | 1000 | 2000 | 4000 | 8000 |
Дауыс қысымының деңгейі, дБ | 107 | 95 | 87 | 78 | 75 | 73 | 71 | 69 |
Шудан сақтау үшін кабина құрылғысына дыбыс оқшаулағыш, сонымен қатар дыбысты жұтатын қаптаулар енгізілген. Қатты шудан жеке сақтану үшін акустикалық сақтау (наушниктер) құрылғыларын қолдануға болады.
Жарық. Жұмыс істеу аймағының жарықтануы (Ет) жарықтануының 100 лк-дан кем емес мінездемесімен сәйкес келуі керек. Ал жарықтану дәрежесі -ден аз болмауы керек.
Кранның жұмысы кезінде кран айдаушыға оның аяғы немесе қолы арқылы механикалық тербелулер (дірілдер) берілуі мүмкін. Тербелулер өте күшті болған кезде жұмыс өнімділігін төмендетеді, кей кезде кран айдаушының денсаулығына да әсер етеді. Бұл құбылыстар тербелудің жиілігіне, үдеуіне және амплитудасына байланысты, сонымен қатар тербелу периодының үзілістеріне де байланысты болады. Отырған адамның өз денесінің вертикалды тербелуі 4-6 Гц.
Дірілді
шектейтін нормалар октавты диапазонда
тербелудің жылдамдық Lv логарифмдік
дәрежесімен белгілейді, орташа мәндері
2, 4, 8,16, 32, 63 Гц.
10-сурет.
Дірілдердің гигиеаналық және көліктік
нормалары
Дірілдердің нормасы ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс кезеңінде анықталады. Дірілді азайту үшін кран көпірінің металқұрылымымен кабина арасында амортизациялық құрылғылар (резиналы) қойылады. Егер де кабинаға интенсивтілігі өте жоғары діріл берілсе, онда кран айдаушыға жұмыс істеу оңай болу үшін дірілді оқшаулайтын орындық орналастырылады.
Көру қасиеті - бұл адамның орташа көру қасиетімен бір нәрсені ең алыс қашықтықтан анық көру қабілеті. Кран айдаушының кабина ішінен көру қасиетін орындықтың орналасуы, терезелердің жасалу құрылғымы және кабинаның кранға қалай ілініп тұрғаны арқылы анықтауға болады. Кранның жүкті көтеру немесе түсіру кезінде біресе жұмыс аймағына, біресе басқару құрылғыларына өте жақсы көңіл бөлуді талап етеді. Ең бастысы көру бұрышы – ол кран кабинасының терезелерінің орналасу құрылысы мен кран айдаушының көру бұрышы арқылы анықталады..
Басқару құрылғылары – кранның басқару элементтерін қосу және өшіру жұмыстарын аяқ немесе қол арқылы атқарылады.
Кранның өнімділігін жоғарылату үшін және кран айдаушының тез шаршамауы үшін басқару органдарының иінтіректері адамға өте ыңғайлы болып орналасуы керек.
Информация о работе Основные механизмы мостового крана и состав железа